Главная страница
Навигация по странице:

  • Президенттің өкілеттілігі

  • Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.

  • Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қысым, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық (ХХ ғ. 90-ж. І жартысы).

  • Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.

  • Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері

  • Экономикалық дамудың қазақстандық моделі.

  • Шикізат дәуірінің дәурені шектеулі.

  • «Нұрлы жол – болшаққа жол» жаңа экономикалық саясаты.

  • Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғырту. Реформа

  • Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсат­тар­ы мен мәні

  • 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».

  • тарих соңғы жауап 4 колонка. Мемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы


    Скачать 186.1 Kb.
    НазваниеМемлекеттік емтихан сратары азастан Республикасында тарихи сананы алыптасу тжырымдамасы
    Дата22.05.2022
    Размер186.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих соңғы жауап 4 колонка.docx
    ТипДокументы
    #542989
    страница11 из 12
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

    Мемлекеттік басқару органдары

    Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.

    Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.

    Президенттің өкілеттілігі:

    жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;

    президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;

    парламентті таратуға құқылы;

    референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;

    парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;

    парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;

    парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;

    дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;

    үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;

    мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

    халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;

    төтенше және әскери жағдайды енгізеді.

    Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.

    Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.

    Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.

    Үкімет .Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевболып табылады.


    1. Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.


    Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев 2005 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдаудың тақырыбы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Президент біз неден бастадық, біз қайда бара жатырмыз және бізді не күтіп тұрғанын еске салды. Бұл қаржылық, тұрғын үй, аграрлық мәселелер, отбасы, ана, бала және т.б. мәселелер.

    Бұл жодаудың біраз қағидаларына тоқталсақ:

    Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiрдiң жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiс

    Бiз шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың түбiрiнен жаңа идеологиясын түзуге тиiспiз. Бiз кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

    "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" өзiндiк бiр "үлкен қаржылық маркетке айналуға тиiс" Агроөнеркәсіп кешенi мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы"заңды қабылдау керек.

    Бiз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндiрiстерi үшiн кадрлар қорын жасақтауға тиіспiз.

    Бiз мұғалiм мамандығының беделi мен абыройын қайтаруға мiндеттiмiз.

    Мемлекеттiк қызметшiнiң жеке бизнеспен айналысуына және компаниялардың мүдделерiн жақтауына тыйым салатын ар-ұждан кодексiн әзiрлеу кepeк.Және т.б маңызды мәселелерді қозғады.


    1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қысым, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық (ХХ ғ. 90-ж. І жартысы).

    Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтциялануы, дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті. Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі, 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері, 1994-95 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды.. 1992жылдың қаңтарында ТМД елдеріме алдын ала ешқандай келісім жасаспастан Ресей бағаларды (босатты). Бағаларды ырықтиандыру тасымал, энергия, шикізат және басқаларының бағалары тез көтерілуін туғызды. 1990 жылдардың басы, негізінен шикізат пен дайын тауарларды сырттан әкелумен, сыртқа шығарумен айналысатын көптеген фирмалар мен компаниялар пайда болған кез болды. 1992-1993жылдардағы инфляция 2000-3000%-ға жетті. Халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етудің 40%-тен астамы, оның ішінде жеңіл автокөлік, мотоцикл, мотороллер, теледидар, фотоаппарат, тоңазытқыш сияқты тауарларға және тағы басқа да күрделі бұйымдарға сұраныс 100% басқа республикалардың есебінен қанағаттандырылғанымен бірақ олардың бағалары 250 есе, тіпті одан да көп есеге көтерілді. Энергия көздері мен электр энергиясының бағасы, теміржол, автомобиль және ұшақтармен тасымалдау бағалары жүздеген есеге өсті. Бұл да түпкілікті өнім бағаларына әсер етті. Бағалардың өсуінің екінші себебі, кәсіпорындар мен ұйымдарда өндіру және қызметтер көрсету көлемдерінің күрт құлдырауы және соған байланысты жұмыс бірліктері мен өнім шығасыларында үстеме шығындар үлесінің артуы болды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Мысалы классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды. Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.


    1. Жоспарлы экономикадан нарыққа өту. ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы экономиканың негізгі салаларының дамуының басымдықтары және болашағы.

    Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

    Нарықтық экономикаға көшудің негізгі белгілері:
    1. Экономиканы мемлекет иелігінен алу.

    2. Жекешелендіру.

    3. Кәсіпкерлікті дамыту.

    4. Монополияны жою.

    5. Бағаны босату.

    6. Қатал ақша –несие және қаржы саясатын жүзге асыру.
    Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды.
    Мақсаты:

    - Нарықты басқару механизмін еңгізу.

    - Ерікті бақталастық пен кәсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қатамсыз ету.

    - Тұтынушылардың мүддесін қорғау.
    1992 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен республика бағаны босатты. Баға алғашқы кезеңде –186,4 есеге өссе, 1992 жылы сәуірде 554,5 есеге өсті. Нәтижесінде ақшаның құны түсті. Халықтың тапқан айлық жалакысы тамағынан аспады. Ауыл мен ауыл арасындағы қатынас мүлдем қиындап кетті. Қаңтар айыннан тамызға дейін өндірістік тауарлардың бағасы бірнеше есе өсті. Нарыққа көшу саясатының бұрмалауынан өз жағдайын алыпсатарлық, делдалдық, пара алумен түзеген адамдар тобы пайда болды. Қалаларда қайыр сұраған адамдар көбейді.

    Қазақстан экономикасын тұрақтандыру мақсатында 1993 жылы маңызды деген екі шешім кабылданды:
    1. Республикадағы жеке меншік түрлерін бір қалыпқа түсіру мақсатында 1993 жылдың сәуірінен бастап мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
    2. 1993 жылдың 15 қарашасында республиканың өз ұлттық валютасы — теңге айналымға енді. Бұл елдің өзіндік қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасады. Шындығына келгенде, Қазақстан осы күннен бастап экономикалық дербестік жолына түсті.
    Нарықтық қатынасқа көшу өнеркәсіп жағдайына да өз әсерін тигізді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары республикада өнеркәсіп дамуы баяулап, даяр өнімдер өндіру салаларында құлдырау байқалды. Алайда Қазақстанның өндіруші салаларында, керісінше, өндіріс көлемі ұлғайды. Бұл әсіресе 1999 жылдың соңында, үкімет кәсіпорындарды отандық және шетелдік компаниялар йелігіне бере бастаған кезде байқалды. Өндіруші саланың дамуына түсті металдардың, темір және хром рудаларының, газ, мұнай жөне көмір қорының молдығы әсерін тигізді.
    Аумағының кендігі, табиғат, климаттық аймақтардың болуы республикада мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығына мамандануға мүмкіндік береді. Аграрлық сектордың нарықтык қатынасқа көшуі нәтижесінде мемлекеттік ауыл шаруашылығы шаруашылыктың өзге формасына, жеке меншік, ұжымдық және аралас формалы меншікке негізделді. Бұл салада акционерлік қоғам құру немесе кәсіпорынды еңбек ұжымының қолына беру кеңінен қолданылды. Жер мемлекеттік меншік болып табылады.
    1995 жылға дейін жерді иелену жөне пайдалану құқығын сатуға байланысты нарықтық қатынастарға рұқсат етілді, бірақ жерді сату-сатып алу акті жүзеге асырылмады.
    1997 жылғы қазанда Президент Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
    1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

    2. Реформаларды аяқтау.

    3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

    4. “Қазақстан барысын” қалыптастыру.

    Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.


    1. Экономикалық дамудың қазақстандық моделі.

    Елбасының биылғы Жолдауындағы басты идеялардың бірі – Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделін құру. Бұл ретте, цифрлық технологияларға аса көп көңіл бөлінетіні белгілі. Алайда, Жолдауда айтылған жаңа модель Қазақстан экономикасының дәстүрлі салаларын дамытуға негізделетінін де айта кеткен жөн. Нақтылай түссек, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік саласы және т.б.
    Осыған байланысты мемлекеттің экономикалық даму мәселесінде қандай жаңа басымдықтарға назар аударатынын айқындап алу қажет.Шикізат дәуірінің дәурені шектеулі. Еңбек тиімділігін арттыру ұтымдылыққа апарады. Дәстүрлі салаларды дамытудың артықшылықтары көп. Ауыл шаруашылығы – жаңа драйвер. Инфрақұрылымдық даму өсіп-өркендеуге төте жол . Құрылыс – аса маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысы ұсынған дамудың жаңа моделі экономикамыздың ұзақ мерзімді өсу драйверлерін қайта айқындайды. Жаңа модель аясын­да дамудың ішкі факторларына басым­дық беріліп отырғанын бай­қауы­мызға болады. Сонымен бірге, даму үлгісіне деген жаңа көз­қарас осыған дейін жеткен жетістік­терімізден бас тартуға мәжбүр­ле­­мей­ді, яғни еліміздің әрі қарай тұрақ­ты дамуына негіз қалайды.


    1. «Нұрлы жол – болшаққа жол» жаңа экономикалық саясаты.

    Президенттің «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағ­дайлар аясында дағдарыс­қа қарсы және ынталандырушы ша­­ралар бағдарламасы ретінде қабыл­дана­ды. Жаңа жолдар құры­лысы, инфра­құрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қол­дау – мұның барлығы ұлттық эко­номиканың құрылысын тұрақты әртараптандыру кепілі болып табылады. Бұл өз кезегінде қосымша жұмыс орындарын ашуға, ішкі тұтыну көлемін арттыруға, не­гізгі капиталға мемлекеттік инвестицияны ұлғайтуға және әлеу­меттік маңызы бар жаңа инфрақұрылымдық объектілерді құруға септігін тигізеді. Жолдау Мемлекет басшысының халық­аралық қатынастар жүйесіндегі орын алып отырған өзгерістерге теңгерілген және алдын алу жауабы болды. Бұл құжат Қазақ­станның жалғасып келе жат­қан халықаралық қаржы-эконо­микалық және геосаяси дағ­дарыстар жағдайында алдағы жылдардағы даму болашағын айқындады. Елбасы атап өткендей, бүкіл әлемнің архитектуралық өзгеру кезеңі жақындап келеді және бұл кезең ғаламдық сынақ кезеңі болмақ.. «Нұрлы Жол» сыртқы тұрақ­сыздық пен геосаяси нақты шындықтың транс­формациялану кезеңінде барлық мем­ле­кеттік органдар үшін, соның ішінде, Сыртқы істер министрлігі үшін ұстаным­дардың квинтэссенциясы болып табылады. Ол «Қазақ­стан-2050» Стра­­тегиясында баяндалған жаңғыртулардың жаңа басым­дықтары, әлемдегі ең дамыған 30 ел қатарына кіру, «жасыл» экономикаға көшу, респуб­ликамыздың транзиттік-көліктік және экспорттық әлеуетіне басымдық бере отырып, эконо­микалық дипломатияны бел­сенділендіру қазақ халқы мен елімізді мекендейтін басқа да этностардың төл ұлттық-мәдени құндылықтарын сақтап қалу аясында түзілген. «Нұрлы Жол» Жолдауының барлық бағдарына сәйкес, еліміздің сыртқы саяси қызметі де құрылады


    1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғырту.

    Реформа(лат. reformate — қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.Реформа — қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір элементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және экон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа — өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және этно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.

    Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсат­тар­ы мен мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге дайындаудан, Қазақстанның үдемелі эконо­ми­ка­лық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең кө­лем­ді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-тең­дікті табудан, құқық пен әділеттілік қағидат­тары­на негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. Жаңғыртудың маңызды аспектісі - Қазақстанда биліктің барлық деңгейіндегі сарапшылар мен менеджерлердің кәсіби корпусымен «тігінен» және «көлденеңінен» құрылған әлеуметтік үдерістердегі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құру.Міне, барлық мемлекеттік органдар осы міндеттерді шешуге бағдарлануы тиіс.


    1. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».

    Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.. Қазақстан Республикасының Үкіметі) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары: Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    1. 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


    написать администратору сайта