неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго
Скачать 1.96 Mb.
|
3.3.1.1 Этиологиялық фактор бекітілген және эпилептогенді зақымдалу аймағының локализациясы нақтыланған эпилепсия формасы? 1. симптоматикалық 2. криптогенді 3. идиопатиялық 4. фокальды 5. генерализденген 1 3.3.2.2 Ер адам, 38 жаста, көп жылдар бойы алкогельді шектен тыс қолданады, кезекті алкогольді экцесстен кейін 2 күні кенеттен ессін жоғалтқан, барлық бұлшық еттің тоникалық қатаюы және бет цианозы пайда болған. Сосын бірнеше минутқа созылған аяқ-қолда клоникалық тырысулар пайда болған. Ұстама соңында еркінен тыс зәр шығару, есін тез жинады, бас ауырсынуы мазалады. Ұстамадан кейін неврологиялық бұзылыстр анықталмады. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. Идиопатиялық эпилепсия формасы генерализденген тонико-клоникалық тырысу 2. Энцефалит. Тырысу синдром 3. Идиопатиялық эпилепсия формасы аз генерализденген тырысу 4. Менингит. Тырысу синдромы 5. Токсикалық энцефалопатия. Тырысу синдромы 5 3.3.3.2 Ер адам 45 жаста, соңғы жыл ішінде жиі болатын бас ауыруы мазалайды. 3 күн бұрын науқаста ең алғаш рет оң жақ табанында клоникалық дірілдеу түрінде ұстама пайда болған, одан кейін бүкіл аяғына таралған, содан оң жақ қолы мен оң жақ мимикалық бұлшық еттерге таралған. Ұстама бірнеше минутқа созылған, есін жоғалтпаған. Алкогольді қабылғанына көп жыл болған. Неврологиялық статусын тексеру кезінде ұстамадан тыс оң жақтан сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы анықталған, оң жақ табанында Бабинский симптомы оң . Ұстама типін атаңыз. 1. миоклония 2. генерализденген тонико-клоникалық ұстама 3. автоматизм ұстамасы 4. джексонның парциальды ұстама 5. тонико-клоникалық эпилептикалық статус 4 3.3.4.2 18 жастағы қыз бала ауасы тар бөлмелер мен транспортта пайда болатын эпизодты турде есін жоғалтуға шағымданады. Есін жоғалтуға «өзін бір түрлі сезіну мен көзінің қарауытуы» әсер етеді. Егерде науқас осы периодта отыруға немесе жатуға әрекеттенсе, онда науқас есін жоғалтпайды. Бұл жағдай 14 жастан бастап эпизодты турде мазайды, бірақ соңғы айларда жоғары эмоция фонында және физикалық жүктемеден кейін жиі мазалаған «институттың кешкі бөлімінде оқу мен жұмыс». Тексеру кезінде неврологиялық бұзылыстар анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз? 1. Бала жасының идиопатиялық фокальды эпилепсиясы. 2. Маңдай бөлігін симптоматикалық эпилепсиясы. 3. Синкопальды жағдай 4. Леннокса-Гастоның криптогенді эпилепсия 5. Идиопатиялық генерализденген эпилепсия. 3 3.3.5.3 7 жастағы қыз баланың ата-анасы жарты жылдың ішінде қызының кезекті түрде ойын ойнанда, тамақ ішкенде немесе сөйлескенде бірнеше секунд тұрып қалатынын байқаған. Осы кезде көздері қозғалмайды, сөйлемейді, сұрақтарға жауап бермейді, ал қалыпты жағдайға келгенде қысқа уақытта болған есінің бұзылысы есінде жоқ. Осындай ұстамалар бір күн ішінде 10 ретке дейін қайталанады. Неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз және осы ауруды қоздыратын негізгі медиаторды атаңыз? 1. Генерализденген тырыспасыз эпилептикалық ұстамалар, глутамат 2. Генерализденген тырыспасыз эпилептикалық ұстамалар, ГАМК 3. Күрделі парциальді ұстамалар, преднизолон 4. Күрделі парциальді ұстамалар, диазепам 5. Қарапайым парциальді эпилептикалық ұстамалар, седуксен 1 3.3.6.3 Ер адам 32 жаста, автокөлік апатына ұшырап, есін ұзақ уақыт жоғалтқан, бірнеше реттік генерализденген тырыспалы эпилептикалық ұстмалары, бас миының соққысы болған. Бөлімшеде жатқанда ұстамалар күнде қайталанған. Неврологиялық қарауда сол жақтық сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, сол жақтан Бабинский симптомы анықталды. Осы ұстаманың мүмкін болатын туындау себебін және қай препарат негізгі тежеуші медиатор болып табылады? 1. Ми ісігі, диазепам 2. Эпидуральді гематома, ГАМК 3. Субарахноидальді гематома, седуксен 4. Маңдай бөлігінің контузиялық ошақтары, преднизолон 5. Вентрикулярлы қан құйылулар, глутамат 2 3.4.1.1. Вегетативті бұзылыс диагностикасында қолданылатын әдіс. 1. Электромиография, Спилбергер-Ханин тесті 2. Электроэнцефалография, пневмоэнцефалография 3. Дермографизмді анықтау, термография 4. пиломоторлы рефлексті тексеру, дерматоглификтер 5. ортостатикалық тесттітексеру, бастың КТ 3 3.4.2.2. Ер адам 65 жаста соңғы бірнеше жылда галстукты қысып байлағанда, мойыны тар киім кигенде 2-3 минутқа созылатын аяқ қолдардағы тырысулар, есін жоғалту ұстамалары көрініс берген. Остеохондроз және спондилез фонында мойын омыртқасының жағалы аймағында және мойынға стационарда жасаған массаж кезінде аналогикалық ұстама пайда болды.Тексеру кезінде ошақты неврологиялық бұзылыстар анықталмаған.Диагноз қойыңыз. 1. эпилепсия, үлкен ұстамалар 2. криптогенді эпилепсия 3. мойын остеохондрозы, синкопальды ұстама 4. эпилепсия, кіші ұстамалар 5. СВД, паникалық атака 3 3.4.3.2 Науқас 40 жаста,соңғы екі жылдағы басының ауырсыну ұстамасына шағымданады,ұстама жиілігі айына 1 рет.Ұстама алдында науқаста шөлдеу, тітіркену сезімі, зәр шығаруының жиілеуі пайда болады. Бас ауыру ұстамасы алдында жарық жағылу, жыпылықтау нүктелері және жарқырап тұратын зигзаг тәрізді көру сәулелері пайда болады. Бас ауыру бір жақты ақырындап басталады, интенсивтілігі 2 сағат ішінде күшейеді, кейін қалпына келеді, жоғалады. Ұстаманың жалпы ұзақтығы 1 тәулікке созылады. Науқаста ұстама кезінде жарық пен дыбысқа жоғары сезімталдық болады. Неврологиялық статусты қарау кезінде патология анықталмаған. Қандай препарат тағайындау керек. 1. карбомазепин, реланиум 2. прозерин, актовегин 3. новопассит, адаптол 4. маннит, глицерин 5. дигидроэрготамин,cуматриптан 5 3.4.4.2 Науқас 45 жаста, әйел, жүрек маңы мен басының ауырсынуына, периодты түрде ауа жетіспеу сезіміне, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады.Бұл шағымдар ұзақ уақыт бойы мазалайды.Бірақ соңғы айда жұмыстағы психотравмалық жағдайларға байланысты шағымдары күшейе түскен.Соңғы айлар ішінде найқас көніл күйдің төмендеуіне,жоғары қажу және ұйқысының бұзылғанын айтады. Кардиолог, пульманолог, уролог зерттеулері органикалық ауруларды анықтамаған. Бас ауырсынуы тұрақты, орташа интенсивтілікте басының қысылуы сезімі ретінде көрінеді, құсу мен жүрек айнуы болмайды. Неврологиялық статусында сіңірлік рефлекстер жоғарылаған, басқа неврологиялық зақымданулар жоқ. Науқасқа қандай ем көрсетілген. 1. карбомазепин, реланиум 2. прозерин, актовегин 3. новопассит, адаптол 4. маннит, глицерин 5. бетаферон, пустырник 3 3.4.5.3 Науқас 36 жаста, соңғы екі жылдағы басының ауырсыну ұстамасына шағымданады, ұстама жиілігі айына 1 рет.Ұстама алдында науқаста шөлдеу, тітіркену сезімі, зәр шығаруының жиілеуі пайда болады. Басының ауырсыну ұстамасынан 10 минут бұрын көз алдына бастинов қамалының жарықтарына ұқсас жарқыраған жарық көрнеді. Бас ауру бір жақты ақырындап басталады, интенсивтілігі 2 сағат ішінде күшейеді, кейін қалпына келеді, жоғалады. Ұстаманың жалпы ұзақтығы 1 тәулікке созылады. Науқаста ұстама кезінде жарық пен дыбысқа жоғары сезімталдық болады. Неврологиялық статусты қарау кезінде патология анықталмаған. Қандай препарат тағайындау керек, не үшін? 1. Карбамазепин, ауырсыну неролептикалық болғандықтан 2. Актовегин, антиоксиданты қасиетке ие болғандықтан 3. Актовегин, мембраностабилизирлеуші қасиеті болғандықтан 4. Дигидроэрготамин, ісінуге қарсы қасиеті болғандықтан 5. Дигидроэрготамин, вазоконстрикторлы және нейроингибирленуші қасиеті бар болғандықтан 5 3.4.6.3 Науқас 25 жаста, ЖМКЕ-нің қабылдау бөліміне қайталанатын ұстамалы қатты диффузды бас ауыру сезіміне керу тәрізді ауырсыну, жалпы әлсіздікпен қатар жүреді. Анамнезінде: соңғы 5 күнде түнде жұмыс істеген. Жұмыс қабілетін көтеру үшін кофе қабылдаған. Бұрын бас ауырсыну ұстамасы бастың бір жағында эмоциялық және физикалық жүктемеден кейін кейде көп ұйықтап қалғанда пайда болатын. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, контактқа түсуі нашар, сұрақтарға қарапайым жауап береді.Тері жабындылары бозғылт, өкпесі мен жүрегі өзгеріссіз. АҚҚ 140/90 мм.с.б. Неврологиялық статусында екі жақта конфергенция әлсіздігі, сіңірлік рефлекстер екі жақта күшейген. Басқа неврологиялық озгерістер жоқ. Осы науқасқа қандай ем тағайындау керек. 1. мигренозды статусты жою үшін к/т глюкозамен дигидроэрготамин, галоперидол, димедрол 2. ангиоспазмды азайту үшін строфантин, аскорбиновая кислота, кофеин, кокарбоксилаза 3. мигренозды статусты жою үшін глюкоза, эуфиллин, аскорбиновая кислота, преднизолон, пиридоксин, АТФ. 4.бас ауруын жою үшін платифиллин, тиамин, гидрокортизон, лидокаин. 5. Ауырсыну синдромды,АҚҚ жою үшін глюкозо-новокаинді қосамыз 1 СРО 1.1.1 Төмендегі препараттардың қайсысы нейропатиялық ауырсыну кезінде қолданылады 1.Диклофенак 2.Индометацин 3.Мелоксикам 4.Амитриптиллин 5.Ибупрофен 4 1.2.1 Төмендегі препараттардың қайсысы үшкіл нерв невралгиясы кезіндегі ауырсыну синдромын қайтару үшін қолданылады ? 1.Карбамазепин 2.Индометацин 3.Мелоксикам 4.Диклофенак 5.Нимесулид 1 1.3.2 Науқас Ф., 44 жаста оң жақ жамбас аймағындағы «күйдіріп, жанға батарлық», «үзіп», «шағып» ауырсынуына және оның оң аяққа таралуына шағымданады. Ауырсынудың болу себебін 2 ай бұрын оң жақ жамбас аймағына бұлшық еттік инъекция салынуымен байланыстырады. Амбулаторлы ем қабылдаған, нәтижесіз. Неврологиялық статуста: табан жазғыштығы әлсіздігі 3 балл, кіші сирақ нервісі иннервациясы аймағында гипестезия. Қай топтардың препараттарын тағайындау ауырсынуды азайтады? 1. Миорелаксанттар, ҚҚСЕП. 2. Антиконвульсанттар, антидепрессанттар 3. Антихолинэстеразды препараттар 4. Антиоксиданттар, нейропротекторлар 5. Вазоактивтті препараттар 2 1.4.2 65 жастағы әйел адамда оң жақ кеуде аймағындағы белдемелі ауырсыну, 3 күннен кейін осы аймақта везикулярлы бөртпелер пайда болды. Бір ай ішінде бөртпелер толығымен қайтып кетті, бірақ периодты үдемелі және түнде ұйқыны бұзатын кеуде аймағындағы ауырсыну мазалайды. Схема бойынша катадолон қабылдаған – әсері жоқ. Қарап тексеру кезінде оң жақ кеуде қуысында терілік депигментация аймағы анықталды, 5—10-шы оң жақ кеуде сегменттері аймағында ауырсынулық гиперестезия. Бұл жағдайдағы таңдау препараты қандай? 1.Прегабалин 2.Нейромидин 3.Ибупрофен 4.Мидокалм 5. Пентоксифиллин 1 1.5.2 Әйел адам, 60 жаста, сол жақ аяқ-қолдағы, сол жақ беті және кеудесіндегі күйдіріп, шаншып ауырсынуын айтады. Обьективті: сол жақ аяқ-қол, сол жақ бет және кеуде аймағында барлық сезімталдылық түрлері әлсіреген, ауырсыну сезімталдылық деңгейі аса жоғарылаған, жанасудан кейін жағымсыз сезім қалады, ауырсыну тітіркенуінің локализациясын анықтау қиын. Ауырсыну синдромын азайту үшін препарат тағайындаңыз. 1.Кетопрофен 2.Нимесулид 3.Церебролизин 4.Пентоксифиллин 5.Амитрипиллин 5 2.1.1 Науқастың білегінің орналасуы « салбыраған білезік» осы зақымдануға тән: 1. иықтың сыртқы тері нервісі 2. орталық нерв 3. полинейропатия 4. шыбық нерві 5. шынтақ нерві 4 2.2.2 Науқас И., 38 жаста, оң жақ қолының әлсіздігіне, ауырсынуына, ауырсыну кіші бармаққа берілуіне шағымданады. Қараған кезде: алақанды бүккенде саусақтарының әлсіздігі, IV және V саусақтың әлсіздігі және III саусақтың, Vжәне IV саусақтың әкелуімен әкетуінің әлсіздігі әсіресе, бас бармақтың әкелуінің әлсіздігі. Беткей сезімталдық V саусақ терісінде IV саусақтың ульнарлы бөлігінде бұзылған. Бұлшықет буын сезімі кіші саусақта бұзылған. Клиникалық диагнозды қойыңыз? 1. плексит 2. орталық нерв невропатиясы 3. полинейропатия 4.шыбық нерв невропатиясы 5. шынтақ нерв невропатиясы 5 2.3.2 Науқас Е., 44 жаста, оң жақ қолының әлсіздігімен сезімталдықтың төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: оң жақ иығына құлаған. Қараған кезде: білек бұлшықеттерінің, білезіктің негізгі саусақ фалангтарының, үлкен саусақты әкеткіш бұлшықетінің, супинаторы, параличі, білекті бүгу әлсіреген. Трицепс рефлексі шақырылмайды, карпорадиальды рефлекс әлсіреген. Иықтың дорсальды беткейінде, білекте, білезікте және саусақта сезімталдық жоқ. Терең сезімталдық бұзылмаған. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. орталық нерв невропатиясы 2. полинейропатия 3. шыбық нерв невропатиясы 4. шынтақ нерв невропатиясы 5. плексит 3 2.4.2 Науқас Ф., 36 жаста, оң жақ қолының әлсіздігіне және ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде: жұдырық түйгенде I, II және III саусақтар бүгілмейді. Кіші саусақтар мен үлкен бармақ бүгілмейді, білезікті столға қойғанда «тырнау» тәрізді болады. Беткей сезімталдық алақан беткейінде I, II және III саусақтарда бұзылған. Бұлшықет буын сезімі кіші саусақ пен көрсеткіш саусақта және III саусақта бұзылған. Тенор аймағында бұлшықет атрофиясы. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. плексит 2. орталық нерв невропатиясы 3. полинейропатия 4. шыбық нерв невропатиясы 5. шынтақ нерв невропатиясы 2 2.5.2 Науқас К., 28 жаста, сол жақ білектің жоғарғы бөлігіне оқ тиген. Обьективті: сол жақ білезікті бүгу шектелген, ортаңғы және ақырғы фалангтарды 1,2,3 саусақтарды бүгу шектелген. Бас бармақты қарсы қою бұзылған, тенор атрофиясы, сол жақ алақанда қатты ауырсыну анықталады. Болжам диагнозды таңдаңыз? 1. шыбық нерві зақымдануы 2. орталық нерві зақымдануы 3. повреждение локтевого нерва 4. иық өрімдерінің зақымдануы 5. шынтақ және орталық нервінің біріккен зақымдануы 2 3.1.1 Табанның орналасуы мынандай түрде «свисающей стопы» және «степаж» қайсыған тән : 1. санның сыртқы тері нервісі 2. шоңдонай нерві 3. полинейропатия 4. үлкен сан нервісі 5. кіші сан нервісі 5 3.2.2 Науқас Л., 46 жаста, оң жақ аяғының әлсіздігіне және интенсивті ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде: табан және саусақ параличі, Ахилеев рефлексі шақырылмайды, балтыр және табанның анестезиясы. Ласег симпатомы 10 градус. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. плексит 2. шондонай нервісінің невропатиясы 3. полинейропатия 4. үлкен сан нерві невропатиясы 5. кіші сан нерві невропатиясы 2 3.3.2 Науқас Ч., 48 жаста, оң жақ аяғының әлсіздігіне шағымданады. Қараған кезде: табаны салбыраған, аздап ішке бұрылған, саусақтары бүгілген. Балтырдың алдыңғы сыртқы бұлшықеттері арықтаған. Жүрген кезде, науқас аяғын жерге тигізбес үшін аяғын жоғары көтеріп жүреді. Бірінші аяғының ұшымен, содан кейін табанның сыртқы бетін, одан кейін өкшені басады. Табанның және саусақтың жазылуы мүмкін емес (тыльная флексия) және табанды сыртқа бұру мүмкін емес. Ахиллев рефлексі сақталған. Балтырдың сыртқы бетінде және табанның беткей (тыльная ) бетінде гипестезия. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. плексит 2. шоңдоной нерві нейропатиясы 3. полинейропатия 4. үлкен сан невропатиясы 5. кіші сан невропатиясы 5 3.4.2 Науқас Л, 46 жаста, оң жақ аяғының әлсіздігіне және интенсивті ауырсынуына шағымданады. Қараған кезде: табанды бүгу, саусақтарды және табанды ішке әкелу және табанмен жүру мүмкін емес. Ахиллев рефлексі жоқ, балтырдың артқы бетінде, өкшеде, аяқтың сыртқы бетінде гипестезия. Бұлшықет буын сезімі бұзылмаған. Балтырдың артқы бұлшықеттерінің және өкшенің атрофиясы. Табан экстензия жағдайында, шығынқы өкше, терендетілген свод, саусақтардың «коктистая» жағдайы. Жүрісі қиындатылған, науқас өкшесімен тұрады. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. плексит 2. шоңдонай нерві невропатиясы 3. полинейропатия 4. үлкен сан невропатиясы 5. кіші сан невропатиясы 4 3.5.2 Науқас К., 60 жаста, оң жақ аяғының әлсіздігіне шағымданады. Тізеге құлағаннан кейін пайда болған. Қараған кезде: табан салбыраған, аздап ішке бұрылған және ішке қарай бүгілген. Балтырдың алдыңғы сыртқы бетіндегі бұлшықеттердің гипотрофиясы. Жүрген кезде науқас аяқпен жерді тимеу үшін аяғын жоғары көтеріп жүреді. Табан мен саусақтарды ашу мүмкін емес (тыльная флексия) және табанды сыртқа бүгу мүмкін емес,. Ахиллов рефлексі сақталған. Балтырдың сыртқы бетінде және табанның сыртқы бетінде гипестезия. Клиникалық диагноз қойыңыз? 1. плексит 2. шоңдонай нерві невропатиясы 3. полинейропатия 4.үлкен сан нерві невропатиясы 5. кіші сан невропатиясы 5 |