Главная страница
Навигация по странице:

  • ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы Тапсырма түрі

  • Қабылдау мерзімі ОСӨЖ тапсырмалары

  • 9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 9.1 Дәрістер Тақырыбы

  • Әлеуметтік – педагогикалық қызмет

  • Әлеуметтік – педагогикалық әрекет

  • Тақырыбы

  • Ба_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1. Студентке арналан пн бадарламасы


    Скачать 0.94 Mb.
    НазваниеСтудентке арналан пн бадарламасы
    Дата03.12.2021
    Размер0.94 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБа_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1.docx
    ТипДокументы
    #290069
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8


    7.ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

    дәріс, практикалық сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер, интербелсенді әдістер: сұрақ-жауап, венн диаграммасы, эссе, инсерт, джигсо, ой қозғау, кластер, Т-кестесі, білемін, білгім келеді, білдім, қос жазба күнделігі, еркін жазу, слайд жасау, қос шеңбер, тренингтік жаттығулар және ZOOM платформасы, YouTube каналы, Univer жүйесі
    8. ОСӨЖ, СӨЖ кестесі:



    ОСӨЖ / СӨЖ тапсырмасы

    Тапсырма түрі

    Тапсырманың берілу және орындалу мерзімі (апта күні мен уақыты)

    Берілген мерзімі

    Қабылдау мерзімі

    ОСӨЖ тапсырмалары

    1

    Инклюзивті білім беру моделі.

    Әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, тақырыпқа сәйкес ұғымдардың мазмұнын ашу және слайд презентция түрінде орындау. Сабақ кестесіне сәйкес тапсыру.

    1-апта


    2-апта

    Бейсенбі

    15-00

    2

    Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары.

    Ақпарат көздерінен материал жинақтап, кітапхана ресурстарын зерттеу, мәнжазба жазу. Негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

    2-апта


    3-апта

    Бейсенбі

    15-00

    3

    Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, тақырыпқа сәйкес ұғымдардың мазмұнын ашу және слайд презентция түрінде орындау. Сабақ кестесіне сәйкес тапсыру.

    3-апта


    4-апта

    Бейсенбі

    15-00

    4

    Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, тақырыпқа сәйкес ұғымдардың мазмұнын ашу және слайд презентция түрінде орындау. Сабақ кестесіне сәйкес тапсыру.

    4-апта


    5-апта

    Бейсенбі

    15-00

    5

    Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Ақпарат көздерінен материал жинақтап, кітапхана ресурстарын зерттеу, мәнжазба жазу. Негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

    5-апта


    6-апта

    Бейсенбі

    15-00

    6

    Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Ақпарат көздерінен материал жинақтап, кітапхана ресурстарын зерттеу, мәнжазба жазу. Негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

    6-апта


    7-апта

    Бейсенбі

    15-00

    7

    Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары.

    Ақпарат көздерінен материал жинақтап, кітапхана ресурстарын зерттеу, мәнжазба жазу. Негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

    7-апта


    8-апта

    Бейсенбі

    15-00

    8

    Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздер (Халықаралық және отандық нормативті - құқықтық актілері).

    Ақпарат көздерінен материал жинақтап, кітапхана ресурстарын зерттеу, мәнжазба жазу. Негізгі ұғымдардың мәнін ашу.

    8-апта


    9-апта

    Бейсенбі

    15-00

    9

    Интерграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

    Әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, тақырыпқа сәйкес ұғымдардың мазмұнын ашу және слайд презентция түрінде орындау. Сабақ кестесіне сәйкес тапсыру.

    9-апта


    10-апта

    Бейсенбі

    15-00

    10

    Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару.

    Әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, тақырыпқа сәйкес ұғымдардың мазмұнын ашу және слайд презентция түрінде орындау. Сабақ кестесіне сәйкес тапсыру.

    10-апта


    11-12-апта

    Бейсенбі

    15-00

    СӨЖ тапсырмалары

    1

    «Инклюзивтік оқыту» дегеніміз не

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    1-апта

    2-апта

    Жұма

    15-00


    2

    Бақылаудың түрлері.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    2-апта


    3-апта

    Жұма

    15-00


    3

    Инклюзивтік оқытуды ұйымдастырудағы кәсіби дайындық.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    3-апта


    4-апта

    Жұма

    15-00


    4

    Инклюзивтік оқыту жүйесін ұйымдастыру және қолдау.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    4-апта


    5-апта

    Жұма

    15-00


    5

    Адамдарға қарым-қатынастың өзгеру эволюциясы.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    5-апта


    6-апта

    Жұма

    15-00


    6

    Бағалау кезіндегі этикалық жауапкершілік.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    6-апта


    7-апта

    Жұма

    15-00


    7

    Мектепке дейінгі кезең балаларының эмоционалды және әлеуметтік дамуы.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    7-апта


    8-апта

    Жұма

    15-00


    8

    Ересек адамдардың балалармен қарым-қатынас орнату түрлері.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    8-апта


    9-апта

    Жұма

    15-00


    9

    Педагогикалық тексеру нәтижелері.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    9-апта


    10-апта

    Жұма

    15-00


    10

    Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған нормативтік құқықтық ережелер.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    10-апта


    11-12-апта

    Жұма

    15-00


    11

    АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдеріндегі инклюзивті білім беру.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    13-апта

    14-апта

    Жұма

    15-00


    12

    Қазіргі таңдағы инклюзивті білім берудің мәселелері.

    Негізгі және қосымша әдебиеттерді басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды жазбаша түрде орындау.

    14-апта


    15-апта

    Жұма

    15-00




    9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

    9.1 Дәрістер

    Тақырыбы:1.Инклюзивті білім беру моделі.

    Сағат саны:2

    Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

    1. Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың үлгі ережесі.

    2. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы № 83 қаулысы.

    3. Мектепке дейінгі жастағы балаларды түзеу және оларға инклюзивті білім беру кабинеттерінің қызметін ұйымдастырудың тәртібі.

    Дәріс тезисі

    Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғам көзқарасы өзгерген сайын оларғаәлеуметтік көмек көрсетудің қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік- әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамына кіреді.

    ҚР «Білім туралы» Заңындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіреті дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша дамуында ауытқушылығы бар балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек балалар әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығындарын толық немесе ішінара төлейді. Әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

    Әлеуметтік тексеру – тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақтылығы, әдеттегі қызметпен айналысу қабілеті, экономикалық дербестігі мен қоғамға кірігу қабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін анықтайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ұзақ уақыттық экономикалық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық көмек көрсетіліп отырылады.

    Педагогикалық тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндіктерін айқындайды.

    Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік – педагогикалық қызмет көрсету бұл ерекше қажеттіліктерді талап ететін адамдарға-үздіксіз педагогикалық ұйымдастырылған жүйеде әлеуметтік тәрбие беру.

    Әлеуметтік – педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, экономикасымен, және саясатымен тығыз байланысты.

    Әлеуметтік бейімдеу- нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларында белсенді түрде икемделуі.

    Әлеуметтік жұмыс – жекеленген балаларға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып, әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

    Әлеуметтік көмек – бұл экономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жақсартуына бағытталған қызмет көрсету кешені.

    Бұл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу.

    Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогикалық әрекеттің орны ерекше.

    Әлеуметтік – педагогикалық әрекет (мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жәрдем беру)- бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жасына, қоршаған ортасына байланысты даму ерекшелігін ескертетін үздіксіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған әлеуметтік және мәдени шартталған кеңістіктен «шығып кетуіне» (Л.С.Выгодский) әкеледі.

    Бекіту сұрақтары

    1. Инклюзивтік мектептер мен балабақшаларда мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі кімдермен ерекше қарым-қатынасты қажет етеді?

    А) тәрбиешімен

    В)мұғалімдермен

    С) мектеп психологымен

    D) жанұямен

    Е) ағасымен

    2. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды бағалау қандай тілде жүргізілуі керек?

    А) қазақ тілі

    В) орыс тілі

    С) ана тілі

    D) қытай тілі

    Е) ағылшын тілі

    3. Бағалауды жүргізуден бұрын қандай рұқсат сұрау керек?

    А) ата-аналардың ауызша рұқсаты

    В) ата-аналардың жазбаша рұқсаты

    С) жеке дара жоспар

    D) ата-аналардың түсініктемесі

    Е) ағасының рұқсаты

    4. Алғаш қай қалада дамуында кемшілігі бар балалар үшін арнайы мектептер ашылды?

    А) Ресейде

    В) АҚШ

    С) Қазақстанда

    D) Испанияда.

    Е) Германияда

    5. «Барлығы үшін білім» декларациясын қабылдау туралы дүниежүзілік форум қайда өтті?

    А) Испанияда

    В) Парижде

    С) Дакарда

    D) Токиода

    Е) Германияда
    Әдебиет

    1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

    2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

    3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

    4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

    5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

    6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)


    Тақырыбы:2. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру.

    Сағат саны:2

    Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

    1. Инклюзивті білім беру.

    2. Мүмкіндігі шектеулі балалар категориялары.

    3. Инклюзивтік білім беру – мектеп жасына дейінгі әр түрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамыту.

    4. Кіріктірілген білім беру процесі.

    Дәріс тезисі

    Арнаулы мектептердегі психологиялық-педагогикалық коррекциялау жұмыстары оқушының танымдық белсенділігінің деңгейлеріне сәйкес оқушыларға жеке әрекет жасау арқылы оқытудың қажетілігін анықтайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған мектептегі жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесі оқушының жалпы білім беретін мектептерде білім алуына мүмкіндік береді.

    Психологиялық-педагогикалық қатарындағы негізгі мәселелер оқытудағы қиындықтарды диагностикалау болып табылады. Мектепке қабылданған психикалық дамуы кешеуілдеген балалар оқыту процесі кезінде мағыналы түрдегі қиындықтарға кездеседі. Қалыпты балалардан психикалық дамуы кешеуілдеген балаларды мынадай ерекшеліктерге қарай ажыратуға болады:

    1. Психикалық дамуында кемшілігі бар балалар тез шаршайды, берілген жұмыс көлемінінің барлығын қамти алмайды.

    2.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар қабылданған ақпараттарды анализдеу мен синтездеуде қиындықтарға жолығады. Олардың ойлау кезінде, сөздік-логикалық ойлауды қалыптастыру кезіндегі қабілеттері төмен болады.

    3. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар мектептің ортақ талаптары мен ережелеріне бағындайды және құрбыларымен жиі-жиі келіспеушіліктер туындатады.

    4. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға өз әрекетін ұйымдастыру мен өз әрекетіне бақылау жасау қиын.

    5. Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға оқу әрекеті кезінде жүйелі түрде бақылау жасалып отыру керек.

    Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың оқу әрекетімен қатар сөйлеу әрекетіне қалыптастырудың тиімді жолы – баланы жеке интеллектуалдық әрекетін игеруге, оның негізгі құрылымдық компоненттерін (мотивациялық, бағдарлау, болжау, операциялау, реттеушілік) игеруге үйрету. Интеллектуалдық әрекеттің кез келген құрылымдық компонентін игеру негізінде кез келген ойлау әрекетінің қалыптасуы негізіндегі психологиялық механизмдер анықталады. Бұл арнаулы бағдарлау негізінде ұйымдастырылатын бірте-бірте ішкі жоспарларға ауысатын сыртқы әрекеттердің құрылымы.

    Бекіту сұрақтары

    1. Инклюзивті білім беру мәселесі қай жылдан бастау алды?

    А) 1960ж

    В) 1970ж

    С) 1980 ж

    D) 1990 ж

    Е) 2000 ж

    2. Барлығы білім үшін қозғалысы қашан және қайда болды?

    А) 1995 жыл Парижде

    В) 2000 жыл Ресейде

    С) 1990 жыл Тайландта

    D) 2006 жыл Қазақстанда

    Е) 2003 жыл Германияда

    3. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын неше түрлі бағдарлама бойынша жүргізілуі тиіс.

    А) 1

    В) 2

    С) 3

    D) 4

    Е) 5

    4. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасы қай жылы, қай қалада қабылданды?

    А) 1990 жылы Токиода

    В) 1991 жылы Ресейде

    С) 1992 жылы АҚШ-та

    D) 1993 жылы Парижде

    Е) 1994 жылы Саламанка қаласында

    5. «Include» ағылшын сөзінің аудармасы:

    A) Қосу

    B) Білім беру

    C) Өз құрамына енгізу

    D) Көмек беру

    E) Қамқорлық көрсету
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта