Главная страница

2 сынып қмж әдебиеттік оқу. Сыныбы 2сынып


Скачать 259.13 Kb.
НазваниеСыныбы 2сынып
Дата12.04.2023
Размер259.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 сынып қмж әдебиеттік оқу.docx
ТипДокументы
#1057785
страница19 из 20
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20



76 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Төрт түлік туралы жырлар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: халық ауыз әдебиеті түрлерінің бірі – төрт түлік жырлары, олардың жанрлық ерекшеліктері туралы біледі.

Дамытушылық: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: ұжыммен ынтымақтастықта, бірлесе жұмыс істеп үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім «Адасқан әріптер»ойынын ойнатуға болады.

Тақтаға әртүрлі адасқан әріптер қимақағазын ұсынады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі

Оқушылар әріптер топтамасынан жануарлардың атын тауып оқиды.

Дескрипторы: жануарлардың атын тауып оқиды.

Қимақағаз дар




Тұрмыс-салт жырлары, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы білімін тереңдетеді.

«Анықтама» айдары

Тұрмыс-салт жырлары – ауыз әдебиетініңбіртүрі.







2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын қойып оқу машығын жалғастырады.

(Ж) «Түсініпоқы»әдісі

Оқушылар жұптаса отырып, өлеңді оқиды, талқылайды. Мұғалімнің көмегімен мағынасын ашады.

Дескрипторы: мұғалімнің көмегімен өлеңді түсініп оқиды. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері.

Оқулықта- ғы суреттер




Бұл тапсырмада оқушыларға төрт түліктің әрқайсысына арналған шағын буклет ұсынады. Түліктің сипатын кластер арқылы беруге болады.

(Т) «Біліміңді қолдан» айдары Оқушылар мұғалімнің нұсқауын ескере отырып, төлдердің сипатын атап айтады. Оқушылар өлеңнен әрбір төлдің қандай сипаты айтылғанын табады. Өз ойын қосады.

Дескрипторы:

төлдерді сипаттай алады.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға үй жануарларының төлдері мен олардың иелері туралы айтады. Содан кейін жануарлардың төлдерін

жаздырады.

(Ө) 1. Көшіріп жазып, жұмбақты шешеді.

Төл өсіріп момақан,Уызішкенқоймалжың.

Білсең,айтшы,балақай,

Еңбегізейнетқаймалшы?(қойшы)

2. Төрт түлік малдың төлдерін жазады.

Дескрипторы: сауатты жазады. Кері байланыс: мұғалімнің,

сыныптастарының қолдау сөздері.

Оқулық, дәптер

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушыларға өлең атауына байланысты ойын айтуын сұрайды.

(Т) «Ойлан» айдары

Оқушылар топта өлеңді оқиды, оған тақырып таңдайды. Сол тақырыпты таңдау себебін түсіндіреді.

Кері байланыс: мұғалімнің, сыныптастарының қолдау сөздері.

ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Ақ парақтар







Мұғалім оқушылардың өлеңде кездескен «уыз»,

«зейнет» сөздерінің

мағынасын дұрыс түсінуіне көмектеседі.

(Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары

уыз – төлдеген малдың алғашқы қоймалжың сүті

зейнет еңбектің жемісі, рақаты




Оқулық, дәптер




Мұғалім оқушылардан сипатына байланысты төлді таңдау себептерін сұрайды. Оқушыларды, мысалы, қой момақан мал, өзімнің момын мінезімді соған ұқсатамын деп айтуға жетелейді.

(Ө) «Қорытындыла» айдары

Сағанқайтөлұнайды?
Әр оқушы өз ойын параққа жазып, ұжымға оқып береді.

Дескрипторы:

сұраққа жауапты нақты дәлел келтіру арқылы айта алады.

Кері байланыс: мұғалімнің қолдау сөздері.




Үй тапсырмасы




«Малдың баласын сүюі» өлеңін жаттап алу.








77 сабақ

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 2-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Наурыз жыл басы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

2.3.1.1 мұғалімнің көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру

2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: табиғаттағы өзгерістерді, наурызкөженің қалай жасалатыны туралы біледі. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, жоспар құрады.

Дамытушылық: оқушылардың ойын еркін жеткізе білу қабілеті дамиды.

Тәрбиелік: табиғатты сүюге, ұлттық дәстүрді қадірлеуге тәрбиелей отырып, оқушыларды топ ішінде бірлесіп әрекет етуге, бірін-бірі тыңдауға, шығармашылық тұрғыда қарым-қатынас жасауға үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.

Қызығушылығын ояту

Мұғалім оқушыларға мереке туралы түсінік береді.

(Ұ) «Оқуменжазуғадаярлық»әдісі

Дескрипторы:

мерекені салыстыра отырып, нақты дәлелмен

Суреттер, оқулық







Бірінші оқушыға таныс мерекелерден бастау керек.

Оқушылар мұғалім ұсынған суреттен Наурыз мерекесіне тән суретті табады.

(Ө) «Ойлан» айдары

Наурыз айында табиғатта қандайөзгерістерболады?

Оқушы өз ойымен бөліседі.

ойын жеткізе алады. ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері.




2. Мағынаны тану

Мұғалім оқушылардың мәтінді тізбектей оқуын ұйымдастырады.

Мәтінді оқып болған соң сұрақ қою керек.

(Ж) «Түсініпоқы»әдісі
Оқушылар мәтінді белгілі ретпен тізбектей оқиды.

Дескрипторы:

мәтінді түсініп оқиды.

Оқулық




Мұғалім оқушының өлеңде кездескен «әз», «бауырына тарту» сөздерінің мағынасын

дұрыс түсінуіне көмектеседі.

(Ұ) «Сөздік жұмысы» айдары

әз қасиетті, қадірлі, ардақты

бауырынатарту өз баласындай жақсы көру




Оқулық, дәптер




Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша жоспарды ретімен атауды ұсынады.

(Ө) «Ойлан» айдары

Мәтін мазмұны бойынша жоспарды ретімен атайды.

  1. Наурыз ата

  2. Әженің көжесі

  3. Наурызкөже

Дескрипторы:

мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрады.

Дәптер, оқулық

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға жоғарыдағы тапсырмамен байланыстыра Наурыз мерекесінің бір белгісі наурызкөже екендігін атап өтеді.

(Ө)

Оқушылар тапсырманы бірінші ауызша орындайды.

Содан кейін суретке қарап, наурызкөжеге қосылатын жеті түрлі дәмнің атын жазады.

Дескрипторы:

сөйлемді сауатты, көркем етіп жазады.

Оқулық, жұмыс дәптері

3. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушыларға тақтадан суреттер ұсынып, сұрақ қояды. Сұраққа жауап беруде алған білімін қолдануын басшылыққа аламыз.

Наурыз мерекесіндегідәстүрлердіата.

(Т) «Қорытындыла» айдары Оқушылар Наурыз мерекесіндегі дәстүрлерді атайды.

(Бірін-бірі құттықтау, көрісу, наурызкөжежасау, қонаққа шақыру, ағаш отырғызут.б.)

Дескрипторы:

сұраққа жауап береді, өз ойын айтады.
ҚБ: «Ду қолшапалақ»әдісі

Ақ парақтар







Наурызмерекесінотбасыңқалайтойлайды?

Наурыз мерекесін отбасында қалай өткізетіні туралы әңгімелейді.







Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау жолын түсіндіреді.

Наурыз туралы қосымша ақпарат іздейді.






1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


написать администратору сайта