Главная страница
Навигация по странице:

  • Е. Бекмаханов ісі (1951-1952 жж.)

  • 1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму .

  • Халықтың ә

  • Жеңіл

  • Көлік жүйесі кеңейе түсті

  • Ауыл

  • ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.

  • Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.

  • Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы.

  • Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.

  • 1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға.

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница6 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    1940 ж. екінші жартысы -1950 жж. қоғамдық-саяси жағдай. «Бекмаханов ісі».

    Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшіл әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды. 40-50 жылдары әміршіл-әкімшіл жүйе нығая түсті. Бұл жүйенің жетекші күші Коммунистік партия болды.

    Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді. Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына, Батыс және Шығыс Сібірге орналастырылды. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша, күштеп жер аударылғандар саны - 2 млн. 463940 (1946 ж. қазандағы санақ). Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

    Соғыс жылдары Кеңес Одағы ұлттық байлығының үштен бірінен айрылды. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кеңес Армиясы қатарынан әскерлерді босату жүргізілді (демобилизация).

    Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең.

    40-жылдардың екінші жартысы - 50-жылдардың басы - кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды «алтын ғасыр» деп атайды.

    Сталиннің қазасынан кейін (1953 жыл 5 наурыз) аппаратқа, қуғындаушы органдарға сүйенген жүйе дәуірі аяқталды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап игі істер атқарылды.

    Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3-орынға шықты.

    Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 100 млн. - 1 млрд 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін облыстар: Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдіктер жасалды.

    60-жылдардың ортасындағы жүргізілген шаралар - соғыстан кейінгі кезең ішіндегі экономиканы қайта құруға бағытталған ең ірі ұмтылыс.

    1960 ж. ортасынан 1980ж. ортасына дейінгі кезең - тоқырау жылдары. Тоқырау кезеңінің идеологиясындағы басты бағыттардың бірі - орыстандыру саясаты.

    Е. Бекмаханов ісі (1951-1952 жж.)

    Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.

    Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.

    Е. Бекмаханов ісі.Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.

    1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.


    1. 1946-1953 жж. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму.

    II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді.Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды.

    Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді.Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

    Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді.Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.

    1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды.Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.

    Халықтың әлеуметтік жағдайы. Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.

    Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.

    Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
    Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны әлдеқайда жоғарылады. 1 млн. 403000-ға жетті.

    Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті.1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді.1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды.


    1. ХХ ғасырдың 40 ж. екінші жартысы -1950 жж. Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім беру.

    Қазақстанда соғыстан кейін өнеркәсіп орындарының көбеюі, ауыл шаруашылығының дамуы шеберлігі жоғары мамандарды талап етті. Осы міндеттерді шешу мақсатында 1947 жылы қарашада «Қазақ КСР-де жоғары және орта білімді бұрынғыдан әрі жетілдіру шаралары туралы» қаулы қабылдап, ол бойынша республикаға мектептер мен оқу орындарының құрылысына, оларды материалдық – техникалық базасын жабдықтауға қаржы бөлінді. Қазақстанға кәсіби мамандар жіберілді. 60 – мыңнан астам мамандар даярланды. Мектептерге мол қаржы бөлді. 1946 жылы – 85,6 млн сом бөлінсе, 1950 жылы – 146,5 млн сом бөлінді. Интернаттар жүйесі құрылып, 1953 жылы оларда 40 мыңдай бала оқыды. 1950 жылы білім беру жүйесінде жалпыға бірдей міндетті он жылдық білім алуға көшті. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылды. 1950 жылы - 9088 мектепте 1 млн 143 мың оқушы оқыды. Соған қарамай кемшіліктер болды. Олар: оқу бөлмелері, оқулықтар жетіспеді.

    Әдебиетте даму жағдайында болды. 1947 жылы М.Әуезов өзінің «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 жылы оған бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастарының басынан өткен қиындықтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», Ғ.Мүсіреповтің – «Қазақ солдаты» тағы басқа шығармаларымен поэзияларда көркемдік бейнесін тапты. Соған қарамастан 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жат ұғымдарды баяндайтын қазақ әдебиеті оқулықтарының басылымдарын алып тастауғы» бұйрық берілді. Осы жылы « Абай мектебі аталатын буржуазиялық объективтік тұжырымның ғылымға қарсы » екендігі жарияланды. Ұлы Абайдың есімінің аталуына тыйым салу қаупі пайда болды. Сондай – ақ «Ер – сайын», «Едіге», «Орақ пен Мамай», «Батыр Шора» сияқты шығармаларды басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды: цензура күшейді, Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы шығару Главлит рұқсатымен ғана шығарылды. М.Әуезовтің Абай романы «ұлтышлдық пен байшылдық» мағынада жазылған деп, қайта жазылды.

    Қазақстан Ғылым академиясының ашылуы.

    Еліміздің ғылыми әлеуеті де арта түсті. Республиканың мәдени өмірінде ерекше

    оқиға – 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. Тұңғыш

    президенті Қ.И.Сәтбаев ( 1899 – 1964 ж.) 1950 жылдың соңында Қазақ

    КСР ҒА жүйесінде 50 ғылыми – зерттеу мекемесі, 19 институт, 13 сектор,

    2 мұражай, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база жұмыс істеді. 500 –

    ге жуық аспирант оқыды.

    Қоғамдық ғылымдарға қысым жасалуы.

    Қоғамдық ғылымдар ерекше күрделі жағдайларда ( Сталиндік кезең, партия комитетінің қатаң қадағалауы) дамыды.

    1946 жылы 14 тамыз БК(б)П Орталық Комитеттің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулысы шықты. Бұл қаулы бойынша «басқаша ойлайтын» адамдарды қудалаудың жаңа науқанын бастады.

    1947 жылы наурыз – Қазақстан Компартиясы ОК-нің «тарихты, әдебиетті, өнерді зерттеуде орын алған саяси қателіктер мен ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы күресті өрістету туралы» қаулысы қабылданды.

    1947 жылы 21 қаңтар – «Қазақ КСР Ғылым академиялық тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулы шықты. Қаралған мәселе: Қазақ халқының революцияға дейінгі, әсіресе XIX ғасырдың рухани мұрасын ғылыми зерттеуге тыйым салу. Осы кезеңде Мәскеу мен Ленинградта «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» деген науқан жүріп жатқанда. Қазақстанда «Бекмаханов ісі» дейтін іс қолдан жасалды.


    1. Қазақстандық ғылымның қалыптасуы және дамуы. Қаз КСР ҒА құрылуы. Қ.И.Сатпаев – ғалым және ғылымды ұйымдастырушы.

    Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.

    Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты.Ғылым орталығы жаңадан ашылған кезде оның құрамында минералдық ресурстар, физика-математикалық, биология және медицина ғылымдары сондай-ақ, қоғамдық ғылыми-зерттеу бөлімдері жұмыс істеді. Аталмыш, бөлімдердің құрамында ғылыми зерттеу институттары мен секторлар жұмыс істеді.

    Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, секторлар, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, кабинеттер мен комиссиялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді. Алғаш құрылған кездегі Ғылым академиясының құрамында 5 бөлім, 24 институт, 2 сектор болды. Академия құрылмай тұрып, Қазақ ССР ҒА қазақ филиалы болған кезде 1942 ж. астрономия және физика, тарих, тіл және әдебиет, сондай-ақ, химия-металлургиялық атты 3 институт болған еді. 1950 ж. астрономия және физика ғылыми зерттеу орталығынан астрофизика институты бөлініп шығады. Яғни, ол Қазақ КСР ҒА болып өз еншісін алған кездегі алғашқы құрылған институт болып табылады. Оның негізгі зерттеу нысаны: аспан денелері, жұлдызаралық материя табиғаты, аспанның денелерінің химиялық құрамын анықтау болып табылады

    Ғылым Академиясының жаңа ғылыми-зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады. Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40 жылдардың соңы мен 50 жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ. Сатпаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сатпаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді

    Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді.


    1. 1953-1964 жж. өнеркәсіптің дамуы. Теміртаудағы оқиға.

    Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде

    1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды,

    2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта