Главная страница
Навигация по странице:

  • «Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. КазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.). Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы

  • Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД).

  • Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.

  • Саяси партиялардың және партиялық жүйелердің құрылуы. Саяси партиялар жөніндегі заң және оның маңызы. Саяси партия

  • Партиялық жүйе

  • Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. ҚР қоғамдық қозғалыс.

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница9 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары. Себептері, сылтауы және салдары.


    Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т. б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды.

    Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.


    1. «Тіл туралы Заңның» қабылдануы және оның маңызы. КазКСР мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларация (1990 ж.).

    Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты


    1. Кеңестер Одағының ыдырауы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (ТМД).

    1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы – басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау – партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті.

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.


    1. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» Конституциялық заң.


    1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады [1]. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең—байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін» [2, 3 б.]. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй—тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды [3, 58 б.]. АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, т.б. ірі—ірі мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.


    1. Саяси партиялардың және партиялық жүйелердің құрылуы. Саяси партиялар жөніндегі заң және оның маңызы.

    Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.[1]Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:1) аристократиялық үйірмелер;2) саяси клубтар;3) көпшілік партиялар.

    Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:а) маманданған;ә) бұқаралық деп жіктейді.

    Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.Партияларды таптық негізде жіктеу: жүмысшылар, шаруалар, буржуазиялық. Саяси жүйедегі рөліне байланысты: парламенттік, сайлаулық, жетекші және мақсаттық деп жіктелуі.

    Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі.[1]Партиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қаншалықты дәрежеде саяси биліктің қызмет етуі және құрылуы тетігіндегі шынайы атқаратын рөліне байланысты анықталады. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б


    1. Азаматтық қоғамның және оның саяси институттарының дамуы. ҚР қоғамдық қозғалыс.

    Қазақстандағы азаматтық қоғамның қалыптасуы демократияның дамуы тұрғысынан маңызды ұзақ процесс. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы азаматтық қоғамның ұзақ тарихы мен тамыры тереңде жатқанын айта кеткен жөн. Ежелден бері біз билер соты, ақындар - жыраулар шығармашылығы, батырлардың елеулі рөлдеріне көтерілу және өзін-өзі насихаттау сияқты қоғамның консолидациясын ойдағыдай атқарған және қамтамасыз еткен азаматтық қоғам институттарын білеміз. Қазақ жерін отарлау, біртұтас кеңестік мемлекетте қызмет етумен байланысты келесі кезеңдер, азаматтық бостандық сезімін қалыптастырудағы тарихи сабақтастықты үзіп тастады, мемлекет пен тағдырдағы қоғам мен жеке тұлғаның рөлі туралы психология мен түсінікті едәуір өзгертті. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы көптеген көрнекті саяси қайраткерлер азаматтық сананы ояту жолында бастарын жерге қойды. Демек, Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы күрделі, қайшылықты, сонымен бірге саналы сипатқа ие болатыны сөзсіз.

    Қазақстандағы азаматтық қоғамның алғашқы көріністерінің бірі - үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) құрылуы. Олар мемлекет пен азаматтар арасындағы делдалдар рөлін атқарады, қоғамдағы әлеуметтік қайта құрудың көптеген функцияларын орындайды, әр түрлі мәселелерді шешуге зор үлес қосады: экология, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, тұтынушылардың құқықтары, жастар, көп балалы аналар мен жалғыз басты аналар, жетім балалар, мүгедектер , заңсыз қуғын-сүргін құрбандары және т.б. Бүгінгі таңда елімізде 3500-ге жуық үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді, олар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше отырып, ел азаматтарының қоғамды демократияландыру процестеріне белсенді араласуына ықпал етеді. Оларда 35 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс істейді, уақытша 50 мың адам консультанттар мен сарапшылар, ал 100 мыңнан астам адам еріктілер.

    Бастапқы кезеңде ҮЕҰ негізінен шетелдік гранттардың есебінен күн көрді. Сонымен қатар, олар негізінен Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңімен және демократиялық реформалар процесінің басталуымен байланысты адам құқықтары сипатында болды. 1998 жылы қабылданған елді демократияландыру бағдарламасы қазақстандық қоғамды демократияландырудың негізгі элементі ретінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін арттыруға мүмкіндік берді. Сондықтан бүгінде үкіметтік емес сектордың дамуына байланысты жағдай күрт жақсарды. Біртіндеп қоғамда осы әлеуметтік институттың маңызды рөлін түсіну процесі жүруде. Сондықтан жұмыс сапасын арттыру және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қолдау ерекше маңызды. VI Азаматтық форум «Қазақстан-2050» Стратегиясы »Жолдауының басым бағыттары аясында өтті.Мемлекет басшысы өз Жолдауында ҮЕҰ-дың қазақстандық қоғамның әлеуметтік жаңару үдерісіне қатысуын кеңейту қажеттілігін тікелей атап көрсетті.VІ Азаматтық форум бұған дейінгілерден өз өкілдігімен ерекшеленді Қазақстанның барлық облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында өткен аймақтық конференцияларда сайланған 400 делегат.Қатысушылар қатарына біздің елдің ең белсенді және танымал ҮЕҰ кірді, 100-ден астам қоғамдық ұйым республикалық мәртебеге ие болды.Форум жұмысы әртүрлі ҮЕҰ шетелдік және халықаралық өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды. Форумның қонақтары Орталық Азия елдерінің делегациялары болды, олардың құрамына Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларының мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кірді.Парламенттер депутаттары құрметті қонақтар мен іс-шараның қатысушылары ретінде шақырылды.

    1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта