Главная страница
Навигация по странице:

  • Политологияның әдiстерi.

  • Пропорционал сайлау жүйесiнiң негiзгi түрлері.

  • Сайлау жүйелерiнiң негiзгi түрлерi және ұғымдары.

  • Саясат- бұл әлеуметтiк құбылыс. Орны және қазiргi қоғамдағы саясаттың рөлi.

  • Саясатқа деген адамның негізгі қарым-қатынас түрлері

  • Саясаттағы адамның орны мен рөлі туралы негiзгi тұжырымдамалар.

  • Саясаттың мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлiгi.

  • Саяси ғылымның тарихы: дiни, заң және саяси – социологиялық дәстүр.

  • Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.

  • Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны


    Скачать 132.22 Kb.
    НазваниеЖеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
    АнкорӘлеуметтік
    Дата24.02.2023
    Размер132.22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаполитология экзамен (1).docx
    ТипДокументы
    #953231
    страница5 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Политологияның зат және объект ұғымдары

    Саясаттану сөзі гректің «саясат» және «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясатанудың орны ерекше. Себебі, адамзатт тарихында саясат негізгі рөл атқарады. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтерге сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Қытай мифі бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері деп пайымдаған.

    Политологияның әдiстерi.

    Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатадыСалыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі ҚРда алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Нормативтік әдіс (ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

    Пропорционал сайлау жүйесiнiң негiзгi түрлері. Пропорционалдық жүйенің мажоритарлықтан айырмасы – ол көпшілік принципуне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың (депутаттық орынның) арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай патия көп дауыс алса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде (Ұлыбритания мен Франциядан басқа) кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі – сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

    Сайлау жүйелерiнiң негiзгi түрлерi және ұғымдары.

    Өркениетті, демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады. Сайлау арқылы азаматтар мемлекеттің өкілетті, заң, сот, атқару орғандарын қалыптастыруға қатысады. Ол азаматтардың саяси құқығының жүзеге асырылуын білдіреді. Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады, билік бір қолдан екіншілерге байбіт жолмен беріледі. Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғандығына бақылау жасау мүмкіндігін де береді.Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: белсенді түрі; бәсең түрі. Белсенді түрі азаматтардың сайлау құқығын білдіреді. Бәсең (енжар) түрі олардың сайлану құқығын қамтиды. Сайлау құқығында солар реттеледі.

    Саясат- бұл әлеуметтiк құбылыс. Орны және қазiргi қоғамдағы саясаттың рөлi.

    Ең алғаш саясат  ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген. Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланыс¬ты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

    Саясатқа деген адамның негізгі қарым-қатынас түрлері

    Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол – мүддеге айналады.
    Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды. Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.

    Саясаттағы адамның орны мен рөлі туралы негiзгi тұжырымдамалар.

    Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет.

    Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттің жақсы тұрмысыоны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамассыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Ленин айтпақшы, сауатсыз адам саясаттан тыс қалады, ол саяси амал-айла, қулықтың құрбаны болады. Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуғасаяси-құқықтық алғышарттарда әсер етеді.

    Саясаттың мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлiгi.

    Саясаттануда саясат категориялары ерекше орын алады. Саясат келесі түрде анықталады: Саясат – бұл барлық қоғамдық келелі мәселелердің ежектелетін, ұлттардың, әлеуметтік, қабаттардың, әртүрлі топтардың қызығулығына сәйкес қоғам өмірмеңдігінің бағдарламасы жасалатын, әлеуметтік – саяси топталдын қоғам өмірінің ауқимы.

    Қоғамдық жүйенің сақтауы мен дамуы мақсатында құндықтарды бөліну қалыбы және әдістер: жайында нақты шешімдер қабылданады.

    Саясаттың пайда болуы жайында ең алғышқы түсініктемелер көне шығыс ойшындарының көз қарасы.

    Олардың әртүрлі мемлекеттердегі өмірді түсіндіру негіздері:

    1. Теологиялық (діни) бағыт. Әр елдердің дамысың әр түрлі монархтардың басқаруын құдайдың жазуы деп түсіндіреді.

    2. Геосаяси бағыт. Әр елдердің дамысын әр түрлі монархтардың басқаруын табиғат жағдайларымен елбасшысының жеке мінезімен түсіндіріледі бұл қөзқарасын қарағанда саясат өзен, көп табиғи қазба байлықтар мен басқарушының денсаулыға және бейміне және т.б. байлынысты болды.

    Натурастикалық позицияларға қарама-қарсы саясатты әлеуметтік қатынастардан шығартын әлеуметтік позиция бар.

    Марксизде ол оның көрсетілген.

    Саясат класстық категория болып табылады және бір классты басқа класстардың қажеттігі арқысы іске асырудан марксизм жығады.

    Қазіргі заманғы қоғамды саясат бірқатар функциялар атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді.

    1. Қоғамның қабаттары мен топтарының ерекше қызығушылықтарын көрсету.

    2. Туындаған қайшылықтарды рационализациялау және оны мемлекет пен азаматтарының өркениетті диалогы ағылына бағыттау.

    3. Тұрғылықты жердігі түрлі адам қызығушылықтарына байланысты күш қолдану арқылы саяси процесстерді басқару және жетекшілікке алу.

    4. Саяси дамудың тіліділігін қамтамасыз ету.

    Саясат қоғамдық өмірдің басқа да салаларымен тығыз байланысты және бұл салаларға түрлі жезгін тигізе алады:

    1. позитивті әсер (әсер ету) салалар гүлденіп, дамыды.

    2. Негативті. Салалар басылып, құрдымға кетеді.

    3. Нейтралды әдіс. Салаларға араласпау.

    Саяси ғылымның тарихы: дiни, заң және саяси – социологиялық дәстүр.

    Саяси ғылым да кәдімгі басқа ғылымдар тәрізді қалыптасудың және дамудың қилы жолдарынан өтті. Қазіргі кезде ол барлық қоғамдық ғылымдармен ықпалдасып отырады. Саяси білім антикалық саяси-әлеуметтік әмбебап ойлардан бастау алады да, құқық және мемлекет туралы ғылымдар қалыптасқаннан кейін, саяси философия құрамына еніп, заңдық нормалардың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді.

    Алғашқы жүйелінген саяси ойлар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыранқы күн ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу турі сан  алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір кызу  өрбеді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Солардың ішінде ең көрнекті екі өкілі – Платон мен Аристотель.

    Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V – XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстем етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин және христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жетгізген монах Фома Аквинский болып есептеледі. Орта ғасырда саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басшыларының қолында болуын көздеді.

    Қайта Өрлеу дәуірінің (XVIғ) көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли  діні көзқарасқа қарсы болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы». . Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты.

    XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде басталды. Бұл кезең жаңа саяси ойлардың дамуына жол ашты. Батыс Европадағы XVII- XVIIІғ.ғ. көрнекті ойшылдары - Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо т.б. Олар азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, билік бөлу, халық суверенитеті сияқты идеялардың авторлары ретінде белгілі болды.

    ХІХғ. саяси ойлар арығарай дами түседі. Ол біртіндеп ілім мен теорияларға айналады. Сөйтіп саяси ғылым философия ғылымның шеңберінен шығып, жекелене бастайды.

    Саясаттану өз алдына жеке пән ретінде XIX ғасырдан екінші жартысында қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді – 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін университетінде айналды) профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1980 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс  істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

    XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

    Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің өнері университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламалардың талдауға, өкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

    Бұрыңғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуреннің құра алмаған да болар еді.

    Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымда еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тұмауға тиіс. Саясатта мәселелері қаралып,зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихи сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комунизм әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

    Саясаттануға деген көзқарас 80-жылдардың екінші жартысында бұрыңғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік Кеңес жұмыс істей бастады.1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлердің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқы жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық ж.о.о. дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

    Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.

    Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдадың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін – соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болсамын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта