Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.3.2.2

  • 2.3.3.2

  • 2.3.4.2

  • 2.3.5.3

  • 2.3.6.3

  • 2.4.6.3

  • неврология. НЕВРА общая. Какие критерии включает в себя шкала ком Глазго


    Скачать 1.96 Mb.
    НазваниеКакие критерии включает в себя шкала ком Глазго
    Анкорневрология
    Дата10.06.2020
    Размер1.96 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНЕВРА общая.docx
    ТипДокументы
    #129263
    страница69 из 94
    1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94

    2.3.1.1

    Қандай қатпардың зақымдалуы сенсорлы афазияны тудыртады?

    1. Жоғары самай қатпары

    2.орташа самай қатпары

    3. жоғары төбе бөліктері

    4.төменгі төбе бөліктері

    5. екінші мандай қатпары

    1
    2.3.2.2.

    35 жастағы науқас Н.,оң жақ табанның дірілдеуімен басталатын клоникалық тырысу ұстамасына, содан кейін тырысу оң жақ қолға және беттің оң жақ жартысына қарай таралуына шағымданды. Ұстама 1-2 минутқа созылған. Патологиялық ошақ көзін анықтаңыз?

    1.оң жақ жоғары бөліктің орталық алды қатпарында

    2. оң жақ төменгі бөліктің орталық алды қатпарында

    3. сол жақ жоғары бөліктің орталық алды қатпарында

    4. жоғары маңдай қатпарында

    5. сол жақ ортаңғы орталықтан кейінгі қатпарында

    3
    2.3.3.2

    Жұбайынның айтуы бойынша 68 жастағы Б., әйелі әңгімелесу кезінде оның не үшін қолданылатынын біліп тұрсада заттардың атауын атай алмайды. Науқасқа көмек ретінде сөздің бірінші буынын айтқан кезде керекті сөзі еске түседі.

    Сөздерді түсіну бұзылмаған. Дауыстап оқуы мүмкін. Зақымдалу ошағы қайда орналасқан?

    1. Жоғары самай иірім артқы бөлімінің зақымдалуы

    2. Сол жақ маңдай бөлігің жоғары бөлімінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    3. Сол жақ маңдай бөлігің төменгі бөлімінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    4. Артқы шүйде бөлімінің зақымдалуы

    5. Төменгі және артқы төбе және самай бөлімінің зақымдалуы

    5
    2.3.4.2

    Дәрігер науқасқа темекіні қалай шегетінін көрсетуін сұрады, науқас қорапты папироспен жаға бастады, сосын сіріңкені алып оны ауызына қарай бағыттады. Зақымданған ошағы қайда орналасқан?

    1. Доминантты жарты шардың самай бөлігінде

    2. сол жақ шүйде бөлігінде

    3. Доминантты жарты шардың төбе бөлігінде

    4. Доминантты емес жарты шардың маңдайбөлігінде

    5. Сүйелді дене зақымдалуы

    3
    2.3.5.3

    Дәрігер науқасқа «үш жүз отыз үш (триста тридцать три)» сөзін қайталауын сұрады. Науқас айтылған сөзді ұғады, бірақ сөйлей алмайды, бірақ тіл, көмей, жұмсақ таңдай салдануы жоқ. Осы зақымдалу қалай аталады және ошағы қайда орналасқан?

    1. сенсорлы афазия, сол жақ маңдай бөлігінің жоғары бөлігінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    2. сенсорлы афазия, самай иірімінің артқы 1/3 бөлігінің зақымдалуы

    3. моторлы афазия, самай иірімінің артқы 1/3 бөлігінің зақымдалуы

    4. моторлы афазия, сол жақ маңдай бөлігінің жоғары бөлігінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    5. амнестикалық афазия, сол жақ маңдай бөлігінің жоғары бөлігінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы
    4
    2.3.6.3

    Дәрігер бірнеше таныс заттарды кезек-кезек көрсетіп «бұл не? Бұл қалай аталады?». Науқас затқа суреттеп анықтама береді, бірақ заттың атауын айта алмайды. Алғашқы буынын айтқан кезде керек сөзді еске түсіреді. Сөзді түсіну бұзылмаған, дауыстап оқуы мүмкін. Осы бұзылыс қалай аталады және зақымдалу ошағы қайда орналасқан?

    1. сенсорлы афазия, жоғары самай иірім артқы бөлімінің зақымдалуы

    2. моторлы афазия, сол жақ маңдай бөлігінің жоғары бөлігінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    3. моторлы афазия, сол жақ маңдай бөлігінің төменгі бөлігінен алдыңғы орталық иірім алдыға қарай зақымдалуы

    4. амнестикалық афазия, артқы шүйде бөлімінің зақымдалуы

    5. амнестикалық афазия, Төменгі және артқы төбе және самай бөлімінің зақымдалуы

    5

    2.4.1.1

    Транзиторлы ишемиялық шабуыл мен инсульттың негізгі айрмашылығы :

    1. ес бұзылуының болмауы

    2. афазияның болмауы,

    3. ошақты неврологиялық симптомдардың 1 тәуліктен аз уақытқа созылуы,

    4. неврологиялық бұзылыстардың төменгі дәрежесі

    5. аяқ астынан басталуы

    3
    2.4.2.2

    Қабылдау бөліміне 35 жастағы ер адам көз алдындағы заттардың екі еселенуіне, бас айналуына, сол жақ аяқ-қолдардағы әлсіздікке шағымданып түсті. Стационарға түсерден 1 сағ бұрын волейбол ойнап жүргенде жоғарыда айтылған шағымдар пайда болып, аяқ астынан ауырған. Қарағанда : АҚҚ 150\80 мм с.б., пульс – 84рет\мин., беті бозғылт. Оң жақтан птоз және ажыраған қылилық, сол жақтан орталықтық гемипарез. Менингеальды белгілер жоқ. Ликвор - норма. 20 сағаттың ішінде неврологиялық симптоматика толығымен жойылды. Диагноз қойыңыз:

    1. гипертониялық церебральды криз

    2. каротидті бассейнде транзиторлы ишемиялық шабуыл

    3. вертебро-базиллярлы бассейнде транзиторлы ишемиялық шабуыл

    4. каротидті бассейнде кіші ишемиялық инсульт

    5. вертебральді-базиллярлы бассейнде кіші ишемиялық инсульт

    3
    2.4.3.2….

    Неврологиялық бөлімшеге 63 жастағы науқас, сөйлеудің қиындауы, оң жақ аяқ-қолда қозғалыстың шектелуі шағымдарымен жеткізілді. Ауырғанға дейін 1 апта бұрын қысқа уақытты қысқа уақытты оң жақ қолдағы әлсіздік және периодты бас айналу болған. Стационарға түсер алдында 1 тәулік ішінде, ұйқыдан тұрғанда таңертең аяқ-қолда қозғалыстың шектелуі анықталған. Сол күні кешкі уақытта дененің оң жақ бөлігінде қозғалыс жоғалған және оған сөйлеу бұзылысы қосылған. Обьективті: есі анық. Беттің тері жабындылары бозғылт. АҚ 100/70 мм.с.б. Бөліктік моторлық афазия, оң жақ мимикалық бұлшық еттің орталық салдануы, біржақты орталық гемиплегия, гемигипестезия. Қандай тамырлық бассейн зақымдалған?

    1. алдыңғы милық артерия

    2. сол жақ ортаңғы милық артерия

    3. оң жақ ортаңғы милық артерия

    4. вертебробазилярлы бассейн

    5. артқы милық артерия

    2
    2.4.4.2

    Неврологиялық бөлімшеге 68 жастағы науқас, сөйлеудің қиындауы, оң жақ аяқ-қолда қозғалыстың шектелуі шағымдарымен жеткізілді. Ауырғанға дейін 1 апта бұрын қысқа уақытты қысқа уақытты оң жақ қолдағы әлсіздік және периодты бас айналу болған. Стационарға түсер алдында 1 тәулік ішінде, ұйқыдан тұрғанда таңертең аяқ-қолда қозғалыстың шектелуі анықталған. Сол күні кешкі уақытта дененің оң жақ бөлігінде қозғалыс жоғалған және оған сөйлеу бұзылысы қосылған. Обьективті: есі анық. Беттің тері жабындылары бозғылт. АҚ 100/70 мм.с.б. Бөліктік моторлық афазия, оң жақ мимикалық бұлшық еттің орталық салдануы, біржақты орталық гемиплегия, гемигипестезия. Болжам диагноз қойыңыз?

    1. Сол жақ ортаңғы милық артерия бассейнің паренхиматозды инсульті

    2. Сол жақ ортаңғы милық артерия бассейнің тромботикалық ишемиялық инсульті

    3. Оң жақ ортаңғы милық артерия бассейнің тромботикалық ишемиялық инсульті

    4. Вертебробазилярлы бассейнің ишемиялық инсульті

    5. Сол жақ ішкі ұйқы артерия бассейнің транзиторлы ишемиялық шабуылы

    2
    2.4.5.3

    Науқас, 48 жаста, күндіз физикалық жұмыс кезінде пайда болған интенсивті бас ауру шағымымен түсті. Зерттеу кезінде: есі анық. АҚ 160/90 мм.с б , пульс- 58р/м, ритмі дұрыс. Неврологиялық статус: мойын бұлшық еттерінің регидтілігі, екі жақты Кернинг симптомы, басқа неврологиялық зақымданулар мен салданулар жоқ. Түскен кездегі люмбальды пункция: ликворда қан бар. Науқаста 7 күннен кейін сол жақ аяқ-қолдың 3 баллға дейінгі әлсіздік дамыды, сол жақта Бабинский симптомы пайда болды. Люмбальды пункция (7 ші күнінде)- ликвор ксантохромды, ақуыз-0.66г/л, цитоз 18 1мкл де (барлық лимфоциттер), көз түбі- торлы қабық ангиопатиясы.КТ (7 ші күні) оң жақ маңдай бөлікте 36*36*34 мм-де гиподенсивті ошақтың болуы анықталды. Болжам диагнозды және осы патологияға әкелетін патогенетикалық механизмді таңдаңыз?

    1. ошақты энцефалит, баяу типті аутоиммунды реакция нәтижесінде

    2. миішілік қан құйылу, оң жақ маңдай бөлікте қан өту асқынуымен

    3. маңдай бөлік ісігі, метастатикалық процесс нәтижесінде

    4. оң жақ маңдай бөлігіндегі ми инфарктісі, қабыққа қан құйылумен асқынған вазоспазм нәтижесінде пайда болған

    5. ми абцессі, инфекция ошағынан гематогенді жайылу нәтижесінде

    4
    2.4.6.3.

    Ер адам 54 жастағы, физикалық жүктеме кезінде кенеттен пайда болған көп ретті құсу, бас ауруымен байланысты стационарға түсті. Соңғы 5 жыл аралығында артериалды гипертензиямен зардап шегеді.Тексеру кезінде: есі анық, АҚ-170/100 мм.с б, пульс-60р/м, ритмі дұрыс.Неврологиялық статус: мойын бұлшық еттің регидтілігі, екі жақты Кернинг симптомы, орталық салдану 7,12 ч.м.н сол жақты, 2 баллға дейінгі сол жақ қол күшінің төмендеуі, сол жақ аяқта 4 баллға дейін, сіңірлік рефлекстердің тірілуі және сол жақта Бабинский симптомы. ЭхоЭГ- орталық құрылымның оңнан солға 4мм ығысуы. КТ-оң жақ маңдай бөлікте перифокальды ісікпен гиперденсивті ошақ 46*45*44мм және оң жақ бүйірлік қарыншаның алдыңғы мүйізінің компрессиясы, субарахноидальды қан құйылу белгілері. Оптимальды ем тағайындаңыз және оны негіздеңіз?

    1. аминокапрон қышқылы қан кетуді тоқтату мақсатында

    2. нимодипин, вазоспазмды алдын алу мақсатында

    3. аминокапрон қышқылы, нимодипин егер оперативті кірісулерде эффекті болмағанда дислокационды синдром қаупін еске ала отырып

    4. оперативті ем, 1 ші тәулікте гематоманы алып тастау, содан кейін нимодипин, нейропротектор және антиоксиданттар

    5. өзіндік гематома лизисі болғанға дейін оперативті емді қоя тұруға болады

    4

    2.5.1.1

    Төмендегілердің қайсысы іріңді менингит қоздырғышын шақырады:

    1. бозғылт спирохета

    2. хориоменингит вирусы

    3. гемофильді таяқша

    4. адамның иммунодефицит вирусы

    5. туберкулез микобактериясы

    3

    2.5.2.2

    25 жастағы ер адам үдемелі бас ауруына және дене қызуының соңғы екі күн ішінде 37,5° көтерілуіне шағымданады. Ауырғанға дейін өзін саумын деп санаған.Тексергенде: есі анық, орны мен уақытқа ориентирациясы қалыпты, мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптом екі жақтан оң; басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Диагностикалық мақсатпен науқасқа люмбальды пункция жасалған. Цереброспинальды сұйықтықты тексергенде лимфоциттер саны 150 клетка мкл, белок - 0,65 г/л, глюкоза деңгейі қалыпты

    Сіздің болжам диагнозыңыз:

    1. Менингококкты менингит

    2. Пневмококкты менингит

    3. Іріңді менингит

    4. Серозды менингит

    5. Ревматикалық менингит

    4
    2.5.3.2

    Науқас О., 21 ж. Ауруханаға түскенге дейін 1 ай бойы жөтел, кеудедегі ауырсыну, тершеңдік, жалпы әлсіздік ыстық сезімнің болуы мазалайды. Температура 37 0С. Тексеру кезінде: шуылды және жарықты жақтырмайды, Керниг симптомы айқын емес, сіңір және сүйек үсті рефлекстері бірдей, қалыпты. Патологиялық белгілер жоқ. Тексергенде: ЖҚА Л-20000 1 мкл, СОЭ- 25 мм/ч. Өкпе Р-гр : әр түрлі мөлшердегі ошақтар , симметриялы шашыраңқы, көбінесе жоғарғы және ортаңғы бөліктерде. Болжам диагнозды анықтаңыз: 1.Туберкулезды менингит

    2.Кене энцефалиті

    3.Менингококты менингит

    4.Екіншілік отогенды менингит

    5.Гриппозды менингит

    1
    2.5.4.2

    Әйел адам 25 жаста, БСМП қабылдау бөліміне мынандай шағымдармен жайылған қатты басының ауырсынуы, жеңілдік әкелмейтін бірнеше тамақ аралас құсу, дене қызуының 39С жоғарлауы. Сіңілісінің айтуы бойынша 2 апта бұрын Новосибирск қаласынан келген, ол жаққа орманға саңырауқұлақ теруге барған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, төсекте дөңбекшиді, периодты түсініксіз сөздермен сөйлемдер айтады, уақыт пен орнында, өзіндік орентациясы жоқ. Беті симметриялы, балғашыққа қарамайды, команданы орындамайды. Мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 см, Кернинг және Брудзинский симптомдары оң. ЖҚА: Hb 120г/л, Л. 15,0, СОЭ 20мм/ч. Ликворда: цитоз 10 (90% лимфоциты), жалпы белок 0,50г/л, глюкоза 2,78 ммоль/л, хлоридтер 126 ммоль/л. Бұл науқасқа қандай дәрілер тағайындаймыз және неліктену?

    1. бактерицидті эффекті тезірек алу мақсатында пенициллин

    2. қанға эндотоксиндердің көбірек түспеуі мақсатында левомицетин

    3 вирустың инактивациясы үшін спецификалық иммуноглобулин

    4. DOTS-терапиясының құрамындағы рифампицин

    5. ангиоспазм профилактикасы үшін нимодипин

    3
    2.5.5.3

    Науқас Т., 18 жаста. Жедел ауырған. Қараған кезде: жалпы жағдайы ауыр, есі айқын емес, бүйіріне басын ішіне бүгіп, аяқтарын ішіне тигізген қалпында жатыр. Кеуде терісінде, ішінде, арқасында аяқ-қолдарында геморргиялық бөртпелер жұлдызшаға ұқсас, тізесінде және балтырында бөртпелер бірімен-бірі қосылған, геморрагия 2 см дейін. Мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг симптомы оң. ЖҚА: Л-18000 1 мкл, СОЭ- 40 мм/ч. Люмбальды пункцияда: сұйықтық лайланған, катты ағынмен ағады, нейтрофильді плеоцитоз - 442 клетка 1 мм 3, белок - 1,32, кант- 0,99 г/л, хлоридтер - 122 ммоль/л. Осы жағдайда науқасқа глюкокортикоидтарды тағайындау дұрыс па және неліктен

    1.Иә, өйткені инфекционды-токсикалық шок болғандықтан

    2.Иә, гематоэнцефаликалық барьер арқылы антибиотиктердің өтуі жақсартады

    3.Иә, патогенезінің негізінде инфекционды-аллергиялық механизм ОНЖ зақымдайды

    4.Жоқ, гематоэнцефаликалық барьер арқылы антибиотиктердің өтуі төмендейді

    5.Жоқ, препаратты тағайындау иммуносепресияға әкеледі

    1
    2.5.6.3

    Науқас Т., 18 жаста. Жедел ауырған. Қараған кезде: жалпы жағдайы ауыр, есі айқын емес, бүйіріне басын ішіне бүгіп, аяқтарын ішіне тигізген қалпында жатыр. Кеуде терісінде, ішінде, арқасында аяқ-қолдарында геморргиялық бөртпелер жұлдызшаға ұқсас, тізесінде және балтырында бөртпелер бірімен-бірі қосылған, геморрагия 2 см дейін. Мойын бұлшықеттерінің ригидтілігі, Кернинг симптомы оң. ЖҚА: Л-18000 1 мкл, СОЭ- 40 мм/ч. Люмбальды пункцияда: сұйықтық лайланған, қатты ағынмен ағ

    ады, нейтрофильді плеоцитоз - 442 клетка 1 мм 3, белок - 1,32, кант- 0,99 г/л, хлоридтер - 122 ммоль/л. Қай топтағы антибиотикті тағайындау қажет және неліктен ?

    1.Пенициллин, өйткені айқын бактерицидты әсері үшін, симптоматиканың тезірек регрессі үшін

    2.Пенициллин, өйткені айқын бактерицидты әсері үшін, өйткені эндотоксинді босату мақсатында

    3.Левомецитин, өйткені айқын бактерицидты әсері үшін, симптоматиканың тезірек регрессі үшін

    4.Левомецитин, өйткені айқын бактерицидты әсері үшін, өйткені эндотоксинді босату мақсатында

    5.Цефалоспориндер, өйткені айқын бактерицидты әсері үшін, симптоматиканың тезірек регрессі үшін

    4
    3.1.1.1

    Қандай түбірлік синдром кезінде табанның үлкен бармақ жазғыштығының әлсіздігі бақыланады?

    1. түбірлік синдром L5

    2. түбірлік синдром S1

    3. түбірлік синдром L4

    4. түбірлік синдром L1

    5. түбірлік синдром S2
    3.1.2.2

    Науқас Ф.., 54 жаста, омыртқаның мойын бөлігіндегі ауырсыну, оң жақ иықта қозғалыстың шектелуі мен ауруына шағымданып түсті. Анамнезінен: мойнындағы ауырсыну 8 жылдан бері мазалайды, 2 күн ішінде мойындағы ауырсыну күшейген сәтте жағдайының нашарлауы, оң жақ иық аймағында ауырсынумен қозғалыстың шектелуі пайда болған. Қарау кезінде: пальпация кезінде сүйек өсіндісінің С2-С6 ауруы, жанына қарай қолын әкетуі шектелген, қолын арқасына әкелу мүмкін емес, иықтың маятник тәрізді қозғалысы сагиталды жазықтықта еркін. Иықтың әкелгіш бұлшық еті тығыздалған, ауырсынатын түйіндер сезіледі, периартикулярлы тіндердің ауырсынуы. Бұлшық еттік күш сақталған, сіңірлік рефлекстер Д=S , сезімталдық бұзылмаған. Клиникалық диагноз қойыңыз?

    1. мойын остеохондрозы, C6-C7 диск жарығы, түбірлік синдром C7

    2. мойын остеохондрозы, цервикалгия

    3. мойын остеохондрозы, иықжауырындық периартроз

    4. мойын остеохондрозы, дискогенді миелопатия

    5. мойын остеохондрозы, C5-C6 диск жарығы, түбірлік синдром C6

    3
    3.1.3.2

    Невропатологқа 48 жастағы науқас, комбайнер, мойын аймағындағы ауырсыну сол жақ қолға берілетін шағымдарымен қаралды. Анамнезінен: мойын аймағындағы ауырсыну 3 жылдан бері. Соңғы 3 аптада күнделікті қарау кезінде жағдайының нашарлауы бақыланған. Ауырсыну сол жақ қолға берілетін болды, басты қозғалтқан кезде күшейеді. Қарау кезінде: С6-С7 сүйектік өсінділерде ауырсыну, карпорадиалды рефлекс төмендеген, иықтың алдыңғы беткей қуысында, кәрі жіліктік шынтақтың бетінде, 5 ші саусақта гипестезия.Клиникалық диагноз қойыңыз?

    1. мойын остеохондрозы, түбірлік синдром C8

    2. мойын остеохондрозы, түбірлік синдром C6

    3. мойын остеохондрозы, кіші кеуде бұлшық еттер синдромы

    4. мойын остеохондрозы, иықжауырындық периартроз

    5. мойын остеохондрозы, алдыңғы баспалдақ бұлшық еттер синдромы

    1
    3.1.4.2

    Невропатологқа науқас Л.., 36 жаста, омыртқаның бел-сегізкөздік аймағындағы ауырсыну, сол жақ артқы беткей сан мен сираққа берілуімен, қозғалыстың шектелуі шағымдарымен қаралған. Жоғарыда көрсетілген шағымдар ауыр атлетика жарысында штангы котерген кезде пайда болған. Неврологиялық статус: дененің алдыға иілуі шектелген, артқа қарай аз дәрежеде, Ласега симптомы сол жақта 30градус, оң жақта 80градус, сіңірлік рефлекстер сақталған, сол жақ табанның үлкен бармақ жазғыштығының әлсіреуі.МРТ да омыртқа денесінің арасында жұлын каналына түсетін шығулар анықталған. Клиникалық диагноз қойыңыз?

    1. бел остеохондрозы, L4-L5 диск жарығы, түбірлік синдром L5

    2. бел остеохондрозы, L5-S1 диск жарығы, түбірлік синдром S1

    3. бел остеохондрозы, L3-L4 диск жарығы, түбірлік синдром L4

    4. бел остеохондрозы, люмбоишалгия

    5. бел остеохондрозы, дискогенді миелопатия

    1
    3.1.5.3

    Науқас Т.., 57 жаста, шофер. Оң аяққа берілетін, бел аймағындағы күшті ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну әсерінен жүре алмайды. Анамнезінен: периодты түрде күшейетін белдегі ауырсыну 18 жылдан бері мазалайды. Жағдайының нашарлауы 2 күн бұрын камаздан секіргеннен кейін болды. Қарау кезінде: белдік лордоз тегістелген, бел бұлшық еттерінің дефансы, пальпация кезінде L4-L5 сүйектік өсінділерінің кенеттен ауруы, Лесега симптомы оң жақта 20, сол жақта 70, оң жақ табанның үлкен бармақ жазғыштығының әлсіздігі.Сіңірлік рефлекстер сақталған, санның сыртқы бөлігінің сирақтың алдыңғы сыртқы беткейінің табанның ішкі бөлігіне дейін гипестезиясы. Науқасқа қандай препарат көрсетілген және неліктен?

    1. диклофенак, себебі науқаста L5-S1 диск жарығы, түбірлік синдром S1

    2. диклофенак, себебі науқаста L4-L5 диск жарығы, түбірлік синдром L5

    3. актовегин, себебі науқаста дискогенді миелопатия

    4. актовегин, себебі науқаста жұлындық инсульт

    5. бетаферон, себебі науқаста бел остеохондрозы

    2
    3.1.6.3

    Науқас Ф.., 37 жаста, парикмахер, бел аймағындағы интенсивті ауырсыну, оң аяққа беріледі, ауырсынуға байланысты жүрудің мүмкін емес шағымдарымен қаралды. Анамнезінен: периодты белдегі ауырсыну 11жыл аралығында мазалайды. Жағдайының нашарлауы 2 күн ішінде бірден иілу кезінде пайда болды. Қарау кезінде: белдік лордоз тегістелген,дененің оң жаққа қисаюымен болған скалиозды бел бұлшық еттің дефансы, пальпация кезінде L4-L5-S1-S2 сүйектік өсінділердің ауырсынуы, Ласега симптомы оң жақтан 30градус, сол жақтан 70 градус. Ахиллов рефлекс сол жактан шақырылмайды. Санның сыртқы аймағының, сирақтың сыртқы беткейінен табанның сыртқы бөлігіне дейін гипестезия. Қандай тексеру жүргізу керек және қандай мақсатта?

    1. МРТ, L5-S1 диск жарығын S1 түбірлік синдромды анықтау

    2. МРТ, L4-L5 диск жарығын L5 түбірлік синдромды анықтау

    3. Люмбальды пункция, себебі науқаста дискогенді миелопатия

    4. Люмбальды пункция, L4-L5 түбірлік синдром L5

    5. Люмбальды пункция, L5-S1 диск жарығын S1 түбірлік синдромды анықтау

    1
    3.2.1.1

    Жайылмалы склероз кезінде аурудың ағымын өзгерту мақсатында қандай препарат қолданылады?

    1. Церебролизин

    2. Баклофен

    3. Нейромидин

    4. Бетаферон

    5. Цитиколин

    4
    3.2.2.2

    56 жастағы ер адам, заттардың тік және көлденең бағытта екі еселенуіне, «ауыр» қабақ сезіміне шағымданады. Бұл шағымдар екі апта бойы мазалайды және кешке пайда болып, оқыған кезде күшейеді. Қарау кезінде: жоғарғы қабақтың ассиметриялы төмен түсуі оң жақта көбірек байқалады, оң жақ көз алмасының қозғалысы жоғарғы және сыртқа қарай шектелген, сол жақ көз алмасының қозғалысы жоғары қарай шектелген, оңға және жоғары қарай қарағанда заттардың екі еселенуі, басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Тері астына 2.0 мл 0,05% прозеринді енгізгенде неврологиялық бұзылыстарының толық регрессін шақырды. Клиникалық диагноз қойыңыз:

    1. Ми қан айналымының ауыспалы бұзылысы

    2. Жайылмалы склероз, церебральді түрі

    3. Ландузи-Дежериннің прогрессирлеуші бұлшықетті дистрофиясы

    4. Пароксизмальды миоплегия, нормокалиемиялық түрі

    5. Миастения, көздік түрі

    5
    3.2.3.2

    36 жастағы әйел адам, мұғалім, сабақ соңында пайда болатын дауыстың қарлығуына, сонымен қатар физикалық жүктемеден кейін пайда болатын аяқ-қолдағы әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдар 3 ай бойы мазалайды, таңертен демалғаннан кейін дауысы қалпына келеді. Қараған кезде, дауысқа жүктемеден кейін дисфония, қол – аяқтың проксимальді бөліктері бұлшықеттерінің 4 баллға дейін әлсіздігі, сіңір рефлекстерінің әлсіреуі байқалады. Тері астына прозеринді енгізгенде неврологиялық бұзылыстарының толық регрессін шақырды. ЭНМГ-да ырғақты стимуляция кезінде М-жауаптың 56 % дектременті анықталады. Клиникалық диагноз қойыңыз.

    1. Ламберт Итон синдромы

    2. Бүйірлік амиотрофикалық склероз, мойын-кеуделік түрі

    3. Бүйірлік амиотрофикалық склероз, бульбарлы түрі

    4. Миастения, генерализденген түрі

    5. Миастения, кранио-бульбарлы түрі

    4
    3.2.4.2

    52 жастағы әйел миастениямен ауырады, бұлшық етегі әлсіздіктің күшеюіне байланысты дәрігердің кеңесінсіз калиминнің тәуліктік дозасын 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін жоғарылатқан. Соның салдарынан іш ауырсынуы, ішектердің перистальтикасының және сілекей бөлінуінің жоғарылауы пайда болған, қол-аяқта әлсіздік артқан. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, АҚҚ-80/40 мм.с.б., пульс- 42 р/мин, ТАЖ-25 р/мин, қарашықтары тарылған, симметриялы, күші 3 баллға дейін дуффузды төмендеген, сіңірлік рефлекстер төмен, көптеген фасцикуляциялар анықталады. Миастениялық бұзылыстар классификациясына сәйкес клиникалық диагноз қойыңыз:

    1. Миастения, генерализденген түрі, гипотониялық криз

    2. Миастения, генерализденген түрі, миастениялық криз

    3. Миастения, бульбарлы түрі, холинэргический криз

    4. Миастения, генерализденген түрі, вегетативті криз

    5. Миастения, генерализденген түрі, холинэргиялық криз

    5
    3.2.5.3

    Науқас 20 жастағы әйел, стационарға аяқтағы әлсіздік, көруінің нашарлауы – кітап оқығанда әріптердің екі еселенуі, беттің оң жақ жартысының жансыздануы шағымдарымен тұскен. Анамнезден: жиі ЖРВИ-мен ауырады. Объективті: есі анық, қарым-қатынасқа түседі. БСМН: қарашықтары OD=OS, фотореакция сақталған, жан-жаққа қарағанда екі көздері мұрын жаққа кетпейді, оң жақтан горизонтальды кең ауқымды нистагм. Беттің оң жағында сезімталдық төмендеген. Аяқтың күші 3 балл, тонусы төмендеген, қол рефлекстері – шапшаң D=S, аяқ рефлекстері – жоғары, абдоминальды рефлекстер – жоқ. Екі жақтан Бабинский, Россолимо, Шеффер рефлекстері оң. Ромберг позасында жеңіл шайқалу. Классификацияға сәйкес диагноз қойыңыз.

    1. Жайылмалы склероз, ремитирлеуші ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, клиникалық диссоциация синдромы, орташа спастикалық парапарез

    2. Жайылмалы склероз, интермиттирлеуші ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, клиникалық диссоциация синдромы, орташа спастикалық парапарез

    3. Жайылмалы склероз, біріншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, клиникалық диссоциация синдромы, орташа спастикалық парапарез

    4. Жайылмалы склероз, екіншілік-прогредиентті ағым, алдыңғы екі жақты интернуклеарлы офтальмоплегия, клиникалық диссоциация синдромы, ауыр спастикалық парапарез

    5. Жайылмалы склероз, прогрессирлеуші ағым, артқы монокулярная интернуклеарлы офтальмоплегия, клиникалық диссоциация синдромы, орташа спастикалық парапарез

    1
    3.2.6.3

    23 жастағы науқас аяқ-қолдағы әлсіздікке, білезік пен табандағы жансыздануға, жүргенде тербелуге шағымданады. Науқастың айтуы бойынша екі апта бұрын грипп тәрізді жағдай болған. Қарағанда: аяқ-қол бұлшық еттерінің тонусы төмендеген, алақан және табан бұлшық еттерінің күші 1 баллға дейін төмендеген, сезімталдықтың барлық түрінің «шұлық және қолғап» типі бойынша төмендеуі, карпорадиальды және ахил рефлекстері шақырылмайды, аяқ қол терісінің түсі өзгерген. Ликвор түссіз, мөлдір, цитоз 10 лимфоцит, белок - -20 грамм на литр. Қандай ем тағайындау қажет және неге?
    1. Иммуноглобулин G класс, себебі аутоиммунды процесс маңыздырақ.

    2. Прозерин, себебі аутоиммунды процесс маңыздырақ

    3. Кавинтон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну маңыздырақ

    4. Преднизолон, себебі ісіну және бейспецификалық қабыну маңыздырақ

    5. Церебролизин, себебі ишемия маңыздырақ

    1
    1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94


    написать администратору сайта