Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.

  • Қазақстанға корейлердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.

  • Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.

  • Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.

  • Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.

  • Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.

  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым , мәдениет және халыққа білім беру .

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница5 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы.

    ХХ ғасырдың 20-30 жж Қазақстанда театр, музыка, бейнелеу өнері және әдебиеттің дамуы
    Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті.

    1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі мынадай болды:

    • ұлттық өнерді зерттеу;

    • қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

    • қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;

    • қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
    1928 жылы Қазақ АКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. 1932 жылы жарық көрген «Әдеби-көркем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулыға сәйкес республикада 1933 жылы Суретшілер одағы құрылды.
    1934 жылы 8 мамыр күні Мәскеудегі Шығыс мәдениеті мұражайында «Кеңестік Қазақстан өнері» көрмесі ашылды. Онда Н.Крутильников, Қ.Қожықов, Ө.Исмаилов, т.б. суретшілердің шығармалары қойылды. 1935 жылы «Қазақстандағы Кеңес өкіметіне 15 жыл» көрмесінің базасында Қазақ мемлекеттік Көркем өнер галереясы құрылды.
    20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съезде көтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.


    1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.

    Еділ немістерінің автономиялық республикасын жою, Еділ бойындағы, Украинадағы, Әзірбайжандағы, Ленинград облысында және басқа жерлерде неміс ауылдарын қирату, мыңдаған жазықсыз адамдарды жер аудару болды. Ресейлік немістерді Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен және Кавказдан депортациялау 1941 жылдың шілдесінде басталды. Неміс халқы Украина мен Еділден жер аударылды. 1941 жылы 28 тамызда «Еділ бойында тұратын немістерді қоныстандыру туралы» Жарлық жарияланды. Калинин мен Горкин Еділ немістерінің арасында мыңдаған деверсанттар бар деген құжатқа қол қойып, Немістерге жаза қолданып, оларды жер аудартты. Еділ немістерін «қоныстандыру» орындары «Новосибирск пен Омбы облыстарының, Алтай өлкесінің, Қазақстан мен басқа да көрші аудандардың егістік жерлерге толы аудандары» болды. Ресейлік немістердің тағы бір бөлігі Вермахт басып алған территорияға түсіп, Германия мен Польшаға апарылды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Кеңес Одағына оралды, сонымен бірге Сібірде, Қазақстанда және басқа да жер аударылғандарда, НКВД-ның бақылауымен «арнайы қоныста» болды. Мәліметтер бойынша 1945-1946 жылдары Қазақстанда 530 мыңға жуық немістер өмір сүрді. Немістердің Қазақстандағы тұрғылықты жері негізінен Қарағанды, Қостанай, Целиноград, Павлодар, Семей, Көкшетау, Жамбыл облыстары болды.



    1. Қазақстанға корейлердің депортациясы: тарихы және тағдырлары.


    Алғашқы корей қоныстанушылары республика аумағында XIX ғасырдың соңында пайда болғанына қарамастан, Қазақстанның қазіргі корейлерінің көпшілігі Сталиннің Жарлығы бойынша депортацияланған Қиыр Шығыс корейлері қауымының ұрпақтары болып табылады. Кеңестік Қиыр Шығыстағы барлық корей халқы күштеп депортацияға ұшырады. Депортация режимі мен шарттары өте қатал болды. 172 мың этникалық кәріс Қоныс аударушылар Барлық облыстар бойынша орналастырылды, және бүкіл халыққа келтірілген реніштің қарамастан, жаңа орында жайғастыру процесіне және еңбек қызметіне белсенді түрде қосылды. Осылайша, 1937 жылы корейлер Қазақстанға жаппай жер аударылған алғашқы этникалық диаспора болды. КСРО-ның ыдырауы қазақстандық корейлерді Қырғызстандағы, Өзбекстандағы, Ресейдегі және ТМД-ның басқа елдеріндегі корей диаспораларынан біртіндеп оқшаулауға әкелді. Қазақстан аумағындағы өзінің салыстырмалы түрде қысқа тарихында кәрістер мәдени, экономикалық және демографиялық қатынастарда айтарлықтай өзгере алды. Тарихи тұрғыдан корейлерді орналастырудың басты пункті Қазақстанның Қызылорда облысы болды, оған корейлердің ең үлкен тобы көшірілді.]. Бірақ көп ұзамай кәрістердің жаңа ұрпақтары республикадағы урбанизация процестеріне тартылып, ғылымды игеруде, әлеуметтік мобильділікке ие болды.


    1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.

    Соғыс ортасында Закавказье асуынан өтуге неміс басқыншыларына жәрдемдесті деп «гитлер-фашистерінің агенттерін қудалау» басталды. Онда Солтүстік Кавказдан шешен, ингуш, қарашай, қалмақ, түрік, күрдтер жер аударылды. Мұнда барлық қарашай халқына жағылған күйе еді. Қарашайлар 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін немістер қол астында болған еді. Қарашайлар неліктен немістермен тіл табысты дегенге келсек, олардың ойынша: 1. Тәуелсіз ұлттық басқару жүйесі қалпына келтіріледі және дінді қоса алғанда, өмірдің барлық салаларында халыққа толық еркіндік беріледі; 2. Колхоздардың орнына жекеменшік жүйесі енгізіледі; 3. Орыстар күштеп екіге айырған қарашай – балқар халқы қайтадан біріктіріледі. Бұл бастамалар қарашай халқының немістерге жақтаса отырып, орыстарға қарсы қимылдауына ықпал еткен еді. Айта кеткен жөн, немістер өздері басып алған жерлерде орыс емес, діні басқа аз халықтардың бәрін оларды Ресейден бөлшектеу үшін, шынында да, жоғарыдағыдай кеңшіліктер берді. Ал мұндай тәуелсіздік, әрине, ол халықтардың ғасырлар бойғы арманы еді. Сондықтан да немістермен түсінісуге барған халықтарды жаппай сатқынға балау тіптен де дұрыс емес. Ұлттық және рухани тәуелсіздік бәрінен де қымбат екенін ұмытпалық . бірақ Сталин басқарған тоталитарлық жүйе мұндай пиғылды мүлде басқаша қабылдап, оларға былай деп кінә тақты: «Қарашай Республикасына басып кірген кезде көптеген қарашайлықтар опасыздық көрсетіп, сатқындық жасаған. Көптеген адамдарды немістерге ұстап берген, неміс фашистерінің құрған ұйымына кіріп, кеңес үкіметіне қарсы соғысқан. Немістердің Закавказье асуынан өтер кезде оларға жол көрсетіп, тиісті жерлеріне дейін алып барған. Ал неміс басқыншылары бұл жерден қуылғаннан кейін, үкімет құрығынан қашып жүрген бандиттерді, гитлер фашистерінің агенттерін қудалау, ұстау басталды» деп атап көрсетілді. Бұнда кінәлі деген азаматтар ғана жазаланудың орнына тұтастай халыққа жазалау жүргізілді. Әрбірінен осындай «кінә» тауып, туған жерінен бүкіл халықты басқа өңірге қоныс аудару жөнсіздік болып отырғаны сөзсіз еді. Көшірілместен бұрын Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің 1943 жылғы 12 қазандағы «Қарашай автономиялық облысын жою және оның территориялық әкімшілігінің құрылымы туралы» қаулысымен қарашай халқы туған атамекендерінен қуылды. 1943 жылы 2 қараша күні таңға жақын барлық қарашай ауылдарын кеңес әскери бөлімшелері қоршап алды ... Таңғы сағат 4-те әр қарашайлардың үйіне қарулы кеңес әскерлері кірді. Бесікте ұйықтап жатқан балаларынан бастап ауру қарттарға дейін қатал бұйрықпен төсектерінен тұрғызылды. Жолға дайындалу үшін 30 минут уақыт беріліп, 36 килограммнан артық жүк алуға болмайтыны ескертілді. Қарашай халқын жаппай жер аудару осындай бір қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Бұған қарсы шыққан жүздеген қарашай тұрғыны орнында атылды. Ертеңгі сағат 10-да қарашайларға лық болған мал вагондары жүруге дайын тұрды. Ол вагондарда 63323 жазықсыз қарашай бар еді. Бұлардың 32929 – балалар, 18993-і әйелдер, 11401-і еркектер болатын. Еркектердің бәрі дерлік қарттар және соғыстан жараланып келгендер еді. Дені сау еркектердің барлығы кеңес әскерлерінің түрлі майдандарында қару астында тұрған. Қарашайлар жер аударылысымен кеңес әскеріндегі қарашайлар да бөлімшелерінен алынып, жер аудару орындарына жіберілді. Осылайша 1943-1944 жылдары Солтүстік Кавказ халықтары күштеп көшірілді. 1943 жылдың 27 желтоқсанында «Қалмақ автономиясын жою және Астрахань республикасын құру туралы» деген қаулы негізінде қалмақтар жан-жаққа көшірілді. 1943 жылы қыркүйекте 70 мың қарашай, сол жылдың қазанында 94 мың қалмақ күштеп көшірілді


    1. Ұлы Отан соғысының басталуы.Қазақстан экономикасын ҰОС жылдарында соғыс жағдайына қарай қайта құру және эвакуация.

    Фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп ұлттың жасанды жəне тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат (құранды) деп есептеді.

    КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады: Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы, Украина, Московия – Ресей, Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).

    “Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Əзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат жəне азық-түлік базасын жасау белгіленді. Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтіп, әрбір бесінш іқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға жақын өңірлерден көшіріліп əкелінген 27 əскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды

    1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне қомақты сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында шығарылған үш миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып алып, Қорғаныс қорын молайтқан. Қарағандының шахтерлері, Балқаш металлургтері, Жезқазғанның мыс қорытушылары, Шымкенттің қорғасыншылары, Ембі мұнайшылары, Түркістан-Сібір және Қарағанды темір жолдарыныңтеміржолшылары жоғары патриотизм мен ұйымшылдық көрсете отырып, тыл еңбеккерлерінің күрделі әскери-шаруашылық міндеттерді шешкен кезде алдыңғы сапында болды.

    Қазақстанның теміржолшылары да аса зор жұмыс атқарды. 1941-1942 жылдары теміржол бойымен Қазақстанға бір миллионға жуық эвакуацияланған халық, өнеркәсіп орындары жабдықтарының аса зор көлемі көшіріліп әкелінді. Теміржол транспорты майданды не қажеттің бәрімен жабдықтап қоймай, сонымен бірге қорғаныс заводтарына қажетті стратегиялық шикізат жеткізіп отырды. Поездардың жүрісі айрықша әскери графикке көшірілді.

    Қарағанды-Магнитогорск теміржолының жүк өткізу қабілетін арттыру үшін Ақмола-Қарталы линиясы қатарға қосылды.Түркістан-сібір жолының 1941 жылғы 29 желтоқсанда СССР қатынас жолдары халық комиссариатына жолдаған мына телеграммасы Қазакстан теміржолшыларының іркілсіз жұмысын сипаттайды: “Түрксіб жылдық жоспары 251 850 вагон болған жағдайда 28 желтоқсанда 254 623 вагон тиеді. Жылдық жоспар мерзімнен бұрын орындалды. Жылдық жоспардан тыс 8200 вагон құрылыс жүгі тиелді.”



    1. Ұлттық әскери құрамалардың ұйымдастырылуы. Ұлы Отан соғысы майдандарына қазақстандықтардың қатысуы.


    Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводыЗапорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.


    1. Қазақстандықтардың майдандардағы қимылдарға және партизан қозғалыстарына қатысуы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың әскери ерліктері.

    Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар, астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке əңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу жəне жаудың түпкілікті талқандалатындығына сенімді қолдады. Қорыта келе, неміс-фашист əскерлерімен басып алынған территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси жəне əскери нəтижесі бойынша фашизмді талқандаудың маңызды əскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отан алдындағы борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мəселе əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
    Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.


    1. Қазақстан – майдан арсеналы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі жетістіктері.

    1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. Тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. Тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. Күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. Күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. Тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді


    1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.

    Ұлы Отан соғысының зардабы халықтың ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ. Соғыс жылдары мектепте мұғалімдердің және оқу құралдарының жетімсіздігіне қарамастан, балаларды жаппай оқуға тарту жұмыстары тоқтатылған жоқ, жеке пәндерді оқытуда балаларды патриоттық идеяда тәрбиелеу мәселесіне көп көңіл бөлінді, дене тәрбиесі дамытылды, жастарға ауыл шаруашылығына араласу мәселелеріне жете көңіл бөлінді. 1944-1945жж оқушылар мектепке 7 жастан алына бастады. Мектепті тастап, еңбекке араласқан жастар үшін кешкі мектептер ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп өміріне аздаған өзгерістер енгізілді. Бастауыш кластарда тарих, география, жаратылыс пәндері жеке оқытылмай, оқу сабағына қосылды. Мeктeп жұмысында біршама кемшіліктер де орын алды. Оқытуда формализмге жол берілген жағдайлар да болды. Әсіресе орыс тілін оқытуда елеулі кемшіліктер кездесті, оқыту өмірден алшаң, мектеп бітірген жастардың практикалық даярлығы шамалы болды. Оқытуда социалистік жарыстың орын алуы балаларға көтерме баға қоюға әкеп соқты. Сондықтан оқу жұмысында социалистік жарысқа тыйым салынды. 1944 жылдың январында балалардың сабақ үлгіріміне 5 балдың баға қою жүйесі енгізілді. Бұл жаңалық мұғалімдерден баға қоюға жауапты қарауды талап етті. 1943 жылы енгізілген ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде өзгертілді.Бастауыш және 7 жылдық мектепті бітірушілер мектеп бітіру емтихандарын, ал мектепті бітірушілер кәмелеттік аттестат алу емтихандарын тапсыруға міндеттелді.

    Ұлы Отан Соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майдандағы кеңістік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылар мен колхозшылардың тылдағы даңқты істерімен қатар Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына өзіндік жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы патриотизм және Отанды қорғау. Ж.Жабаевтың Ленинградтық өренім, Ә.Тәжібаевтың Ленинград өлеңдері, З.Шашкин, Қ,Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке бегілі болды. Қазақстан өнер шеберлерінің бригадалары майданға аттанды 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттерінде, әскери бөлімшелерде, шекаралық заставаларда концерттер берілді. Жалпы 36,5 мың концерт қойып, оларды 9 миллионнан астам көрермендер тамашалады. «Екі жауынгер», «Майдан», «Ол Отанын қорғайды», «Күт мені» және т.б миллиондаған адамдарды патриотизмге тәрбиелеуге үлкен ықпал жасаған, кинолар түсірілді.Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс жылдарында опера өнері дами түсті. «Гвардия, алға!», «Абай» опералары қойылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды.Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С.Ильюшин, А.Микоян, С.Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В.Климов, А.Микулин, А.Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алды.Осы кезеңде көптеген ғалымдар мартен пештерінің жұмысын жақсарту, металдың жаңа түрлерін шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды.

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта