Главная страница
Навигация по странице:

  • Нейтральды

  • Цитология методичка 1-15 сабак. Саба 1 Апаратты дидактикалы топтама


    Скачать 1.99 Mb.
    НазваниеСаба 1 Апаратты дидактикалы топтама
    Дата11.05.2023
    Размер1.99 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЦитология методичка 1-15 сабак.docx
    ТипДокументы
    #1121468
    страница28 из 43
    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43

    Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:


        1. Летальды гендер, ағзаны ӛлімге душар ететін гендер

        2. Сублетальды гендер ағзаның кӛбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік әрекеттерінің тӛмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер

        3. Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер ДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік

    жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған кӛшірмелері кездеседі. Бұл кӛшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.

    Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі бір бӛлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер орындалу барысында ақуыз ӛнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық

    гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір қызметтің орындалуын бақылайды.

    Нуклейн қышқылдары мен геннің медициналық маңызы


    Адам ағзасының тіршілігі мен оның денсаулығының қалыпты немесе патологиялық жағдайлары ДНҚ-ның құрылысы мен қызмет атқаруына байланысты.

    Геномдағы құрылымдық гендердің және ДНҚ-ның басқа да реттеуші жүйелерінің жұмысын, механизмдерін егжей-тегжейлі білу, олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттеудің үлкен мәні бар. Ӛйткені мұндай зерттеулер адам ағзасының қалыпты тіршілік процестерін қамтамасыз ететін метаболизмдік әрекеттерді анықтауға, адамның түрлі ауруларының патогенезін ашуға, оларды диагностикалау, емдеу және алдын-алуға зор мүмкіндік береді.

    Геномдық зерттеулердің қолданылуы:

    Соттық медициналық және қылмыстық экспертизада (сараптауда) мына мақсаттарда:

    а) ДНҚ-ны талдау арқылы қылмыскерлерді, күдіктілерді, қылмыстың және апаттың құрбандарын идентификациялау;

    ә)биологиялық туыстықты (әкелікті) анықтау, дәлеледеу.

    Табиғатты қорғау шараларында:

    а) Табиғатта сирек кездесетін және жойылу сатысындағы ағза түрлерін идентификациялау және сақтау;

    ә) қоршаған ортаны ластайтын, бактеряларды және басқа микро ағзаларды табу;

    Трансплантологияда генотиптері бойынша бір-біріне сәйкес келетін донорлармен реципиенттерді таңдап алу.

    Тамақ ӛнеркәсібінде тағамдық ӛнімдердің жасанды емес, табиғи түрі екендігін анықтау, мысалы, шарап, балық уылдырығының ӛнімдерін даярлауда т. б.








    1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43


    написать администратору сайта