неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго
Скачать 1.96 Mb.
|
Практикалық сабақтарға арналган тесттер 1.1.1.1 Науқаста жұлынның бірнеше сегменттерінің алдыңғы сұр спайкасы зақымдалған кезде қандай сезімталдықтың бұзылысы байқалады? 1.перифериялық невральді 2.перифериялық түбірлік 3.спинальды сегментарлы 4.спинальды өткізгіштік 5.церебральды қыртысты 3 1.1.2.2 Науқаста табандағы бақайларының бұлшықетті-буынды сезімталдығының бұзылысы, тізелік және жамбастық буындардың кіңдіктен төмен тактильді сезімталдығының жоғалуы. Зақымдану ошағы қай жерде? 1. C5-Th12 екі жақтылы жұлының алдыңғы мүйізі деңгейінде 2. Алдыңғы орталық иірімнің жоғарғы бөлігі 3. жұлының алдыңғы бағаналары Th9-Th10 сегмент деңгейінде 4. жұлының артқы бағаналары Th9-Th10 сегмент деңгейінде 5. жұлының бүйірлік каналшалары, латеральды, пирамидалық және артқы таламустық жолы 3 1.1.3.2 Науқаста оң жақ жамбастағы сыртқы –бүйірлік беткейінің , оң жақ аяқтың бірінші бақайының және тізенің алдыңғы беткейінің барлық сезімталдығының төмендеуі байқалады, қозғалыс кезінде осы аймақта және омыртқада қатты ауырсыну, жөтел, түшкіру, оң жақта 30о Ласег симптомы . Сезімталдық бұзылысының қай түрі? 1.невральды 2.түбірлік 3.спинальды –сегментарлы 4.спинальды-өткізгіштік 5.церебральды-қыртысты 2 1.1.4.2 Науқаста оң жақ бет, дене, қол және аяқтың бүкіл сезімталдылық түрлерінің бұзылысы байқалады. Зақымдалу ошағы қайда орналасқан? 1. Артқы оң жақ қыртысындағы орталық иірім 2. сол жақ ішкі капсула деңгейінде 3. сол жақ сопақша ми деңгейінде 4. оң жақ сопақша ми деңгейінде 5. оң жақ ішкі капсула деңгейінде 2 1.1.5.2 Науқастың оң жақ аяғында және дененің Th2 сегментіне дейін сезімталдықтың беткей түрі жоғалған. Зақымдалу ошағы кай жерде? 1. Th2 деңгейіндегі сол жақ жұлынның бүйірлік жіпшесі 2. Th2 деңгейіндегі оң жақ жұлынның артқы бағаны 3. Th2 деңгейіндегі сол жақ жұлынның артқы мүйізі 4. Th2 деңгейіндегі оң жақ жұлынның бүйірлік жіпшесі 5. Th2 деңгейіндегі сол жақ жұлынның артқы бағаны 1 1.1.6.3 Науқас көзін жұмған кезде оң қолымен заттарды анықтай алмайды, бірақ оларды сипаттай алады. Қарапайым сезімталдықтың түрлері бұзылмаған. Осы бұзылыс қалай аталады және патологиялық ошақ қайда орналасқан? 1. Анозогнозия, сол жақ жартышарлардың жоғарғы төбе бөлігінде 2. Астереогноз, екі жақ жартышарлардың жоғарғы төбе бөлігінде 3. Астереогноз, оң жақ жартышарлардың жоғарғы төбе бөлігінде 4. Аутотопагнозия, оң жақ төбе бөлігінде 5. Аутотопагнозия, сол жақ төбе бөлігінде 3 1.2.1.2 Спастикалық бұлшықеттік тонусқа тән : 1. «тісті дөңгелек»симптомы 2.бір топтың бұлшық еттерінің гипертонусы - жазғыш немесе бүккіш 3 «жиналатын пышақ» симптомы 4.аяқ қолдардың берілген позада тұрып қалуы 5.кері серпіліс симтомы 3 1.2.2.2 Қабылдау бөлімінде пациентті қарағанда аяқ пен қолдардың дистальды бөліктерінде бұлшықеттік күшінің төмендеуі анықталды. Аяқ пен қолдардың проксимальды бөліктерінде күші 5 балл, ал дистальды бөліктерінде 2 балл. Аяқ-қолдарда бұлшықеттік тонус төмендеген. Карпорадиальды және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Қандай құрылымдар зақымдалған: 1. ми қыртысы 2. жұлынның бүйір жіпшелері 4. перифериялық нервтер 5. жұлынның артқы мүйіздері 4 1.2.3.2 Стационарға 42жастағы аяқ-қолдардағы әлсіздікке, жұтынудағы қиындыққа шағымданып жеткізілген. 3 ай бойы ауырып жүр. Қарағанда: дизартрия, дисфагия, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, тонус төмендеген, екі қолдағы сүйекаралық бұлшықеттерінің атрофиясы, иық белдеуіндегі және тілдегі фибриллярлы тартылулар. Аяқ пен қолда терең сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Бабинский, Оппенгейм патологиялық рефлекстер анықталады. Диагноз қойыңыз: 1.Сирингомиелия 2. Арнольда-Киари аномалиясы 3.Жұлынның ісігі 4.Бүйірлік амиотрофиялық склероз 5. Эрба-Ротта миопатия 4 1.2.4.2 Пациентте сол өкшенің жазғыш бұлшықеттерінде бұлшықеттік күшінің 2-4 баллға дейін төмендеуі, рефлекстердің тірілуі, сол жақтан Бабинский симптомы анықталады. Нерв жүйесінің қай құрылымдарының зақымдануымен байланысты екендігін анықтаныз? 1. алдыңғы орталық иірімнің жоғары бөліктері сол жақтан 2. алдыңғы орталық иірімнің жоғары бөліктері оң жақтан 3. постцентральды иірімнің төменгі бөліктері 4. постцентральды иірімнің төменгі бөліктері 5. алдыңғы орталық иірімнің төменгі бөліктері сол жақтан 2 1.2.5.3 58 жастағы науқас неврология бөліміне аяқ параличімен түсті. Тексеру барысында: аяқтардағы белсенді қимылдардың болмауы, аяқтардағы бұлшықеттік тонус жоғарылаған, тізелік және ахиллов рефлекстер тірілген. Өкшенің клонусы, Бабинский, Гордон, Шефер симптомдары анықталған. Берілген патологиялық синдромда тағы қандай симптом анықталуы мүмкін және неліктен? 1. атрофия, себебі салдану перифериялық 2. ЭНМГ дегенеративті өзгерістер, себебі салдану перифериялық 3. фибрилляциялар, себебі салдану орталықтық 4. синкинезиялар, себебі салдану орталықтық 5. фасцикулляциялар, себебі салдану орталықтық 4 1.2.6.3 Стационарға 32 жастағы аяқ-қолдардағы әлсіздікке, жұтынудағы қиындыққа шағымданып жеткізілген. 3 ай бойы ауырып жүр. Қарағанда: дизартрия, дисфагия, қол бұлшықеттерінің атрофиясы, тонус төмендеген, екі қолдағы сүйекаралық бұлшықеттерінің атрофиясы, иық белдеуіндегі және тілдегі фибриллярлы тартылулар. Аяқ пен қолда терең сіңірлік рефлекстер жоғарылаған. Бабинский, Оппенгейм патологиялық рефлекстер анықталады.. Аяқ-қолдардағы парездердің түрін анықтаңыз және нерв жүйесінің қай құрылымдарының зақымдануымен байланысты? 1. жоғары әлсіз, төменгі спастическалық парапарез – жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғаушы клеткаларының таңдамалы зақымдануы 2. жоғары спастикалық , төменгі әлсіз парапарез – пирамидты жолдардың таңдаулы зақымдануы 3. жоғары әлсіз, төменгі спастическалық парапарез – пирамидты жолдардың және мотонейрондардың екі жақтылық зақымдануы 4. жоғары спастикалық , төменгі әлсіз парапарез - Голль и Бурдах жолдарының таңдаулы зақымдануы 5. төменгі спастикалық парапарез – Флексиг және Говерс жолдарының таңдаулы зақымдануы 3 1.3.1.1 Гепатолентикулярлы дегенерация тұқым қуалаушылықтың қай түрі бойынша беріледі? 1.Аутосомды-рецессивті 2. Аутосомды-рецессивті 3.Аутосомды-доминантты 4. Аутосомды-доминантты 5.рецессивті, Х-хромосомды байланысқан 2 1.3.2.2 Әйел 35 жаста басының және қол саусақтарының дірілдеуіне және қобалжу кезінде дірілдің күшеюіне шағымданады. Ішімдік қабылдағанда дірілі азаяды. Науқастың анасында да жас кезінен бастап басының және қолдарының дірілдеуі болған. Объективті: тыныштық кезде қол саусақтарының дірілі минимальді, бірақ ол белгілі бір статикалық жүктемелерден кейін күшейеді, әсіресе саусақтардың жазғанда және қолын алдыға созғанда; басының дірілдеуі минимальді байқалады; бұлшықет тонусы өзгермеген, аяқ- қолда координаторлы сынамаларды айқын бұзылыстарсыз орындайды; неврологиялық статуста басқа өзгерістер жоқ. Болжам диагноз қойыңыз. 1.Паркинсон ауруы 2. Ювенильді паркинсонизм 3. Гентингтон ауруы 4. Эссенциальді тремор 5. Фридрейх атаксиясы 4 1.3.3.2 45 жастағы науқаста құлау және қимыл- қозғалыстың баяулауы байқалады, шизофренияға байланысты нейролептиктердің жоғарғы дозасын қабылдайды. Қарау кезінде: бет гипомимиясы, сөйлеуі монотонды, аяқ-қол күші қалыпты, бірақ қозғалысы баяулаған, бұлшықет ригидтілігі. Осы жағдайда науқасқа қандай препарат тағайындау керек? 1.Наком 2.Бромокриптин 3.Перголид 4.Мадопар 5.Акинетон 5 1.3.4.2 65 жастағы ер адамды аяқ-қолының дірілі және құрысуы мазалайды, сол жақта басымырақ. Сол қолда діріл мен құрысу пайда болғаннан бастап өзін 5 жыл бойы аурумын деп санайды. Ауру біртіндеп үдей бастады, сол аяқтағы құрысу және оң қолдағы дірілмен қосылған. Объективті қарағанда: гипомимия, сөйлеудің монотондығы, қолдарда (сол жақта көбірек) «тиын санау» типі бойынша діріл, бұлшықет тонусының «тісшелі дөңгелек» феноменімен артуы, қимыл-қозғалыстың баяулауы; сол жақ аяқта – тонустың ригидтілік және гипокенезия типі бойынша жоғарлауы; рефлекстері орташа шапшаңдықта, симметриялы, патологиялық рефлекстер жоқ. Осы ауруда қолданылатын шкала бойынша науқастағы симптоматиканы бағалаңыз: 1. I стадия Хен және Яр шкаласы бойынша 2. II стадия Хен және Яр шкаласы бойынша 3 .6 балл Хен және Яр шкаласы бойынша 4. 5 балл EDSS по шкаласы бойынша 5. 6 балл EDSS по шкаласы бойынша 2 1.3.5.3 Ер адам 25 жаста, екі жыл бойы аяқ-қолдарындағы құрысулар мен еріксіз қозғалыстар периодты түрде мазалайды.Тексеру кезінде жалпы гипокинезия, ригидті тип бойынша бұлшық ет тонусының жоғарылауы, оң қолдағы, білезік аймағында анық байқалатын еріксіз тоникалық қимылдауы байқалады. Көздің мөлдір қабығын қарау кезінде перифериясында алтын-қоңыр түсті сақина анықталды. Науқасты емдеу үшін оптималды, патогенетикалық негізделген препаратты таңдаңыз және не себепті түсіндіріңіз. 1.Леводопа ОЖЖ дофамин деңгейін жоғарылату үшін 2.Леводопа ағзадан мысты шығару үшін 3.D-пеницилламин ОЖЖ дофамин деңгейін жоғарылату үшін 4.D-пеницилламин ағзадан мысты шығару үшін 5.Метилпреднизолон базальді гангли нейрондарына қарсы бағытталған аутоиммунды реакцияны тежеу үшін 4 1.3.6.3 Әйел адам 58-жаста, аяқ-қолдағы, көбіне сол жақтағы құрысу мазалайды. Өзін 5-жыл бойы аурумын деп санайды, сол жақ қолдағы құрысу байқалғаннан бері. Ауру біртіндеп прогрессирленуде, сол жақ аяқтағы құрысу қосылған, жүрген кезде тұрақсыздық. Обьективті: гипомимия, сөйлеудің монотондылығы, «тісшелі дөңгелек» феноменімен бұлшық ет тонусының жоғарылауы, қимыл-қозғалыс темпінің баяулауы; сол жақ аяқта – ригидті тип бойынша тонусының жоғарылауы және гипокинезия; пропульсиялар, рефлекстер орташа шапшаңдықта, симметриялы, патологиялық рефлекстер жоқ. Қабылданатын пепараттардың дозасын төмендету мақсатында оперативті ем тағайындалды. Оперативті араласудың қай түрі және бұл жағдайда не себепті таңдау керек? 1.Таламустың вентральді ядроларының стимуляциясы, ол гипокинезия айқындылығын төмендетеді 2.Таламустың вентральді ядроларының стимуляциясы, ол аурудың барлық негізгі қимыл-қозғалыс көріністерін әлсіретеді 3.Субталамикалық ядроның стимуляциясы, ол гипокинезия айқындылығын азайтады 4. Субталамикалық ядроның стимуляциясы, ол аурудың барлық негізгі қимыл-қозғалыс көріністерін әлсіретеді 5.Палидотомия, ол оперативті емнің қауіпсіз және эффективті әдісі болып саналады 4 1.4.1.1. Цилиоспинальды орталық қай сегменттерде орналасқан: 1. С1-С2 2. С5-С6 3. С6-С7 4. С8-D1 5. D3-D4 4 1.4.2.2. 45 жастағы әйел, оң жақ аяқтың әлсіреуіне және сол жақ аяқтың және сол жақ дененің қабырға доғасына дейін салдануы.Қарау кезінде тізе және ахилл рефлексінің жоғарлауы, оң жақ аяқ күшінің 3 баллға дейін әлсіреуі,оң жақта Бабинский симптомы оң, дененің сол жақ жартысына және сол жақ аяқтың температуралық және ауырсынудың әлсіреуі Т8 денгейне жетуі.Патологиялық ошақ қай жерде орналасқан? 1. жұлының мойындық қалыңдау денгейінде толық көлденен зақымдалуы. 2. жұлының мойындық қалыңдау денгейінде сол жақ көлденен зақымдалуы. 3. жұлының мойындық қалыңдау денгейінде сол жақ аралық көлденен зақымдалуы. 4. жұлының мойындық қалыңдау денгейінде оң жақ аралық көлденен зақымдалуы. 5. жұлының мойындық қалыңдау денгейінде оң жақ көлденен зақымдалуы 4 1.4.3.2. 65 жастағы ер адамда соңғы 2 жылды аяқ-қолдарының әлсіздігі күшейді. Тексеру кезінде: қолында кәрі жілік пен бұлшықет кистасының атрофиясы,фачцикуляция, 4 баллға дейінгі күштің төмендеуі,тізе және ахилл рефлекстерінің шапшандауы, спастикалық типте бұлшықет тонусының жоғарылауы, екі жақта Бабинский симптомы оң. Патологиялық ошақ қайда орналасқан? 1. жұлының белдік қалыңдаған жерінен көлденең кесіндісінің оң жақ жартысы. 2. жұлының мойындық қалыңдаған жерінен жоғары көлденең кесіндісінің сол жақ жартысы. 3. жұлының қалыңдаған бөліктері арасында көлденең кесіндісінің сол жақ жартысы. 4.жұлының белдік қалыңдаған жерінен зақымдалуы. 5. жұлының мойындық қалыңдаған жерінен зақымдалуы |