|
2 сынып қмж әдебиеттік оқу. Сыныбы 2сынып
| Мұғалім оқушылардың өз ойы мен сезімін ашық, бүкпесіз, еркін айтуына ықпал етеді.
| (Т) «Ойыңмен бөліс» айдары
Оқушылар Сейіттің неге шыдамдылық танытқаны туралы өз ойын ортаға салады. Өзінің қиын сәттерде шыдамдылық танытқан кезі болса, сол оқиға туралы баяндайды. Мысалы: «тіс дәрігеріне барған кезде жыламадым» немесе «қараңғы бөлмеге қорықпай кірдім» деуі мүмкін. т.с.с.
| Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.
| Оқулық
| Дәптермен жұмыс
| Оқушылардың жоспарды негізге алып, жүйелі баяндау дағдысын арттырады.
| (Ө)
Оқушылар мәтіннің мазмұнына сай жоспардың ретін табады.
| Дескрипторы:
дайын жоспардың ретін тауып белгілейді.
| Оқулық, жұмыс дәптері
|
| Сөздерді мағынасына қарай топтастыра алуына қолдау көрсетеді.
| Оқушылар сөздерді мағынасына қарай топтастырып, кестеге түсіріп жазады.
| Дескрипторы: сөздерді мағынасына қарай топтастырады.
| Жұмыс дәптері
|
| Мұғалім оқушылардың мәтін кейіпкерінің іс-әрекетін бағалап, өз өмірімен байланыстыра отырып ойын білдіруіне қолдау көрсетеді.
| (Т) «Бағала»әдісі
«Сейітқандайбала?»деген сұраққа жауап беріп, Сейіттің іс-әрекетін бағалайды.
Мысалы: Сейіт – өте байқампаз, жанашыр, сабырлы бала. Ол өзі үшін анасының қиналғанын байқады. Анасының жанын жараламас үшін қиындыққа шыдады, қанша ауырса да сабырлылық көрсетті. Осылайша ол анасына жанашырлық танытты.
| Дескрипторы: кейіпкердің іс-әрекетін бағалап, өзіндік пікірін білдіреді. ҚБ: «Отшашу»әдісі
| Оқулық
| 3. Ойтолғаныс
| Мұғалім оқушылардың жауабын саралап қабылдайды.
| (Ө) «Қорытындыла» айдары
– Жағымдықылықтарменқасиеттердібалаларкімнен,неден үйренеді?
Оқушылар осы сұрақ төңірегінде ой бөліседі.
| Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.
| Оқулық
| Үй тапсырмасы
| Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.
| Ы. Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін хрестоматиядан оқып, сыныптастарына әңгімелеп беруге дайындалу.
|
|
|
№57 сабақ
Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
|
Сыныбы: 2-сынып
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Еңбектің пайдасы
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу
2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
| Сабақтың мақсаты:
| Білімділік: оқушылар мәтінді түсініп оқып, өз ойы мен сезімін жеткізеді. Өз қиялымен ертегіні аяқтайды.
Дамытушылық: оқушылардың болжам жасай алу, айтылым дағдысы дамиды.
Тәрбиелік: өзара сыйластық, сенімділік қарым-қатынастары артады.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| 1.
Қызығушылығын ояту
| Мұғалім оқушылардың қиялына ерік беріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал етеді.
| (Ұ) «Оқу мен жазуға даярлық» әдісіОқушылар еңбек құралдарын атап, оларды не үшін қолданатындығын айтады.
Содан соң әр оқушы бір еңбек құралын таңдап, сол құралдың дыбысын келтіреді. Мысалы: Ара – ыз-ыз-ыз.
Балға – тоқ, тоқ, тоқ т.с.с.
| Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.
|
| 2. Мағынаны тану
| Мұғалім оқушылардың ертегіні түсініп оқуына мүмкіндік береді. Ертегі мазмұнына сай талдау сұрақтарына жауап алады.
| (Т) «Әдебиетлотосы» әдісі
Ұйғыр халқының «Егіздер мен шаруа» ертегісін түсініп, іштей оқып, оқыған шығарма мен кейіпкерлер туралы кесте бойынша әңгімелейді.
| Дескрипторы:
оқушылар ертегіні түсініп, мәнерлеп оқиды.
| Оқулық
|
| Шығарма атауы
|
| Авторы
|
| Кейіпкері
|
| Сипаты
|
| Қандай жағымды
қасиеттері мен қылықтары ұнайды?
|
| Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па?
Себебін түсіндір.
|
|
| Мұғалім оқушылардың ертегі мазмұнына сәйкес қарапайым немесе нақтылау сұрақтарын құрастыруына көмектеседі.
| (Ж) «Сұрақтар жаңбыры» әдісіОқушылар «Егіздер мен шаруа» ертегісінің мазмұны бойынша сұрақтар құрап, басқа топтарға береді.
Мысалы:
| Дескрипторы: қарапайым және нақтылау сұрақтарын қойып, оның жауабын шығармадан таба алады.
| Оқулық
|
|
| Егіздеркімніңбаласыеді?
Олар қандай ауруға шалдықты?Олар емді қайдан іздемек болды?Жолдакімгежолықты?
Олардың аурудан айығуына не себеп болды?Егіздерпалаудынеліктенсүйсінежеді?
|
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі
|
| Дәптермен жұмыс
| Мұғалім оқушылардың қиялына ерік беріп, өз нұсқасын ұсынуына көмектеседі.
Бірін-бірі тыңдап, топта ынтымақтастықпен жұмыс істей білуге бағыттайды.
| (Т) Шығармашылық жұмыс
Оқушылар ертегінің соңын болжап, өзінше жалғастырып жазады. Ертегі кейіпкері ретінде өзін қосуына да болады.
| Дескрипторы: ертегінің соңын болжап, жалғастырып жазады. ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі
| Оқулық, дәптер
| Дәптермен жұмыс
| Тұжырымдар кестесін толтыру барысында оқушылардың мәтінді түсіну деңгейі анықталады.
Мұғалім толық түсінбеген оқушыға қолдау танытады.
| Оқушылар дәптердегі тақырып бойынша берілген тұжырымдар кестесін толтырады.
| Дескрипторы: тұжырымдар кестесін толтырып жазады.
| Жұмыс дәптері
| 3. Ойтолғаныс
| Оқушылардың ертегінің түйінді ойын анықтап, оны
«денсаулық», «еңбек» сөздерімен байланыстыра айтуына ықпал етеді.
| (Ө) «Қорытындыла» айдары
Оқушылар ертегінің түйінді ойын анықтайды. Мысалы: негізгі ойды нақыл түрінде беруге болады.
Еңбек – денсаулық кепілі.
| Дескрипторы:
мәтін мазмұнына сүйеніп, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі
| Оқулық
| Үй тапсырмасы
| Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.
| Бос уақытында қандай пайдалы еңбекпен шұғылданатыны туралы әңгімелеу.
|
|
|
№58 сабақ
Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сыныбы: 2-сынып
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Зиянды әдеттен сақтан
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
| Сабақтың мақсаты:
| Білімділік: оқушылар ертегіні түсініп оқиды. Тірек сөздерді пайдаланып, ойын жеткізеді. Ертегінің түрін, тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды.
Дамытушылық: оқушылардың ертегінің түйінді ойын өз өмірімен байланыстырып баяндай алу дағдысы артады.
Тәрбиелік: зиянды әдеттерге бой алдырмаудың маңызын ұғады.
| |
|
|