Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Скачать 1.99 Mb.
|
Геннің цистрондық құрылымы.Генің нәзік құрылымын зерттеудегі келесі маңызды жаңалық ген ішіндегі мутация бірлігі- мутонның және рекомбинация бірлігі –реконның ашылуы болды. Про-эукариоттар генінің молекулалық-генетикалық құрылымы.Ген (ДНҚ молеуласының кесіндіс) күрделі құрылымдық –функционалдық бірлік болып т абылады. Ол екі бӛліктен тұрады: 1.Реттеуші учаскесі 2.Ақпараты бар кодтаушы учаскесі. Бұл екінші учаскеде осы ген анықтайтын полипептид ,ияғни құрылымдық белок немесе фермент жайлы ақпарат кодондардың ретімен жазылған. Геннің молеулалық қүрылымы
Реттеуші бөлік әдетте транскрипцияланбайды. Геннің реттеуші учасксі транскрипцияның басталуын(иницияцияны) бақылып,оның жылдамдығы мен қарқындылығын реттейді. Транскрипция басталатын нүктенің сол жағында,реттеуші учаскеде орналасқан барлық нуклеотидтер реті –жүйелік деп аталады.Ал транскрипция басталатын нүктенің оң жағында (тӛменірек) орналасқан.Геннің кодтаушы учаскесіндегі нуклеотидтер реті + жүйелік деп аталады. Транскрипция басталатын нүкте немесе «О» сайты- транскрипция басталатын жерді корсетеді, 300-ге жуык нуклеотидетрдің арқылы жүреді. Аттенуатор- структуралық (құрылымдық) гендердің алдында орналасып, транскрипцияның аяқталуы (терминация) жайлы белгі беретін арнайы нуклеотидтер жүйесі. Операторы – реттеуші белоктардың байланысатын арнайы нуклеотидтер жүйесі. Олар промотрларга жакын орналасады. Промоторы – транскрипция кезінде РНҚ полимеразамен байланысатын нуклеотид-р-ң арнайы жуйесі. Оператор структуралык ген-ретін алдында н\е оператордың 2-ші бір реттеуші нуклеотидтер жуйесі аркылы болініп орналасады. Кейбір гендерде промотор кодтаушы учаскеде, траскрипциялык бірліктің ортасында орналасадыю оларды ішкі промотрдеп аталады. Прокариоттарда РНК-полимераза - фермент, транскрипция барысында бес суббтранскрипция барысында бес суббірлік ααββ/σ қалыптасады: 2 α-суббірлік (альфа),β- суббірліктер (бета),β/- суббірлік (бета штрих) және σ- суббірлік (сигма). Тӛрт суббірлік ααββ/ комплексін кор-фермент деп атайды . σ суббірлік (сигма) толық холоферментін түзуіне қатысады, сонымен қатар транскрипцияның инисациясының соңында бӛлініп шығады. Әрі қарай ДНҚ ның матрицалық тизбегінде РНҚ синтезін кор фермент жалғастырады. Прибнов-бокс – промоторлық учаске ішіндегі арнайы нуклеотидтер жүйесі мұнымен РНҚ- полимераза байланыс жасайды .Прибнов боксы 7 нуклеотидпен : ТАТААТГ тұрады, оны консенсустық жүйе деп атайды. Прибнов боксы транскрипция басталатын нүктеден жоғары , солға қарай 10 жұп нулеотидтік арақашықтықта орналасқан,оның құрамында тимин болады жіне ол минус 10 жүйелік деп аталады. РНҚ полимераза алдымен осы жүйені танып соңынан промотормен байланысады. Келесі , маңызды учаске минус 35 жүйелік ,транскрипция басталатын нүктеден жоғары .солға қарай 35 нуклеотидтерден тұратын учаске. Мұны танылатын жүйелік деп атайды.Оның құрамында 9 нуклеотидтен тұратын консенсустық жүйелік болоады. РНҚ полимеразаның сигма суббірлігі алдымен реттеуші учаскенің осы арнайы нуклеотидтік жүйеісмен байланыс жасауы м үмкін делінеді. Энхансер -транскрипция жылдамдығын 200 есеге дейін арттыратын нуклеотидтердің арнайы жүйесі. Энхансерлер вирустар (SV–40) геномы мен эукариоттарда (иммуноглобулин, инсулин, альфа-амилаза, т. б.) табылған. Мысалы, Xenopus бақаларының кӛлемі үлкен рибосомалық гендеріндегі спейсерлік учаскелерде орналасқан 60-80 нуклеотидтерден тұратын энхансерлік жүйелер транскрипция жылдамдығын 20 есеге дейін жоғарылатады. Энхансерлер транскрипция басталатын нүктеден жоғары, сол жағында, промотордан 100-200 жұп, кейде мың жұпқа дейінгі арақашықтықта орналасады. Сайленсеры – транскрипция жылдамдығын тӛмендетеді. Гендердің ара-арасында ақпарат жазылмаған нуклеотидтер жүйесі-спейсерлер орналасқан. ДНҚ-ны байланыстырушы локустар –нақты белоктармен байланыс жасайтын арнайы нуклеотидтер жүйесі: а) ферменттік-ДНҚ-полимеразалық кешен б)реттеуші белоктар. Кӛптеген спейсерлік учаскелер хроматиннің нуклеосомалық құрылымында қызмет атқарып,хромосомалардың центриолдерге бекінуіне т.б процестерге қатынасуы мүмкін делінеді.
Геннің кодтаушы бӛлігінде тағы да маңызды спецификалық учаскелер бар: Экзон - геннің кодтаушы бӛлігіндегі ақпаратты бӛлігі Терминаторлар – структуралық гендерден кейін орналасқан арнайы нуклоетидтер жүйесі. Бұлар да транскрипцияның аяқталғандығы жайлы сигнал береді. Терминациялық кодон - рибосомада трансляцияның аяқталуын қамтамасыз етеді . ДНҚ да нонсенс кодондар- ТАА, ТАГ, ТГА триплеттерне сәйкес УАА, УАГ, және УГА. Бұл триплеттерге ешқандай бірде-бір амнқышқылдары сәйкес келмейді сондықтан рибосомада полипептид синтезі үзіледі. |