Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңдері.

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу. Бірінші кезең 1914-1945 жылдар

  • Екінші кезең 1945 жылдан бүгінгі күнге дейін

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері . Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы).

  • Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.

  • ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.

  • ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы. Қоныс аудару саясаты

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница1 из 12
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Мемлекеттік емтихан сұрақтары:

    1. «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы».

    1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды.  Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.Ғасырға жуық билік құрған Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың барлығының тарихы бірыңғай саяси бағытта жазылғаны белгілі. Бұл, әрине, алып империяға қол астындағы халықты уысында ұстап отыру үшін, орыстандыру саясатын жүргізу үшін керек болды. Ал, осы саясатты жүргізу тарихшылар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да, ХХ ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ұсталды.Тарихты бұрынғы бағытпен (маркстік-лениндік методология бойынша)  жазу –тарих ғылымының шеңберін тарылтып, тарихшы ғалымдарға тарихи шындыққа жетуде қиындықтар туғызуда. Сондықтан да тарих ғылымын зерттеуде оның методологиясын өзгертуді заманның өзі талап етіп отыр.Тарихтың зерттеу нысанын өзгерту мақсатында кейінгі кезде қолға алынып жатқан тарихты саясаттан тыс, халықтың күнделікті өмірі тұрғысынан алып зерттеу, яғни XX ғасырдың орта тұсына дейін кең өріс алған макродеңгейдегі тарихтан соңғы мезгілде біршама екпін ала бастаған микродеңгейдегі тарихқа бет бұру – тарихты зерттеудегі қордаланып қалған мәселелердің түйінін шешіп, шынайы ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол болмақ деп ойлаймын.XX ғасырдың алғашқы жартысына дейін қоғамдық жағдай макро деңгейдегі тарихтың (мемлекет, ұлт, таптар тарихы) басымдылық алуына негіз болды. Тарихи ой осы бағыттағы және осы мазмұндағы тақырыптарды игеруге басымдылық берді. Бұл зерттеу әдісі мен бағытының әлсіз жақтары да болғандығын тарихшылар бүгінгі уақытта мойындап отыр.Тарихи зерттеулердің бұл әлсіз тұстары жеке адамның, әсіресе қоғамдағы «кішкентай» адамдардың (яғни, қарапайым адамдардың) күнделікті өміріне, оның өміріндегі өзгерістерге жете көңіл аударылмай қалуына байланысты еді. Күнделікті өмір тарихын зерттеу – ауызша тарих айту арқылы жүзеге асырылады Ауызша тарих дегеніміз – ол адамдардың өз өмірлері туралы, өздері куә болған өткен оқиғалар туралы жазылып алынған естеліктер.Ауызша тарих»  ("Oral History") ұғымы ең алғаш Америка және батыс зерттеушілері еңбектерінде орын алды. «Ауызша тарих» терминін Барбэ дОривелли (1852 ж.)  алғаш рет ғылыми лексиконға енгізгенімен, 1948 жылы Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс жұмыстарынан кейін кең тарады.



    1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.

    Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңдері. Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды.

    Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай хан түсында ерекше бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһар-мандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың үйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.

    Бейбітшіл сипаты бар рухани жұмыс та жалғасын тауып жатты. Оның үйтқысы үлттың рухани кесемдері — Теле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты біріктіру жолында еңбек етті.

    Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.

    Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді.


    Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.

    Бірінші кезең 1914-1945 жылдар:

    1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс болды. Көтерілістің шығу себебі отарлық езгі, 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды соғысқа шақыру.

    1917 жылы 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

    Азамат соғысы 1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы бастады. Ақ гвардиялық "Сібір үкіметін" ресми түрде тағынан Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

    Жаңа экономикалық саясат құрылды 1921 ж наурыз айында . Нәтижесінде мал саны 40,5 миллионға жетті. Голощекин "ауылды кеңестендіру" ұранымен "жаңа революция" жүргізді.

    1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғысқа Қазақстан үлкен үлес қосты.

    Екінші кезең 1945 жылдан бүгінгі күнге дейін:

    Ауыл шаруашылығы дамыды.

    1954 жылы көктемде тың жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. 1954-55 жылдары тың жерлерді игеру есебінен егістік аумағын 13 млн га-ға арттыру, 1100-1200 млн пұт астық, соның ішінде 800-900 млн пұт тауарлы астық алу көзделді.

    1960 жылдардың соңында ауыл шаруашылығын интенсивтендіру шаралары жүргізілді. 50 ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектер шығарды. Қуатты тракторлар мен өздігінен жүретін комбайндар алынды. Ауыл шаруашылығының энергетика қуатымен жабдықталуы төмен болатын. Ірі жылу орталықтары мен СЭС салудың нәтижесінде ауыл шаруашылығын электрлендіру ісі жақсы жүрді..

    1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының бірінші съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талқылады.

    1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады.

    1991 жылдың жазына қарай егеменді республикалар Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тірелді. 1991 жылы 20 шілдеде Қазақстан Компартиясы ОК кеңейтілген IV пленумы болып, жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Тарихта “тамыз бүлігі” деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін “Кеңес басшылығы” деп атап, КСРО-ны қайта қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.

    1990 жылдың басында сайланған Жоғары Кеңестің ХII шақырылымының құрамы заң шығарумен тұрақты айналыса бастады. 1992 жылдың шілдесінде “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы” және “Қазақстан Республикасының ішкі істері әскерлері туралы”, желтоқсанда “Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы” заңдар қабылданды.

    1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында Әнұран бекітілді.

    1992 жылдың тамызында “Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы” заң шықты. Өзі өмір сүрген 4 жылға жуық уақыт ішінде Жоғарғы Кеңес 250-ден астам заңдар мен құжаттар шығарды.

    1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.



    1. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері.

    Қазақстан тарихының тарихнамасы (XYIII – XIX ғ.басы).XVIII-ХІХ ғасырдағы дәстүрлі институттар тарихын тануда Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев еңбектерінің орны ерекше. Ш.Уәлиханов арғын Малайсарының ХVІІІ ғасырда Жоңғар билеушілерінің тарапынан тархандық алғандығын және оның берілуінің себебін тұтқындағы Абылай сұлтанды босату мақсатындағы елшілік келіссөздердің нәтижесімен байланыстырады.ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары, қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылымы, әлеуметтік жүйесі, шаруашылық жайы Н.Г.Аполлова, С.Е.Толыбеков, С.З.Зиманов, В.Я.Басин, Т.Ж.Шойынбаев, А.Н.Нүсіпбеков, Г.И.Семенюк, Н.Е.Бекмаханова, А.Сабырханов, Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев еңбектерінде көрініс тапты. Н.Г.Аполлова XVIII ғасырдағы қазақ тархандары Шақшақ Жәнібек пен Тама Есеттің қоғамдық ортадағы беделдері ханнан кем болған жоқ деген баға бере отырып, олардың қазақ-орыс қатынастарына байланысты қоғамдық-саяси қызметтерінен мол мәліметтер береді. Мәселен, В.Я.Басин зерттеуінде «протектор», «бодан» тарихи терминдеріне Қазақстанның Ресейге қосылуына байланысты мысалында талдау жасап, Ресейге қосылған жылдардан бастап «бодан» болды деген саяси ұстанымның қате пікір екендігін дәлелдесе, С.З.Зиманов қазақ қоғамындағы әлеуметтік жүйені зерделеп, өз пікірлерін ашық білдірді. Н.Е.Бекмаханова 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының соғысына қатысқан Дәуітбай тархан бастаған қазақ жасақтарының соғыс қимылдары және атығай Құлсары тархан жөнінде деректік мәліметтер келтіреді. Ал Р.Б.Сүлейменов, В.А.Моисеев зерттеулері арғын Малайсарының жоңғарлар тарапынан тархандық алғанын сұлтан Абылайдың тұтқында болған кезіндегі қалмақ бағытындағы елшілік қатынастар нәтижесінде берілгенін қуаттайды.Қазақ тархандарының ата-бабаларына қатысты шежірелік деректер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, С.Е.Толыбеков, Х.Маданов, Х.Б.Табылдиев, А.Қалмұратов т.б. шежірелік еңбектерінде бар. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шежірелік нұсқасында Арғын руының аталық шежірелерін тарата келе Жәнібек тарханға қатысты деректерді келтіреді. С.Е.Толыбеков, Х.Маданов шежірелерінде Жәнібек және Есет тархандардың ата тегіне, олардан тараған ұрпақтарына қатысты қызықты тарихи шежірелік деректер кездеседі.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған жылдардан бастап жарық көрген тарихи еңбектер зерттеп отырған мәселеге жаңа қырынан келді. Нақ осы кезеңде өткен тарихымыз ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеле бастады. Қазақстан тарихының XYIII – XIX ғғ. кезеңіне байланысты М.Қ.Қозыбаев, К.Л.Есмағамбетов, Ж.Қ.Қасымбаев, С.М.Мәшімбаев, М.Ж.Абдиров, Ж.О.Артықбаев, И.В.Ерофеевалардың ғылыми еңбектері көпшілікке жетті.Аталған тарихшы ғалымдар еңбектері тарихи тұлғаларға қатысты маңызды мұрағаттық мол деректермен қатар, XVIII-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институты тарихына қатысты мәліметтерді жинақтап, қорытынды ой-пікірлер түйіндеумен ерекшеленді. Бұл арада К.Есмағамбетовтың қазақ тарихына қатысты шетелдіктердің көзқарастарын, Ж.Қасымбаевтың батырлар мен қазақ хандары, сұлтандары арасындағы байланыстарды талдауы маңызды.



    1. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.

    Ұлт. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын. Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының қызметімен байланысты. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, ал 1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды.. Ол ұлт зиялылары еді.Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын.. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды.Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады.XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20—30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болды.Кеңестік тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі мезгілде азаттық үшін күрес шетелдік эмиграция күшімен жүргізіле бастайды. Ал оның ең ірі өкілі Мұстафа Шоқай болды. Ол өзінің басшылығымен Париж және Берлин қалаларында шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында (1929—1939 жылдары) үздіксіз жариялап отырған мақалалары мен зерттеу еңбектері арқылы отандастарының талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу міндетін өз мойнына алды 1929—1931 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері, 1959 жылы Теміртаудағы әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуінен туған жұмысшылар толқулары, ұлт саясатындағы қателіктер себеп болған 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар да сондай қарсылықтардың бірі еді.1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады.


    1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.

    XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорынна» (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.«Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын.. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені  қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.



    1. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.

    Қоныс аудару саясаты: XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.

    Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің бастамасымен 1868 жылы 1883 жылға дейін қолданыста болған жерде, қоныс аударушыларға бірқатар жеңілдіктер берілді: жан басына шаққанда 30 десятина мөлшерінде жер бөлу (ер адамдарға), салықтан босату және әр түрлі міндеттерді 15 жыл мерзімге атқару, 100 рубльге дейін несие беру.

    Патшалықтың қоныс аудару саясатының нәтижесінде негізгі құнарлы жерлер орыс шаруаларына берілді, ал қазақтар сусыз, жарамдылығы аз жерлерге айдалды.

    Қазақстанның демографиялық бет-бейнесі өзгерді. 1897 жылғы жалпы халық санағының деректеріне сәйкес Қазақстанда қазақтардың үлес салмағы 87,1% - ға дейін қысқарды . 4 471,8 мың тұрғынның ішінде қазақтар — 3 399,5, орыстар мен украиндар — 532,7, татарлар — 55,4, өзбектер — 73,5 мың, ұйғырлар-56 мың қоныс аударушылар негізінен стратегиялық пункттерде қоныстандырылып, атыс қаруларымен қаруланған.

    1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.

    1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.

    1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.

    1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта