воп. Красным берилгени бирдей жауабы артурли надо посмотреть поискать
Скачать 2.53 Mb.
|
аз мөлшерде қақырықтың бболуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қараған кезде: аранында катаральды белгілер. Қабақтың коньюктивалары қызарған. Өкпесінде – перкуторлы өкпелік дыбыс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЖҚА-L 10,8х109/л; ЭТЖ 17 мм/ч. Кеуде клеткасының R- граммасында өкпе алаңында тегіс емес ошақты инфильтрация. Қақырықты бактериальды тексерген кезде – микоплазма анықталды. Сіз азитромициннің тәуліктік мөлшерін тағайындайсыз: *Азитромицин 125 мг 1 капсуладан х 1 күніне рет, 3 күн бойы *Азитромицин125 мг х күніне 1рет, 5 күн бойы *Азитромицин 250 мг х күніне 1рет, 5 күн *+Азитромицин біпінші күні 250 мг х 1рет күніне, 2-5 күн 125 мг *Азитромицин бірінші күні 500 мг х 1 рет күніне, 2-5 күн 250 мг !Жеті жасар қыз бала балалар ауруханасына түсті. Қыс мезгіліндегі суық тигеннен кейін ұзақ уақыттан бері, төрт ай аралығында қатты жөтеліп жүргенін айтты. Түні бойы жөтеледі, шешесі ысқырық тәрізді сырылды есітеді, дене қызуы қалыпты, қыз бала белсенді, жүгіргенде жөтел туындап ысқырықты сырыл естіліп тұрады. Науқас баланың мұрыны бітеліп мазасызданады. Шешесі поллинозбен ауырады. Дәрігердің дәлірек ақпараттық зерттеуі: *+Cпирография *Өкпе рентгенографиясы *Бронхография *Бронхоскопия *Пикфлоуметрия !Жалпы тәжірибелік дәрігерге анасы 3 айлық қызының соңғы 2 ай аралығында емшекті дұрыс ембей жүргенін, 50-70 г емеді де ұйықтап қалатынын айтады. Тамақтанғанда қатты терлейді, терісі бозғылттанып, тынысы жиілейді, көз бен ауыз айналасы көгереді. Бала бозғылт, жылаған кезде мұрын- ерін үшбұрышында цианоз пайда болады, ТАЖ минутына 60 рет, ЖЖЖ минутына 150 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек ұшының соққысы сол жақ ортабұғана сызығынан 2,5см-ге сыртқа ығысқан, шу жоқ. Өкпеде қатаң тыныс. Бауыр қабырға доғасынан 2,0 см шығып тұрады. Анасы жүктіліктің 20-шы аптасында ЖРВИ-мен ауырған. Босану қалыпты жүрген. Клиникалық диагнозды қоюға ең мәліметті болып табылады: *+Эхокардиография *Электрокардиография *Фонокардиография *Жүрек рентгенографиясы *Спирография !ЖРВИ диагнозымен 3 жасар бала ауруханаға жатты. Аурудың 3 күнінде ентігу, әлсіздік, өте әлсіз, жіп-тәрізді тамыр соғуы, көпіршікті-қақырықты шығаратын жиі жөтел пайда болған. Аускультация жасағанда екі өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпенің рентгенораммасында альвеолярлы ісіну көрінісі бар. ЭХОКГ – сол жақ қарыншаның сорапты қызметінің төмендеуі. Диагноз: Жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік. Балаға тағайындауға болмайды: *Оксигенотерапия *Глюкокортикоидтар *Зәр айдаушы препараттар *Жүрек гликозидтері *+В-адреноблокаторлар !Ауруханаға жанұялық дәрігер 13 жасар баланы мынандай шағымдарымен жолдады: эпигастрии аймағындағы ауырсыну, әсіресе түнгі уақытта және аш қарынға күшейеді, әлсіздік, ашуланшақ,іштің қатуы, басы айналу, терісінің құрғақтығы, шашының және тырнағының сынғыштығы, жүрек тұсында күштемеге байланыссыз пайда болатын ауырсыну. Диагнозды негіздеуге көмектеседі: *Элетрокардиография *+Фиброгастродуоденоскапия *Сигмоидоскопия *Энцефалография *Клиникалық қан анализі !14 жастағы ұл бала. Қыжыл, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін эпигастрийдегі ауырсыну. Анамнезінде әкесі асқазанның жара ауруымен ауырады. ФГДС: асқазанның антральді бөлімінде ойық жарасы. Қандай ем тағайыңдайсыз: *+Омепразол 20 мг 2 рет әр 12 сағ. сайын, кларитромицин 15 мг/кг 2 ретке бөліп, метронидазол 20 мг/кг 2 ретке бөліп, 14 күн бойы *Субцитрат висмута 120 мг 4 рет, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп, фуразолидон 10 мг/кг 3 ретке бөліп *Сукральфат 500 мг 1 таблеткадан 3 рет, Де-нол 120 мг 1 таблеткадан күніне 3-4 рет *Пантопразол 20 мг 1 рет күніне, кларитромицин 30 мг/кг 3 ретке бөліп, амоксициллин 100 мг/кг 2 рет *Омепразол 50 мг 2 рет күніне 12 сағат сайын, метронидазол 50 мг/кг 3 ретке бөліп, тетрациклин 25 мг/кг 4 ретке бөліп !Клиникаға 8 жасар бала оң жақ қабырға астындағы қысып ауыратынына, жиі зәр шығаратынына шағымданып түсті. Бала алты сағат бұрын биіктіктен арқасымен құлаған.Тері жабындысы боз. Пульсі минутына - 120. АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, іш пердені тітіркендіру симптомы теріс, оң жақ бел аймағында үлкен ісіну анықталады. Қан анализінде гемоглобин-110г/л, эритроциттер-3,2х10¹²/л, зәрде эритроциттер саны көру аймағында 50-60 құрайды. Жедел түрде қандай тексеру жүргізесіз: *Лапароскопия *Ретроградты пиелография *+Экскреторлы урография *Бүйрек УДЗ *Бүйрек ангиографиясы !Ауруханаға 13 жастағы науқас сол жақ тізе буынындағы ауру сезіміне, 39С дейінгі қызбаға, жалпы әлсіздік, тершеңдікке бейланысты түсті. Үш апта бұрын баспамен ауырған. Апта бұрын шынтақ буындарында ауру сезімі болған. Объективті: сол жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, ұстап көрсең ыстық және қозғалғанда ауырады. Басқа буындар мен ішкі мүшелер өзгеріссіз. Қан анализі: Нв-140 г/л., лейкоциттер- 16,5х109/л, нейтрофилдер- 78%, ЭТЖ- 60 мм/сағ. Диагнозды нақтылайтын қандай зерттеу тағайыңдайсыз: *Тізе буынының рентгені *Қандағы ВР *+АСЛ-О, АСГ титрі *Райт-Хеддельсон реакциясы *Тізе буынының пункциясы !Етек кірі меноррагиямен жүретін 14 жасар қыз балада тырнақ сынғыштығы, шаштың түсуі, тері құрғақтығы байқалады. Қан анализі: гемоглобин – 90г/л, Эритроциттер – 3,5х1012/л, түсті көрсеткіш – 0,7, тромбоциттер – 180,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %, билирубин – 12 мкмоль/л, сарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Сіз тағайындайсыз: *Темірдің парентеральді дәрілерін *+Темірдің пероральді дәрілерін *Аскорбин қышқылын *Эритроцитарлы салмақ құю *B12 дәруменін !Науқас 9 жаста, ауруханаға өте ауыр жағдайда түседі. Диабетпен 3 жыл бойы ауырады. Инсулинотерапияны 28 бірлік мөлшерінде алып жүр. Жалпы жағдайының төмендеуі диетаны бұзғаннан кейін пайда болған. Қандағы глюкозаны тексерген кезде – 24,2 ммоль/л., зәрдегі ацетон - ++++. Науқасқа инсулинотерапия бойынша сіздің әрекетіңіз: *Ұзақ әсердегі инсулин 0,5Ед/кг есебімен сағат сайын *Қысқа әсердегі инсулин 0,7Ед/кг есебімен сағат сайын *Қысқа және ұзақ әсердегі біріккен инсулин терапия 0,3 Ед/кг есебімен әр бір 6 сағат сайын *+Қысқа әсердегі инсулин 0,1Ед/кг есебімен сағат сайын *Қысқа әсердегі инсулин 1,0Ед/кг есебімен сағат сайын !Отбасылық амбулаторияда профилактикалық қарау кезінде 30 жастағы науқас А-да үлкен жыныс еріндерінің беттесетін беткейінің негізінде инфильтрат пен аздаған серозды бөлініспен ет-қызыл түсті 2 дөңгеленген эрозиясы, сонымен қатар шап лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен тығыздалуы анықталды. Анамнезінен эрозияның 10 күн бұрын пайда болғанын, ал лимфа түйіндерінің 5 күн бұрын ұлғайғаны анықталды. Төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысы диагнозды негіздейді: *Қанның биохимиялық анализі *Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба *Боз трепонемалардың иммобилизации реакциясы *Иммунофлюоресценция реакциясы *+Қараңғы көру алаңында боз трепонемадан алынған бөліністі бактериоскопиялық тексеру !Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз: *+Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою *Дермографизм сипатын анықтау *Көпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау *Диаскопия *Эрозия бетінен жұғын-таңба алу !Жиырма жастағы науқас қышумен жүретін бөртпелердің шығуына, оның түнгі уақытқа қарай күшейетініне шағымданып келді. Ауырғанына бір апта болған. Объективті: кеудесінде, омыраудың астында, омырау ұшы маңында, іштің алдыңғы-бүйір беттерінде жұпталған көптеген паула- везикулалы бөртпелер, нүктелік серозды-геморрагиялық қабыршықтар бар. Сіздің емдік әрекетіңіз: *Анилинді бояғыштармен өңдеу *Антигистаминді заттарды тағайындау *+20% бензил-бензоат эмульсиясымен өңдеу *3% бриллиант жасыл ерітіндісімен өңдеу *Глюкокортикоидты майлар мен кремдерді жағу !50 жастағы әйелде, тоңып қалғаннан кейін кеудесінің бүйір бетінде гиперемиялылық фонда қышумен,үйдіріп аурумен бірге жүретіе көпіршіктер пайда болған. Көпiршiктер қабырғаралық нервтердің өту жолы бойынша орналасқан. Бірнеше күннен кейін зақымдану ошағында қою қоңыр түсті қабыршақтар пайда болған және Қозғалыста да, тыныштықта да күшті ауырады.Дәрiнің қайсысын тағайындау өте орынды: *Витамины *Антибиотиктер *+Вирусқа қарсы препараттарды *Гистаминге қарсы препараттарды *Стероид емес қабынуға қарсы препараттар !Жара ауруының рентгенологиялық белгісі болып табылады: *Асқазанның тарылуы, барийдің қосымша көлеңкесі *Асқазанның кеңеюі және асқазанның босауының баяулауы *Мүшенің силуэтінің жанында барий көлеңкесінің қосымша көлеңкесі, біз тәрізді жара *Бауырдың үстінде бос газ болуы *+Ойықтың болуы, контрастың ішіне қарай ағуы !Ревматоидты артрит ауруымен диспансерлі бақылаудағы науқастарды динамикалық бақылау жиілігі жүргізіледі: *жылына 1 рет *жылына 2 рет *жылына 3 рет *+жылына 4 рет *жылына 5 рет !ЭКГ-да QRS кешенінің біркелкі деформациясы тіркелді. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін: *қарыншалық экстрасистолия *пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия *синустық тахикардия *+пароксизмальды қарыншалық тахикардия *пароксизмальды қарыншалар фибрилляциясы !Науқастың жағдайы нашарлап,есеңгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды: *бромсульфалиенді сынама *белок және оның туындылары *альфа-фетопротеин құрамы *+қан сарысуындағы аммиак *АЛАТ және АСАТ деңгейі !Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюін атайды: *пневмония *+бронхоэктаз ауруы *өкпе эмфиземасы *созылмалы бронхит *муковисцидоз !Миокард инфарктісінің диагностикасында ең спецификалық маркер болып табылады: *аспартатаминотрансфераза *аланинаминотрансфераза *+тропонин Т,І *креатинфосфокиназа *лактатдегидрогеназа !Бета-адреноблокаторлардың негізгі әсеріне не жатады: *ЖЖЖ арттыру *қозғыштықты жоғарылату *оң инотропты әсер *+өткізгіштікті тежеу *жүрек электрофизиологиясына әсер !Гастроэзофагеальды рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру әдісі болып табылады: *өңешті рентгендік зерттеу *рН-метрия *+өңеш эндоскопиясы *гистологиялық зерттеу *өңеш биопсиясы !Бейарнамалы жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулер ішіндегі маңыздысы: *физикалық тексеріс *жасырын қанға нәжіс *ирригоскопия *нәжіс микроскопиясы *+ректороманоскопия !Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Зертханалық зерттеу кезінде осы |