Главная страница

тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


Скачать 186.1 Kb.
НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
Дата22.05.2022
Размер186.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
ТипДокументы
#542989
страница2 из 12
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Себептері:

1. 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болып қалды.

2. Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті.

3. патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді.
Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды.

Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді.

1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қоныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.


  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.

ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды. 1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтыкпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар шоқындырып жібереді деп қауіптенді. Қазақтардың және бір қорыққан нәрсесі — орыс-қазақ мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер деп шошынды. Сондықтан Акмола облысындағы Халық училищесінің директоры А.Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді. Орыс-қазақ мектептерінің материалдық базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Ол ауыл мектептеріне арналған «Ақмола және Семей облыстарындағы ауыл мектептерінде сабақ берудің тәсілдері мен оқулықтары», «Қырғыз хрестоматиясы» әдістемелік оқу құралдарын құрастырды. Оқудың қазақтардың ана тілінде жүргізілуі туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесін шоқындыруға бағытталған діни миссионерлік қызметін де белсенді түрде өрістете түсті. 1902 жылы Далалық өлкеде осындай 14 мектеп ашылған болатын. Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиісті болды. 1904 жылы болыстық жерлерде бір сыныптық және екі сыныптық училищелер жұмыс істей бастады. Бір сыныптық училищелерде балалар төрт жыл оқыды. Олар онда орыс тілін, дін оқуын, қазақ тілін, арифметиканы, ән сабағын оқып үйренді. Ал екі сыныптық училищелердегі оқу мерзімі алты жыл болды. Олар әлгі пәндерден тыс географияны, жаратылыстануды, сызуды, геометрияны және орыс тарихын оқыды. Оқу алғашқыда екіжылда қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде жүргізілді. Алайда орыс-қазақ мектептерінде мұғалімдер жетіспеді. Өйткені олардың жалақы мөлшері төмен болды. Оның үстіне, ол мектептердің материалдық-техникалық базасы да қанағаттанарлық дәрежеде қамтамасыз етілмеді.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.

Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп санады. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді


  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.

Интеллигенцияның басты міндеті руы мен тайпасын қорғау емес, жалпы ұлтын, Отанын қорғау болса, сонда ғана жалпыұлттық мүдде рулық мүддеден жоғары қойыла бастайды. Интеллигенция – зиялылар, ең алдымен, ғылымды, техниканы, өнерді, білімді дамытушылар. ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан қазақ интеллигенттерінің басым көпшілігі тек қана бір кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмейді, әмбебап мамандар ретінде қызмет етті, олар оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде басылымдар шығару қамқарекетімен де, жан-жақты шығармашылық жұмыспен де қатар айналысты. Осылардың барлығына ортақ қасиет, ортақ ерекшелік олардың қазақ қауымының қоғамдық-саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысуы еді. Осы жылдары қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің белгілі өкілдерінің көпшілігі (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Б.Қаратаев, М.Дулатов, т.б.) бірінші орыс революциясы ықпалымен елде орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарады, ал содан кейін барып сол кезде империяның орталықтарында пайда болған саяси ұйымдардың қайсысынан үлгі алу мәселесін шешуге тырысты. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті.
ӘлиханБөкейханов5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі НұрмұхамедӘлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды.

Жүсіпбек Аймауытов; 1889-1931. Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. 1913 жылы "Қазақ" газетінде алғашқы мақаласы басылады. Жүсіпбек Аймауытов әдебиеттің әр түрлі жанрында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасы, "Рабиға", "Мансапқорлар", "Сылаң қыз", "Ел қорғаны", "Қанапия Шәрбану", "Шернияз" атты пьесалары, көптеген әңгімесі мен "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (кейбір деректерде 1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет қатысты. Соғысқа қатысушы басты екі одақ: Антанта және Үштік Одақ.

Бұл соғыста Қазақстан шикізат көзі болды. Соғысқа қажетті материалдар, азық-түліктер, киім-кешектер, қаржылай көмектің барлығы бізден алынды. Соның салдарынан, елде жаңа салықтар пайда болды.Соғыс жылдарында егістік жер қысқарды, ірі қара мал басы азайды.

Жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағатқа ұзарды. Бағалар артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар азайды. Өнеркәсіп айтарлықтай төмендегендіктен, Қазақстан экономикасы құлдырады, өндіргіш күштердің дамуы тоқтады.

Бұған қоса Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларында болды. Ерлерді майданға шақырды, адамдардың жетіспеушілігінен жұмысшыларды, тұтқындағыларды да майданға алды. 1915 жылы Риддерде әскери тұтқындардың ереуілі болды. Троицк лагері «Өлілер лагері» деген атқа ие болды. Осы жағдайлардың барлығы 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Қоныстандыру саясаты;

2. Салықтар кобеюі;

3. Еңбекшілерді феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;

4. Ұлттық араздықтың өсуі;

5. Соғысқа байланысты халықтың жағдайының нашарлауы;

6. Орыстандыру саясаты.

Қозғаушы күші: қарапайым жұмысшылар.

Барысы: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықты отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтеріліске шығуына бастау болды. Торғай мен Жетісуда танылған жетекшілер А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.

Торғай көтерілісі 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.

1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.

Салдары:

-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.

-161-і каторгаға айналды.

-жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

Жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс стихиялық түрде өтті.

2. Ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.

3. Қарудың жеткіліксіздігі.

4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.

5. Жоспар болмауы.

6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.

7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Көтерілістің тарихи маңызы

- Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.

- Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.

- Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.

- Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.

- Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.

- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

  1. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық - демократиялық төңкерісі және оның Қазақстанға әсері. Қос өкімет жағдайындағы Қазақстан.

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді.

1917 жылдың 2 наурызында II Николай патша тақтан бас тартты. Себебі үкіметті басқару қиын болғандықтан, өз еркімен бастартып билікті өзінің кіші інісі Михаил Александривичқа тапсырған еді. Билік Михаилдың қолында болмады, сондықтан Ресей патшалығының билігі 3 наурыз күні Г.Львов басқарған Уақытша үкіметке ауысты.

Елде қос үкімет орнады:

1)Уақытша үкімет

2)Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі
Уақытша үкіметте ресми билік болғанымен, әлеуметтік тірегі болған жоқ. Уақытша үкімет буржуазиялар мен помещиктердің мүддесін қорғады.

Ал Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесінде мықты әлеуметтік тірек болды, бірақ билікті қолдарына ұстай алмады.Петроград жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі жұмысшылар мен солдаттардың мүддесін қорғады.
Уақытша үкіметтің билік органдары Қазақстандада құрыла бастады:

1) Орал облысы- Б. Ниязов

2)Жетісу облысы- М.Тынышбаев

3)Түркістан – М.Шоқай

4)Торғай облысы- Ә.Бөкейханов комиссар болып тағайындалды.

Цензура жойылды.
Қазақстан жерінде жүргізілген негізгі іс-шаралар :

-1917 жылы 6 наурызда кешірім жарияланды.Бұл кешірім 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске шыққандарға берілген кешірім еді.

1916 жылы ең көп күйзеліске ұшыраған Жетісу облысына көмек берілді;

1917 жылы 20 наурызда дін ұстану еркіндігі мен ұлттардың құқықтарын шектейтін заңның күші жойылды;

1916 жылы әскерге алынғандарды қайтару туралы заң қабылданды;

Уақытша үкіметтен бөлек, жұмысшы, солдат, және шаруа депутаттарының кеңесі Қазақстандада құрылған еді.
Қабылданған қаулылар:
-Қазақстанда 25 кеңес құрылды;
- Саяси тұтқындарды кешіру
-Азық-түлікпен қамтамасыз ету
-Қытайдан босқындарды қайтару.

Қос өкімет 1917 жылдың 27 ақпанынан 4 шілдеге дейін өмір сүрді. 4 шілде күні Петроградта бейбіт шеру болып, арты қарулы қақтығыспен аяқталады. Уақытша үкіметтің қолына билік көшеді. Осы кезден бастап Қос өкімет өмір сүруін тоқтатады.

Ақпан төңкерісінің Қазақстан үшін тарихи маңызы мынадай болды:

Ақпан төңкерісі өлке тұрғындары сана-сезімінің өсуінде аса зор маңызға ие болды;

Қазақ халқының да ұлттық сана-сезімі жаңғырып, қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

Екінші орыс төңкерісі 1917 жылы қазақтарға ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға мүмкіндік берді.



  1. «Алаш» партиясының құрылуы мен қызметі. «Алаш» партиясының бағдарламасы.

1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ ұлт-зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді.Тұңғыш жалпықазақ сьезін шақыру туралы шешім 1917 жылы сәуір айында өткен Торғай облыстық сьезінде қабылданып, сьезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынұлы басқарған қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші жалпықазақ сьезінде төрағасы Ә.Бөкейханов болған Алаш атты партия құрылып, бұл сьезде 14 мәселе қаралды. Олар:1. Мемлекеттік басқару формасы.

2. Автономия құру мәселесі.

3. Жер мәселесі.

4. Халық милициясын құру.

5. Сот ісі.

6. Дін мәселесі.

7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.

8. Құрылтай жиналысын шақыру.

9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.

10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.

11. Халық ағарту ісі.

12. Земство

13. Әйел мәсселесі

14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі,1917 жылы 21 қарашада Алаш партиясының бағдарламасы болып жарияланды.Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады.Алаш партиясының құрамына ғылыми және шығармашылық зиялылардың белгілі өкілдері М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж. Досмұхамедовтер кірді.

Қоғамдық саяси аренада Алаш партиясы небәрі 3 ай ғана қарқынды жұмыс істеді.Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Ресей империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды.


  1. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Мақсаты: уақытша өкіметті құлатып, бұқара халық үкіметін құру. Ал себебі: жұмысшылардың шаруалардың ұлттық мәселелердің шешілмеуі яғни ұлттар теңдігі мәселелерін шешілмеді, халықтың әл-ауқатының көтерілістердің салдарынана төмендеуі, жаппай наразылықтың туындауы.

1917ж 25 қазанда Ленин бастаған рев. Күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Кеңестердің қолына көшті.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру енгізіле бастады. 1917ж қазаннан 1918ж наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Қазақстанда Кеңес өкіметінің құрылуы екі жолмен өтті: бейбіт жолмен-большевиктерге жергілікті жұмысшылар мен кедейлер қолдау көрсеткен өңірлерде және қарулы күрес жолымен-болшевиктерге қарсы реакция неғұрлым қуатты болған жерлерде. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск қаласы болды.

Қазақстанда кеңес өкіметіне орнатуға әр өңірден болшевиктер: Сейфуллин, Иманов, Бокин, Розыбакиев т.б қатысты. Және кеңес өкіметін орнату мен нығайту жұмысына «үш жүз» партиясы белсене қатысты.

Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы

Қиындықтары: әлеуметтік –экономикалық алғышарртардың жоқтығы мен әлеуметтік-экономикалық мешеулік, жұмысшы табының әлсіздігі мен ұлтаралық қатынастардың күрделілігі.

Ерекшелігі: кеңес үкіметінің бейбіт және қарулы күрес жолымен орнауы, кеңес өкіметінің алдымен ірі қалаларда орнауы т.б болып табылады.

Кеңестердің алғашқы қадамдары жаңа билікті орнату мен нығайту және социалистік қайта құрылуға бағытталды.


  1. Алаш автономиясының және Қоқан автономиясының тарихы.

Алаш автономиясы 1917 жылы -13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен II Жалпықазақ съезінде құрылды. Құрамына Бөкей елі , Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Басшысы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Алашорда да 25 орын болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы болды.

Өзін қорғауы үшін Алаш автономиясының Қарулы Күштері құрылып, ол «халықтық милиция» деп аталды. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды.

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы ыдыратып жіберді.

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет

Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады

Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.

Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.



  1. Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Үш Жүз, РСДРП бөлімдері большевиктер, кадеттер, эсерлер.

Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.

1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды.
Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.
1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандарды ұстанды
Үш жүз 1917 жылы қазан—қараша айларында пайда болды. Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ.Тек көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы Шура-И-Ислами болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.


  1. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан, себептері және салдары. «Әскер коммунизм» саясаты.

Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.Төңкеріліс нәтижесінде кеңес үкіметі билікке келді,большевиктер мен кеңес үкіметін жақтаушыларды “қызыл армия” деп атады, ал оларға қарсы топты “ақ гвардияшылар” деп аталды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты. 1918-20жж. Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы Қазақстанды да қамтыды. Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Орынборда болды, онда атаман Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, ауқатты топтар, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. 1920ж. наурызда Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы-Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Солай көктемде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды. Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық- түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизм саясаты орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық- түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі тегін болды. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды.


  1. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автонмиялық Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақстан және Орта Азия республикалары жерлерін ұлттық-территориялық межелеу.

Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін - өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды . Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автонмиялық Социалистік Республикасын 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді .

1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында « Киргиз ( Қазақ Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы » декретке қол қойды . Басында бұл автономия « Қырғыз » деп аталып , 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы « қырғыз » сөзін « қазақ » атауымен алмастырып , бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді . 1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп , кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. Қазақ Акср орталық атқару комитетінің алғашқы төрағасы - Сейткали Меңдешев . Қазақ ревкомының(Қазақ революциялық комитеті) басшысы болып , ұлты поляк , кеңестік тұңғыш комиссар Станислав Пестковский тағайындалды . Қазақ революциялық комитеті құрамына Владимир Лукашев , Әліби Тоқжанұлы Жангелдин , Ахмет Байтұрсынұлы , Мұхамедияр Тұнғаншин , Сейткали Меңдешев , Бақытжан Қаратаев енді . Кейін оның құрамына Александр Авдеев , Әбдірахман Әйтиев , Әлиасқар Әлібеков , Сақыпкерей Арғыншиев , Халел Ғаббасов , Тимофей Седельников , Сәкен Сейфуллин , Виктор Радус Зенькович тартылды . Қазақ революциялық комитеті органы – « Ұшқын » газетін шығарды. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеттің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткен Тоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды. 1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды. 1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының аумағы үштен бірге ұлғайды , халық саны бір жарым миллионға көбейді , олардың жалпы саны 5230 мың адамға жетті . 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар жалпы Қазақстан халқының 61,3 % құрады . 1919 жылдан автономия құрылғанға дейін қырғыз қазақ өлкесін билеген " жоғарғы әскери азаматтық " орган болды .

1921ж. Батыс, Солтүстік Қазақстанда, Батыс Сібірде жер межеленіп бөлуі өткізілген. Орта Азия Казақстан жерлерін ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуіне үлкен дайындалық жұмысы жүргізілгін. 1924ж. 27 қазанда Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің сессиясында үкімет шешімі шығарылды. Шешім бойынша Өзбек КСР, оның құрамында Тәжік АКСР,Түрікмен КСР, Кара-Қырғыз автономиялық облысы РКФСР құрамында, қазақ АКСР оның құрамында Қарақалпақ автономиялық облысы қалыптасты. Ұлттық-аумақтық межеленіп бөлінуінің нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақ-Мешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулие-Ата уезінің көбісі, Ташкент, Мырзашүлт уездері Сырдария облысының; 6 көшпелі болысы Самарканд облысының Джизак уездері берілді. Семей облысында: Алматы, Жаркент, Лепсинск, Қапал уездері Пишлек уезінің Георгиевск, Шу, Қара-Күнус болыстары. ҚАКСР территориясы 700мың км 2 кеңейді, яғни 2,7 млн км 2 , тұрғындар саны 1468 мың адамға өсті, жалпы адам саны – 5 230 мың. 1926ж. халық санағы бойынша қазақтар саны 61,3 % барлық тұрғындардан болған 1925 Республика астанасы Ақ-Мешіт болып табылады, Қызыл-Орда атауына ие болған. 1925ж. Республикаға нақты атауы қайтып берілді – Қазақ республикасы.1928ж. Қазақстанның губернияларға, уездерге, болыстарға бөлінуі жойылды, округтарға және аудандарға бөлінуі кіргізілді. 1919ж. 10 шілдесінде РКФСР халық комиссарлары Кеңесінің Жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Ревком) құрылды.

Орта Азия Республикалары аумағын межелеу – Ресей отаршылары жойған ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысында Орта Азия республикаларының жерлерін белгілеу үшін 1917 – 25 жылдары атқарылған іс-шаралардың нәтижесі. Ақпан революциясынан кейін, бұрынғы патша өкіметіне бағынышты болған Орта Азия елдерінің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мәселесі алдыңғы орынға шықты.Екінші жалпықазақ съезд.Соның ішінде қазақ халқын жер-суымен бір құрылымға біріктіру мақсаты '1917 жылы желтоқсанда өткен Екінші жалпықазақ съезінде көтеріліп, оған қатысушылар: “Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыздың тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға” қаулы алды. Оны жүзеге асыру үшін Алаш үкіметін құрды. Алайда Алаш автономиясын Кеңес үкіметі мойындағысы келмеді. 1918 жылы ақпанда құрамына оңтүстіктегі қазақ аймақтары кіретін Түркістан автономиясы (Қоқан) да большевиктердің қарулы күштерінің арқасында құлатылды.Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы.Оның орнына 1918 жылы 1 мамырда РКСФРқұрамындағы Түркістан Автономиялық Кеңестік Республикасы дүниеге келді. Дегенмен қазақ халқын Кеңес өкіметі жағына шығару мақсатында, В.И. Ленин 1919 жылдың 10 шілдесінде “Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет туралы уақытша ережеге” қол қойды. Комитет мүшелігіне алғашында А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин, Б.Қаратаев, т.б. еніп, әкімшілік орталығы Орынборда орналасты.Сібір Төңкеріс комитеті. 1919 жылы 27 тамызда Сібір өлкесін басқару үшін Сібір Төңкеріс комитеті құрылып, әкімшілік орталығы болып Омбы қаласы белгіленді. Орта жүз қазақтары қоныстанған Сарыарқа атырабы, атап айтқанда, бұрынғы Қостанай уъезді түгелдей Челябі губерниясына қосылып, ал Ақмола облысы Омбы губерниясы атанып, оның құрамына осы облыстан Көкшетау, Атбасар, Петропавл және Омбы уъездері де енді. Павлодар, Қарқаралы, Аягөз, Зайсан және Өскемен уъездері Сибревкомның құзырына көшті.Сібірді аудандарға бөлу қаулысы. Қазақ зиялыларының ұсынысы ескерілмей, 1920 жылы 4 тамызда “Сібірді аудандарға бөлу” деп аталатын қаулы қабылданды. Қаулы бойынша Павлодар уъездерінің солтүстігіндегі 10 болыс, 12 тұзды көл мен бірнеше аудан толық Омбы уъездіне өтіп, Павлодар қаласының төңірегіндегі елді мекендер тұз өндірілетін көлдері мен ормандарын қоса Славгород уъездіне қосылды. Осы мәселеге байланысты басталған екі жақты талас-тартысты шешу үшін 1920 жылы тамызда Ленин бұрынғы Дала өлкесінің батысы мен шығысындағы даулы аймақты бөлшектемей, жаңадан құрылатын Қазақ автономиясы Республикасына тұтас қалпында қосуға нұсқау берді.Қазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы. Толық мақаласы: Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)1920 жылы 26 тамызда қабылданған “Қазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасын құру туралы” Декрет бойынша автономия аумағы Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Закаспийский облысынндағы Маңғыстау уъезді, Красноводск уъездінің Адай болыстары, Астрахань губерниясының Синемор болысы, Бөкей ордасы мен Примор округтеріне тиіп жатқан бұрынғы қазыналық алым алу (оброк) жерлерінің аумағы, 'Жағалық жолақ пен Сафрон, Ганюшин, Николай болыстарының бұрынғы әкімшілік шектерімен белгіленеді. Бүкілресейлік ОАК-тың 1920 жылы 22 қыркүйектегі' декретімен жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ АКСР-іне қосымша Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласы беріліп, 4 – 12 қазанда Қазақстан Кеңестерінің бірінші құрылтай съезі болып өтті. Орынбор қаласы – Қазақстанның алғашқы астанасы болды (1920 – 25). 1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді.Ұлттық-аумақтық межелеу.Қазақ АКСР-і мен Сибревком арасындағы шекараға байланысты даулы мәселе Қазақстан пайдасына шешіліп, 1922 жылы 26 қаңтарда ұлан байтақ жерлер толық, біржола берілді. 1921 жылы11 сәуірде Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу мәселесі көтерілді. Мұндағы халықтардың тарихи байланыстарының тереңдігі мен ұлттардың бір-бірімен аралас және тығыз орналасуы ұлттық республикалардың шекараларын анықтауда көптеген қиындықтар туғызды. Қазақ АКСР-інің басшылығы РК(б)П ОК-нен Жетісу мен Сырдария облысының қазақ аудандарын республика құрамына қосуды сұрап, өтініш білдірді. 1924 жылы 9 сәуірде РК(б)П ОК-нің саяси бюросы жергілікті ұйымдардың ұсыныстарын қарап, Орта Азияны ұлттық республикаларға бөлуге әзірлеу комиссиясын құрды. 1924 жылы 27 – 28 қыркүйекте РК(б)П Қазақ облысы комитетінің (Қазобком) II пленумы болды. Қазақ АКСР ОАК төрағасы С.Меңдешев пен РК(б)П ОК Орта Азиялық Бюросының (Средазбюро) мүшесі С.Қожановтың “Орта Азиядағы ұлттық межелеу туралы” баяндамалары тыңдалып, талқыланды. 


  1. М.Шоқайдың саяси қызметі. Оның «Туркестан под властью Советов» еңбегі.

Мұстафа Шоқайдың өмір жолында маңызды кезең — балалық шағы мен Ташкент гимназиясы, Петербург қаласында оқыған жылдары екендігін атап көрсету қажет. Қайраткердің қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына өскен ортасы үлкен əсер етті. Шоқайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, Абдуақап Қараның көрсетуінше, Ташкентте лицейде оқып жүргенде Түркістанның түрлі аймақтарынан келген əділетсіздікке ұшырағандардың шағымын біліп, құқығын қорғау үшін Мұстафа Шоқай оларға аудармашы болып көмектескен. Мұстафа Шоқайдың ұлт-азаттық қозғалыс басшысы, саясаткер ретінде қалыптасуына белгілі дəрежеде ықпал еткен тұлғаларға тоқтала кетсек, Алаш қозғалысының көсемі Əлихан Бөкейхан оған студент кезінен əсер еткен, оның ұсынысымен Ресей Мемлекеттік думасы Мұсылман фракциясы хатшылығы қызметін атқарған.Ол кейін өзінің «Жас Түркістан» журналында жариялаған бір мақаласында «Əлихан Бөкейхан бізге ұдайы Түркістан мəселесін жете түсіну үшін қазақтың жер-су мəселесін толық білу керек деп ескертетін-ді» деп жазған .М. Шоқайдың рухани кемелденуіне М. Сералин басқарған «Айқап» журналы, «Алаш» партиясының ресми баспасөз органы болған «Қазақ» газеті басқа да басылымдар да ықпал жасаған.Мұстафа Шоқай қызметінің жаңа кезеңі оның Мемлекеттік думаның қызметіне араласып, саяси эмиграцияға ұшыраған кезеңге дейінгі аралықты қамтиды деген пікірдеміз. Бұл қазақ халқының азаттық күресінің басталуымен қатар келеді. ХІХ ғ. аяғы — ХХ ғ. басында саяси, əскери, экономикалық, мəдени отарлауды жан-жақты жүргізген патша үкіметі қазақ халқын мəңгүрттендірудің аз-ақ алдында тұр еді, бұл басқа да отарлық езгіде отырған түркі халықтарына қатысты. Осының бəрін көріп отырған Мұстафа Шоқай мұндай азуы кең алып күшке бүкіл түркі халқы бір азаттық туының астына бірігіп қана қарсылық көрсете алатындығын түсінді. Осыдан туындаған «Тұтас Түркістан» идеясы оның қоғамдық-саяси қызметінің арқауы болды. 1914 ж. Əлихан Бөкейханның ұсынысымен IV Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясының хатшысы қызметіне тағайындалады. Ол Мемлекеттік думаның мүшелері Сералы Лапин, Махмуд Ходжа Бахбуди, Минуар Қары т.б. байланыс жасап, Түркістанның болашағы жайлы талқылап жүрген.1916 ж. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі қатігездікпен басқан кезде Дума жəне үкіметтің тыңдауына арнайы баяндама жасау үшін, əрі материалдар жинақтау үшін депутат, эсер А.Ф. Керенский 1916 ж. күзде Ташкентке келіп қайтады. Оның жанында фракция жетекшісі К.М. Тевкелевпен бірге Мұстафа Шоқай да болады. Ол бұл баяндаманы дайындауға белсенді түрде қатысады.Мұстафа Шоқай, Əлихан Бөкейхан да 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс кезінде көтерілісшілердің патша жарлығына қарсы шығуына қарсы болды. М. Шоқайдың соңында бай мұра қалды. Атап айтсақ, олар 1917 ж. Ташкентте «Ұлұғ Түркістан», Қоқанда «Жаңа Түркістан», 1919 ж. Тбилисиде «Вольные горцы», «На рубеже», 1921 ж. Стамбулда «Шөбнəме газетасы» газеттерін, сондай-ақ «Жаңа дүние» (1920), «Жаңа Түркістан» (1927–1937), «Түркістан» (1935), «Орта Азия» (1928) секілді француз, түрік, орыс тілдерінде кітаптар, «Жас Түркістан» журналын, т.б. көптеген еңбектерін бастырып шығарды Екіншіден, ол М. Шоқайдың туған өлкесі Түркістан өңірінің сан ғасырлық тарихы, оның ішінде Ташкент пен Ақмешіт қалалары Түркістан идеясының қалыптасуына əсер еткен.



  1. 1920 жылғы Қазақстандағы жер - су реформасын жүргізу: барысы, нәтижелері және маңызы.

XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді.

1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді.

1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.

Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.

1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.

Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді.

Одақтың міндеттері :

1)Еңбек артельдерін құру.

2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау.

3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.

1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:

1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.

2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.

3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.

4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.

5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.



  1. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.

РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС - Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:

- Азық-түлік салығының енгізілуі.

- Сауда еркіндігі.

- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.

- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.

- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.

- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.

Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.

Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды

ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:

Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.

1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.

•Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді.

•Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.

2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.

3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.

Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.

ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:

•Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)

•Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.

•Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.

•1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.

•Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.

•Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.

•Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.

•Жерді жалға беруге рұқсат берілді.•Несие берілетін болды.

•«Қосшы Одағы» құрылды.•Жер реформасы жүргізілді

•1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.

Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.

ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер:

• 1921 жылы 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылдады;

• Айырбас жасауға рұқсат етілді;

• Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы

- 7 өлкелік

- 13 губерниялық

- 75 жергілікті жәрмеңке ашылған болатын.

Басты жәрмеңкелер:

1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.

2) Ақмола губерниясында – Атбасар.

3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.

4) Бөкей ордасында – Орда.

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.

• Жеке саудаға рұқсат етілді.

ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:

- 1921–1922 жылдардағы ашаршылық,

- ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады.

- 1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж. маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті.

Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. сом қаржы бөлінді.

- Түркістан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді.

- 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.

ЖЭС – тің жалпы қорытындылары:

•Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.

•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды.

•Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді.

•Өнеркәсіп артта қалды, дамымады.

•Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды.

•Саяси өмірде демократия бұрмаланды.

•Еркіндік мүлде болмады.

•1921-1922 жылдардағы ашаршылық__


  1. 1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.

1921 жылдың жазында Қазақстанның едәуір бөлігін құрғақшылық жайлады, оның алдында күшті жұт болды. Бұл малдың 80% - на дейін өлімге әкелді. 1921 жылғы қарашада ашыққандар саны 1 млн 508 мың адамды құрады, бұл республика халқының 1/3 бөлігі; 1922 жылғы наурызға қарай бұл сан 2 млн 300 мыңнан астам адамға жетті. Тек Батыс Қазақстанда 1922 жылдың маусымына қарай ашыққандар мен науқастар саны халықтың жалпы санының 82% - ға жетті. БОАК декретімен 1921 жылдың жазында Ашыққан аудандар қатарына Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары енгізілді. 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстанда 1 млн-ға жуық адам көз жұмды.

Себептері: қыста қардың, жазда жаңбырдың болмауы, Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың зардап шегуі; мал басының азаюы (халық малды бидайға айырбастады, немесе сойып жеді/сатты)
Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында ашаршылық сондай-ақ азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылығы "артығын"алып қоюы нәтижесінде де мүмкін болды. Мәселен, өнімді Семей және Ақмола губернияларында азық-түлік отрядтары барлық "артық шығынның" 80% - ын алып қойды; Семей және Ақмола губернияларында азық-түлік салығы бойынша 4 млн пұт нан және 24,5 мың пұт май жиналды. Тәркіленген өнімдер-астық, май, ет және т.б. елдің пролетарлық орталықтарына-Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді.
1921 жылы 14 маусымда В. И. Ленин "табиғи ет салығы туралы" декретке қол қойды, ол бойынша көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары ет салығынан босатылды. 1922 жылы ауылшаруашылық техникалары мен құралдарын сатып алуға 25 миллион рубль бөлінді, егіс алаңының 60% себу үшін тұқымдар жіберілді, мал сатып алу үшін 2 131 мың рубль бөлінді, 575 балалар үйі, 9 Балалар баспанасы ұйымдастырылды, шамамен 18,5 мың бала РСФСР-ге эвакуацияланды. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі өзара көмек жөніндегі шаруа комитеттерін ұйымдастыру туралы бастама көтерді.
Ашаршылық, суық және онымен байланысты аурулардың нәтижесінде республиканың көшпелі және жартылай көшпелі аудандарындағы демографиялық ахуал нашарлады - көптеген провинциялардағы ауыл халқының саны 1/3-ке дейін қысқарды, 700 мыңнан астам адам Қазақстаннан кетті.
Билік Қазақ жеріндегі аштыққа бірден көңіл аудармады. Тек халық зиялылары аштықтың ұйымдастырылғаны жайында айта бастағанда ғана, көмек қолы созыла бастады.
1921 жылдың 10 желтоқсанында қазақ қызметкерлері қатысқан кеңесте қырдағы аудан ұшыраған тұрғындарына көмек көрсетуді ұйымдастыру және қазақ қызметкерлерін осы жұмысқа тарту және оларды тиімді пайдалану қаралды. С.Садуақасовтың Қостанайдағы ашыққан халық туралы жазғаны, ел қызметіне белсене араласқан М.Әуезовтың еңбегі, М.Дулатовтың мақаласы көп көмегін тигізді. Олар «көмек көрсетіліп жатыр» деген жерлердің барлығына барып, сол жердегі жағдай туралы жазды. Соның есебінде, билік сол аймақтарға көмек берді.


  1. Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты.

Ф. Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф. Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.

"Кіші Қазанның" мақсаты - қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта