Главная страница
Навигация по странице:

  • «Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

  • І нұсқа Тыңдалым және айтылым 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

  • 2-тапсырма Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын І жақта өзгертіп айт.

  • Оқылым 2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

  • Жазылым 3-тапсырма Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Табиғат және адам» тақырыбына шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.

  • «Әдебиеттік оқу» 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалар

  • ІІ нұсқа Тыңдалым және айтылым 1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында Малды пайдаға жарату

  • ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып. Мені Отаным азастан орта таырыбы бойынша жиынты баалау


    Скачать 2.03 Mb.
    НазваниеМені Отаным азастан орта таырыбы бойынша жиынты баалау
    Дата16.10.2022
    Размер2.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып.docx
    ТипДокументы
    #737073
    страница5 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9





    «Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


    Күні

    Пәні әдебиеттік оқу

    Сыныбы 4 «»

    Оқушының аты – жөні ....................................................................................................................

    Орындау уақыты 20 минут

    2-нұсқа

    1-тапсырма

    Өлеңді түсініп оқы. Өлең не туралы? Өлең мазмұны бойынша өз пікіріңді айт. Тапсырмаларды орында.

    Қашқан кезде адамнан ізін қандап,

    Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.

    «Қызыл кітап» - «Тірі жан тимесін!»-деп,

    Хайуанатқа берілген қызыл мандат.
    Баяғыдай көбінің халі бірақ:

    Мойындарын үзеді әлі бұрап.

    «Қызыл кітап» -бұл өзі қызық кітап:

    Тысы жұқа, астары қалыңырақ! ...
    Әттең, бірақ! Аспанның бұлты биік

    Жаңбыр емес, өтеді сілті құйып ...

    Қара жерді жылатып, еңіретіп,

    Кетті солай дронттың өмірі өтіп. (3 б)
    ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
    а) Өлең арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Белгіле ()

    A) құстардың көбеюі туралы

    1. Қызыл кітап –қызық емес кітап

    2. Қорғау, көмектесу, сақтау

    (1)

    1. Ойыңды өлеңнен деректер келтіре отырып, дәлелдеп жаз.

    ________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (2б)

    1. Өлеңге ат қой ___________________________________________________ (1б)


    2-тапсырма

    Өлең мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз. Жауабын жаз.

    1. _____________________________________________________________

    2. _____________________________________________________________ (2б)


    3-тапсырма Өлеңнің мазмұнына байланысты дұрыс тұжырымды белгіле (1б)

    «Қызыл кітаптың» беті қызыл!



    «Қызыл кітаптың мазмұны жасыл!»



    Бағалау критерийі

    Тапсырма №

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Өлеңді түсініп оқы. Өлең не туралы? Өлең мазмұны бойынша өз пікіріңді айт.


    1

    Өлең не туралы екенін айтады

    1

    Өлеңнің негізгі ойын айтады

    1

    Ойын жүйелі, толық жеткізеді

    1

    Өлең арқылы автордың не айтқысы келгенін белгіле




    Дұрыс жауабын анықтайды

    1

    Ойын өлеңнен деректер келтіре отырып, дәлелдеп жаз, өлеңге ат қой




    Өлеңнен деректер келтіре отырып жазады

    1

    Ойын өлеңеңнен деректер келтіре отырып ,қатесіз жазады

    1

    Өлеңге ат қояды

    1

    Өлең мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жаз

    2

    Өлең мазмұны бойынша бір сұрақ құрастырып жазады

    2

    Өлеңнің мазмұнына байланысты дұрыс тұжырымды белгіле

    3

    Өлеңнің мазмұнынына байланысты дұрыс тұжырымды белгілейді

    1

    Барлығы




    10


    4.​1.​1.​1 шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

    4.​2.​3.​1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

    4.​2.​9.​1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

    «Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

    Пәні: әдебиеттік оқу

    Күні

    Сыныбы 4 «»

    Оқушының аты-жөні -----------------------------------------------------

    Орындау уақыты 45 минут

    І нұсқа

    Тыңдалым және айтылым

    1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

    Қысқы кеш

    Алғашқы қар жауды.Қара жер әп- сәтте аппақ түске малынды. Ағаштар да ақ ұлпа қарға оранды.

    Әлгінде ауа – райы суытқан соң, Жәмила мен Керімбек үйге тығылған.Қар жауған сәттен бастап, екеуі терезе алдында сыртқа көз салумен болды.

    -Жәмилә, қарашы! Аспан тола аппақ қар. Бірінен соң бірі жерге асығып түсіп жатыр, - деді Керімбек.

    -Анау бір қар ұлпасы үп – үлкен екен.Қаздың мамығындай – ау. Есіктің алдыда аппақ. Қандай керемет, - деді Жәмилә терезеге үңіле түсіп.

    Екеуі үй ішінде жарты сағаттай отырды. Далаға шығудың ретін таппады.Ата – анасының жұмыстан келуін асыға күтті.

    Ата – аналары келген соң бәрі бірге кешкі ас ішті. Бірақ Жәмила менКерімбектің бүкіл ойы мен көңілі далаға бір рет ойнап келу болатын.

    Бұлардың ойын біліп қойғандай, көрші үйлерден ұл – қыздардың сыңғырлаған күлкілері мен былдырлаған дауыстары құлақтарына анық шалынды.

    -Далаға барып ойнап келе қойыңдар, - деді әкесі.

    Сәлден соң – ақ көше бойы ары – бері шапқылап, аппақ қардың үстінде аунап – қунап ойнаған балаларға лық толды.Асыр салған жас бүлдіршіндер қысқы кештің көркіне көрік қосқандай, көшені нағыз хан базарына айналдырғандай болды.

    А) Балалар ата – анасының жұмыстан келуін неліктен асыға күтті?

    Ә) Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.

    Сұрақ: _____________________________________________________________

    Жауап:_____________________________________________________________

    2-тапсырма Берілген жоспардан қалаған бөлікті таңдап, мазмұнын І жақта өзгертіп айт.

    Жоспар:

    1) Жәмила мен Керімбектің алғашқы қарды қызықтауы

    2) Балалардың ата-анасын асыға күтуі

    3) Қысқы кештің қызығы

    Оқылым

    2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

    Табиғат, таң қаламын тамашаңа,

    Өзіңсің жасыл қорған барша адамға.

    Саяңда ләззат алып демаламын,

    Қамқор боп жүрем саған әрқашанда.

    Таза ауа, жасыл шалғын көмкерілген,

    Айдын көл – күміс табақ төңкерілген.

    Кең дала, жасыл жайлау – мақтанышым,

    Көкжиектен күлімдеп күн көрінген.

    Сұлу Сыр сылаңдайды сылдыр қағып,

    Жарқырап ақ күмістей сулары ағып.

    Тұнған бір айналасы жеміс-жидек,

    Көргендер сүйсінеді таңдай қағып.

    Бой түзеп жайқалады қара ағашың,

    Алқызыл алма таққан алма ағашың.

    Жүзімнің шәрбат дәмі бал шырындай,

    Аралаймын тоймай бір бақ арасын.

    Адамзат, аялайық табиғатты,

    Болмайық табиғатқа аса қатты.

    Адамның адамдығы біле білсек,

    Табиғат тазалығы, міне, нақты!



    1. Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып, көшіріп жаз

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    2) Өлеңге ат қой ___________________________________________________________________

    3) Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.

    Теңеу сөздер

    Эпитеттер






    Жазылым

    3-тапсырма Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Табиғат және адам» тақырыбына шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.

    Жоспар:

    1) Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі

    2) Табиғат тіршілік көзі

    3) Табиғатты қорғау - әр адамның парызы

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    Балл қою кестесі

    Сөйлеу әрекеті

    Жауап

    Балл

    Қосымша ақпарат

    Тыңдалым және айтылым.

    Білім алушының ықтимал жауабы: Себебі олар жаңа жауған қармен ойнағысы келді/ Ата аналарынан рұқсат алып, сыртқа шығу үшін/

    1

    Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады

    Ықтимал сұрақтар: Балалар неге терезенің алдында отыр?/ Жәмила қар ұлпасын неге теңеді? /Олар атааналарын қанша уақыт күтті? Балалар неліктен далаға шығуға асықты?/...

    1

    Ықтимал жауаптар: Олар сыртта жауып тұрған қарды бақылап отыр./ Қаздың ақ мамығына ұқсатты/ Жарты сағаттай уақыт күтті/ Жаңа жауған қармен ойнау үшін/...

    1

    Білім алушының ықтимал жауабы:

    Алғашқы қар жауды. Айнала ақ мамыққа оранды. Інім екеуіміз есік алдында ойнап жүргенбіз. Күн суыта бастаған соң үйге кірдік. Терезеден жауып тұрған қарды бақылап отырдық. – Әпке, қарашы, аспанда қар қандай көп! Тоқтамай жерге түсіп жатыр, – деді інім. –Иә, қар ұлпалары қаздың мамығына ұқсайды екен, – дедім мен.

    1

    Мәтіннің жоспарға сәйкес бөлігін баяндайды

    1

    І жақта баяндау тәсілін сақтайды.

    1

    Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

    Оқылым

    Адамзат, аялайық табиғатты,

    Болмайық табиғатқа аса қатты.

    1




    Табиғатты аялайық/Табиғатқа қорған бол/ Табиғатым –мақтанышым

    1

    Баламалы тақырыптар қабылданады

    Теңеу сөздер:

    ақ күмістей

    бал шырындай

    1

    1




    Эпитеттер:

    Айдын көл

    Күміс табақ

    1

    1




    Жазылым

    Білім алушының ықтимал жауабы:

    Табиғат пен адам – егіз ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік. Табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Өйткені адамның бар өмірі табиғатпен байланысты. Сондықтан да табиғатты қорғау әр адамның міндеті. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек"деп бекер айтылмаған.

    1

    Баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес мәтін құрап жазады.

    1

    Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

    1

    Көркем сөздерді орынды қолданады.

    1

    Ойын еркін, жүйелі жеткізеді

    1

    Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.

    1

    Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді.

    Барлығы




    18




    «Әдебиеттік оқу» 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалар

    Пәні: әдебиеттік оқу

    Күні

    Сыныбы 4 «»

    Оқушының аты-жөні -----------------------------------------------------

    Орындау уақыты 45 минут

    ІІ нұсқа

    Тыңдалым және айтылым

    1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында

    Малды пайдаға жарату

    Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:

    – Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің? Көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді, – деді.

    Үйші айтты:

    – Тапқан малымның бір бөлігімен борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін.

    Көрші:

    – Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қанша ақша беруші едің? – деді.

    Үйші:

    – Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнен туған балаларды оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе?! – деді.

    А)Ата-ананың алдындағы борыш дегенді қалай түсінесің?

    Ә)Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр және оған жауап бер.

    Сұрақ: _____________________________________________________________

    Жауап:_____________________________________________________________
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта