Главная страница

Общие тесты 6к каз. Кмейi закымданып ан кеткенде арапайым дiстермен ан тотамаса, емдеу тактикасы


Скачать 262.72 Kb.
НазваниеКмейi закымданып ан кеткенде арапайым дiстермен ан тотамаса, емдеу тактикасы
Дата08.06.2021
Размер262.72 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОбщие тесты 6к каз.docx
ТипДокументы
#215263
страница10 из 18
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


{

=екіншілік инфицирленудің алдын алу

негізгі ауруын емдеу

мұқият оперативті ем

ірің пайда болуының алдын алу

остеомиелиттік беткейдің ликвидациясы

}
Науқас 52 жаста., көлік қаққан. Оң жақ балтырдың екі сүйегінің де диафизінің ортаңғы 1/3 бөлігінің сегментарлы ашық сынығы деген диагноз қойылды. Жара балтырдың алдыңғы жоғарғы беткейінде орналасқан, көлемі 4х7 см. Жарада қан ұйындысымен жабылған орталық жарқыншақ бар. Терінің ажырауы мен тіндердің айқын жаншылуы жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс 80 рет/мин. АҚҚ 115/80 мм.сын.бағ. Жарақат алғанға дейін денсаулығы жақсы болған. Жарақаттан кейінгі остеомиелиттің алдын алу үшін қандай ем ең тиімді:

{

=науқасқа біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізіп, Илизаров аппаратын салу

науқасқа интрамедуллярлы остеосинтез жасап, жараны антисептикалық ерітіндімен жуу

қолмен репозиция жасап, артқы жағынан гипстік лонгета салу

науқасқа экстрамедуллярлы остеосинтез жасап, жараны антисептикалық ерітіндімен жуу

жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жасау, гипстік орам

}
Науқаста балтыр сүйектерінің жабық сынығына байланысты Илизаров аппараты қойылған. Қойылған спицтің бір жағынан жұмсақ тіндердің бастапқы қабыну белгілері анықталды. Төменде көрсетілген ем тәсілдерінің қайсысы ең тиімді:

{

=қабыну аймағына антибиотикпен бірге новокаин ерітіндісін енгізу, спицтердің дұрыс орнатылғанын тексеру

жараны антисептикалық ерітіндімен жуып, қабынған аймақтағы спицті алып тастау

науқасты жарақат бөлімшесі жағдайында аппаратты шешіп алып, қаңқалық тарту салу

науқасты стационарлық ем алу үшін жарақат бөлімшесіне жолдау

жараны антисептикалық ерітіндімен жуып, сынық аумағына гипстік лонгета салу

}
Санның туа біткен шығуындағы абсолютті клиникалық симптом:

{

=шерту немесе Ортолани—Маркс симптомы

әкелуінің шектелуі

бүгілуінің шектелуі

әкетілуінің шектелуі

Контрактура

}
Туа біткен санның шығуына тән симптомды көрсетініңіз:

{

=аяқтың сыртқа ротациясы

аяқтың ішке ротациясы

варус

вальгус

Антекурвация

}
4 жасар қыз сол аяғына құлап жүреді. Тексерген кезде аяғы қысқарған, үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан 3 см жоғары орналасқан, жамбас және сан бұлшық ет топтарының жеңіл атрофиясы бар. Санның алшақтауы шектелген және Тренделендбург симптомы оң мәнді. Көрсетілген рентгенограммада ұршық ойығы бос, тайыз, жоғары қыры тегістелген. Сан сүйегінің басы ұршықты ойықтан жоғары орналасқан. Мойындық дифизиарлық бұрыш 140 градусқа тең. Диференциальды диагностика жасауға тура келетін ауруды таңдаңыз:

{

=босану барысындағы эпифизиолиз

эпифизарлы остеомиелит

патологиялық шығу

жамбас сан буынының контрактурасы

Пертес ауруы

}

5 жасар бала анасының сөзі бойынша туылғаннан бері сол аяғына ақсайды. Бір айлық кезінде он күн бойы жоғары температура болған, сол жамбас сан буынының аумағы ісінген, ал аяғы ішіне жабысып тұрған. Аяқты жазуға әрекет жасаған кезде бала қатты жылаған. Қазіргі уақытта сол аяғы қысқа және жіңішке, 4 см функциональдық қысқару бар, алайда аяқтың анатомиялық ұзындығы бірдей. Санның әктілуі шектелген. Дюшен, Тренделендбург, жоғалмайтын пульс симптомдары оң мәнді. Рентгенограммада сол жақ ұршық ойығы тегіс. Сан сүйегі қалыптыдан жоғары орналасқан (Шентон сызығы үзілген), сан сүйегі басы көрінбейді. Науқасқа сәйкес диагнозды қойыңыз:

{

=эпифизиарлық остемиелиттен кейін санның патологиялық шығуы

сан сүйегі басының сынуы

жамбас сақинасының сынуы

остеолмиелиттен кейінгі сан сүйегінің басының сынуы

сан сүйегінің мойнының сынуы

}
14 жастағы қызға оң санның туа біткен шығуына байланысты 2 жыл бұрын сүйектік төбе жасау отасы жасалған. Аяғының тұрақтылығының жоғарылауына қарамастан ақсаңдауы жалғасып келеді. Тексеру кезінде сол аяқтан 4 см қысқа, санның әкетілуі шектелген және Тренделенбург симптомы әлсіз оң. Ренгенограммада жақсы дамыған неоортроз қалыптасқан. Келесі емдік шаралардың қайсысы ақсаңдауды жоюдағы ең тиімдісі:

{

=Илизаров аппаратымен анатомиялық ұзарту

Физио терапиялық ем

Уқалау

Функциональды шиналар

ЕДШ

}
14 жастағы қызға оң санның туа біткен шығуы себебінен 2 жыл бұрын сүйектік төбе жасау отасы жасалған. Аяғының тұрақтылығының жоғарылауына қарамастан ақсаңдауы жалғасып келеді. Тексеру кезінде сол аяқтан 4 см қысқа, санның әкетілуі шектелген және Тренделенбург симптомы әлсіз оң. Ренгенограммада жақсы дамыған неоортроз қалыптасқан. Ақсаңдаудың себебін түсіндіріңіз:

{

=аяқтың қысқаруына байланысты

ота дұрыс емес жасалынған

отадан кейінгі асқыну

ақсаңдау уақыт өте жазылып кетеді

ота кеш жасалған

}
Ортопедиялық кабинетке анасы 4,5 жасар баласын алып келді. Тексеру барысында оң сан қатпарларының айқын ассимитриясы байқалады, санның әкетілуі шектелген және шертпе симптомы оң мәнді. Рентгенограммада ұршық ойығының төбесі тегіс, сан сүйегінің басы оң жақта кіші және ойықтың жоғарғы қырынан 1,5 см жоғары орналасқан. Дұрыс болу мүмкіншілігі жоғары болған диагнозды қойыңыз:

{

=оң санның тума шығуы

сан сүйегі басының сынуы

жамбас сүйегінің сынуы

омыртқа денесінің сынуы

сан сүйегі мойнының сынуы

}
16 жасар бала оң аяғында ақсайды, ауырсынуы жоқ. Тексеру кезінде оң жағында үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан жоғары орналасқан және санның әкетілуі шектелген. Жоғалмайтын пульс симптомы оң мәнді. Дюпюитрен және Тренделендбург симптомдары теріс мәнді. Рентгенограммада оң ұршық ойығы тегістелген және бос. Сан сүйегі басы ұршықты ойықтан жоғары орналасып, жаңа буын ойығын жасап алған. Осы науқасқа байланысты ең тиімді ем тактикасын таңдаңыз:

{

=ұзартушы сан остеотомиясы

консервативті ем

уқалау

УФО

функциональды шиналар

}
4 жасар қыз оң аяғына құлап жүреді. Тексерген кезде аяғы қысқарған, үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан 3 см жоғары орналасқан, жамбас және сан бұлшық ет топтарының жеңіл атрофиясы бар. Санның алшақтауы шектелген және Тренделендбург симптомы оң мәнді. Көрсетілген рентгенограммада ұршық ойығы бос, тайыз, жоғары қыры тегістелген. Сан сүйегінің басы ұршықты ойықтан жоғары орналасқан. Мойындық дифизиарлық бұрыш 140 градусқа тең. Осы диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностикалық тексеру әдісі дұрыс:

{

=Хильгенрейнер бойынша рентгенологиялық схема

артророскопия

МРТ

КТ

Ангиография

}
2-3 айлық балаларды емханада жоспарлы тексеру кезінде ортопед балада санның әкетуінің шектелуін, екі санның сыртқа ротациясын және сан қатпарларының ассимитриясын анықтаған. Дәрігер бұл балаларда жамбас сан буындарының дисплазиясына күдіктенген. Диагнозды дәлелдеу мақсатында тура проекцияда жамбас сан буынының рентгенографиясы жасалған. Бұл рентгенографияда сан басының сүйектену ядросы жоқ. Ең тиімді дианозды таңдаңыз:

{

=жамбас сан буынының екі жақты дисплазиясы

сан сүйегі басының сынуы

сан сүйегінің мойнының сынуы

жамбас сүйегінің сынуы

сан сүйегі мойнының шығуы

}
4-5 айлық балаларды емханада жоспарлы тексеру кезінде ортопед балада санның әкетуінің шектелуін, екі санның сыртқа ротациясын және сан қатпарларының ассимитриясын анықтаған. Дәрігер бұл балаларда жамбас сан буындарының дисплазиясына күдіктенген. Санның тума шығуы диагнозын нақтылау үшін қандай диагностикалық тексеру жасаған жөн:

{

=рентгенография

артроскопия

МРТ

КТ

Ангиография

}
5 айлық қызда жамбастың туа біткен шығуының клиникалық көріністері анықталады. Жамбас рентгеногаммасында сан сүйегі басының сүйектену ядросы көрінбейді. Санның тума шығуының диагнозын нақтылау үшін қандай рентгенографиялық схеманы қолданған жөн:

{

=Хильгенрейнер схемасы

Путти схемасы

тура проекция

бүйір проекция

үш жақты проекция

}
5 жасар бала анасының сөзі бойынша туылғаннан бері сол аяғына ақсайды. Бір айлық кезінде он күн бойы жоғары температура болған, сол жамбас сан буынының аумағы ісінеген, ал аяғы ішіне жабысып тұрған. Аяқты жазуға әрекет жасаған кезде бала қатты жылаған. Қазіргі уақытта сол аяғы қысқа және жіңішке, 4 см функциональдық қысқару бар, алайда аяқтың анатомиялық ұзындығы бірдей. Санның әктілуі шектелген. Дюшен, Тренделендбург, жоғалмайтын пульс симптомдары оң мәнді. Рентгенограммада сол жақ ұршық ойығы тегіс. Сан сүйегі қалыптыдан жоғары орналасқан (Шентон сызығы үзілген), сан сүйегі басы көрінбейді. Осы науқасқа емдік шаралардың қайсысы ең тиімді болып табылады:

{

=оталық ем

консервативті ем

функциональды шиналар

ЕДШ

Уқалау

}
4 жасар қыз оң аяғына құлап жүреді. Тексерген кезде аяғы қысқарған, үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан 3 см жоғары орналасқан, жамбас және сан бұлшық ет топтарының жеңіл атрофиясы бар. Санның алшақтауы шектелген және Тренделендбург симптомы оң мәнді. Көрсетілген рентгенограммада ұршық ойығы бос, тайыз жоғары қыры тегістелген. Сан сүйегінің басы ұршықты ойықтан жоғары орналасқан. Мойындық дифизиарлық бұрыш 140 градусқа тең. Диференциальдық диагностикаға ең сәйкес диагнозды таңдаңыз:

{

=босану барысындағы эпифизиолиз

эпифизиарлы остеомиелит

патологиялық шығу

жамбас сан буынының контрактурасы

Пертес ауруы

}
Туа біткен санның шығуына тән кеш байқалатын симптомды көрсетіңіз:

{

=Тренделенбург симптомы

Маркса-Ортолан симптомы

шертпе симптомы

әкету симптомы

әкелу симптомы

}
Санның туа біткен шығуының патогенезі немен байланысты:

{

=алдыңғы уақытта болған жартылай шығуымен

толық шығуымен

сан сүйегі басының некрозымен

иннервацияның бұзылысымен

қан айналымның бұзылысымен

}
Сан тума шығуында оталық емінде сыртқы-бүйір жету жолы арқылы қарапайым ашық салу әдісі қай жастағы балаларға көрсетілген.

{

=1-2 жас

3-4 жас

5-6 жас

7-8 жас

9-10 жас

}
Қай жастағы балаларда санның тума шығуының ашық түзеуін сан сүйегінің коррекциялық остеотомиясымен және жамбас компоненттерінің реконструкциясымен қоса жасайды:

{

=2 жастан 7 жасқа дейін

1 жастан 2 жасқа дейін

7 жастан 9 жасқа дейін

9 жастан 11 жасқа дейін

10 жастан 12 жасқа дейін

}
Аталған қай вариант санның тума шығуын оперативті емдеу әдісіне жатпайды:

{

=жабық салу

ашық салу

ашық салу, ұршық ойығын тереңдетумен

буыннан тыс реконструктивті операция

буынға паллиативті операция

}
Санның тума шығуы кезінде паллиативті операцияға жатады:

{

=буыннан тыс операция

буын ішілік операция

ұршық ойығын тереңдету

аяқ ампутациясы

Богданов бойынша операция

}
Санның тума шығуы кезінде қолданылатын, буын капсуласын ашу, тыртықтанған тіндерді кесу және түйреуіштер көмегімен буын шеміршегін тереңдету операциясы қалай аталады:

{

=ашық салу, ұршық ойығын тереңдетумен

варизирлеуші остеотомия

Хиари операциясы

Солтер бойынша жамбас остеотомиясы

Волков бойынша остеотомия

}
Санның тума шығуындағы Волков операциясында Илизаров аппаратымен сан сүйегі басын ұршық ойығына қанша уақытта орталықтандырады:

{

=1 ай

2 ай

1 апта

3 күн

2 апта

}
Санның тума шығуында Волков бойынша оперативті емнен кейін орнатылған Сиваш конструкциясын қанша уақыттан кейін алып тастайды:

{

=6 айдан кейін

5 айдан кейін

4 айдан кейін

3 айдан кейін

9 айдан кейін

}
Неге санның қайталамалы шығуы жамбас ассиметриясын түзеу операциясынан кейін бақыланады:

{

=сан сүйегі басы ұршық ойығына орталықтандырылмаған

сан сүйегі басы ұршық ойығына орталықтандырылған

аяққа ерте жүк түсіру

аяққа кеш жүк түсіру

сан сүйегі басының асептикалық некрозы

}
Қай жастағы балаларда санның тума шығуының оперативті ем айтарлықтай қиындық туғызады, ал емнің нәтижесі тым күмәнді:

{

=9-14 жас

6-7 жас

5-6 жас

3-4 жас

2-3 жас

}
Санның тума шығуы кезінде буын капсуласын ашу, тыртықтанған тіндерді жою және булов көмегімен буын шеміршегін тереңдету операциясы қалай аталады:

{

=ашық салу, ұршық ойығын тереңдетумен

варус жасаушы остеотомия

Хиари операциясы

Солтер бойынша жамбас остеотомиясы

Волков бойынша остеотомия

}
Санның тума шығуында Волков әдісі бойынша операциядан кейін аяққа жүк түсірмей, балтақпен жүру қанша уақытқа дейін көрсетілген:

{

=1 жылға дейін

6 айға дейін

2 жасқа дейін

9 айға дейін

5 айға дейін

}
Жаңа туылған нәрестеде акушер оң аяқ табанының эквинусын және супинациясын байқады. Табан физиологиялық қалыпқа келмейді. Сүйек-буын жүйесінен басқа патология анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

=тума қотаң аяқ

паралитикалық эквино-варустық табан

санның тума шығуы

синдактилия

Артрогриппоз

}
Тума қотаң аяғы балаларда төменде көрсетілген тексеру көрсеткіштерінің қайсысы ең мәліметті:

{

=табанның рентгонологиялық көрсеткіші

плантографиялық

табан ұзындығы мен биіктігінің өлшемі

1-ші табан сүйегінің 1-ші фалангасының сыртқа бұрышты ауытқуы

подометриялық индекс

}
6 жасар қыз Зацепин отасынан кейін тума қотаң аяқпен ауруханаға қайта түсті. Қарау кезінде: оң аяғы сол аяғына қарағанда 3 см қысқа, аяқ буынның қозғалысының шекетелуі, балтыр бұлшық еттерінің атрофиясы, отадан кейінгі табан бетінде және Ахилл сіңірі аймағында тыртықтану байқалады. Науқасқа ем тактикасының қайсысы тиімді:

{

=аппараттық коррекциялау

Зацепин отасын қайта жасау

парафинотерапия, массаж

массаж, электрофорез, УВЧ

полиэтилендік шина, витаминотерапия

}
Бала 1 жаста. Ерте кезінен бастап екі аяқтың тума қотаң аяғын коррекциялаушы гипстік таңғышпен емдеген. Бірақ, табанның деформациясы толық жойылмаған, әлі де аяқтың сыртқы қырымен жүреді. Қарау кезінде өкше жоғары көтерілген, табанын жерге тигізу мүмкін емес. Осы науқасқа ем тактикасының қайсысы ең тиімді:

{

=тері астылық ахиллотомия жасау

парафинотерапия, массаж

массаж, электрофорез, УВЧ

полиэтилендік шина, витаминотерапия

редрессация, кезекпен гипстік таңғыш

}
Жаңа туылған балада табан сүйегінің бүйірлік йілуі, қатпардың пайда болуы және табан саусағының варустық деформациясы анықталады, табаны сау аяғымен салыстырғанда қысқарғаны анықталады. Қандай рентгенологиялық көрініс тума қотаң аяққа дәлел болады:

{

=тепкі тобық бұрышының биіктігінің төмендеуі (ТПБ)

буын саңылауының тарылуы, эрозия және бұдырлануы

буын бетінің дисконгруэнттілігі

бірінші саусақтың 20 градустан кем емес ауытқуы

бірінші саусақтың вальгустық ауытқуы

}
Жаңа туылған нәрестеде табанның эквинусы, супинациясы және аддукциясы анықталады. Тілерсек-тобық буынның қозғалысының шектелуі. Келесі факторлардың қайсысы тума қотаң аяқ дамуына алып келеді:

{

=ұрықтың эмбринальды даму кезіндегі сыртқы ортаның әсері (жүктіліктің 5-6 аптасы)

ұрықтың уақытысында дұрыс орналаспауы

үлкен жіліншік бұлшық етінің дамуының кідіруі

тілерсек тобық буынының дамуының кідіруі

босану кезіндегі жарақат

}
Емізулі балада табан пішінінің өзгеруі және қызметінің бұзылуы анықталады: варус, супинация, сол жерде тері қабатының қозғалысының төмендеуі, сүйектердің томпаюы. Табанның деформациясы еш қиындықсыз қалыпқа келеді. Бұл белгілер тума қотаң аяқтың қай түріне тән:

{

=жеңіл түрі

орташа түрі

ауыр түрі

ерте түрі

кеш түрі

}
3 айлық балада оң жақ табанның деформациясы анықталды. Тілерсек-тобық буында қозғалыс шектелген, табанды қалпына келтіру кезінде серіппелі секілді сезіледі. Рентгенде тікелей және бүйірлік проекцияда тепкі тобық бұрышы төмендеген. Осы белгілер тума қотаң аяқтың қай түріне тән:

{

=орташа түрі

жеңіл түрі

ауыр түрі

ерте түрі

кеш түрі

}
3 айлық нәрестеде табан деформациясы байқалады: эквинус,варус, аддукция және балтыр төменгі 1\3 бөлігі деңгейінде ішке ротацияланған және қозғалғыштығы шектелген. Табанның сыртқы қыры алдына және төмен бүгілген, табанның сыртқы қыры артқа және жоғары қараған, ішкі беті тері қабаты қатпарланған, саусақтардың варустық деформациясы анықталады. Осы клиникалық белгілер тума қотаң аяқтың қандай түріне тән:

{

=ауыр түрі

орташа түрі

жеңіл түрі

кеш түрі

ерте түрі

}
Тума қотаң аяқ ауруымен ауырған науқасқа жасалған емдеу нәтижесін анықтау үшін табан және балтырға жасалатын зерттеу әдістемелердің қайсысы қолданылады:

{

=рентгенография

УДЗ

КТ

төменгі аяқ саусақтарының өсінің анықталуы

буындық пункция

}
І жүктіліктен жаңа туылған нәресте. Босану кезінде еш асқынусыз туылды. Науқасты қарау кезінде анықталды: оң өкшенің көтерілуі, сыртқы қырының төмен түсуі және табанның алдыңғы бөлігінің келтірілуі. Табанды қалпына келтіру мүмкін емес. Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз:

{

=оң жақ тума қотаң аяқ

жалпақ вальгустық табан

туылу кезіндегі жарақат

балалар церебральды параличі (ДЦП)

табанның өкшелік сүйегі

}
Жаңа туылған балаға 7 күн. Сіз табанның патологиясын анықтадыңыз: эквинус және супинация, табанды орта физиологиялық жағдайға әкелу нәтижесіз, баланың қазіргі жағдайы туу кезінен бастап байқалуда. Осы науқаста емдеудің негізгі көрсеткіші қандай:

{

=деформацияның барлық элементтерін жою

табан формасын қалыпқа ерте келтіру

сіңірлерді ерте орнына келтіру

аяқ бұлшық етінің ерте қатаюы

рахитке қарсы ем тағайындау

}
Жаңа туылған нәрестені қарау кезінде анықталды: оң табанның эквинусы, супинациясы және аддукциясы. Табанды қалыпты жағдайға келтіру мүмкін емес. Рентгенографиядан кейін оң жақты тума қотаң аяқ деген диагноз қойылды. Бұл патологияның консервативті емін қай кезден бастайды:

{

=туылғаннан кейін алғашқы аптада

туылғаннан кейін 1 айдан соң

туылғаннан кейін 3 айдан соң

туылғаннан кейін 6 айдан соң

1 жасында

}
Туа біткен қотаң аяқтың оперативті емін таңдаңыз:

{

=Зацепин бойынша

редрессация

остеосинтез

остеотомия

Резекция

}
Науқас 10 жаста. Онда туа біткен қотаң аяқтың ауыр түрі дамыған. Баланың өсуі нәтижесінде варусты өзгерістер күшейе түсіп, балтыр сүйектері ішке қарай айналып кеткен. Бұл өзгеріс калай аталады:

{

=торсия

деторсия

атрофия

вальгус

Варус

}
Жаңа туылған нәрестені қарау кезінде анықталды: оң табанның эквинусы, супинациясы және аддукциясы. Табанды қалыпты жағдайға келтіру мүмкін емес. Рентгенографиядан кейін оң жақ тума қотаң аяқ деген диагноз қойылды. Ем жоспары:

{

=редрессация, этапты гипстік таңғыш

жұмсақ дәкемен таңу, УВЧ

парафинотерапия, массаж

массаж, электрофорез, УВЧ

полиэтилендік шина, витаминотерапия

}
9 айлық нәрестеде табан деформациясы анықталды: эквинус, варус және аддукция. Консервативті ем нәтиже бермеген. Тума майтабан кезінде ең тиімді ота:

{

=сіңір байлам аппаратында

теріде

табан, балтыр сүйектерінде

буында

барлық тіндерде

}
3 жасар балада тума қотаң аяқ. Табанның қалыпты орнына келтіру кезінде артқы-ішкі бетіндегі тіндерінің регидтілігі анықталады. Алдын ем қабылдамаған. Деформацияны түзету үшін қандай іс әрекет жасалуы керек:

{

=Зацепин отасы

жұмсақ дәкемен таңу, УВЧ

парафинотерапия, эромассаж

массаж, электрофорез, УВЧ

олиэтилендік шина, витаминотерапия

}
Перзентханаға жаңа туылған нәрестенің оң табанының тума деформациясы деген диагнозға Сізді консультацияға шақырды. Қарау кезінде: оң табанның эквинусы, супинациясы және аддукцияс. Табан деформациясын қолмен жөндеу мүмкін емес. Балада қандай ақау:

{

=оң жақ тума қотаң аяқ

жалпақ вальгустық табан

босану кезіндегі жарақат

балалар церебральды параличі

жалпақ табан

}
Бала 1 жаста. Ерте кезінен бастап екі аяқтың тума қотаң аяғына коррекциялаушы гипстік таңғышпен емделген. Бірақ табанның деформациясы толық жойылмаған, әлі де аяқтың қырымен жүреді. Қарау кезінде өкшенің жоғары көтерілуі, табанның варустық қалпы бар. Емдеу кезінде қандай қателіктер болды:

{

=эквинустың толық жойылмауы

кеш диагностика

витаминдік терапияның тағайындалмауы

пронацияның толық жойылмауы

аддукцияның толық жойылмауы

}
Бала 2 жаста. Ерте кезінен бастап екі аяқтың тума қотаң аяғын коррекциялаушы гипстік таңғышпен емделген. Бірақ табанның деформациясы толық жойылмаған, әлі де аяқтың ұшымен жүреді. Қарау кезінде өкшенің жоғары көтерілуі бар. Осы науқасқа ем тактикасының қайсысы ең тиімді:

{

=тері астылық ахиллотомия жасау

парафинотерапия, массаж

массаж, электрофорез, УВЧ

полиэтилендік шина, витаминотерапия

түзету гимнастикасы, этапты гипстік таңғыш

}
6 жасар қыз Зацепин отасынан кейін, тума майтабанмен қайталанып түсті. Қарау кезінде: оң аяғы сол аяғына қарағанда 3см қысқа, аяқ буынның қозғалысының шекетелуі, балтыр бұлшықеттерінің атрофиясы, отадан кейінгі табан бетінде және ахилл сіңірі аймағында тыртықтану байқалады. Науқасқа ем тактиканың қайсысы тиімді:

{

=Аппараттық коррекциялау

Зацепиннің қайталанған отасы

Парафинотерапия, массаж

Массаж, электрофорез, УВЧ

Полиэтилендік шина, витоминотерапия

}
Тума біткен қотаң аяқтың даму этиологиясы бірнеше, бірақ ең маңыздысы болып табылады:

{

=ұрық дамуының біріншілік ақауы

1-жарты айлықтағы токсикоз

2-жарты айлықтағы токсикоз

қағанақ суының аздығы

жүктілік кезіндегі анемия

}
Туа біткен қотаң аяқпен туылған нәрестені емдеуді қашан бастау керек:

{

=кіндік жарасы түскеннен кейін

нәресте жүре бастағанда

1 жасқа толғанда

15 күннен кейін

25 күннен кейін

}
Эквинус - бұл:

{

=өкшенің жоғары тұруы

табанның экскаватусы, табанның варусы

табанның вальгусы, пронациямен

табан алдына әкетілген

бірінші саусақтың 20 градустан кем емес ауытқуы

}
Туа біткен қотаң аяқ кезінде дәрігер - ортопед нәрестенің анасына қандай процедураны үйрету керек:

{

=массаж және жұмсақ дәкемен табанға дұрыс фиксациялауды

массаж және жұмсақ дәкемен өкшеге дұрыс фиксациялауды

массаж және эластикалық бинтпен табанға дұрыс фиксациялауды

массаж және гиптік таңғышпен табанға дұрыс фиксациялауды

массаж және Крамер сатысымен табанға дұрыс фиксациялауды

}
Туа пайда болған қотаң аяқты қолмен коррекциялауды білдіретін терминді табыңыз:

{

=редрессация

регенерация

ремиссия

резекция

Репарация

}
Туа біткен майтабанмен туылған нәрестенеге қашан ем бастау тиімді:

{

=кіндік жарасы түскеннен кезден бастап

нәресте жүре бастағанда

1 жасқа толғанда

15 күннен кейін

15 күнге дейін

}
Туа пайда болған қотаң аяқты жұмсақ бинтпен табанды коррекцияланған жағдайда ұстап тұрудың авторы:

{

=Финк - Эттинген

Дезо

Вельмо

Каплан - Мюррей

Никифоров

}
3 жасар баладағы туа біткен майтабандылықтың ауыр түрінде тағайындалады:

{

=редрессивтеуші гимнастика

Зацепин бойынша ем тағайындау

лигоментокапсулотомия

табан сүйегін сына тәрізді резекциясы

деторсионды остеотомия

}
Зацепин бойынша операция кезінде табанды гиперкоррекция жағдайына әкелу үшін қолданылатын аппаратты атаңыз:

{

=дистракционды-компресионды аппарат

Илизаров аппараты

компрессионды аппарат

дистракционды аппарат

барлығы дұрыс

}
Аяқ басы патологиясында жасалатын операцияның қай түрінде табан сүйегіне орақ тәрізді резекция жасалады:

{

=Куслик бойынша

Зацепин бойынша

лигоментокапсулотомия

деторсионды остеотомия

Никифоров бойынша

}
Табандық бүгілудің коррекциясын білдіретін терминді табыңыз:

{

=редрессия

регенерация

ремиссия

резекция

Репарация

}
Төс бұғана емізікше бұлшық етінің бірденен қысқаруы, құрсақ ішілік даму кезінде жарақат алуы немесе жетілмеуі қалай аталады:

{

=тума бұлшық еттік қисық мойын

жүре пайда болған қисық мойын

сүйектік қисық мойын

Мюсси ауруы

компенсаторлық қисық мойын

}
Тума бұлшық еттік қисық мойынның кеш симптомы:

{

=бетінің ассиметриясы

зақымдалған бұлшық етінің қысқаруы

басының дұрыс бағытта орналаспауы

зақымдалған бұлшық етінің ісігі төменгі немсе ортанғы бөлігінде болуы

мойын бөлігіндегі омыртқа қозғалысының шектелуі

}
Туа біткен қисық мойынға оталық ем көрсетілген, жасына байланысты консервативті емге бағынбайтын, жасы:

{

=2,5-3 жасында

5-6 жасында

12 жасында

20 жасында

10 жасында

}
Тума қисық мойын жиі кездеседі:

{

=қыз балада

ұл балаларда

мүшелі жаста

үлкендерде

барлығында

}
Тума бұлшық еттік қисық мойынның жиі кездесетін түрі:

{

=бір жақтық

сол жақтық

екі жақтық

дұрыс жауабы жоқ

жоғарыда аталғандардың барлығы

}
4 жастағы баланың басы оң жаққа қисайған және төс бұғана емзікше бұлшық етінің қысқарған бағытында ұстап тұр. Бас сүйегі және беті ассимметрияланған. Оң жақ иық сол жақ иықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, аурсыну жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

=тума бұлшық еттік қисық мойын

мойын омыртқасының сынуы

мойынның ісігі

мойын жарақаты

тума сүйектік қисық мойын

}
Баланың жасы 7 күн, туылу кезіндегі салмағы 3500 г. Анамнезінде: нәресте өз уақытында туылған, жамбаспен туылған, перзентханадан қанағаттанарлық жағдайында шығарылған. Педиатр дәрігерінің қарау кезінде сол жақ төс бұғана емзікше бұлшық етін пальпациялағанда 1,5 х 0,7 см ісік анықталған, ауырсыну жоқ. Өзгеріс бұлшық еттің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

=тума бір жақты бұлшық еттік қисық мойыны

мойын омыртқасының сынуы

ісік

төс бұғана емзікше бұлшық етінің кистасы

төс бұғана емзікше бұлшық етінің жыртылуы

}
Анасы баласымен бірге Сізге қаралды, нәрестеде қисық мойын байқалады. Сіз қисық мойынның басқа паталогиялармен дифференциальды диагностикасын қалай жүргізер едіңіз, тексеру тактикаңыз:

{

=мойын омыртқасына рентгенографиясын жасау

антропометрия

ұйқы артериясына ангиография

электроэнцефалография

қанның биохимиялық анализі

}
Сіз ортопед дәрігерсіз, тума бұлшық еттік қисық мойыны бар балаға кальий йод электрофорезін тағайындадыңыз. Курстық емін неше күнен кейін қайталайды:

{

= 4 айда

6 айда

1 аптада

1 жылда

жарты жылда

}
Тума бұлшық еттік қисық мойын симптомының пайда болуы:

{

=туылу кезінде

жарты жылдан кейін

туылғаннан кейін 2-ші, 3-ші аптасында

нәресте өздігінен ұстау кезінде

3-айлығында

}
Тума бұлшық еттік қисық мойында басты фиксациялаудың консервативті емін қалай жасайды:

{

=басты ұстап тұрушы пластмассамен

торакокраниальды таңғышпен

ортопедиальдық чепчикпен

мойындық гипспен

Шанца тәрізді жағасымен

}
Тума бұлшық еттік қисық мойынға отадан кейінгі басты ұстап тұрушы фиксацияның қойылу мерзімі:

{

=1 айға дейін

2-3а йға дейін

4-5 айға дейін

6-8 айға дейін

10-12 айға дейін

}
Тума бұлшық еттік қисық мойынға отадан кейінгі бастың фиксациясы немен жасалады:

{

=алынып салынбалы гипстік корсет

Шанц жағасы

басты ұстап тұрушы гипстік таңғыш

ортопедиялық чепчик

Глиссон жүгенімен тарту

}
Тума бұлшық еттік қисық мойында қолданылатын кең таралған оталық әдіс:

{

=төс бұғана емзікше бұлшық етінің төменгі бөлігінің ашық резекциясы (Микулич-Зацепин)

төс бұғана емзікше бұлшық етінің төменгі бөлігінің жабық резекциясы (Микулич-Зацепин)

тенотомия

төс бұғана емзікше бұлшық етінің миотомиясы

Ганен-Торн отасы бойынша

}
Тума қисық мойынның оталық еміне абсолютті көрсеткіш болып табылады:

{

=қисық мойынның дамуы

тұлғаның зақымдалуы

көру өткірлігінің зақымдалуы

стробизмнің қиылысуы және екі жаққа қарауы

естуі нашарлауы

}
Микулич-Зацепин бойынша туа біткен бұлшық еттік қисық мойынға жасалатын оталық емнің мақсаты:

{

=төс-бұғана емізікше бұлшық етінің аяқшалары және төменгі жағын ашық кесіп алу

төс-бұғана емізікше бұлшық етінің аяқшалары және төменгі жағын жабық кесіп алу

төс-бұғана емізікше бұлшық етінің аяқшалары және жоғарғы жағын ашық кесіп алу

төс-бұғана емізікше бұлшық етінің аяқшалары және жоғарғы жағын жабық кесіп алу

төс-бұғана емізікше бұлшық етінің аяқшаларының тенотомиясы

}
Нәресте 5 жаста, басы оң жаққа қисайған. Бас сүйегі және беті ассиметриялы. Оң жақ иық сол жақ иықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, ауырсыну жоқ. Диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Сіздің алдағы емдік тактикаңыз:

{

=оталық ем - оң жақ төс бұғана емізікше бұлшық етінің резекциясы

өзгерген бұлшық ет аяқшаларының жабық айқасуы

Милвок корсетін пайдалану

төс-бұғана емізікше бұлшық етінің миотомиясы

Ганен-Торн бойынша ота жасау

}
Науқас 3 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін торакокраниальды таңғыш салынды. Иммобилизацияның мерзімі:

{

=4- 5 апта

1-2 апта

10-12 апта

5-6 апта

3-4 апта

}
Науқас 2 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін салынатын гипстік таңғыштың қай түрін таңдаймыз. Дұрыс емесін көрсетіңіз:

{

=ЦИТО бойынша

циркульярлы

торакокраниальды

пластик орам

Шанц орамы

}
Науқас 3 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Консервативті ем қабылдаған, бірақ нәтиже болмаған. Науқасқа Зацепин бойынша қисық мойынға операция жасалғанда төс - бұғана - емізікше бұлшық еттің қай жерін кесіп алатынын көрсетіңіз:

{

=төс және бұғанаға бекітілетін жерінен

ортасынан

жоғарғы бөлігінен

тек төске бекитін бөлігінен

тек бұғанаға бекитін бөлігінен

}
Туа біткен қисық мойын қай бұлшық еттің дамымауынан пайда болады. Дұрысын көрсетіңіз:

{

=төс - бұғана - емізікше

дельта тәрізді

трапеция тәрізді

кіші көкіректік

үлкен көкіректік

}
Науқас 1 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Консервативті емнен нәтиже болмаған кезде оперативті ем неше жастан бастап жасалады:

{

=1 жастан

3 жастан

6 жастан

2 жастан

5 жастан

}
Науқас 2 жаста. Диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Консервативті емнің нәтижесі болмаған. Науқасқа операцияның қай түрі қолданылады:

{

=Зацепин

Вишневский

Штурм

Никифоров

Куслик

}
Анасы баласымен бірге Сізге қаралды, нәрестеде қисық мойын байқалады. Сіз қисық мойынның басқа паталогияларымен дифференциальды диагностикасын қалай жүргізер едіңіз, қарау тактикаңыз:

{

=мойын омыртқасына рентгенографиясын жасау

антропометриясы

ұйқы артерисына ангиографиясы

электроэнцефалография

қанның биохимиялық анализі

}
4 жастағы баланың басы оң жаққа қисайған және төс-бұғана емізікше бұлшықетінің қысқарған бағытында ұстап тұр. Бас сүйегі және түрі асимметрленген. Оң жақ иық сол жақ иықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, ауырсыну жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

=туа біткен қисық мойын

мойын омыртқасының сынуы

мойынның ісігі

мойын жарақаты

тума сүйектік қисық мойын

}
Науқас У. 2жаста, диагнозы туа біткен қисық мойын.Концервативті ем қолданылған, бірақ емнен нәтиже болмаған. Науқасқа операцияның қай түрін қолданамыз:

{

=Зацепин бойынша

Фолькман бойынша

Никифоров бойынша

Обрикосов бойынша

Вишневский бойынша

}
Науқас 2 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Концервативті ем қолданылған, бірақ емнен нәтиже болмаған. Науқасқа қандай ем көрсетілген:

{

=оперативті

қаңқалық тарту

Цито шинасын қолдану

Дезо шинасын қолдану

гипс орамын салу

}
Науқас 4 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін торакокраниальды таңғыш салынды. Таңғыш алынғаннан кейін 6 ай мерзімге бас ұстағышпен жүруі тиіс және үнемі қабылдайтын емі:

{

=ЛФК

физиотерапия

бальнеотерапия

гормональды терапия

Климатерапия

}
Науқас Ф. 3 жаста,диагнозы туа біткен қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін торококраниальды таңғыш салынды. Таңғыш алынғаннан кейін қанша мерзімге бас ұстағышпен жүреді:

{

=6 ай

9 ай

12 ай

3 ай

5 ай

}
Науқас 2 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін торакокраниальды таңғыш салынған кезде мойынды коррекциялаудың түрі:

{

=гиперкоррекциялау

гипокоррекция

коррекция жасаудың қажеті жоқ

қысу

Тарту

}
Науқас 2 жаста, диагнозы: туа біткен бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин бойынша операция көрсетілген. Операциядан кейін салынатын гипстік таңғыштың түрін таңдаңыз:

{

=торококраниальды

циркульярлы

ЦИТО бойынша

Дезо бойынша

Корсет

}
6 жасар баланың сол жақ төс бұғана емізікше бұлшық етінде оваль тәрізді консистенциясы тығыз 1,5 см ісік анықталды, ауырсынусыз. Диагнозы: сол жақ бұлшық еттік қисық мойын. Зацепин оталық емі қолданылған. Отадан кейін қандай асқыну болуы мүмкін:

{

=мойын бөлігіндегі омыртқаның контрактурасы

трапеция тәрізді бұлшық етінің парезі

қисық мойынның рецидивті деформациясы

майлы эмболия

ТЭЛА

}
Баланың жасы 7 күн, туылу кезіндегі салмағы 3500 г. Анамнезінде: нәресте өз уақытында жамбаспен туылған, перзентханадан қанағаттанарлық жағдайында шығарылған. Педиатр сол жақ төс бұғана емізікше бұлшық етін пальпациялағанда оның төменгі бөлігінде 1,5х0,7 см ісік анықталған, ауырсыну жоқ. Диагноз: тума бұлшық еттік бір жақты қисық мойын. Негізгі ем түрі:

{

=консервативтік терапия: Шанца жағасы, ЛФК, массаж, физиотерапия

оталық ем

парафинотерапия

Павликтік таға, Волков шинасы

антибиотикалық терапия және гормондық терапия, мойын бұлшық етіне массаж

}
Баланың жасы 7 күн, туылу кезіндегі салмағы 3500 г. Анамнезінде: нәресте өз уақытында жамбаспен туылған, баланы перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылған. Педиатр баланың басы сол жағына қисайғанын және сол жақ төс бұғана емізікше бұлшық етін пальпациялағанда 0,5х0,7 см ісік анықтаған, ауырсыну жоқ. Ісік бұлшық еттің төменгі 1/3 бөлігінде бөлігінде орналасқан. Консервативті терапия көрсетілген: Шанца жағасы, ЛФК, массаж, физиологиялық ем. Асқынудың прафилактикасы:

{

=ЛФК, физиотерапия, мойын функциясын орнына келтіру, массаж

парафинотерапия

бальнеотерапия

антибиотикалық терапия, гормондық терапиясы

Акупунктура

}
Баланың жасы 7 күн, туылу кезіндегі салмағы 3500 г. Педиатр дәрігер қарау кезінде: басы сол жағына қисайған, сол жақ төс бұғана емізікше бұлшық етін пальпациялағанда 0,5х0,7 см ісік анықталған, ауырсыну жоқ. Ісік бұлшық еттің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан. Дұрыс диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеулер қажет:

{

=төс бұғана бұлшық етінің доплерографиялық УДЗ, рентгенографиясы

тығыздалған тіннен биопсия алу, гисто-морфологиялық зертеу

антропометрия, бронхография, бастың рентгенографиясы

кеуденің рентгенографиясы

кинезография, лапароскопиялық, лапаратомиялық

}
Бала 5 жаста, басы оң жаққа қисайған және төс бұғана емізікше бұлшық етінің қысқарған бағытында ұстап тұр. Бас сүйегі және беті ассимметрияланған. Оң жақ йық сол жақ йықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, ауырсыну жоқ. Диагнозы: тума бұлшық еттік қисық мойын. Отадан кейінгі жағдай. Сіздің алдағы реабилитациялық еміңіз:

{

=ЛФК физиологиялық ем, мойын функциясын активті түрде орнына келтіру, массаж

антибиотикалық терапия, витаминдік терапия

гормондық терапия, қабынуға қарсы препараттар

гипстік таңғыш, Шанц жағасы

Бальнеотерапия

}
Бала 5 жаста, басы оң жаққа қисайған және төс бұғана емізікше бұлшық етінің қысқарған бағытында ұстап тұр. Бас сүйегі және беті ассимметрияланған. Оң жақ йық сол жақ йықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, ауырсыну жоқ. Диагнозы: тума бұлшық еттік қисық мойын. Сіздің алдағы емдік тактикаңыз:

{

=оталық ем

ЛФК және массаж

Мильвок корсеттін пайдалану

физиотерапия

гипс орамын салу

}
Науқас 3 жаста, басы оң жаққа қисайған және төс бұғана емзікше бұлшық етінің қысқарған бағытында ұстап тұр. Бас сүйегі және беті ассимметрияланған. Оң жақ йық сол жақ йықтан жоғары. Мойын омыртқасының бүккіш-жазғыш қозғалысы толық көлемде, басының сол жаққа қисаюы шектелген, ауырсыну жоқ. Диагнозы: тума бұлшық еттік қисық мойын. Қайсы қосымша зерттеулердің бірін қолданасыз:

{

=төс бұғана емізікше бұлшық етіне УДЗ жасау және мойын бөлігіне рентгенография жасау

антропометрия және бастың рентгенографиясы, кеуде бөлігіне

физиометрия және басының рентгенографиясы

мойын бұлшық етінің биопсиясы

жұлын каналының пункциясы

}
Микулич-Зацепин бойынша тума бұлшық еттік қисық мойынның оталық емнің мақсаты:

{

=зақымдалған бұлшық етінің аяқшалары және төменгі жағын ашық кесіп алу

зақымдалған бұлшық етінің аяқшалары және төменгі жағын жабық кесіп алу

зақымдалған бұлшық етінің аяқшалары және жоғарғы жағын жабық кесіп алк

зақымдалмаған бұлшық етінің аяқшалары және жоғарғы жағын жабық кесіп алу

Тенотомия

}
Анасы 3 айлық баласының басының қалыптан өзгерісімен шағымданды: басы алдыға қарай жылжыған, оң және сол жағына бірденен қозғалысы шектелген. Мойындық лордоз. Бұғаналардың биік орналасуы байқалады. Төс бұғана емзікше бұлшық етін пальпациялағанда тығыздалған, екі жағында бұлшық еттері созылған. Рентгенографиялық көрінісінде мойын омыртқасында патологиялық белгілері жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

=екі жақтық бұлшық еттік қисық мойын

оң жақтық бұлшық еттік қисық мойын

сол жақтық бұлшық еттік қисық мойын

мойынның ісігі

мойынның кистасы

}
Бұлшық еттік қисық мойынның этиопатогенезі:

{

=төс бұғана емізікше бұлшық етінің даму ақауы

туылу кезінде бұлшық етінің жарақаты

жатырда ұрықтың дұрыс орналаспауы

асқыну процесі

жүректің ишемиясы

}
Омыртқаның мойын бөлігі остеохондрозында негізгі ауру қайда беріледі:

{

= иық және жауырын арасына

жауырын астында

мойынның оң жақ иыққа бұрылғанда

иық астына

жауырын астында және білекке

}
Мойын омыртқасы остеохондрозының жіктемесі (Г. С. Юмашев) бойынша бірінші қайсы синдром байқалады:

{

=түбіршекті синдром

вегетативті-дистрофиялық

астениялық

церебральды

Ауыру

}
Омыртқааралық дисктен басталып, омыртқаның денесін , омыртқаарлық буындар және барлық байланыс аппаратын зақымдайтын дегенеративті-дистрофиялық процесс не деп аталады:

{

=остеохондроз

радикулит

остеопороз

рахит

Туберкулез

}
Остеохондроз жиілігі 50 және одан жоғары жаста кездеседі:

{

= 90% дейін

40 % дейін

30% дейін

95% дейін

50% дейін

}
Остеохондроздың даму себебін көрсетіңіз:

{

=дұрыс жауабы жоқ

алиментарлық

жас ерекшелігі

аутоиммундық

Жарақат

}
Омыртқа остеохондрозы кезінде фиброзды сакина қалай зақымдалады:

{

=біркелкі емес

біркелкі

латеральды

барлығы

Жартысынан

}
Омыртқа остеохондрозы кезінде патологиялық омыртқааралық диск трансформациясының нәтижесі:

=бүтіндігінің бұызлуы

кальцификация

аутолизис

деформация

қатерліге ауысу

}
Остеохондроздың шешуші кезеңінде омыртқааралық дискілерде не болатының болжаңыз:

{

= диск пролапсы

кальцификация

аутолизис

деформация

қатерлі ісігі

}
Мойын омыртқасы остеохондрозы қай жастан бастап дамуы мүмкін:

{

=31-60 жас

18-30 жас

25-40 жас

15-20 жас

65-80 жас

}
Бел омыртқа остеохондрозы омыртқа ауруларының қанша пайызын құрайды:

{

=17,6%

4,2%

56,0%

60,0%

20,9%

}
Омыртқа аралық остеохондрозды бағалау үшін қандай сынама қолданылады:

{

=Шпурлинг-Сковилля және Бертши сынамасы

Шафер сынамасы

Миронов сынамасы

Котельников сынамасы

Ковалерлік сынамасы

}
Әйел 29 жаста. 3 жылдан бері мойын омыртқасының остеохондрозымен ауырады. Мойнындағы сыздап ауырсынуы иыққа және қолға берілетініне шағымданады. Қолын 90°тан жоғары көтеруге қиналады, рентген суретінде иықтың локальды остеопорозы анықталды. Науқаста қандай синдром байқалады:

{

=иық жауырын периартритті

иық-қол синдромы

цервикальды дискалгия

ишемиялық миелопатия

«мойындық» стенокардия

}
Еркек 50 жаста, жүргізуші. 3 жылдан бері бел аймағының тұрақты ауырсынуына шағымданады. Кеудесініңі алдыға иілуі шектелген, ауырсынумен бүгіледі. Бел нервінің түбіршіктік тартылу симптомы оң мәнді. Рентгенограммада: бел омыртқалар лордозы тегістелген, омыртқа аралық кеңістік тарылған. Науқаста дамуы мүмкін :

{

=остеохондроз

радикулит

остеопороз

рахит

Остесклероз

}
Науқас 37 жаста, ағаш ұстасы. Екі қолына да иррадация беретін, мойын аймағының тұрақты интенсивті ауруына шағымданады. Науқасты қарау кезінде мойын қозғалысы толық көлемде, бірақ ауырсынумен және қытырлауы қосарланады. Рентгенограммада: мойын лордозының тегістелуі, омыртқа аралық кеңістіктің тарылуы, омыртқааралық дисктің аздаған бұзылысы. Бұл науқаста қандай диагноз болуы мүмкін:

{

=мойын остеохондрозы

қисық мойын

остеопороз

рахит

Остеосклероз

}
Әйел 30 жаста. 3 жылдан бері мойын омыртқасының остеохондрозымен ауырады. Дәрігердің сұрастыру барысында цервикальді дискалгия анықталды және науқастан ауруының сипаты қандай екені, қандай жағжайда күшейетіні сұралды. Цервикальді дискалгия кезінде ауруының қай уақытта күшейетінін анықтаңыз:

{

=ұйқыдан кейін

ұйқы кезінде

таңертең

жұмыстан кейін

түстен кейін

}
Ер адам 32 жаста. 6 жылдан бері мойын бөлігінің остеохондрозымен зардап шегеді. Иық-саусақ синдромы, ишемиялық миелопатия, иық жауырын периартриті, цервикальді дискалгия және «мойын» стенокардиясы бақыланды. Мойын омыртқасы остеохондрозы синдромына тән сипат:

{

=ишемиялық миелопатия

цервикальді дискальгия

иық-жауырын периартириті

иық-саусақ синдромы

«мойын» стенокардиясы

}
Ер адам 32 жаста. 6 жылдан бері мойын бөлігінің остеохондрозымен зардап шегеді. Иық-саусақ синдромы, ишемиялық миелопатия, иық жауырын периартриті, цервикальді дискалгия және «мойын» стенокардиясы бақыланды. Төменде аталған синдромдардың қайсысы вегетативті-дистрофиялық синдромына жатады:

{

=цервикальді дискальгия

ишемиялық миелопатия

иықжауырын периартирит

иық-саусақ синдромы

«мойын» стенокардиясы

}
Әйел адам 42 жаста. 4 жылдан бері мойын бөлінің остеохондрозынан зардап шегеді. Науқаста иық- саусақ синдромы дамыған. Аталған синдромда сүйек рентгенограммасында анықталады:

{

=диффузды остеопороз

сүйек тінінің ыдырауы

сүйек туберкулезі

сүйек гемангиомасы

сүйектің жұмсаруы

}

Әйел адам 44 жаста. 4 жылдан бері мойын бөлімінің остеохондрозынан зардап шегеді. Науқаста иық жауырын периартриті синдромы және қол саусақтарының ісінуі, қол бұлшық еттерінің гипотрофиясы дамыған. Диагностикалық мақсатта тексергенде омыртқара аралық кеңістіктің шеміршектенуі анықталды. Омыртқа аралық кеңістікті бағалау үшін қажет сынама:

{

= Шпурлинг-Сковилл сынамасы

Тренделенбург сынамасы

Ромберг сынамасы

Рувилуа-Грегуар сынамасы

Петров сынамасы

}
Ер адам 46 жаста. 8 жылдан бері мойын бөлінің остеохондрозынан зардап шегеді. Науқаста иық жауырын периартриті синдромы және қол саусақтарының ісінуі, қол бұлшық еттерінің гипотрофиясы дамуына байланысты омыртқа аралық кеңістікті кеңейту үшін 5 кг жүкті 10-15 минут Глиссон ілмегімен арнайы столда тарту сынамасын жұргізу қажет деп шешкен. Аталған сынаманың атын атаңыз:

{

=Бертши сынамасы

Петров сынамасы

Тренделенбург сынамасы

Ромберг сынамасы

Рувилуа-Грегуар сынамасы

}
Әйел адам 48 жаста. 10 жылдан бері мойын бөлінің остеохондрозынан зардап шегеді. Науқаста иық-қол синдромы және қол саусақтарының ісінуі, қол бұлшық еттерінің гипотрофиясы дамуына байланысты ауру мазалаған. Түбіршіктік иннервация аймағының иррадиацияланған парестезиясы кезінде, екі қолын айқастырып басына қойып, ауырған жағына қарай иілу арқылы омыртқа аралық кеңістіктің қысылу сынамасын жүргізу қажет деп шешкен. Қажет сынаманы атаңыз:

{

= Шпурлинг-Сковилл сынамасы

Петров сынамасы

Тренделенбург сынамасы

Ромберг сынамасы

Рувилуа-Грегуар сынамасы

}
Ер адам 45 жаста. 8 жылдан бері мойын бөлігінің остеохондрозынан зардап шегеді. R-граммада кеуде бөлімінің остеохондроз диагнозын нақтылауға жақын жатқан пластинкалардың склерозы мен остеофитінен басқа кеуде бөлігіндегі омыртқа бағанасының қандай өзгерістері көмектеседі:

{

= омыртқа аралық диск биіктігінің төмендеуі

омыртқа аралық диск биіктігінің жоғарылауы

омыртқа аралық диск деформациясы

омыртқа аралық дисктің жоғалуы

омыртқа аралық диск оссификациясы

}

Шахтер 40 жаста, жұмысының 20 жылдық тәжірибиесі бар. Бел омыртқасы аймағының остеохондрозынан зардап шегеді. Бақылау кезінде аяқтарға иррадияция беретін люмбалгия, кенеттен жасалған қимылдарда күшейетін, сыздап ауырсыну анықталды. Бел омыртқасы остеохондрозы дамуын растамайтын симптомды анықтаңыз:

{

= Тренделенбург симптомы

Лассег симптомы

Кери сипмтомы

Вассерман симптомы

Мацкевич симптомы

}
Ер адам 47 жаста. Еңбекке қабілетінің төмендеуімен, 7 жылдан бері кеуде омыртқасы аймағының остеохондрозынан зардап шегеді. Тексеру кезінде келесі көріністер байқалады: оң аяғының парезімен жүретін ат құйрығы синдромы, кеуде омыртқасы тұрақсыздығымен жүретін жиі қайталанатын ауырсыну синдромы. Консервативті емнен әсер болмаған соң оперативті ем ұсынылған. Остехондроздың оперативті емінің абсолютті көрсеткішін көрсетіңіз:

{

=ат құйрығы симптомы

тұрақты ауырсыну симптомы

қайталамалы ауырсыну симптомы

еңбекке қабілетінің төмендеуі

омыртқа сегменттерінің тұрақсыздығы

}
Әйел адам 60 жаста. Дене салмағы 80 кг. 20 жылдан бері мойын омыртқасы остеохондрозынан зардап шегеді, Науқаста тетрапарез, басын 30° дейін айналдыру кезінде ротационды қимыл анықталған. R-граммада (С IV - C V) омыртқа аралық диск пролапсы, омыртқа бағанасында мойын омыртқаларының жиегінің мүжілуін байқаймыз. Консервативті емнен әсер болмаған, оперативті емге жолданды. Остеохондроздың оперативті емін таңдау методикасы неге байланысты :

{

=сатысына

асқынуына

жасына

салмағына

барлығы дұрыс

}
2-3 мойын омыртқасының остеохондрозы кезінде ауру орналасады:

{

=мойында

иық астында

жүректе

бұғана аймағында

диафрагма аймағында

}
Остеохондрозда фиброзды сақинаның байлам аппаратының декомпенсациясы дамыған кезінде және ол әрмен қарай бұзылғанда туындайды:

{

= диск пролапсы

диск жарығы

дисктің ісінуі

дегенерация

контактура

}
Мойын бөлігі остеохондрозы кезінде ауру иррадияция береді:

{

=қолға

шүйдеге

жаққа

жауырынға

Құлаққа

}
Омыртқа аралық кеңістіктің кеңеюін бағалайтын екі сынамасы:

{

=Шпурлинга—Сковилля , Глиссона, Бертши сынамасы

Илизаров, Китинер сынамалары

Пирогов сынамасы

Киган сынамасы

Эрб сынамасы

}
6 жасар ұл бала. Шағымдары: қыналып және ауру сезіммен зәр шығару, кіші дәреттен қорқу. Объективті: терісі бозғылт. Жыныс мушесінің басы айналмайды, зәрі жіңішке.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18


написать администратору сайта