Әлеуметтік. политология экзамен (1). Жеті жары задар жинаыны аза хандыыны саяси міріндегі орны
Скачать 132.22 Kb.
|
ҚР-дағы саяси партияларыдың орны және рөлi. ҚР-ның негiзгi партиялары.Партиялар туралы заң. (2002 жыл) Қазақстан Республикасының саяси партиясы (ағылш. political party of the Republic of Kazakhstan) Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардын мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару орғандарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі. Саяси партиянын халық атынан билік жүргізуге құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейді. Мақсаттары немесе іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік топтык және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардын қызметіне тыйым салынады. Әскерилендірілген саяси партияларды құруға және олардың қызметіне тыйым салынады «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. ҚР-ның Конституциясының құрылымдық және атқарушы өкiмет функциялары туралы. Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады. Атқарушы билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалық шешуші органы. Кабинат мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субьективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конститутцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Макс Вебердiң саяси көзқарастары. ХХ ғасырда саяси ілімде өзіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері – қоғамның шаруашылық өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капиталимді тудыратын белсенді күш ретінде санады. Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жадайлардың көп қырлы болатындығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағына, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте-мөте маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппараттың арасындағы күрестен пайда болады деп ұқты. Ол социалистік қоғамдық қатынастардың жеңуіне сенбеді, оған бюрократияның өте мықтылығы туралы тезисті қарсы қойды. Болашақ қоғам жүмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Марксизмдiк саяси тұжырымдама. 19 ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Карл Маркс(1818-1883) философия мен саяси экономия саласында 2 жаналық жасады. 1-ші – тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. 2-ші – капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш – жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат – буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдаскан, ең саналы және иньернационалдық табы. Олар пролетариат өзінің меншікті саяси партиясы – Коммунистер партиясы болуға тиіс, ол жұмысшы қозғалысына басшылық жасауға тиіс деген қағиданы негіздеді.Маркс пен Энгельстің ізбасары Ленин болды. Ленин Маркс пен Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамытты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік ревалюция ұласуын негіздеді. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.марксизм-ленинизм коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты. Мемлекеттiк басқарудың формалары. Қазіргі заман мемлекеттердің барлығы басқару түрі бойынша 2 ірі түрге бөлінеді. Монархиялар – негізгі ерекшелігі – басқарушы монарх болып табылады, заңдық соттық басқару өз қолында. Бұл басқару түрі мұра болып қалады. Монархиялар 2-ге бөлінеді. Абсолютті монарх өзі елді басқарады Шектелген (конституциялық) Монархпен қатар өкілетті орган өмір сүреді, ол парламент түрінде болады. Мұнда басқарушы монарх емес – парламент. Монархтың бар болуы – мемлекеттің дәстүрі мен тұрақтылығының көрсеткіші және конституциялық монархиялар барлық дамыған капиталистік мемлекеттер саналуы мүмкін. Республикалар – негізгі ерекшелігі – басқарушы болып халық табылады. Ол өз басшылығын тікелей немесе жалғастыра жүзеге асырады, тікелей – сайлау кезеңінде, жалғастыра – сайлау өкілдері арқылы (депутаттар т.б.) Республика үшін сайлау органдарының нақты болуы тән. Республика бөлінеді: президенттік Басшылықты жүзеге асыру президентке жүктеледі. Ол мемлекет басшысы болып саналады. Оның қызметі парламент қызметінен жоғары. Мұндай республикалар дамыған мемлекеттерге тән. (Мысалы: Батыс Европа). Парламент басшылықты жүзеге асырушы парламент. Мұндай республикалар саяси қарым-қатынастағы орташа дамыған мемлекеттерге тән (Африка). Қазақстан Республикасы бұл президенттік республика. Президент жұмысы өте кең, сондықтан оны алып тастау мүмкін емес. Қазіргі заман мемлекеттердің территориялық құрылысының сызығы бойынша саяси болу. Мемлекеттiк құрылымның формалары Аумақтық бөліну Ерекше өкімет аппараты Мемлекеттің егемендігі ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру салық салу мемлекеттің міндетті түрде мүшесі,азаматы болу Мемлекеттiң пайда болуының негiзгi теориялары. «Мемлекет» термині екі мағынада беріледі. Кең мағынада: Мемлекет – бұл шекарамен шектелген, басқармалық орталығы бар территория. Алғашқыда мемлекет туралы көзқарас мұндай болған. Тар мағынада: Мемлекет – бұл үкіметті жүзеге асыратын саяси институт. Саясатта мемлекет туралы сөз әрқашанда тар мағынада беріледі. Мемелкет жайында сөз айтар алдында ең біріншіден оның пайда болу себептерін анықтау керек. Бұл туралы Маркстік теориясында кең түсіндіріледі. Бұл теория мемлекеттің пайда болу себептерін келесідей түсіндіреді: Пайда болған алғашқы қауымның ыдырау нәтижесінен қоғам байлар мен кедейлер болып бөлінеді. Байлар мен кедейлер арасында өте үлкен қарама-қайшылықтар бар және бұл қарама-қайшылықтары қандай да бір әдістермен шешуге болмайды. Кедейлерді байларға жұмыс істеткізу үшін, басқарушы класс арнайы ұйым ұйымдастырып, оған күш береді. Осы ұйым күшінің иесі – мемлекет және бұл бірінің жұмысын бірі жұмыс істеуге итермелейді. Бірақта ғылымда тағы да бірқатар теориялар бар. Олардың кейбіреулері мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді: Бұрынғы заманда соғыстардың нәтижесінде бір халық, екінші халықты жаулап алады және жаулап алушылар жеңілгендерді бағындыру үшін мемлекет құрайды, ал бұл мемлекеттер жаулаған халықты тұншықтырады. Ал келесі теория мемлекеттің пайда болуын былай түсіндіреді, әртүрлі тайпалардың қоршауында болып және олардың агрессиясын көрген халық, олардан қорғану үшін бірігеді. Адам табиғаттан – қоғамдық пенде болып табылады, сондықтан ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Осы себептен адамдар бірігіп, мемлекет құрайды. Бұл теориялардың дәлелдемесі тарихта белгіленген және бұл дәлелдемелерді мемлекеттің пайда болғанын түсіндіргенде қолдануға болады. Кез келген мемлекеттің бірқатар ерекшеліктері бар, және бұл ерекшеліктердің бірігуін мемлекет деп атайды. Мемлекеттің мәні мен функциялары.Мемлекет – саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, оз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:Теологиялық теория,патриархтық теория, қоғамдық келісім теориясы, «зорлық жасау» теориясы, географиялық теория, психологиялық теория, Марксистік теория:Қазіргі шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәні таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Оған барлық халықтың, ұлттың мүддесіне сай келетін қоғамдық тәртіпті жасайтын ұйым, құрал ретінде құрайды. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші болуы керек дейді. Негізгі саяси даму кезеңдерінің Қазақстандағы ойлары. Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады: 1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады; 2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920), С.Дөнентаев Николо Макиавеллидің саяси көзқарастары. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы». Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, «мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавиллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді. Платонның саяси көзқарастары. Платон б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты – Аристокл. Жасында спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең болды. Сондықтан оны Платон деп атап кетті. Сол атпен ол адамзат тарихында мәңгілік қалды.Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы Сократтың метебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз мектебін – академияны ашты. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т.т. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай, байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай – бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): 1)әкімдер; 2)қорғаушылар; 3)өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусан, соның өкілі боласын. Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді ұнатты.Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені, қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс.Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді:аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері – адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Политология ғылым ретінде. «Саясаттану» ұғымының анықтамасы. Саясаттану сӛзі гректің «саясат» және «ілім» деген сӛздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясаттану сонымен қатар, басқа ғылымдардан ӛзінің әдістерімен, амалдарымен, талдауларымен ерекшеленетін, тұтас ғылым. Саясаттану ғылымының құрылымы саяси білім туралы қалыптасқан жүйе. Оның құрамына мына тӛмендегі мәселелер кіреді: саяси ілімдер тарихы, саяси философия, саяси әлеуметтену, саяси антропология және т.б. Саясаттану объектісі – саясат, қоғамның саяси ӛмірі. Саясаттану пҽні – саяси биліктің ӛзгеруі мен қызмет етуінің, қалыптасуының заңдылықтары. Саясаттанудың негізгі заңдылықтары: • пайда болу, қалыптасу және саяси қызығушылықтардың, кӛзқарастардың, тұжырымдамалар мен теориялардың даму заңдылықтарын • саяси биліктің мазмұны мен сипатының ӛзгеруі мен қалыптасуының заңдылықтарын • саяси процестердің дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын Саясаттанудың негізгі кетегориялары: саясат, саяси билік, саяси ұйым, саяси жүйе, саяси режим, саяси құндылықтар, саяси мәдениет, саяси қызмет, саяси әлеуметтені және т.б. |