Главная страница

Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


Скачать 1.99 Mb.
НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
Дата11.05.2023
Размер1.99 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
ТипДокументы
#1121468
страница33 из 43
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43

Позитивтікбақылау


Көптеген бактериялық гендер позитивтік бақылаудың қарамағында болады. Гендер активтілігінің позитивтік бақылану механизмі нақты эффектор факторы бар кезде активтілікті күшейтіп РНҚ-полимеразаның промоторға жалғануы мен а-РНҚ-ның синтезделуін (транскрипцияны) жылдамдатады.

Гендер активтілігін позитивті бақылауға мысал ретінде өзімізге белгілі E.coli-дің Lac

–оперонын алайық. Позитивтік бақылаудың мәні мынада, жасушада глюкоза мен галактоза бар кезде Lac-оперон активті емес, сондықтан Lac а-РНҚ-ның синтезі жүрмейді, β- галактозидаза ферменті де синтезделмейді. зделмейді

lac-оперонның позитивті реттелуі
Лактозалық і-репрессорын активсіздендіру үшін ортада тек глюкозаның болғаны жеткіліксіз. Глюкозаға қосымша элемент циклдық АМФ-катаболизмдік активтендіруші белок (КАБ)-тың болуы қажет. Олай болса жасушада Lac – а-РНҚ-ның транскрипциясы ол ортада индуктор ретінде глюкоза және циклдық (ц)АМФ-КАБ бар кезде жүреді. Циклдық (ц) АМФ-КАБ –тың активтілігі глюкозаның концентрациясына байланысты. Глюкоза Lac

оперонның активтілігіне жанама ингибиторлық (тоқтататындай) әсер етеді.

Циклдық АМФ-тың кішігірім молекулалары ішек таяқшасынан басқа көптеген бактерияларда да кездеседі, олардың синтезделуі аденил – циклаза ферментінің көмегімен жүреді, оның жасушадағы концентрациясы жанама түрде глюкозаның метаболизмімен реттеледі. Егерде бактерия өсетін ортада глюкоза жеткілікті болатын болса онда цАМФ концентрациясы төмен болады, ал ортада глюкозаның метаболизміне қатыспайтын глицерол немесе көмірсулардың басқада көзідері болатын болса цАМФ концентрациясы жоғарылайды. цАМФ концентрациясының бақылану механизмі толық ашылған жоқ.

Lac – оперонының активтілігінің реттелуінде цАМФ маңызды. Сонымен қатар ішек таяқшасының жасушасында Lac оперонының активтілігін реттеуге қатынасатын катаболизмдік активтендіруші белок (КАБ) «сrp» генінің өнімі болып табылады. Осы сrp немесе аденил циклаза гендерінің мутацияға ұшырауы Lac а-РНҚ-ны синтездеу қабілетінен айырады, сондықтан Lac а-РНҚ синтезінің басталуы үшін жасушада осы екі геннің (цАМФ және КАБ) өнімдерінің болуы қажет. КАБ және ц АМФ бірігіп бірге Lac- жүйесінің активті реттеуші элементі болып табылады. Олар транскрипцияның басталуы үшін ДНК тізбегінің промоторлар қатарымен байланысуы қажет.Олай болса цАМФ және КАБ кешені репрессорға (негативті реттелуге) қарама-қарсы қасиет көрсететін позитивтік реттеуші болып табылады. Бұл Lac- оперонының активтілігі бір-біріне тәуелсіз позитивті және негативті механизмдермен реттелетіндігін көрсетеді.

Репрессибельдікжүйелер


Жасушадағы кейбір ферменттердің мөлшері олар синтездейтін соңғы өнімдердің концентрациясына байланысты өзгеріп отырады. Егер жасушада соңғы өнімдердің мөлшері жоғарылап, артып кетсе ол ферменттердің синтезі тоқталады. Ондай ферменттерді репрессибельдік ферменттер деп, ал соңғы өнімдерін – корепрессор деп атайды.

Реттеуші ген апорепрессор деп аталатын затты синтездейді. Апорепрессор корепрессормен қосылып активті қызмет атқаратын репрессор молекуласын түзейді. Репрессор синтездік үдерістерге қатынасатын барлық гендердің активтілігін тежейді.

Мысалы, Salmonella typhimurium бактериясында гистидин аминқышқылының концентрациясы жоғары ортада гистидин корепрессор ретінде әсер етеді. Ол корепрессор ретінде гистидиннің синтезіне қатынасатын барлық 10 ферменттің түзілуін тоқтатады.

Мұндай репрессия типін үйлесімдік (координациялық) репрессия деп атайды.

Репрессияның бұл типін координациялау репрессиясы деп атайды. Salmonellatyphimurium-ныңкоординацияланғанрепрессиясыдепатайды.



1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43


написать администратору сайта