Диссертация. Кіріспе Зерттеу таырыбыны зектілігі
Скачать 95.28 Kb.
|
4.2 Өмір сүру қауіпсіздігін үйрету мен тәрбиелеудің құрылымдық мазмұндық жүйесіАдамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады. Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.) Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері керек. Өрт шыққан кезде және сол кезде өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек. Өрт болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек. Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаныз, сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті. Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады. Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып, ал немесе суланған ауыр матамен жабыныз. Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге жатағалып домалау керек. Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе жер төгіп сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге, бірақ ешқашан жанғыш сұйықты сумен сөндіруге болмайды.Егер де электр сымдары жана бастаса, тез арада оны тоқ көзінен айыру керек. Электр сымын улықышқылы бар өрт сөндіргіштермен сөндіру керек, УӨ-5 немесе УӨ-10 (улықышқылы бар өрт сөндіргіші). Егер де теледидар жанса, оны тез арада жүйеден алып тастау керек, содан кейін артқы қабырғаларынан су құйып сөндіру керек. Егер де теледидар жанында перде немесе басқа да тез тұтанатын заттар тұрса теледидар үстіне шүберек жабу керек, содан кейін ғана су әкелуге немесе үй ішіндегі өрт суық сөндіргішті алып келу керек. Егер кинескопы жарылса, оның улы түтіні өте қауіпті, сол себепті тез арада отты бағындыру керек және басқаларға хабар беру керек, балаларды тез арада сыртқа шығарған абзал. Егер өрт пәтерде орын алса: -101 телефонына қонырау соғып, дұрыс мекенжайды және не жанып жатқаны туралы толық ақпарат беру; - қарттар мен балаларды сыртқа шығару; - содан кейін ғана өртті өз күшінізбен сөндіру қажет. Өрттердің көбі тәжірибе көрсеткендей «адами фактор» себебі бойынша болады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері мыналар болып табылады: от жаққанда сақтық жасамау, өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеу және қадағаламау, тұрмыстағы электрлік және бөлмені жылытатын приборлары дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы, балалардың үлкендердің қарауынсыз қалуы. Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау қайғылы оқиғаларға өртке, газбалондардың жарылуына және басқа да төтенше жағдайларға әкеп соғады, оның салдарынан адамдар қаза болып жатады. Адам өлімінің негізгі себептері: жанғыш заттардың тұтануы, газдан улану, жоғарғы температура (әр түрлі деңгейдегі күйікке шалдығулар) болып табылады. Тұрғын үй секторында азаматтармен өртке жол бермеу үшін келесі қарапайым ережелермен сақтауға жөн: - тек қана отқа төзімдігі күшті кірпіші бар пешті жағу керек, пеш алдындағы еденге темір қағылуы тиіс; - жағып жылыту кезеңінде мұржаның күлін тазарту, әрбір 3 ай сайын тексеріп отыру керек; - шатырдағы барлық түтін жолдары мен трубаны тексеріп отыру қажет, бұл жұмыс мұржа жарықтарын, өрт алуын жедел табуға көмектеседі; - жағып жылыту пештері мен мұржаларды бақылап, қажеттілік туғанда жөндеу жүргізген абзал; - пешті лапылдап жанатын сұйықтармен тұтатудан аулақ болған жөн (бензинмен, керосинмен); - пешті қараусыз қалдырып, оны қадағалауды жас балаларға тапсырған дұрыс емес. Егер үйіңізде электр арқылы бөлмені жылытатын құралды пайдалансаңыз, онда оны орнату мен пайдалану ережелерін білгеніңіз жөн: - электр арқылы бөлмені жылытатын құралдың корпусы ақаусыз және қыздыру элементінің қоршаланған конструкциясымен болуы тиіс; - үйді жылытатын құралдардың ток көзін көп айналдыратынын, және үйдің электр желісіне күш түсіретінін есте сақтаған жөн. Изоляцияның жанған иісінің пайда болуы, электр сымдары мен розеткаларының қатты қызуы, электр шотындағы сақтандырғыштың жиі-жиі сөніп қалуы немесе күйіп кетуі – үйдегі электр желісіне ауыртпалықтың көп түскендігінің бірінші сипаты және бөлмені электрмен жылыту құбырын пайдалану өте қауіпті болады; - бөлмені электрмен жылыту құбыры құлап қалатын жерде болмауы керек және шығарған зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс; - бөлмені электрмен жылыту құбырын жанғыш материалдармен жабуға, оның үстінде киім-кешек кептіруге, оны жанғыш заттарға жақын орналастыруға болмайды; - үйде балалар мен үй жануарлары болғанда бөлмені электрмен жылыту құбырын қараусыз қалдырмау керек, оны электр розеткасынан ағытуды ұмытпаңыздар. Тек қана осы ережелерді қатаң қадағалау Сізге және Сіздің жақындарыңызға өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға, дүние-мүлікті, үй жануарларын аман алып қалуға септігін тигізеді. Өрт қауіпсіздігі ережесі Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады. Сіздің әрекетіңіз: 1) Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз. 2) Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді. 3) Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін. 4) Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз. 5) Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз. 6) Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз. 7) Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз. Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі дем алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту. ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА. Сіздің әрекетіңіз: 1) Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз. 2) Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз. 3) Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады. 4) Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек. ЖИҺАЗ ЖАНУЫ Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады. Сіздің әрекетіңіз: Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді. Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек. АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ Сіздің әрекетіңіз: Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз. Cуда жүзу тәртібі СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады. Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін. 1) Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз. 2) Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын түзеңіз. 3) Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз. 4) Бұлшық еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз. 5) Егер тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз. Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін. 1) Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз. 2) Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз. 3) Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз. СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ Сіздің іс-әрекетіңіз: 1) Күшіңізді бекерге шығарып, су ағымымен күреспеңіз. 2) Су ағымымен диагональ бойынша жүзе отырып, ең жақын жағаға қарай жүзіңіз.СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ Сіздің іс-әрекетіңіз: 1) Балдырлар жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында тұрмаңыз, әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз. 2) Екі аяқпен қатты итеріңіз, босануға ұмтылыңыз. 3) Бұл көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқтағы балдырларды алып тастаңыз. 4) Судың астына қарай сіңбеңіз, әйтпесе балдырлар мойныңызды орайды. 5) Балдырлардан құтылған соң, қауіпті жерден аяқтарыңызбен ақырын сермей жүзіп кетіңіз. СУДА / ЕГЕР СІЗ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ Сіздің іс-әрекетіңіз: 1) Дем алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз. 2) Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз. 3) Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін. 4) Егер сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады. 5) Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз. СУДА / ЕГЕР СІЗ СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз. 1) Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз. 2) Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз. 3) Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз. СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА КӨМЕКТЕСУ Адамның батқанын қалай білесіз: Суға батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді, бірде көрінбейді. Сіздің іс-әрекетіңіз: 1) Егер сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін. 2) Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз. 3) Батып бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды. 4) Егер батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек. 5) Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз. 6) Егер батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап, беті судан жоғары болуын қадағалаңыз. Жол қозғалысы ережесі ЖАЯУ ЖҮГІНШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ. Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады. Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс. Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс. Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс. Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады. Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда көлік бағдаршамын басшылыққа алады. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс. Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады. Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс. Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек. Ата-аналарға Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі. Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады. Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн: -Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; - Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет; - Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету. Ал ата-аналарға осыған жауап: - Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді; - Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді; - Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз; - Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз. 5 «Қ.Пішенбаев ат Екібастұз тау –техникалық колледжі» КМҚК колледжінде инновациялық оқыту технологиялармен жұмыс істеу ерекшеліктерін зерттеу 5.1 «Қ.Пішенбаев ат Екібастұз тау –техникалық колледжі» КМҚК туралы мәлімет Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасы «Қ.Пішенбаев ат Екібастұз тау –техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 1992 жылдан бастап колледж Республикалық эксперименталдық алаң жағдайында жұмыс істеді, басында ЖКУ – жоғары кәсіптік-техникалық училище ретінде, сосын 1995 жылдан бастап Қазақстан-ГФР «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім беруге жәрдем» үкіметаралық бірлескен жоба шеңберінде. 1999 жылдан 2009 жылға дейін Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен колледж біліктілікті еңбек жұмыскерлерді (жұмысшылар мен қызметкерлерді) даярлаудың тиімді әдістерін сыннан өткізу бойынша зерттеу жұмыстарын өткізу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу үшін Ы.А. Алтынсарин атындағы эксперименталдық алаң болып ресми түрде анықталды. 2000 жылдан бастап колледж инновациялық тәртіпте жұмыс істеді, сол үшін 2002 жылы был Білім министрлігінің «Инновация үшін» дипломымен марапатталды. 1993 жылдан бастап оқу орнының серіктесі Германия болып табылды. Алған гранттар есебінен оқу орнында компьютерлік материалдық-техникалық қор құрылды. 1995 жылдан бастап колледж екі пилоттық бірлескен Қазақстан-Герман жобаларында жұмыс істеді. Ең алдымен «Қазақстандағы кәсіптік білім беруді дамытуға жәрдем» жобасында, ол нарықтық экономика және кәсіптік оқыту аясында даярлау және кеңес беру жөніндегі орталықпен жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді реформалау. 1997 жылдан бастап колледж «Неміс ұлтының жастарын қолдау» жаңа пилоттық Қазақ-Герман жобасын жүзеге асырды. Осы жобалар шеңберінде банк ісі, менеджмент мамандықтары бойынша Германияның дуалдық жүйесі қағидасы бойынша кәсіпорындармен кооперациялауда жаңа оқыту түрлерін сыннан өткізу жүргізілді, мұндағы басты идея оқытудың тәжірибеге бағытталған үрдіс жүйесін құру болды. Бұл мақсаттар үшін жоғарыда аталған мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары құрылды, мұнда оқу уақытының 50 % бірінші курстан бастап бітіргенге дейін тренингтік технологияларды қолдану жолымен оқу орны ішінде де, практикалық оқыту арқылы кәсіпорындарда да практикалық оқытуға бөлінді, бұл өндірістік жағдайларға бейімделген мамандарды дайындауға көмектесті. 2010 жылдан бастап Павлодар бизнес-колледжі Қазақстан-Норвегия жобасын іске асыру бойынша эксперимент шеңберінде жұмыс істейді. 2010-2011 оқу жылынан бастап 1305000 «Ақпараттық жүйесі» мамандығы бойынша оқушыларды даярлау басталды, олар 2012 жылы оқу бітірлі және «техник» біліктілігін алды. Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын колледж оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Мемлекеттік қызмет «Білім және ғылым саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен оқуға қабылдаудың тәртібін негізге ала отырып, негізгі орта білім (9 сынып) және жалпы орта білім (11 сынып) негізінде төмендегі мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға қабылдайды: - 1305000 Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша) - 0911000 – Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша). Материалдық-техникалық базасы: жобалық қуаттылығы -520 орын, 2 ауысым, жалпы көлемі – 2084,8 ш.м., оқу корпусы №1 – 1461,5 ш.м., оқу корпусы № 2 – 623,3 ш.м., оқу-өндірістік шеберхананың ғимараты – 57,6 ш.м., 120 орындық акт залы, 80 орындық асхана, спорт залы, кітапхана– кітаптар қоры 25221 дана; 14 орындығы бар оқу залы Инженерлік – педагогикалық кадрларының сандық және сапалық құрамы: педагогтардың жалпы саны 63, олардың ішінде жоғары және бірінші санаттылар – 36 % құрайды. Колледжде оқытылатын барлық мамандықтар бүгінгі күні еңбек нарығында үлкен сұранымға ие. Колледждің 2018-2019 оқу жылына қойған мақсаты: Оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу арқылы мамандарды дайындаудың сапасын көтеру. Колледждің ғылыми-әдістемелік қызметі оқытушылардың педагогикалық құзіреттілігін жетілдірудің бірізді жүйесін ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік жұмыстың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен жетілдіру негізінде білім берудің сапасын арттыру және олардың өздігінен іздену әрекеттерін бағыттау. Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Оқу-тәрбиелік үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім берудің сапасын арттыру» Бұл тақырыптың көкейкестілігі: дамып келе жатқан қазақстандық қоғамға бәсекеге қабілетті, білімді, жан-жақты дамыған тұлға қажет. Мұндай мамандарды даярлау үшін білім беру үдерісі барысында инновациялық, оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу керек. Колледждің әдістемелік тақырыбына байланысты пәндік-циклдік комиссиялар өздерінің әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс атқаруда. Әдістемелік жұмыстың бағыттары: - Әдістемелік қызметтің нормативтік - құқықтық қамтамасыздандырылуын қалыптастыру және түзету жұмыстары; - Әдістемелік жұмыстың әр түрлі деңгейдегі нәтижелілігі критерийлерін қалыптастыру. Оқытушылардың кәсіби деңгейлерін арттыру: - Оқытушылардың кәсіби әлеуеттері мен қажеттіліктерін анықтау; - Біліктілікті жетілдіру жүесін жоспарлау. Сараптау – бағалау қызмет: - Бағалау критерийлері мен бағыттарын анықтау; - Мониторинг ұйымдастыру; Колледж оқытушыларының әдістемелік өнімдерін дайындап басып шығаруларына, іс-шаралар мен сабақтарына қойылатын талаптарды анықтайды. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және басқару әдістемелік қызметтің құрылымдары – әдістемелік кеңес пен циклдік комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Әдістемелік кеңестің мақсаттары: педагогикалық ұжымның кәсіби, әдістемелік іс-әрекетін қамсыздандыру және оқу үдерісін ғылыми басқару. Әдістемелік кеңестің құрамына әкімшілік, бөлім меңгерушілері, циклдік комиссияларының басшылары және оқытушылар кіреді. Әдістемелік кеңестің шешетін міндеттері: - Жұмыс бағыттарын белгілеу, оқу үдерісін әдістемелік қамсыздандыруы; - Педагогикалық-инженерлік кадрлардың әдістемелік біліктіліктерін арттыру; - Ұжымның жұмыс нәтижелерін талдау; - Әдістемелік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру. - Педагогикалық мәселелерін шешу. 2011-2020 жж. Қазақстан Республикасының Білім беруді іске асыру Мемлекеттік бағдарламасы бойынша колледждің арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында Колледжінде ТОО «New Technologies Company» ұйымдастыруымен «Казіргі ақпараттық технологиялар, техникалық құралдар және оларды білім берудегі қолдану әдістері «Тіршілік қауіпсіздігі еңбек қорғау» тақырыбында курс өткізілді. Курс барысында белсенді білім беру технологиялары, арнайы бағдарламалар қолданылды. 25 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберлері жаңа инновациялық бағдарламаны меңгеріп, сертификаттарға ие болды. Әлеуметтік серіктестік оқу мекемелері-колледждердің нарықтық экономика жағдайындағы тіршілік етудің бірден-бір әдісі болып табылады. Жұмыс берушілермен ынтымақтастықта ғана негізгі міндетті болып келетін еңбек нарығын талап етілген мамандармен қамтамасыз етуді іске асыруға болады. 2012 жылдан бастап бұл жүйе бірте-бірте колледждің оқу үрдісіне енгізіліп келеді. Материалдық базамыз нығайтылып, шеберханалар, оқу цехтары мен зертханалар ашылуда. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 2012-2014 оқу жылдары төрт бөлме оқу-өндірістік цехтарына жаңадан жабдықталып, оқу бар-кафесі ашылып, 2014 жылдың сәуір айынан бастап, колледжде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқу-өндірістік комбинат ашылды. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері білім беру стандарттарына сәйкес, оқу мекемесінде мамандарды даярлауда дуальді оқыту жүйесін енгізумен айналысады. Оқу цехтары мен шеберханаларына арналған ауданның тар болуына байланысты, 2013 жылы колледж екі 40 тонналы контейнер сатып алып, олардан «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығы» мамандығына арналған шеберханалар жабдықталды. Бұл шеберханалар сонымен қатар қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Өзіміздің мекеме жанында осы мамандық бойынша оқитын білім алушыларға арналған алаңдар құрылған. Бұл мамандық бойынша оқитын студенттер өздерін нағыз мамандар ретінде көрсете алды. Дуальді оқыту жүйесі арқылы жылдан жылға өткізілетін қалалық, аймақтық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып, колледжде алған кәсіптік білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетуде. Сондай-ақ біздің студенттеріміз болашақ Халықаралық көрме «ЭКСПО-2017» нысандарына қажетті мамандыр. Біздің өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылар әрдайым өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыруда. Соңғы екі жылда шеберлері мен оқытушылардың 80 % әр түрлі біліктілікті арттыру курстарынан және әлеуметтік серіктестіктердің кәсіпорындарында машықтаудан өтті. Колледж жылдан жылға студенттердің қала кәсіпорындарында тәжірибеден өтуге көп назар аударады. Оқытылатын мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестіктермен 45 келісім шарттар жасасты. Дуальді оқыту жүйесі арқылы колледж студенттерінің білім алуға құштарлықтары одан да арқан. Тәжірибеден өткен кезде студенттер өз мамандықтары бойынша жаңа білім, дағды алып, кәсіптік шеберліктерін арттырады. Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер мадақтамалармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады, сонымен қатар әлеуметтік серіктестіктерден жұмысқа шақыру алады. Диплом алдындағы тәжірибеден өткен кезде 50 % дейін студенттер жұмысқа шақыру алады. Әлеуметтік серіктестіктер жетім балаларға, ауқаты төмен отбасының балаларына көмектеседі. Студенттер болашағы әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым қатынаста болуға байланысты, бұл оларды жұмыспен қамтамасыздандыру және білім беруде дуальді оқыту жүйесін енгізудің кепілі [32]. 5.2 «Қ.Пішенбаев ат Екібастұз тау –техникалық колледжі» КМҚК оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылу ерекшеліктері Колледждегі оқу-әдістемелік жұмыс төмендегі басқару органдарымен ұйымдастырылады: - Педагогикалық кеңес; - Методикалық кеңес; - Пән бойынша цикл комиссиялары; - Кураторлар кеңесі. Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты білім алушылардың жоғары теориялық білімі мен кәсіби біліктілігін қалыптастыру және оны іс-тәжірибеде сәтті қолдануға үйрету болып табылады. Колледжде құқықтану, қаржы, лингвистика, информатика, тарих т.б. пәндердің апталықтары тұрақты түрде өтіп тұрады. Осы апталықтардың ауқымында презентация, пікір-сайыс, конференциялар ұйымдастырылады. Аталған конкурстар қалалаық олимпиадалар мен жас ғалымы студенттік конференциясына лайықты және дарындыстуденттерді айқындауға септігін тигізеді. Колледждің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі формаларына оқытушылардың ғылыми жобаларға қатысуы, ғылыми мақалалар даярлауы, халықаралық және ғылыми-республикалық конференцияларға қатысуы жатады. Колледжде оқу орта кәсіптік білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сай құрылған оқу жоспарлары мен пән бойынша жасалған бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Колледжде біліктілігі жоғары мамандар жұмыс жасайды. Оқу-әдістемелік жұмыстың басты мақсаты жоғары деңгейдегі теориялық білім мен кәсіби біліктілікті оқушыларға игерте отырып, оны іс-тәжірибеде қолдануға үйрету. Оқу үрдісін жетілдіру мен білім сапасын арттыру мәселелері циклдік комиссия, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің отырысында қаралып отырады. Колледжде информатика, жалпы білім беру пәндері, заң, экономика және лингвистика пәндері бойынша циклдік комиссиялар жұмыс жасайды. Колледж оқушылары жыл сайын өткізілетін қалалық пәнаралық олимпиадаларға белсене қатысады. 2018 - 2019 оқу жылына арналған оқу - тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері Мақсаты: - Орта кәсіби білім беру бойынша мемлекеттік білім беру стандарттарын жүзеге асыру. - Мақсатты тәрбиелік бағдарламалар арқылы кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа бағытталған гуманистік көзқарас потенциалы және азаматтық жауапкершілігі қалыптасқан, мәдениетті адам, болашақ бәсекеге қабілетті маман ретінде студент тұлғасының қалыптасуы үшін жағдай жасау[33]. Міндеттері: 1) Азаматтардың, қоғамның, еңбек нарығының бастауыш және орта буын мамандарының сапалы дайындығы бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру талаптарын қамтамасыз ету. 2) Орта және бастауыш буын мамандарының кәсіби құзыреттілігіне сәйкес дайындығы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау. 3) Оқу процесінің құрылымын, мазмұнын және технологиясын мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыру негізінде жетілдіру. 4) Түлектерді жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі жолдарының бірі ретінде әлеуметтік серіктестікті кеңейту. 5) Мамандарды дайындау сапасын басқару жүйесіндегі колледж бен жұмыс беруші арасындағы кері байланыстарды орнату және кеңейту. 6) Білім алушылар контингентінің сақталуы. 7) Әлеуеттік жұмыс берушілерді және базалық оқу орындарын білім саласының мамандарын дайындау үрдісіне қатыстыру жұмысын жалғастыру. 8) Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндігін кеңейту. Ол үшін: - ақпараттық, компьютерлік, виртуалды, коммуникативті технологиялар негізінде әр түрлі мазмұндағы материалдар мен оқу жүйелерін тиімді пайдалану арқылы оқу және ғылым саласы бойынша ақпаратпен алмасу әлеуетін (потенциал) құру; - оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу бойынша ақпаратты жинау және өңдеу, жаңа ақпараттық технологияларды құру және пайдалану жұмыстарын жалғастыру; 9) Бақылау әдістері жүйесін әзірлеу арқылы тәрбие және білім берудің қажетті сапасын қамтамасыз ететін колледжді басқарудың оңтайлы құралдарын іздеу жұмысын жалғастыру. Ол үшін: - барлық құрылым бөлімшелері үшін оқу-тәрбие үдерісін бақылаудың біртұтас жоспары сапасын жетілдіру жұмысын жалғастыру; - әкімшіліктің басқару қызметі құрылымын әзірлеу; - бақылау жадынамаларын әзірлеу; - студенттерге теориялық және өндірістік білім беру жағдайын сипаттайтын статистикалық мәліметті жүйелі түрде зерделеу. Оқу - тәрбие жұмысының мақсатты көрсеткіштері - оқытушылардың біліктілік санатын ұлғайту, норматив – 5 %; - колледж педагогтары жұмысы бойынша басылымдар (мақалалар) – әр ПЦК-дан кемінде айына 1 мақаладан; - студенттердің ғылыми қоғамына (СҒҚ), конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысушы студенттердің санын 20 %-ға көбейту; - оқу кабинеттерінің оқу-әдістемелік базасын одан әрі дамыту, кабинеттерді оқытылатын мамандықтарға және пәндерге сәйкес жабдықтау; - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар санын көбейту; - олимпиадаларға, байқауларға, конференцияларға қатысудың нәтижелілік пайызы – 20 %. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы әр сала бойынша қытылатын мамандықтары бойынша МЖБС негізінде жүзеге асырылады. Колледжде 1100 адам білім алады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқушылар үшін апталық жүктеме 36 сағатты, 5 күндік жұмыс аптасын құрайды. Оқу жоспарлары бойынша міндетті пәндерден басқа, факультативті сабақтар өткізіледі: - Өзін өзі тану - Қазақ тілі - Персоналды басқару - Қазақстан тарихы және т.б. Колледждегі оқу үрдісіне біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық кадрлар жетекшілік етеді. Олардың ішінде: - әкімшілік құрам - 7 адам - оқытушылық құрам - 19 адам - өндірістік оқыту шерлері -10 адам Жоғары және бірінші санатты—18 адам, екінші – 8 адам. Оқытушылардың ұйымдастырушылық жұмыстарының қорытындысы оқу үрдісіндегі тұрақты көрсеткіштер болып табылады: 2017-2018 оқу жылында білім сапасы 43,2 %; 2018-2019 оқу жылында —51 % құрады. Оқушылардың білімін бақылау формасы болып табылатындар: - Білімді ағымдық тексеру; - Аралық аттестация; - Қорытынды аттестация. Әдістемелік жұмыста педагогикалық кадрлардың педагогикалық және кәсіптік деңгейін жоғарылатуға ерекше көңіл бөлінеді. Колледж оқытушыларымен заманауи оқыту технологиялары қолданылады, атап айтқанда тұлғалық бағыт - бағдарлық оқыту, оқытудың активті және интерактивті әдістері мен құралдары, ақпаратты-байланыс технологиялары Осы мақсаттарды орындау үшін әдістемелік қызмет келесі жұмыс формаларында орындалады: - Педагогикалық кеңес - Әдістемелік кеңес - Циклдық (пәндік) әдістемелік комиссия - Педагогикалық оқулар - Жас маман мектебі - Конференциялар - Кәсіптік шеберлік сайысы - Пәндік апталық Жыл сайын колледжде әдістемелік апталық, пәндік он күндік аясында семинар-тренингтер, ашық сабақтар, сайыстар, тәжірибені жалпылау, кәсіби шеберлік сайыстары, фестивальдер, көрмелер, сынып сағаттар, спорттық жарыстар өткізіледі. Жас маман мектебінің жұмысы төмендегі бағыттар бойынша оқытушылардың шығармашылық тобын құрудан тұрады: - Проблемалық – модульдік оқыту; - Ұжымдық өз ара оқыту (жұппен, кіші топпен, бригадалық); - Серіктестік технологиясы; - Әр түрлі деңгейлі оқыту; - Жобалық әдістің технологиясы; - Ойын және ақпаратты - байланыс технологиялары. Колледжіндегі тәрбие жұмысы «2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің кешендік бағдарламасы», құқық бұзушылықты алдын алу және қылмыспен күрес бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім беру туралы» Заңы, мемлекеттік жастар саясаты концепциясы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, ҚР Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары, ҚР-дағы АҚТҚ індетіне қарсы әрекет бағдарламасы, сондай-ақ осы талаптарды дамытып және олардың орындалуына мүмкіндік туғызатын колледж жоспарлары мен топ кураторларының жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асады[34]. Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда білім беретін оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау[35]. Колледждің тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметі – жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тұлғаның үйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет – студенттер мен оқытушылар құрамының қоғамдық істерінде білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру - басқару процестерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ең бастысы, ол – студент жастарға кәсіби білім беруге, дамытуға, дұрыс тәлім-тәрбие беруге және әлеуметтік қорғауға бағытталған. Колледждің тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметі – жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тұлғаның үйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет – студенттер мен оқытушылар құрамының қоғамдық істерінде білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру - басқару процестерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ең бастысы, ол – студент жастарға кәсіби білім беруге, дамытуға, дұрыс тәлім-тәрбие беруге және әлеуметтік қорғауға бағытталған. |