Главная страница
Навигация по странице:

  • Утопиялық Социализмның саяси доктринасы.

  • Үкiмет және (Ежелгi шығыс) көнелiк туралы ұсыныстар.Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы

  • Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

  • Үкімет, оның негізінің мәні және қорлары.

  • Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.

  • Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны


    Скачать 132.22 Kb.
    НазваниеЖеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
    АнкорӘлеуметтік
    Дата24.02.2023
    Размер132.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаполитология экзамен (1).docx
    ТипДокументы
    #953231
    страница8 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы

    Тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене араласуының жаң жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азамттық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қана қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.

    Утопиялық Социализмның саяси доктринасы.

    Утопиялық социализм - мүлік ортақтығына, жүрттың барлығы үшін міндетті еңбекке және игіліктердің тең бөлінуіне негізделген қоғам туралы ілім дамуының ғылымға дейінгі кезеңі. "Утопия" деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Содан кейінгі жерде бұл термин ойдан шығарылған, өмір сүрмейтін қоғамдық тәртіптерді сипаттағанда қолданыла бастады. Жеке меншікке негізделіп өмір сүріп отырған қүрылысты сынап, болашақ мінсіз құрылыстың көрінісін бейнелейтін, қоғамдық меншіктің қажет екенін теориялық түрғыдан негіздеуге тырысатын утопист-социалистер көптеген көреген идеялар мен болжамдар айтты. Сондықтан да ағылшын саяси экономиясы және классикалық неміс философиясымен бірге утопиялық социализм ғылыми социализмнің идеялық көздерінің бірі болып табылады. Жеке меншікті айыптау мен мүлік ортақтығын дәріптеуді Ежелгі Грекия менРимнің кейбір жазушыларынан, орта ғасырдағы "еретиктерден", феодализм дәуіріндегі кейбір шаруалар көтерілістерінің бағдарламалары мен шаруалар идеологтарынан кездестіруге болады, мүның өзі антагонистік қоғамдағы теңсіздік пен адамды адамның қанауына табиғи көзқарас еді. Капитализмнің пайда болуы мен дамуына және пролетариаттың азды-көпті дамыған ізашарларының қалыптасуына қарай Утопиялық социализм барған сайын тарихи реализм сипатын алыптеория ретінде күрделене түседі, әртүрлі мектептер мен бағыттар қүрып, тармақтана береді. Утопиялық социализмнің жүйелі дамуы капитализмнің туу кезеңінде, Қайта өрлеу және Реформация дәуірінде басталды (Я.Гуе, Мюнцер, Т.МорТ.Кампанелла). Ол Еуропадағы буржуазиялық революциялар кезеңінде қайта дамып, пролетариаттың ізашарларының идеологиясына айналды. Капитализм қауырт дамыған кезеңде буржуазиялық төңкерістер идеологтарының жалған үміттері сейіліп, ал капиталисттік қоғамның қайшылықтары барған сайын айқында- ла түскен кезде утопиялық социализм өз дамуының шырқау шегіне жетті (Сен-Симон, Фурье, Оуэн, тағы басқалар)- Маркстің айтуынша, тек өндіріс әдісінде төңкеріс жасамай қоймайтын өндіргіш күштердің дамуы, капиталисттік қоғамның дамуы барысында үйымдасқан өнеркәсіп пролетариатының пайда болуы социализмді утопиядан ғылымға айналдырудың тарихи мүмкіндігін жасайды

    Үкiмет және (Ежелгi шығыс) көнелiк туралы ұсыныстар.Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. 2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзiҮкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

    Үкімет, оның негізінің мәні және қорлары.

    Үкімет ҚР ның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алұалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.Үкіметтің құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі қонституциялық заңмен белгіленеді.ҚР Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.Үкіметтің табысты жұмыс істеуі үшін үнемі сапалы құқықтық база, заңдардың тұрақтылығы қажет.

    Шарль Монтескьенiң саяси көзқарастары.

    Георгафиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар Гиппократ, Аристотельдер атап айтқан болатын. Алайда оны теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529-1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан сол елдің философы Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер ХХ ғасырдың басында теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді. Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да, бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта