Главная страница
Навигация по странице:

  • ІІ нұсқа 1-тапсырма Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер Жетіқарақшы

  • ________________________________________________________________________________________

  • 2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

  • ______________________________________________________________________________________________________

  • ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Сұрақ Жауап

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктері Тақырыптар

  • Сөйлеу әрекеті Жауап Балл Қосымша ақпарат

  • ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып. Мені Отаным азастан орта таырыбы бойынша жиынты баалау


    Скачать 2.03 Mb.
    НазваниеМені Отаным азастан орта таырыбы бойынша жиынты баалау
    Дата16.10.2022
    Размер2.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып.docx
    ТипДокументы
    #737073
    страница9 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    «Әдебиеттік оқу » пәнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары

    Орындау уақыты:40 минут

    Сыныбы 4 « »

    Мерзімі:

    Аты-жөні----------------------------------------------------

    ІІ нұсқа

    1-тапсырма Мәтінді тыңда. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер

    Жетіқарақшы

    Түнгі аспанда шөміш тәрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталады. Ол бір тәулікте Темірқазықты бір айналып шығады.

    Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін ұялыпты. Ақыры қарғысқа ұшырап, қайтыс болыпты. Ұрылардың жандары жұлдызға айналып, аспанға ұшып кетіпті. Бірде олар Үркердің Үлпілдек деген қызын ұрлайды. Жетіқарақшының бас жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қыран қарақшы. Ал оның қасында әлсіреп көрінетін – тұтқында отырған Үлпілдек қыз. Үркер өзінің қызын қайтарып алу үшін түнімен Жетіқарақшыны қуып жүреді екен.

    Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір байдың жылқының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге көміп тығып тастаған екен. Сол заманда елге атағы шыққан жеті ұры байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ, тастай қатты алтынды бөле алмайды. Сонда Қырын қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі» деп байға келеді. Бай оны қонақ қылып, барын алдына тосыпты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақ үй иесіне әңгіме, ертегі айтуға тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп әңгіме бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің қазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» депті.

    Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.

    1. Шөміш тәрізді жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталуының себебі неде деп ойлайсың?

    ________________________________________________________________________________________

    1. Ертегідегі жеті ұры алтынды бөлудің амалын қалай тапты?

    ________________________________________________________________________________________

    1. Мәтіннің негізгі бөлімінің мазмұнын І жаққа өзгертіп, қысқаша баяндап бер.

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    2-тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

    Ерте, ерте, ертеде ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.

    Патша әзірлерінен ақыл сұраса, бірі :

    - Дәрімен құрту керек, - десе, енді бірі:

    - Отпен құрту керек екен, - дейді екен. Енді біреуі:

    - Оның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, - десе, тағы біреуі:

    - Қыста барлығы үсіп өлмей ме? – деп бас қатырыпты. Шегіртке мәселесіне қатысты бірнеше уәзір орнынан кетіп, бірнеше шабарман зорығып өліпті. Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сөзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері келеке етіпті. Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.

    Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің надандығынан ұялып, «Ақыл жастан, асыл тастан» деген екен-ау депті.
    1) Мәтіннен баланың тапқырлығын сипаттайтын сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    2) Мәтіндегі «Ақыл жастан, асыл тастан» деген мақалды қалай түсінесің? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    3) Ханның уәзірлері неліктен ұялды? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    4) Бала шегірткені жою үшін қандай амал ойлап тапты?

    _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    5) Мәтіннің мазмұны бойынша түсіндіруге немесе бағалауға бағытталған 1 сұрақ құрастыр және жауап бер.

    Сұрақ

    Жауап






    3-тапсырма Оқылымға берілген мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтап, әр бөлікке сәйкес тақырып қой

    Мәтіннің құрылымдық бөліктері

    Тақырыптар



















    (3)

    4-тапсырма Жоғарыда оқыған мәтінге жаңа кейіпкерлер немесе оқиғалар қосып, мәтінді аяқтап жаз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (3)

    Балл қою кестесі

    Сөйлеу әрекеті

    Жауап

    Балл

    Қосымша ақпарат

    Тыңдалым және айтылым

    Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін ұялыпты.

    1




    Білім алушының ықтимал жауабы: алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.

    1

    Сұрақтың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады

    Білім алушының ықтимал жауабы: Сонда біз: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі» деп байға келедік. Бай бізді қонақ қылып, барын алдымызға тосты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақ үй иесіне әңгіме, ертегі айтуға тиіс. Біз осыны сылтау етіп әңгіме бастадық: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің қазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» депті

    1

    Мәтіннің мазмұнын қысқартып, жинақы баяндайды

    1

    Мәтіннің негізгі бөліміне сәйкес оқиғаларды қамтиды.

    1

    Мәтінді баяндау тәсілін өзгертіп, І жақта әңгімелейді.

    1

    Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

    Оқылым

    Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты

    1




    Яғни жастар да кейбір мәселелерді шешуде ақыл қоса алады....

    1

    Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады



    уәзірлер өздерінің надандығынан ұялады

    1

    Білім алушының ықтимал жауабы: Балалар бейтаныс тілге ұқсатып жаңа сөздер ойлап тауып, өзара сөйлесуі мүмкін/Арман фильм кейіпкерлерінің сөздерін қайталап отыруы мүмкін/...

    1

    қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен.

    1


    Тапсырманың мазмұнына сәйкес болатын баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.

    Не себепті егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалған?ен даланы шегіртке жаулапты.

    1

    Жазылым

    Шегірткенің қаптауы

    1

    Мәтін бөліктерінің мазмұнына сәйкес баламалы тақырыптар қабылданады.

    Патшаның шегірткеден құтылудың амалын іздеуі

    1

    Баланың елді шегірткеден құтқаруы

    1

    Білім алушының ықтимал жауабы: Патша шегірткеден құтылғанына қуанып, балаға ат басындай алтын беріп, өзінің жалғыз қызына үйлендіріпті.

    1

    Баламалы мәтін қабылданады. Мәтіндегі оқиғаны жүйелі байланыстырады.

    1

    Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

    1

    Орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды.

    Барлығы

    18






    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта