Главная страница
Навигация по странице:

  • "Зияткерлік ұлт - 2020" Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.

  • Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.

  • Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.

  • «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.

  • Бағдарламаның негізгі міндеттері

  • Бағдарламаға қатысушылар

  • Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары

  • Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница12 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім және ғылым реформаларының негізгі бағыттары.

    Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің бірі болып табылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі. Тұңғыш Президент әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады.

    Білім беру саласының жалпы ауқымы: 2011 жылы 5 жастан 24 жасқа дейінгі халықтың 85%-ы оқумен қамтылса, азаматтардың 30%-ы білім жəне ғылым жүйесіне тартылды, оның ішінде:

    білім алып жатқандар – 4,314 млн.

    білім беру саласында қызмет ететіндер – 403,3 мыңнан астам педагогтар мен ғалымдар бар.

    Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100%
    Елбасы тапсырмасын орындау шеңберінде жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушы қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін толық ескеру үшін жағдайлар жасайтын «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» желісін құру басталды. Қазіргі уақытта физика-математика бағытындағы 3 мектеп Нұр-Сұлтан, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.
    Қазіргі уақытта республикада 7576 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жалпы санының 64%-ы үлгілік,
    35,4%-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан,
    201 мектеп апатты жағдайда.
    Мектептердің 37,4%-ы тасымалды суды қолданады.
    70 мектеп 3 ауысымда,
    1 мектеп – 4 ауысымда жұмыс істейді.
    Күрделі жөндеуді мектептердің 25,1%-ы қажет етеді. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде
    1. «Бастауыш білім беру сапасы» көрсеткіші 1 орынға алға жылжыды (Қазақстан 68-орыннан 67-орынға ауысты);

    2. «Білім беру жүйесінің сапасы» – 2 орынға (68 ден 66-ға);

    3. «Математикалық жəне ғылыми білім беру сапасы» 8 орынға (80-нен 72-ге);

    4. «Басқару мектептерінің сапасы» 1 орынға (98-ден 97-ге);

    5. «Зерттеу жүргізу жəне тренинг қызметі орындарына қолжетімділігі» 14 орынға (82-ден 68-ге);

    6. «Қызметкерлерді оқыту» 9 орынға (92-ден 83-ке);


    1. "Зияткерлік ұлт - 2020" Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.

    Өскелең ұрпаққа біліммен қатар, тәлім-тәрбие нәрі де құйылуы тиіс.Осы мақсатта бүгінде орта мектептерде «Өзін-өзі тану» пәнінің мәртебесін көтеру – басты міндетке айналған.  Оның аясында оқушылар адами қасиеттер мен ұлтжандылыққа тәрбиеленуде.  Осы орайда Мақтарал ауданындағы «Шұғыла» жалпы орта мектебінің жұмысы да салмақты. Мұнда оқушылар түрлі тақырыптарда өз ойларын ашық айтып, өмірге деген жеке көзқарастарын қалыптастыруды үйренген. Ұйымдасып жұмыс жүргізуге дағдыланған.Өзін-өзі тану 2010 жылдан бастап, жалпы орта мектептердің оқу процесіне енгізілген.  Бұл пән бүгінде оқушылардың да, оқытушылардың да қызығушылықтарын арттырып келеді. Мектептерде арнайы апталықтар ұйымдастырылып, іс-шаралар өткізіледі.«Өзін-өзі тану» әдептілік пен инабаттылық негіздерін үйретуге бағытталған. Баланы психологиялық жағынан дайындайды,  жаһандану дәуірінде өз-өзімен көбірек жұмыс істеуіне  үйретеді»,- дейді мамандарЕлбасы «Зияткерлік ұлт-2020» ұлттық жобасын жүзеге асыру үшін  жаңа қалыптағы қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ, Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру қажет» деп, нақтылап берген болатын. Бұл мақсатта өзін-өзі тану пәнінің  маңызы керек.


    1. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымының өзгеруі.


    Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан аумағы кеңестік империяның басқа аймақтарынан жер аударылған шаруалардың, саяси тұтқындардың мекеніне айналды. 1937 жылдың күзінен тоталитарлық саясаттың құрбанына айналған тұтас халықтар өз жұртынан қазақ жеріне күштеп көшірілді. Атап айтқанда, 1937 жылы Қазақстанға 102 мың корей қоныс аударуға мәжбүр болды. 1938 – 44 жылдары қазақ жеріне Кавказдан, Қара теңіздің солтүстік жағалауынан қырым татарлары, поляктар, болгарлар, курдтар, 1947 – 52 жылдары мыңдаған латыштар, эстондар, қазақ жеріне зорлықпен көшіріліп, түпкілікті қоныстандырылды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, 1992 жылы 26 маусымда қабылданған “Көшіп келу туралы”, 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” заңдары қабылданып, қоғамдық қатынастарды реттеп, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгіледі.

    Көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етті. Қазақтардың елдегі үлесі 1999ж. 53,4 %-ға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға төмендей түсті.

    1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18,5%-ға өссе, орыстардың үлесі – 11,8%, украиндардың – 2,6%, немістердің – 4,4%-ға төмендеді.

    Демографиялық ахуалға келсек, Тәуел­сіздіктен кейінгі 30 жыл­ға жуық уақытта республика хал­қы­ның саны небәрі 12 %-ға өскен. Нақты деректерге сүйенсек, 1991 жылдан бастап 2018 жыл­ға дейін Ресейден басқа ТМД мем­лекеттерінің халық са­ны 21,0%-дан 68,0%-ға дейін өсті.

    Ал Қытайда 21,8% немесе 350 млн-ға өскен. Бұл өсім Қазақстан халқының саны­нан 20 есе жоғары.

    Дегенмен, демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп толықтай айтуға болады. 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Біздің елге келгендер – 3209 адам, елден кеткендер – 2650 адамды құрады. 2013 жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.

    2018 жылы 11 қыркүйек сағат 06:35-те Қазақстан халқының саны 18 321 606 адамға жетті. Жыл соңына дейін 18 608 079 адам болып көбейді.

    Бір жылда 411 929 бала туылып, өлім-жітім саны – 162 536 болған.


    1. Қазақстан халқы Ассамблеясы - қазақстандық қоғамды біріктіру институты.


    Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.

    Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.

    Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты.

    1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

    Өз тарихында Ассамблея ҚР Президенті жанындағы консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

    2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.

    2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

    Ассамблея құрылымдық жағынан Ассамблея сессияларынан, Ассамблея кеңесі мен Хатшылығынан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларынан тұрады.

    Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

    Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

    Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын орынбасарлары алмастыру тәртiбiмен Кеңестiң ұсынымының негiзiнде ҚР Президентiнiң өкiмiмен тағайындалады.

    Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.

    Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.

    Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.

    Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

    Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді


    1. Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.


    «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция 2011 жылдың 21-желтоқсанында Алматы қаласында өтті. Қонференцияны ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етуімен Қазақстан әлеуметтанушылар Ассоциациясы ұйымдастырды. Конференция жұмысына жетекші дінтанушылар, саясаттанушылар, философтар, дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары, ҮЕҰ (НПО) өкілдері қатысты. Одан кейінгі пікірсайысқа Институт ғалымдарымен қатар Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Конференцияда ғылыми-практикалық кепілдеме ретінде төмендегі ұсыныстар келтірілді:

    1. Дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары діни пиғылдағы терроризм идеологиясын әшкерелеп, беделін жоюға бар күшін салуы керек. Қоғамдық пікірде терроризмнің антиисламдық мәнін бекіте түсу керек, ал ол болса күнделікті тынымсыз еңбекті, соның ішінде БАҚ тарапынан белсенділікті қажет етеді.

    2. Наразылық әлеуетінің интегративті сипаты оның құқыққа қарсы нысан көріністерін дінді жалған қабылдаулармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Исламистік идеология исламның (бейбітшіл және ізгілік дін ретінде) елімізде исламизмге қарсы қойылмай келгендігі салдарынан қазіргі кезеңде Қазақстанның саяси-әлеуметтік кеңістігінде орын алып отыр. Ислам бүгінгі таңда төмендегідей кесте түрінде бейнеленген үрдістерге тартылған: өзінің шынайы мәні бар ислам – исламның саясаттануы – исламизм – экстремизм – терроризм. Бұл кестені бұзу керек, экстремистер мен террористерді исламдық риторикаға жүгіну мүмкіндігінен айыру керек.

    3. Дінтану саласындағы зерттеу әдіснамасын кеңейте түсу керек, оны саясаттану әдістерімен, терең философиямен, мәдениеттанумен, құдайылық іліммен, аксиологиямен байыта түсу керек.

    4. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге тек дәстүрлі діндер ғана емес, сонымен қатар бірқатар жаңа діни қозғалыстар мен конфессиялардан тыс дүниетанымдық идеологиялар қабілетті. Осы әлеуетті де толық пайдалану керек.

    5. Терроризмге қарсы кешенді әрекет етуде исламистік уағыздаушылардың ықпалының орталығында әлеуметтік қабат ретіндегі жастарға отансүйгіштік және адамгершілік тәрбие беруге ерекше назар аудару қажет. Осы ықпалдардан жастарды жетектеп «шығарудың» айрықша нысандарын табу керек.

    6. 2011 жылының қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы азаматтардың діни сенімдер бойынша еркіндігін бекітеді және нақтылай түседі және ол мемлекеттікконфессиялық қатынастар саласындағы келеңсіз құбылыстармен тиімді күресуге мемлекетке мүмкіндік беретіндігі жайлы атап көрсетілді.

    7. Дін қазіргі әлемде геосаясаттың әрекетті тетігіне айналып отыр. Қазіргі таңда көптеген күштер дінді өздерінің прагматистік мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады. Наразылық қозғалыстарда дінге тарту әдістері қалыптасқан. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі бағдарламаларды жүзеге асыра отырып осының бәрін ескеру керек.

    8. Исламистер өздерінің уағыздарында саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, этносаралық салалардағы болатын қайшылықтарды пайдаланатын болғандықтан қоғамдық дамудың осы салаларындағы нақты мәселелерді шешу қажет

    Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халық¬аралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы сала¬лық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекет¬тердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлес¬тіруді қамтамасыз етеді


    1. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.

    «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.

    Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

    Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.

    Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.

    Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.

    «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

    Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.

    Бағдарламаның негізгі міндеттері:

    Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру;

    Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру;

    тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

    Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

    көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

    Бағдарламаға қатысушылар:

    1) этникалық көшіп келушілер;

    2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;

    3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
    Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтарыҚазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру:а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар желісін қалыптастыру қарастырылады. Есеп бойынша көшбасшы және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 390 мың қызметкер қажет болады;

    ә) шекараға іргелес елді мекендерде:

    халықтың санын тұрақтандыру үшін;

    шекараға іргелес ірі өңірлердің әкімшілік маңызын арттыру үшін және көршілес мемлекеттердің еңбек күші артық өңірлерінің тарапынан демографиялық қысымның (бытыраңқы сыртқы көші-қон) алдын алу үшін жүзеге асырылатын болады;

    б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде.

    Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму осі бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық ось бойынша - 77,7 мың адамды құрайды.

    Күтілетін нәтижелер

    Бағдарламаны іске асыру:

    1.этникалық, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін реттеуге және оны өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне бағындыруға мүмкіндік береді;

    2.этникалық көшіп келушілердің және ішкі көшіп-қонушылардың едәуір бөлігінің өмір сүру сапасының артуына қол жеткізіледі;

    3. Қазақстаннан кеткен әртүрлі ұлт азаматтарының елге қайта оралуын ынталандыратын болады;

    4. көшіп-қонушылардың бейімделу және кірігу қиындықтарына, жұмыссыздыққа және бытырап көшіп-қонуға байланысты туындауы ықтимал әлеуметтік қатерлердің алдын алады;

    5.ұлттық шоғырлану процестерінің одан әрі дамуын, әлеуметтік тұрақтылық пен келісімнің нығаюын, демографиялық ахуалдың жақсаруын қамтамасыз етеді.
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта