Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Скачать 1.99 Mb.
|
Ген, классификациясы және функциясыГен тұқымқулаушылықтың элементарлық бірлігі болып табылады. Қазіргі таңда ген тұқымқуалаушылықтың функционалдық бірлігі ретінде қарастырылады. Геннің химиялық негізі ДНҚ молекуласынан тұрады. Генднрдің жіктеудің бірнеше тәсілдері бар, олар онтогенез үрдісі кезінде маңызды ерекше қызметтерге ие. Гендер тұқымқуалайтын материалдың бірлігі, олар құрылымдық және реттеуші болып бӛлінеді. Құрылымдық гендер рибонуклеин қышқылдары (рибосомалық және траспорттық) және ақуыздың (полипептидтердің) құрылысы туралы ақпараттан тұрады сонымен қатар генетикалық ақпапат траскрипцияның және трансляцияның нәтижесінде жүзеге асады. Адамдарда 25000-30000 ға жуық құрылымдық гендер бар екен белгілі. Жасушаның тіршілік етуіне аздаған қызмет атқаратын гендедің құрамы қатысады. олардың арасында "үй шаруасындағы" гендер бар - ГЖЖҚ (гендердің жалпыжасушалық қызметі) және "молшылық" гендер - ГМҚ (гендердің мамандандырылған қызметі). ГЖЖҚ әмбебап жасушалардың яғни барлық жасушалардың қызметін орындаумен қамтамасыз етеді (ақуыздардың гендері, р-РНҚ гендері және т-РНҚ және т.б.) Гендердің жалпыжасушалық қызметі (оларды конститутивті немесе "үй шаруасындағы" гендер деп атайды) олар үнемі белсенді күйде болады. олардың белсенділігінің тӛмендеуі (ағзаларда) сыртқы ортаға тәуелді және мүлдем реттелмейді. Бұл гендер ақуыз-ферменттерді кодтайды, жасушаның метаболикалық үрдісі үшін маңызды. Маңыздылығы, бұл гендер толығымен жасушаның тіршілігі үшін маңызды. "Молшылық" гендер жасушаның мамандандырылған ерекше қызметтерін бақылайды. Бұл гендер ақуызды бақылайды, сонымен қатар ағзаның физиологиялық жүйесінің қызметімен қамтамасыз етеді - оның қорғаныштық қасиеті, тынысалу үрдісі, зәр шығару, қан айналым жүйесі, асқорыту жүйесі және т.б. Бұл генднр гемоглобин, иммуноглобиннің және т.б. гендердің қызметін бақылайды. "Молшылық" гендердің "үй шаруасындағы" гендерден айырмашылығы ағзаның қатаң бақылауында болады және күрделі аппаратты реттеуге қатысады. Геннің атқаратын қызметіне байлансыты гендер екі топқа бөлінеді:Структуралық гендер-құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін бақылайтын гендер. Реттеуші гендері-структуралық гендердің белсенділігіне әсер ететін әр түрлі белоктардың синтезін бақылайтын гендер. – структуралық гендердің белсенділігін басып тастайтын эпистаздық гендер Реттеуші гендер ӛз алдына былай бӛлінеді: Модулятор гендер – структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе тӛмендететін гендер Супрессор гендерМодуляторлық гендер структуралық гендердің белсенділігін жоғарылатып немесе тӛмендете отырып белсенділігін ӛзгертеді. Осы гендер белгінің даму үрдісінде әр түрлі бағытта немесе басқа да генетикалық тұрғыда әсерін кӛрсетеді. Мысалы құрылымдық гендердің жиі мутацияға ұшырауында. Басқа модуляторлық гендер әлбетте қандайда бір гентикалық қызметтерді тӛмендетеді. Мұндай гендер эволюцияда үлкен маңызы бар. Кӛптеген құрылымдық гендерге плейотропты әсердің болуы ағзалардың қалыпты дамуы үшін қажет, әсердің тӛмен болуы даралардың тіршілік қабілетін тӛмендетеді. Модуляторлық гендер олардың жағымсыз әсерін әлсіретеді. |