Главная страница
Навигация по странице:

  • Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

  • Тың игерудің пайдасы.

  • Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ сьезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.

  • Ауыл шаруашылығы.

  • Ғылыми- техни калық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа .

  • 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының э кстенсив ті жолы .

  • XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы - 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.

  • XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница7 из 12
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

    Теміртаудағы оқиға.

    Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. еміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығыауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Алғашқы құқық қорғау әрекеттері біртіндеп тәртіп бұзушылықка ұласты. Өкінішке орай жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобыры пайдаланып кетті. Олар дүкендерді, базарды, асхананы тонады, милицияның қалалық бөлімін қоршауға алды. Көтеріліс үш күнге созылды. Оны басуға әскерлер тартылды, қару қолданылды. Көтеріліске қатысқандардың ішінде мерт болғандар, ал әскерлер мен милиция қызметкерлерінің қатарынан жараланғандар мен мертіккендер болды. Болған оқиғаларар жайында БАҚ ешқандай хабар бермеді. Теміртау жұмысшыларының ұйымдастырушылары сотталды.


    1. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру.

    1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

    Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

    1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

    1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

    Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

    1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).

    2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.

    3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.

    4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.

    5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.

    6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

    7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.

    8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

    Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
    Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

    1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.

    2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

    3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.

    4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.

    5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.

    6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.

    7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

    8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.

    9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.

    10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.


    1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық – өмір. КОКП-ның ХХ сьезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау.

    II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

    Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

    Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.

    1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.Халықтың әлеуметтік жағдайы .

    Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті

    КОКП ХХ съезді Мәскеуде 1956 жылғы 14-25 ақпанда өтті. Шешуші даусымен 1349 делегат және кеңесші даусымен 81 делегат қатысты, олар 6 795 896 партия мүшелерін және 419 609 партия мүшесіне кандидаттарды усынды.20-съезд Сталинге жеке табынудан және оның зардаптарынан еңсеру жайында мәселені қарастырды. Онымен қабылданған қарарда партия өмірінің лениндік нормаларын қалпына келтіру, партия ішілік демократияны дамыту жөнінде ОК жүргізген қомақты жұмысы мақұлданды. Съезд ОК марксизм-ленинизмге жат жеке басқа табынудан толық еңсеруді, партиялық, мемлекеттік және идеологиялық жұмыстың бүкіл саласында оның зардаптарын жоюды, партия өмірінің лениндік нормаларын және басшылық етудің ұжымшылдық қағидаттарын қатаң сақтауды қамтамасыз ететін шараларды біртіндеп жүзеге асыруды ұсынды. Жеке басқа табынуды сынағанда партия тарихтағы халық бұқарасының, партия және жеке тұлғаның рөлі туралы, саяси басшының атқарған істері қаншалықты зор болса да, жеке басқа табынуды болдырмау туралы марксизм-ленинизм ережелерін басшылыққа алды. 20-съезд өткен соң, оның шешімдерін дамыту үшін КОКП ОК 1956 жылғы 30 маусымдағы «Жеке басқа табынуды және оның зардаптарын еңсеру туралы» арнайы қаулысы жарияланды. Съезд шешімін коммунистік партия, кеңес халқы, бауырлас коммунистік және жұмыс партиялары мақұлдап, қолдады


    1. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.

    60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады.

    • 1965 жылғы қыркүйек – КОКП Орталық Комитетінің пленумы өнеркәсіпті дамытуға арналды. Міндеттері:

    ✓ Өнеркәсіпті салалық ұстаным бойынша басқару.

    ✓ Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру.

    ✓ Кәсіпорындар дербестігін арттыру.

    ✓ Шаруашылық есепті дамыту.

    ✓ Экономикалық ынталандыру мен материалдық көтермелеу.

    • 1965 жыл – КСРО Жоғары Кеңесінің сессиясы «Өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту» және «Мемлекеттік басқарудың органдарын өзгеше құру туралы» Заң қабылдады.✓ Кейбір кәсіпорындар біріктірілді.

    ✓ Өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-қағаз және ағаш өңдеу, азық-түлік т.б.

    • 1965 жылы экономиканы басқаруда – одақтық республикалық министрліктер құрылды.

    Бұл шаралар экономикадағы жағдайды көтеруге алғышарттар туғызды.

    Ғылыми-техникалық прогресс – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі – 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа сапар шегуі болды. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды.

    Өндірісті электрлендіру – Ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі. Бұл саланың нәтижелері:

    ✓ Қарағанды екінші МАЭС пен Бұқтырма су-электр станциясы техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуымен ерекшеленді.

    ✓ 45 мың шақырымнан астам жоғары қуатты электр тасымалдау жүйелері салынды.

    ✓ 1960 ж. Екінші жартысы – жамбыл электр станциясы салынды.

    ✓ 1972 жыл – Қапшағай электр станциясы салынды.

    Электр қуатын өндіру артты:

    1970 жылы – 34,7 млрд.квт/сағ.

    1984 жылы – 74,6 млрд.квт/сағ.

    Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесінде Шымкенттегі М.И. Калинин атындағы зауытта жұмыс технологиясы жақсартылды. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.

    1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми-технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестену тоқтатылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие және т.б ретке келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүддесіне баса назар аударылды. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Ауылшаруашылығы шикізатының мол болуы 1960 жылдар ішінде Қазақстанда жеңіл және тамақөнеркәсібін дамытуға ықпал етті. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптен 14 кәсіпорын салынды.


    1. 1965-66 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы. Экономиканың дамуының экстенсивті жолы.

    1960-1970 жж. экономиканы реформалау әрекеттері.1965 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықта жоспарлау жүйесі бойынша Қазақстанда 1578 кәсіпорын жұмыс істеді. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді. Осының салдарынан 1970ж. басында экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған идеялары бұрмаланды. Реформаның негізгі мақсаты – кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін жоспарлы кеңейту-тек көрсеткіштерді кемітуге және коллективтердің көтермелеу қорларын қалыптастыру болды. Көптеген кәсіпорындар пайда табудың қызығына беріліп, өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсуі есебінен алынған пайда жалақыны көбейтуге мүмкіндік берді, оның өсуі еңбек өсімділігінің өсуін басып озды, мұның өзі 1970ж. бас. ақпараттық процестердің басталуының себебі болды, бұл экономиканың дамуына теріс ықпал жасады. Кәсіпорындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомстволардың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті.

    Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Л.И. Брежнев пен оның төңірегінділер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды. 70ж. бас. Реформаны жүргізу тоқтатылды.

    Экстенсивті Даму Жолы – экономиканың бұрынғы техникалық негіздерін сақтай отырып, сандық факторлар: қосымша жұмыс күшін тарту, кәсіпорындардың, цехтардың, телімдердің санын, жаңа құрылыс нысандарын көбейту есебінен өндірістің көлемін ұлғайту тәсілі. Экстентивті даму жолында өндіріске ресурстар (табиғи, еңбек, материалдық ресурстар) көп көлемде тартылады, бірақ бұл орайда техника мен технологияда, еңбекті ұйымдастыруда, қызметкерлердің біліктілігінде елеулі өзгерістер болмайды. Ауыл шаруашылығында Экстенсивті даму жолының экономика өсуіне шаруашылық айналымға жаңа жер телімдерін тарту, материалдық-тех. базаны өзгертпестен өсімдіктердің бұрыннан қолданылып келе жатқан сорттарын, мал тұқымдарын пайдалана отырып, өндірісті кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Өндірістің экстенсивті жолмен даму мүмкіндіктері салыстырмалы түрде шектеулі. Өйткені экономика дамуының әрбір кезеңінде қызметкерлер санын көбейтудің, айналымға қосымша ресурстар (шикізат, материалдар, отын, т.б.) тартудың белгілі бір шегі бар. Іс жүзінде экстенсивті және интенсивті даму жолдары таза түрінде болмайды, олар бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан басым экстенсивті және басым интенсивті даму жолдарына ажыратылады.

    Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімі көлемін көбейту.



    1. XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысы - 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.

    ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті. Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен ұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жылдары жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды немесе комплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жарысты ұйымдастыру жасанды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бұл жылдары жарысқа жұмысшылардың 90% қатысқанымен, мұның өндірістің өсу қарқынына, еңбек өнімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетілдіруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқұрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді. ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.


    1. XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана – сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі («Жас Тұлпар»).

    XX ғасырдың 60-шы,70-ші жылдарында қазақ жастарының санасын серпілткен «Жас тұлпар» ұйымы болды. Бұл қозғалыс жастұлпарлықтардың өмір жолы, жастардың Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күресі ғана емес, бұл қазақ қауымының үлкен бір тарихи белесі. Бүгінгі жастарымыз, болашақ ұрпақтарымыз мақтанышпен айтар, үлгі-өнеге алып, жадында сақтар, ұлт рухының асқақтығын көрсетер тарихи алтын кезең. Қазақ халқының «кіндік кезеңінде» 1963 жылдың қараша айында Мәскеу қаласында «Жас тұлпар» ұйымының ресми құрылып, тарих сахнасына шығуы – осындай рухани қажеттіліктен туды. Жастұлпарлықтар Кеңестік өкімет қолданған интернационалистік идеологияның қазақ ұлтының тамырына балта шауып жатқанын жай біліп отыра берген жоқ, оған ұлт құндылықтарын, қазақ өнерін қарсы қоюға ұмтылыс жасады.Өмірдегі қасіретті өнердегі көркем дүние арқылы көпшілікке жеткізу қазақтың сүйекке сіңген ата салты. Тәуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар қозғалысының көш басында Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжанов, Алтай Қадыржанов,Әнуар Сартбаев,Болат Хисаров,Темірхан Бектібаев, Серік Байкенов, Мақаш Тәтімов, Советқазы Ақатаев, Марат Балтабаев, тағы басқалары болды. Жастұлпарлықтардың бәрі дерлік өз ойларын жетер жеріне жеткізе алатын, сөздері өткір, топ жарған Ресейде оқитын қазақтың жайсаң ұлдары мен қыздары еді. Қорқыт ата, Асан ата, Бұқар жыраудай ұлтымыздың алтын діңгектерінің жалғасы Алаш зиялылары болса, солардың барлықтарының ой-армандарын өздеріне ту қылған жаңа ұрпақ тарихқа «Мен қазақпын!» деп атойлап кірді. Орнында бар оңалар.Тәуекел түбі жел қайық,өтерсің де кетерсің.Нар тәуекелге бармасқа амалдары жоқ. Күш-жігер, ар-намыстары кеуделерін қысқан қазақ жастары күреске шықпай тұра алмады. Жастұлпарлықтар Алаш зиялыларындай басшысы дана, қоғамы дара,ел еңсесі биік,ердің бағы жанып, ұлты бақытты болатын кезеңді аңсады. Ұлттық мүдде, болашақ ұрпақ қамы болатын ой-арман Мәскеу, Ленинград және басқа Ресей қалаларында оқитын қазақ жастарының басын біріктірді. Олар жас болса да ұлт тағдыры үшін өздерінің жауапкершіліктерін сезді. Қазақ қоғамының өткен асылдарын жоғалтпай, өркениет көшінен өзіне тиесілі орын алуын көкседі. Адамзат тарихында не істелсе де ұлттық мүдде үшін істелетінін көрсетті. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған Алаш қозғалысы десек, 40 жылдан соң сол Ұлы арманды халқына жеткізуге талпынған «Жас тұлпар» ұйымы болды. Әр заман әркімнің алдына өз сұрақтарын қояды.Өмір,тәжірибе, мақсат та әртүрлі болады. Жастұлпарлықтардың Отанының тағдырына байланысты мақсаттары айқын болды.Тұманды күнгі дүниедей әлдебір буалдыр ұғымға малданып жүре беретіндердің саны көбейген заманда олардың саяси аренаға шығуы Ұлттық рухымыздың барлығының көрінісі. Қазақтың бойында қашан да ұлттық рух сөнбеген. Жастұлпарлықтар басқа қалаларда ұйымның бөлімшелерін ашудан басқа үш бағытта жұмыс жасады. Бірінші бағыт, Қазақстаннан тыс жерде оқитын қазақ жастарына көмек көрсету. Ұйымшылдық, бауырмашылық және қолқабыс мәселелері. Екіншісі, қысқы-жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап, елмен танысу, бұқара халықпен тікелей байланыс орнату. Үшінші бағыт, бұл – ұлт мәселесі. Кітапханалардағы ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды зерделеу. Ұлттың өткені мен болашағы, тағысын тағылар жөнінде кең көлемдегі пікір алысулар. Жалпы бағдарлама үш бағытта ғана болғанымен, олар алдарына үлкен көп салалы, жан-жақты мақсаттар қоя алды. Ең бастысы, тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге жол іздеді.

    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


    написать администратору сайта