Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
Скачать 132.22 Kb.
|
Саяси жетекшiлiктiң ұғымы және типологиясы. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық ппрофессор Дж. Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды былай жіктейді: Тү көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар,өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оның өзгерту жолын айқындайды. Мысалы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Махатма Ганди,Негрлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг. Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. М: Л. И. Брежнев, Д. А. Қонаев. Сауда топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жоспарды іске асыруға соңынан ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қасиетінде. М: американың 40-президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б. н. Эльцин. Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарын жинақтап қойған сауалына,қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. М Д. Буш , Я. Арафат. Саяси және мемлекеттiк билiктiң негiзгi түрлері. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саястта тұжырымдалан өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу апаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кездерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (ежелі русьтегі азаматтар жиналысының түрі),вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады. Саяси жүйелердің типологиясы. Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі. Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Саяси жүйенiң функциялары.Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет еті тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияга негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады. 2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды. 3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ әлеуметтік – саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, таптар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. 5. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан (әскери, экономикалық, информациялық) және т.с.с. Саяси идеология - бұл саяси сана формаларының бiрi. Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея – бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгереді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды. Саяси көзқарастар және XX ғасырдың бiрiншi жартысының басындағы қазақ либералды интеллигенциясының тағдыры Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды. Алаш партиясының жетекшілері 1916 жылғы көтеріліс ресейлік биліктің терең дағдарысқа келіп тірелгендігін, қазақ халқының отарлық езгіге қарсы шығуға әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды. Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады. XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20—30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болд Саяси Қазақстан мәдениетi: дамытудың күйлері және перспективалары. «Саяси мәдениет» деген түсінікті «рухани мәдениет» және «ұлттық мәдениет» ұғымдарынан айыра білу қажет. Әрбір қоғамдағы рухани мәдениеттің даму деңгейі ең алдымен білімнің жетілуімен байланысты. Рухани мәдениет, әрине, халықтың, ұлттың тарихы, дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен тікелей байланысты және соларға негізделеді. Ұлттық мәдениет - саяси проблемалардың немесе саясаттың әсерінсіз қалыптасатын тарихи процесс саласы. Ал саяси мәдениетті қалыптастырушы –қоғамдағы саяси процестер. Әрбір мемлекеттегі саяси мәдениеттің қалыптасуы немесе өзгеруі саяси режиммен (саяси тәртіппен) байланысты. Қоғамда саяси режим өзгерген жағдайда, саяси мәдениет те сол режимге бейімделіп, қайта қалыптаса бастайды. Мысалы, Қазақстан өзінің тарихында әр түрлі саяси режимдерді - хандық, патшалық, тоталитарлық режимдерді басынан өткерді.. Қазіргі кезеңде демократиялық режим орнықтыру жолында. Осы саяси режимдердің ауысуы қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің негіздерін өзгерте алған жоқ, капитализм және социализм жағдайында да рухани мәдениет өзіне тән құндылықтарын сақтап қала береді. Әрбір елдегі саяси мәдениетті дамытудың негізгі мақсаты – азаматтарды мемлекеттік саясатты, қоғамдағы ұстаным етілген саяси идеологияны, мемлекет құрылымын, оны іске асыру тәсілдерін танып білуге мемлекеттік және қоғамдық істерде өз отанының мүддесі үшін қызмет етуге бағыттау. Қорыта айтқанда, саяси мәдениеттің маңызы – азаматтардың қоғамның саяси жүйесін қолдап оны дамытуға белсенді қатысуы.Бұл тұста саяси мәдениетті қалыптастыратын қоғамдық күштер қандай, оның мазмұны мен түрін кімдер айқындайды? - деген сұрақ туындайды. Қоғам мүшелерін мемлекеттік саясатқа бағыттау саясаттануда әлеуметтендіру (социализация) деп аталады. Саяси әлеуметтендіру қоғамдағыұрпақтардың дамуына сәйкес бастапқы және соңғы болып екі кезеңге бөлінеді. Бастапқы кезең отбасы мен бастауыш сынып балаларын қамтиды. Соңғы кезеңнің қатарына мемлекет, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, мемлекет жатады. Саяси қатынастардың ұғымы. Саяси қатынастардың субъект және объекттерi. Саяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды. Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік, ынтымақтастық, қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет, саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.Саяси қатынастар субъeктілepi - жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен түтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке-топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субъектілерінің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына, әлеуметтік-психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді. Саяси мәдениеттiң типологиясы және функциялары. Саяси мәдениет - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,қаулылар жүйесі. Саяси мәдениеттің жіктелуі Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері: "патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа негізделген бірегей топталумен сипатталады; "Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. "Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады. Саяси мәдениет құрылымы Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді. Саяси мәдениеттiң ұғымы және құрылымы. Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек. Сонымен қатар, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. Оның қызметі: танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатарды. Ол еркіндік, теңдік, әділдік, әлеуметтік қорғанушылық, автономия, төзімділік және т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруінен байқалады. Саяси өкiмет және оның негiзгi тұжырымдамаларының ұғымы. Саяси өкiметтiң негізгі белгілері және функциясы. Саяси өмiрдегi адамның саяси қатысуының формаларының әр түрлiлiгi. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. 1: саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы; 2: азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді. Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді. Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. 1 – институционалданып реттелген демократия. Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді. Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (митингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады. Саяси партиялардың классификациясы. Cаяси партияның практикалық элементтер ерекшеліктерінің иерархиясына байланысты көптеген партия классификациясының көптеген критериі бар. Марксистер классификациясының негізгі критериі ретінде партияның таптық сипатын ұсынады. Институционалдық бағытты жақтаушылар ұйымдасқан құрылымдық критериді пайдаланады, ал функционалистер партия қызметінің орындалуына басты назар аударады. Либеральдық бағыт партия мүшелеренің саяси және идеологиялық байланыс сипатын маңызды деп есептейді. Саяси ғылымда М. Дюверженің классикалық концепциясы ерекше орын алады. Ол концепциядағы партия типологиясында партияның құрылымдық сипаттамалары ішкі құрылымы, мүшелік жүйесі, жетекшілік органы сондай-ақ партиның пайда болу мәселелерін қарастырады. Алғашқы ұйымдасуына қарай М. Дюверже партия-комитеттер, партия-секциялар, партия-ячейка және партия—боранды отрядтар деп ажыратады. Пайда болу критериі бойынша ол партияны электоральдық, парламенттік және «сырттай пайда» болатын партия деп бөледі. М. Дюверже партияны «кадрлық» және «бұқаралық» деп бөледі. Бұқаралық және кадрлық партиялар айырмашылығы олардың көлеміне де, мүшелер санына да байланысты емес, ол партияның құрылымына байланысты. Олар мынадай белгілермен ажыратылады: пайда болуына, негізгі бағдары мен әрекет ету амалына, алғашқы ұйымдасуына, мүшелілік жүйесі және құрылымдық элементтерінің байланысына байланысты. Кадрлық партиялар парламенттік, электоральдық негізге ие болады. Бұқаралық партия партияның «сыртқы пайда болу ерекшелігіне» көп қатысты. Өкіметтік билікке бақылау жасау деңгейіне қарай партия оңшыл және оппозициялық болады. Оппозициялық партиялар заңдық статусы критериі бойынша ашық, рұқсат етілген және мемлекеттік тіркелген, заң көлемінде әрекет ететін; жартылай ашық, тіркелмеген бірақ шектеу қойылмаған; жасырын, мемлекетпен шектеу салған. Саяси партиялардың қоғамның саяси жүйесiндегi орны және рөлі. Қазіргі демократиялық қоғамда партияның маңызды міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды. |