Главная страница
Навигация по странице:

  • «Қазақстан – 2030» стратегиясы – ұлттық қауіпсіздік туралы.

  • «Қазақстан-2030» дамыту стратегиясы - кәсiби мемлекеттiң құрастыруы туралы.

  • Абайдың саяси-құқықтық және әлеуметтiк мәдениет көзқарастары.

  • Авторитарлық саяси тәртiп.

  • Адам мен азамат құқығы мен бостандығы туралы ҚР- ның Конституциясы.

  • Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.

  • Азаматтық тұжырымдама - негiзгi теориялық жiберу, саяси қайта туу ойлары.

  • Араб орта ғасырының саяси ойы. Әл Фараби, Аль- Газаль, Ибн – Халдун көзқарастары.

  • Аристотельдiң саяси көзқарастары .

  • Ашықтықтың ұғымы. Ашықтықтың түрлерi.

  • Басым сайлау жүйесiнiң негiзгi түсініктері.

  • Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы .

  • Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны


    Скачать 132.22 Kb.
    НазваниеЖеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
    АнкорӘлеуметтік
    Дата24.02.2023
    Размер132.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаполитология экзамен (1).docx
    ТипДокументы
    #953231
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақ хандығының саяси өміріндегі орны.

    Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекетінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады. «Жеті жарғы» нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсеңдетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

    «Қазақстан – 2030» стратегиясы – ұлттық қауіпсіздік туралы.«Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс». Содан Қазақстанның 2030 стратегиясында қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтындығы туралы айтылған. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін: Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамыту,ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастыру. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.Біз Орталық Азия мемлекеттерімен,Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығайта беру.Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдалана отырып, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру де қарастырылған.

    «Қазақстан-2030» дамыту стратегиясы - кәсiби мемлекеттiң құрастыруы туралы.

    Қазір мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастыру мен жетілдіру қолға алынды, алайда бұл процеске неғұрлым қуатты қарқын беру қажет. Менің биылғы жылдың басынан бері үкіметіміз бен оның дербес құрамын түбегейлі реформалау стратегиясын іске асыруға кірісуім де сондықтан. Үкімет орталық және аймақтық деңгейлерде қысқартыла бастады және бұл процесс жалғаса береді.

    Біздің міндет — Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау; басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру

    Абайдың саяси-құқықтық және әлеуметтiк мәдениет көзқарастары.Қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан агартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1904) қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды «ақыл, білім, ерік» жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырды. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған. Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген – Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған – ұлы Абай.

    Авторитарлық саяси тәртiп.

    Авторитарлық тартіп деп куштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді.Парламент жойылмайды,дегенмен,ол кеңесші органға айналады.Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық тәртіптебірынғай идеология,көпшілік партия болмайды.Экономика қатаң бақылауға алынбайды,күштеу әдістері де азырақ қолданылады.Әдетте,ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостаңдықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады.Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді.

    Адам мен азамат құқығы мен бостандығы туралы ҚР- ның Конституциясы.

    12 –бап: 1)Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.2)Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.3)Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.4)Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.5)Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

    Адамның негiзгi құқықтары туралы қазiргi политология.

    Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан карап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, «адам құқығы» деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық турде жеке мемлекеттік шенберде бекітілгенқұқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы тендігі; тәннің дербес құқығы;адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қормалау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау;діңге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі;қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с

    Азаматтық тұжырымдама - негiзгi теориялық жiберу, саяси қайта туу ойлары.

    Азаматтық қоғам – онда болып жатқан үдерістер мен қатынастардың басты тұлғасы мен субъектісі адам деп танып, мойындайтын қоғам.Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен демократияны дамыту өзара тығыз байланысты. Азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.

    Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның іргетасы ретінде қызмет етеді. Бұлар жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік, әділеттілік пен ынтымақтастық жағдайын орнықтыру мақсатында қажет.

    Азаматтық қоғамның өмір сүруі үшін басты базалық шарттардың бірі тәуелсіз БАҚ арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті азаматтар мен заңды тұлғалар бірлестіктері (партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, т.б.) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.

    Азаматтық қоғамның міндеті – жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүддесін қорғау, билік қызметін қоғамдық бақылау, әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

    Араб орта ғасырының саяси ойы. Әл Фараби, Аль- Газаль, Ибн – Халдун көзқарастары. Ибн Халдун (1332-1406 жылдары) — XІV-XV ғасырлар белесінде өмір сүрген математиктердің арасынан бірінші болып қоғам дамуын талдады. Ол – саяси құбылыстар, яғни билікке иелер мен билікке бағынатындар арасындағы қарым-қатынастар, меншік құру, өкіметтің, мемлекеттің пайда болуы. Ибн Халдун қоғамның экономикалық дамуының нұсқалары туралы біркатар пікірлер айтқан. Ол адам өңдіруші және меншік иесі болған кезде ғана қоғамдық тіршілік иесі болады деп түсінді.

    Ибн Халдун адамның әрекеттерін табиғи, материалдық қажеттіліктерге негізделген әрекеттермен байланыстырып қаратырады. Ол былай деп атап өтті:

    Aдамдардың ерекшеліктері қоғамдық өмір болып табылады. Бүл бірлескен өмір, қалада немесе ауылдық жерлердегі бірлескен қоныстану, бүл адамдадың бірігуге, адамдардың өздерінің кажеттіліктерін бірлесе қанағаттандыруға деген бейімділіктерімен түсіндіріледі, өйткені адам табиғатына өмір сүрудің қажетті құралдарын алуға бір-біріне көмектесуге ұмтылу тән.

    Ибн Халдунның ойынша, қоғамдық өмірдің негізін адамдардың өңдірістік қызметі, олардың өзара көмектері, өзара әрекеттестігі құрайды. Осы екі фактор адамдардың өмір сүруіне және дамуына мүмкіндік береді. Ибн Халдун қоғам мен мемлекетті ажыратып қарады, олардың арақатынастары мен дамуының заңдылықтарын айқыңдауға тырысты. Ибн Халдун әл-Фарабимен мемлекеттің мәні туралы мәселе бойынша пікір таластырады, оның әл-Фарабиден айырмашылығы мемлекетті келісімшарттың немесе келісімнің негізінде пайда болған адамның жасанды туындысы емес, ұдайы қозғалыс пен дамуда болатын қоғамның табиғи дамуының қажетті күрделі және қарама-қайшылыққа толы өнімі деп карады.

    Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді

    Аристотельдiң саяси көзқарастары. Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б. 384-322) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз елдерді аралады. Б.з.б. 342-340 жылдары Македония патшасы ІІ Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. Саясаттануға қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты – адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Сөйте, тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет – қауымның дамыған түрі, ал қауым – отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншылықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді.

    Ашықтықтың ұғымы. Ашықтықтың түрлерi.

    Басты және өкiлеттi демократияның негізгі көзқарастарыДемократияны тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің түрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, асқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабыдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

    Басым сайлау жүйесiнiң негiзгi түсініктері. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
    Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШФранцияҰлыбритания, т.б.) елдердің президентпарламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

    Билiктiң бөлiнуi бұл заңға сүйенген мемлекеттiң қағидасы

    .Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді. Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылыс) және конституциялық (монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі, алғашқыда Англияда, қазір Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония); Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республика президенттік, парламенттік (заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді), аралас (президенттік-парламеттік)

    Биліктің легитимдігі (латын тілінде заңдылық,шындык деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы,оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай 2 шарт қажет: 1)ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы жане көпшіліктің еркіне карай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:2)мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта