|
2 сынып қмж әдебиеттік оқу. Сыныбы 2сынып
№49 сабақ
Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сыныбы: 2-сынып
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Салауаттылық сабағы
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру
2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
| Сабақтың мақсаты:
| Білімділік: өлең мазмұнын суретпен салыстыра сипаттайды. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.
Дамытушылық: ақпаратты жіктей алу дағдысы дамиды. Коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы артады.
Тәрбиелік: оқушылар жаман әдеттен аулақ болу адамды бақытқа кенелтеді деген ойды санасына сіңіреді.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| 1.
Қызығушылығын ояту
| Оқушыларды сұрақтарға жауап беруге бағыттайды.
«Салауаттылық»дегенсөздіқалайтүсінесің? Қандай спорттық үйірмегебарасың?
| (Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі Салауаттылық жайында білгенімен бөліседі. Сұрақтарға жауап береді.
| Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.
|
| 2. Мағынаны тану
| Мұғалім оқушылардың өлеңді түсініп оқуына қолдау көрсетеді.
| (Т) «Түсініпоқы»әдісі
Арасанбай Естеновтің «Салауаттылық деген не?» өлеңін түсініп оқиды.
| Дескрипторы: өлеңді түсініп оқиды. ҚБ: «Отшашу»әдісі
| Оқулық
|
| Мұғалім оқушылардың мәтінде кездескен «сергек»,
«келбет», «тырысқақ» деген сөздердің мағынасын дұрыс түсінуіне көмек көрсетеді.
| (Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары
сергек– жеңіл, ширақ
келбет– түр, кейіп, кескін
тырысқақ – қыңыр, ашуланшақ Оқушылар осы сөздерді қолданып, сөйлем айтып көреді.
|
|
|
|
| Оқушылар өлеңнің мазмұнын суретпен байланыстырып әңгімелейді. Сюжетті суретті негізге ала отырып, өлеңнің негізгі ойын жеткізеді. Мысалы:
«Суреттен таза ауада серуендеп, жаттығу жасаған баланы көреміз. Таза ауада жаттығу жасап, әрқашан көңілді жүру салауатты өмір салтына жатады. Әрбір өзін сыйлайтын адам спортпен шұғылданып, айналасын таза ұстауы қажет».
| Дескрипторы:
сурет пен мәтінді салыстыра сипаттайды.
| Оқулық
|
| Мұғалім оқушылардың берілген сұрақтарға ойланып, өз ойын дәлел келтіре отырып негіздеп айтуына қолдау көрсетеді. Өйткені,себебі,сол себептідеген сөздерді қолдануына бағыт береді.
| (Т) «Бағала» айдары
Оқушылар «Суреттенқайбаланыңденсаулыққазияндыәдетінбайқадың?»деген сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойын топ ішінде айтады. Осы ойға қатысты басқа оқушылардың пікірін тыңдайды. Өз ойын дәлелдейді.
| Дескрипторы:
мәтін бойынша нақтылау сұрақтарының жауабын айтады.
| Оқулық
| Дәптермен жұмыс
| Мұғалім оқушыларды сурет мазмұнына сәйкес ескерту хат жазуға бағыттайды.
Оқушылардың партада отыру ережесін еске түсіреді.
| (Ө)
Оқушылар салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады.
| Дескрипторы: салауаттылықты сақтаудың ережесін құрап жазады.
| Оқулық, жұмыс дәптері
|
| Егер оқушы пайдалы кеңесті еркін орындай алса, жасыл түспен; дағдыланған іс-әрекет болса, көк түспен; ал кеңесті орындауда қиындық туындаса, қызыл түспен штрихтайды.
| Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.
Бұл тапсырмада оқушылар кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді.
| Дескрипторы:
кестеде берілген пайдалы кеңестерді қандай деңгейде орындай алатындығын штрихтап көрсетеді.
| Жұмыс дәптері
|
| Өз ойы мен пікірін толық, нақты бере білуге жетелейді.
| Жұптық жұмыс
«Дені саудың жаны сау» мақалына қатысты өз пікірін білдіреді.
|
| Оқулық
| 3. Ойтолғаныс
| «Шынықсаң, шымыр боларсың» мақалының мағынасын ашып, өз өмірімен байланыстыра білуіне көмектеседі.
| (Т) «Қорытындыла» айдары
Сөздерден мақал құрап, өлеңдегі негізгі ойды мақалмен байланыстырып айтады. Мысалы:
«Күнделікті шынығып, жаттығу жасап, салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы мықты болады. Оны халқымыз «Шынықсаң, шымыр боласың» деген мақалмен түйіндеп айтқан.
| Дескрипторы: мақал мазмұнын тақырыппен байланыстырады.
|
| Үй тапсырмасы
| Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.
| Денсаулыққа зиянды әдеттерді дәптерге жазады.
|
|
|
№50 сабақ
Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сыныбы: 2-сынып
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Қанағатшыл бол
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
| Сабақтың мақсаты:
| Білімділік: әңгіменің негізгі ойын анықтайды. Берілген сөздерден теңеу сөздерді табады.
Дамытушылық: қажетті мәтін бөлігін анықтай алу біліктілігін жетілдіреді.
Тәрбиелік: үлкеннің ақылын тыңдау қажеттігін түсінеді.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| 1.
Қызығушылығ ын ояту
| Мұғалім оқушыларға қай тағам пайдалы, қандай тамақтың пайдасы аз екендігі туралы
сұрақтар қояды.
| (Ұ) «Тамақтану бағдаршамы» ойыныПайдалы тағам туралы айтылса, бағдаршамның жасыл түсін, келіспесе, қызыл түсін көрсетеді.
| Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.
|
|
| Мұғалім оқушылардың сабаққа назарын аудару үшін тамақтану тәртібін еске түсіреді.
| (Т) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі – Талғамай тамақтанудың зияны туралы небілесің?
| ҚБ:
мұғалімнің қолдау сөздері.
| Оқулық
| |
|
|