Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
Скачать 132.22 Kb.
|
Демократия ұғымы. Оның анықтауына негiзгi жолдар.Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1)мемлекеттің тұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес көзқарастар. Демократиның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи және т.б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекете ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді.Ол жоғары органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызды. 2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. Ү ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекеттік айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс. 3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтың негізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Қажетті деген іс-әрекеттерге рұқсат етеді. Ол тәртіптерге қайшы келген іс-әрекеттерге тыйым салады, оларды бұзғандарды жазалайды. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі, біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері (күштілер, байлар, ақсүйектер) заң мен құқықты өз мақсаттарында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады? 4. Оның кепілі – әділеттілік. Әділеттіліктің де бірыкғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда қарт, ауру адамдарды өлтіру әділеттілікке жатты. Инквизацияны жақтаушылар үшін діннен безгендерді тірідей отқа жағу – әділетті іс. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босып кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Әйтпесе, сол жазалаушылар жазасын алулары керек емес пе? Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. 5. Ал қазақ жастары болса желтоқсан көтерілісінде бостандық, еркіндік үшін алаңға шыққан болатын. Бұл – демократияның бесінші белгісі. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін ғасырлар бойы күрессе, адамзат қоғамына демократияны шектейтін, теңдік пен әділдікті бұзатын, қанаудың, тәуелділіктің барлық түрлерінен азат етілу үшін мыңдаған жылдар бойы күресуіне, реформалар, революциялар, өзгерістер жасауына, сан рет жеңілуге, жеңіске жетуге тура келді. Теңдікке, әділеттілікке, еркіндікке, демократияға, олардың принциптеріне сәйкес өмір сүруге үйрету және үйрену керек. Құқық пен заң адамды күйзелу, қорқыныш, заңсыздықтан құтқаруға міндетті. Сайып келгенде, осының бәрі еркіндік, бостандыққа байланысты. Демократиялық саяси тәртiптiң негiзгi тармақтары. Демократияны тура,плебисцитарлық,өкілдік демократия деп бөледі.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда,билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаныңөзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды,басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.2)Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді.Оларға сайлау арқылы занның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. 3)Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауға сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б. Демократияның әр түрлi тұжырымдамаларындағы адам, топ, халық түсінігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.Демократияның марксистік теориясында топқа үлкен мән береді. Джеймс Мэдисонның саяси көзқарастары.Джеймс Мэдисон (1751 – 1836) Филодельфия конвентіне қатысушы, «Федералист» авторларының бірі, «американ конституциясының әкесі» деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағдайындағы республикалық басқару идеясын дайындауға, билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция концепциясына және тағы басқа қомақты үлес қосты. Оның жүйелі түрдегі философиялық, саяси және заңгерлік тәсілі ерекшклігінің арқасында «Федералист» жинағы жалпы ауқымды комментарийден мемлекеттік биліктің фундаментальды принциптерін шебер талдаған зерттеуге айналды.Республикалық басқаруды сипаттауда Мэдисон мемлекет пен қоғамдағы әлеуметтік әртектілікке үлкен мән береді. Оның пікірінше, бұл әрекетілік ең алдымен экономикалық мүддеге негізделіп, қақтығыстарға әкеледі. Руссомен салыстырғанда Мэдисон республика көлемінің шағынды азамат соғысы күйреуге әкеліп соғады деп есептеді.Факциялар туралы Фукидид, Макиавелли, Юм, Адамс және өзге де саясат әлемінің беделді зерттеушілері жазған еді. Мэдисон осы дәстүрді жалғастырып, факция ұғымын түсіндіруде бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Оның № 10 «Федералисте» келтірілген анықтамасы бойынша «факция» қоғамның біріккен мүддесіне және өзге азаматтардың құқықтарына қайшы келетін белгілі бір ортақ пікірге немесе мүддеге біріккен азаматтардың тобы деген ұғымды білдіреді. Джон Локктың саяси көзқарастары.Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі. Ежелгi Римнiң саяси-құқықтық ойы. Цицеронның көзқарастары.Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б.106-43) өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі.Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі – адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есаландығына» әкеліп соқтыру мүмкін. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары. Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың 2 қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шынына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жекедара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс. Әл Фарабидің саяси-философиялық оқулары.Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді. Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған Жаңғырту шарттарындағы саяси социализация және азаматшылықтың құрастырылуы.( Н.Назарбаев «Тарих шежіресінде») Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарыАдам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді Жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару органдары туралы ҚР-ның Конституциясы.89-бап 1)Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 2)Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 3)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібiн заңмен белгiленген шекте азаматтардың өздерi белгiлейдi. 4)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi. Заңға сүйенген мемлекет: ұғым және қағидалар. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жок адам(апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз болады.Ал азамат болсаң сол елдің занын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшеленеді. Қазiргi американдық политология: Р.Даль, Г.Алмонд, Д.Истон, Г.Лассауэлл тағы басқалар. Дэвид Истон (1917) – канадалық және американдық саясаттанушылардың ішіндегі көрнектілерінің бірі. Оның негізгі еңбектері: «Саяси жүйе» (1953 ж.), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1956 ж.), «Саяси құрылымды талдау» (1990 ж.). Истонның саяси ғылымға қосқан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен қатар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін бейімдеумен және қолданумен байланысты. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында АҚШ-тың саяси ғылымы бихевиоризмге үлкен назар аударды. Бихевиоризмнің классиктері (Ч.Мериэм, Г.Лассауэлл, Дж. Кэтлин және т.б.) саясатты тұлға аралық өзара әрекет тұрғысынан қарастырды. Олардың түсінігі бойынша, саясат жекелеген индивидтердің өзара әрекеті мен саяси әрекеттердің жиынтығынан құралады, яғни индивидуалдық саяси жүріс-тұрыс векторларының қосындысынан қалыптасады. Индивидтер билік мәселесінде өзара қарым-қатынасқа түседі, олардың индивидуалдық мақсаттары саяси ӛмірдің негізін құрайды. Осы жағдайда саяси сала ең алдымен белгілі бір әрекеттер мен өзара әрекеттерден қалыптасатын («акций», «интеракций») индивидтердің саяси белсенділігінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Америка саясаттанушысы Габриэль Алмонд (1911) осы бағыттың көрнекті өкілі болып саналады. Оның негізгі жұмыстары: «Салыстырмалы саясат: даму тұжырымдамасы» (1966 ж.), «Дамушы аймақтардың саясаты» (1968 ж.), «Бүгінгі салыстырмалы саясат» (1988 ж.). Алмондты саяси жүйе және саяси мәдениет жӛніндегі теориялық зерттеулері танымал етті. Алмонд дайындаған саяси жүйе моделдерінде негізінен «кіру» және «шығу» функцияларына кӛңіл аударылды. Алмонд саяси мәдениеттің мазмұнын құрайтын саяси бағыт-бағдарлардың және саяси жүйенің өмір сүру сипатының арасындағы өзара байланысты көрсетті. Алмонд пен С.Вербаның бірігіп шығарған «Азаматтық мәдениет. Бес мемлекеттегі саяси қатынастар және демократия» (1963 ж.) атты еңбегінде салыстырмалы саяси талдаудың әдістерін, мысалға АҚШ, Мексика, Италия, Ұлыбритания және Германия сияқты бес ел халықтарының саяси мәдениеттерін салыстыру арқылы паш еткен. Қазiргi қоғамдағы политологияның функциялары. . Қазіргі заманғы қоғамды саясат бірқатар функциялар атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді. Қоғамның қабаттары мен топтарының ерекше қызығушылықтарын көрсету. Туындаған қайшылықтарды рационализациялау және оны мемлекет пен азаматтарының өркениетті диалогы ағылына бағыттау. Тұрғылықты жердігі түрлі адам қызығушылықтарына байланысты күш қолдану арқылы саяси процесстерді басқару және жетекшілікке алу. Саяси дамудың тіліділігін қамтамасыз ету. Саясат қоғамдық өмірдің басқа да салаларымен тығыз байланысты және бұл салаларға түрлі жезгін тигізе алады: позитивті әсер (әсер ету) салалар гүлденіп, дамыды. Негативті. Салалар басылып, құрдымға кетеді. Нейтралды әдіс. Салаларға араласпау. Қазiргi мемлекеттердiң формалары.Әлемдегі елдердің саяси-мемлекеттік құрылысының әртүрлі формалары. Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 4 формасы қалыптасып отыр: республикалық, монархиялық, бірлестік, «бұқараның мемлекеті». Дүние жүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін - прогрессивтік және демократиялық формасына жатқызады. Бұл форманы өткен ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі қалап алды, осы ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Американың 52 мемлекетінің - 48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет, Эфиопия, Иран көшті. Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария және Джибути, Франция, Иран, Аргентина және Гаитиді салыстыруға болады. Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада монархиялық басқарудағы ел жоқ, мұхиттық аралдарда - 2, Африкада - 3, Азияда - 13, Еуропада - 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6 селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика, формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған көптеген монархиялар - корольдік, бірнеше князьдіктер, сұлтандар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар. Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге сайлайды. Біріккен Араб Эмиратында эмирлердің кеңесінде мемлекет басшысы - президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия, бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда, ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік - Шығыс Азияда - Бруней, Оңтүстік Азияда - Бутан, Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб эмираты, Катар, Оңтүстік-Батыс Азияда - Бахрейн және Кувейт. Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы - бірлестік. Оған - Канада, Австралия жатады. Бірлестікке басшылықты Ұлыбритания жүргізеді. Бірлестікке кіретін елдердің саны 50, олар барлығына ортақ поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Бірлестіктің бәріне бірдей ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Бірлестіктің мүшелері қалаған уақытта бірлестіктен ешқандай кіріссіз шыға алады. Осы мүмкіндіктер Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Бірлестікке кіретін барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте. Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды. Бірлестікке мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы, Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б. Бірлестіктегі елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады. Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның «Құдайым королеваны сақтасын» деген әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару формасы деуге болады. Басқарудың 4-формасы бір ғана елде - Ливияда бар. 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде «бұқараның мемлекеті» дегенді білдіреді. Елдің толық аты - Социалистік халықтық Ливия Араб Джамахириясы. Қазiргi политологиядағы элиталардың құрастыруындағы мәселе Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар: Еңбектік бөлінуі; Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы; Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі; Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы. Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар: Жоғарғы элита; Ортаңғы элита; Әкімшілік элита. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік. Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін. Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған. Қазiргi француздардың саяси ойы: Р.Арон. М.Дюверже тағы басқалар. Тәуелсіздік үшін соғыстың жеңісінен кейін АҚШ-тағы саяси ойда екі бағыт қалыптасты. Прогрессивті саяси идеяларды Т.Джефферсон және Т.Пейн жақтады. Томас Джефферсон (1743-1826) – америка халқының азаттық жолындағы күресінің кӛрнекті қайраткерлерінің бірі және кӛрнекті саяси ойшыл. Ол «АҚШ-тың тәуелсіздігі Декларациясының» авторы, онда адамның теңдігі, бостандығы ажырамас табиғи құқығы жӛнінде және оны халықтан ешбір билік тартып ала алмайтындығы жӛнінде айтылған. «Дүниеде адамның табиғи құқығынан басқаның бәрі ӛзгереді», – деп жазды Джефферсон. Ол адамға құқықты мемлекет бермейді, олар адамның ажырамас, табиғи құқығы ретінде ӛмір сүреді деп негіздеді. Мемлекет соны қамтамасыз ету үшін ӛмір сүреді. Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қосқан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Оның негізгі еңбектері: «Саяси партиялар» (1951 ж.), «Саясат идеялары. Биліктің қоғамда қолданылуы» (1966 ж.), «Саясат әлеуметтануы: саяси ғылымдардың элементтері» (1973 ж.). Қазiргi халықаралық қатынастардағы негiзгi тенденциялар және халықаралық саясаттың қағидалары. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің ж/е басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан 3 ұғым бар.лар – сырткы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар ж/е т.б арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар ж/е оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.Бұл айырмашылықтар,біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты.Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар ж/е т.б мемлекеттік емесұйымдар қатысады. |