Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Скачать 1.99 Mb.
|
Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуіНуклеин қышқылдары (НҚ) – бұл барлық тірі ағзалардың ағзасында кездесетін және тұқым қуалау ақпаратын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын күрделі жоғары молекулалық қосылыс. «Нуклеин қышқылы» терминін 1889 жылы ұсынған: нуклеин деген атауды алу себебі бірінші рет жасуша ядросында табылуына, ал қышқылы сӛзінің жалғануы құрамында фосфор қышқылы қалдығының болуына байланысты алынған. Бұл күрделі биополимерлердің үлкен молекулалық массасы. Нуклеин қышқылының мономері- нуклеотид болып табылады, сондықтан нуклеин қышқылдары полинуклеотидтік тізбек құрайды. Әрбір нуклеотидтің құрамына бескӛміртекті моносахарид (пентоза), фосфор қышқылының қалдығы және азоттық негіз (аденин (А), тимин (Т), гуанин (Г), цитозин (Ц), урацил (У:) кіреді. А, Г және Ц азоттық негіздері нуклеин қышқылдарының екі түріне де тиесілі, бірақ Т тек қана ДНК құрамына , ал У тек РНК құрамына кіреді. . Нуклеин қышқылдарының құрамында қант пентоза түрінде кездеседі.ДНҚ құрамындағы бескӛміртектік қант дезоксирибоза, ал РНҚ – рибоза деп аталады. Кӛміртектің әрбір молекуласында бес атомды кӛміртек болады, оның тӛртеуі кӛміртек атомымен қосылып бес сақиналы мүше құрайды, ал бесіншісі НО-СН2 тобына кіреді. Пентоза молекуласындағы әрбір кӛміртек атомының жай-күйі штрихты араб цифрімен (1C´, 2C´, 3C´, 4C´, 5C´) белгіленеді. Гидроксилді топ бойынша 3-ші және 5-ші кӛміртекті атомдарға (3С´ және 5С´) фосфор қышқылының қалдығы жалғанған. Нуклеотидтер бір- бірімен тізбекке ӛзара фосфорлық топпен коваленттік байланыс жасау арқылы тізбектеледі. Бұл жағдайда әрбір жаңа нуклеотид ӛзінің алдындағы нуклеотидтің 3’ ұшына барып жалғасады. Бұл ДНҚ мен РНҚ-ның қышқыл тобына химиялық жағынан тәуелділігін сипаттайды. Бірінші кӛміртек атомының қант молекуласына азотты негіз жалғанған. Азоттық негіздің қантпен қосылысы нуклеозид деп аталады. Екі азотты негіз (А және Г) пурин тобына, ал үшеуі - (Т,У және Ц) пиримидин тобына жатады. Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар: олар ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) және РНҚ (рибонуклеин қышқылы). Дезоксирибонуклеин қышқылы. ДНҚ молекуласы – бұл ең үлкен биополимер, биспираль, себебі ол екі полинуклеотидтік тізбектен тұрады және олардың азоттық негіздері бір- бірімен сутектік байланыспен комплементарлық принцип бойынша антипаралельді орналасады. А - Т, Г - 31 ---ТААЦТАТГТЦЦГ--- 51 ДНҚ ядрода орналасады, ол жерде ақуыздармен сызықтық структураларды яғни хромосомаларды құрайды. Хромосомалар ядроның бӛліну кезеңінде микроскоптан жақсы кӛрінеді. Ал интерфаза кезінде олар деспиральданған. ДНҚ митохондрияда және пластидтерде кездеседі, ол жерде молекулалары сақиналы құрылымды құрайды Ядролық құрылымға дейінгі жасушаларда да сақиналы ДНҚ болады. ДНҚ екі еселенуге (редупликация) қабілетті. Бұл жасушалық циклдің белгілі бір синтездік кезеңінде орындалады. ДНҚ құрылымы тұқым қуалаушылықтың механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. ДНҚ-да биологиялық ақпараттар кӛшіруге жәгне ұрпақтан-ұрпаққа берілуге бейім күйде сақталады. |