Главная страница

2 сынып қмж әдебиеттік оқу. Сыныбы 2сынып


Скачать 259.13 Kb.
НазваниеСыныбы 2сынып
Дата12.04.2023
Размер259.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 сынып қмж әдебиеттік оқу.docx
ТипДокументы
#1057785
страница17 из 20
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың мәтінді рөлге бөліп оқуына қолдау көрсетеді.

(Т) «Түсініпоқу»әдісі

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін оқушылар рөлге бөліп оқып шығады.

Оқыған бөлік мазмұнын әңгімелейді.

Дескрипторы:

мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқиды, мазмұнын айтады.

Оқулық




Мұғалім мәтінді оқып болған соң, оқушыларға ертегі желісін болжау туралы ұсыныс айтады.

(Ұ) «Болжа» айдары

Оқушылар ертегінің жалғасын болжау мақсатында ит пен әтештің сөзін өзінше құрап, олардың рөліне еніп сөйлейді.

Дескрипторы:

мәтін мазмұнын түсініп, соңын болжай алады.

Суреттер




Мұғалім мәтін бөлігін дұрыс анықтап оқуын ұйымдастырады.

Ертегі түрін анықтау үшін кейіпкерлеріне тоқталып, бағыт береді.

(Т) «Анықта» айдары

Оқушылар «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегінің қай түріне жататынын мұғалімнің көмегімен анықтайды.

Дескрипторы: ертегінің түрін ажыратады.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Оқулық

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушылардың жұптаса отырып, бір-біріне кейіпкер іс-әрекетіне өзінің көзқарасын білдіруіне ықпал етеді.

Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

(Ж) «Бағала» айдары
Сағанқайжануардыңсөзіұнайды?
Оқушылар ертегі желісіндегі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз пікірін білдіреді.

Дескрипторы: жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажыра біледі.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға ертегі кейіпкерлерін түсініп оқу барысында «Белгілеу» әдісіарқылы түртіп отыруды сабақ басында ескерткені жөн.

2-тапсырманы орындағанда, парта үстіндегі заттарды тізбектей атап, оларды бір сөзбен қалай атауға

болатындығын сұрайды.

(Ө) «Белгілеу» әдісі

Оқушылар суретке қарап, қазақша жыл атауына ие болған жануарлардың атын жазады.

2-тапсырмада заттардың аттарын екі топқа бөліп жазады.

Ортақ атауларын жазады.

Дескрипторы:

сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері, суреттер







Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне назар аударып, қорытынды жасай білу дағдысын арттырады.

«Қорытындыла» айдары

Түйе неліктен жыл басы бола алмады?Оқушылар ертегінің соңғы сөйлемін оқып, сұрақ төңірегінде ойын ортаға салады.

Дескрипторы: тақырып бойынша қорытынды тұжырымдайды.




Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Ертегінің мазмұны бойынша сахналық көрініс жасауға дайындалу.









73 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қуанышты күндер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтінді бөліктерге бөліп оқып, дайын жоспар бойынша мазмұндайды. Отбасындағы мерекелерді сипаттайды, жай күндер мен мереке күндерінің айырмашылығын біледі.

Дамытушылық: тақырыпқа сай ой түюге дағдыланады.

Тәрбиелік: мереке туралы ұғымы кеңейіп, жақын адамдарына деген құрмет сезімі артады.

Сабақтың барысы:




Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға мереке туралы түсінік береді.

Бірінші оқушыға таныс мерекелерден бастау керек. Сонымен қатар мереке түрлерін атап өту керек (кәсіби, мемлекеттік, халықаралық).

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі

Оқушылар мұғалімнің түсіндіруінен кейін

«мереке» сөзіне байланысты кластерді топта толтырады.

Дескрипторы:

берілген сөз бойынша кластер құрастыра алады. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері.

Кластер, оқулық

2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың мәтінді бөлімдерге бөлуіне қолдау көрсетеді.

(Ж) «Түсініп оқы» айдары

Оқушылар Қанат Қайымның «Мереке» мәтінін бөлімдерге бөліп, талдап оқиды. Өздері білетін мерекелерді атайды.

Дескрипторы:

мәтінді бөлімдерге бөліп оқиды.

ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері.

Оқулық







Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен

«қапелімде» деген сөздің

мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі.

(Ұ) «Сөзге түсіндірме» айдары

қапелімде аяқ астынан, күтпеген жағдайда




Оқулық




Оқушыларға сұрақ қою арқылы мереке туралы түсінігін толықтыру.

Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтқызу арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамытады.

Оқушылар мәтін мазмұнын жоспар бойынша әңгімелейді.

  1. Мерекелік сыйлық

  2. Айгүлдің анасына қойған сұрағы

  3. Нағыз мереке денсаулық

Дескрипторы:

мәтін мазмұнын дайын жоспарға сәйкес мазмұндайды.

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға сөйлем құрауға ықпал етеді.

Жазу барысында әрбір сөзді іштей буынға бөліп, сауатты жазуына ықпал етеді.

(Ө)

Жазушы мереке күнгі табиғатты қалайсуреттеген?

Жауапты мәтіннен тауып, көшіріп жазады.2-тапсырмада мерекелік гүлшоқты таңдаған түспен бояп, оқушылар анасына арнаған құттықтау сөзін жазады.

Дескрипторы:

сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушыларға тақтадан суреттер ұсынып, сұрақ қояды. Әр оқушының ойын тыңдау мақсатында қимақағазға жазуды ұсыну керек.

Саралау: оқушыларға бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

(Т) «Қорытындыла» айдары
Жақын адамыңа қай құттықтаудытаңдар едің?

Қызықты әңгіме айтып беремін. Жақсы баға алып келемін.

Қолдан ашықхат жасаймын. Ана туралы ән айтып беремін.

Дескрипторы:

сұраққа жауап береді, өз ойын айтады.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Ақ парақтар

Үй тапсырмасы




Мәтін мазмұнын әңгімелеуге дайындалады.









74 сабақ


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мақал-мәтелдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

2.3.3.1 шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шығарманың жанрын ажырата алады. Шығармашылық жұмыстарды мұғалімнің көмегімен орындайды. Мақал-мәтелдің мағынасын түсінуге үйренеді.

Дамытушылық: мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп айта алу біліктілігі жетіледі.

Тәрбиелік: ана тілін ардақтап, бағалай біледі, сөз қадірін терең ұғынуды үйренеді. Мақал-мәтел тіліміздің көркі екенін түсінеді.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


написать администратору сайта