Ба_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1. Студентке арналан пн бадарламасы
Скачать 0.94 Mb.
|
Тақырыбы:6.Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Сағат саны:1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізілетін құжаттар. Түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысандары. 1) қысқа мерзімді топтарда оқыту; 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту; 3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру. Дәріс тезисі Дамудағы кемшіліктердің әсерінен аномальды балалардың әлеуметтік ортамен қарым қатынасқа түсуі қиын, өзгерістермен күрделі талаптарға тиімді түрде реакция беру қабілеттілігі төмен. Олар алға қойған мақсаттарына жетуде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне қоғаммен, ұжыммен тиімді түрде араласа білуге, әлеуметтік ережелер мен нормаларды орындауға қалыптастыру жатады. Әлеуметтік бейімдеу аномальды балаларға қоғамдық өмірмен араласуға жағдай жасайды. Арнаулы білім беру мекемелерінің оқушылары қоғамда қабылданған тәртіп нормаларын игере алатындығын көрсетті. Сонымен реабилитация бұзылған функцияларды, медициналық, әлеуметтік, білім беру тұрғысынан қалыпқа келтіру процесі. Бұзылған кемшіліктерді ерте кезден бастап түзету арқылы интеграциялау контексінде аномальды бала дамуы қалыптасқан қоғамдағы перспективті және жетекші тенденциялардың бірі ретінде құрастырылады.Ал, қазіргі таңда ҚР-да әлеуметтік бейімдеудің бағдарламада келесідей бағыттары қарастырылады: баланың оңалту орталығына бейімделуі; өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру; а/балаларды өз бетімен киінуге және шешінуге үйрету; ә/жуынуға, сабынды және сүлгіні пайдалануға үйрету; б/ұқыпты болуға үйрету; Қарым-қатынастың қарапайым түрлерін қолдануға үйрету; Қарапайым ойын түрлерін үйрету; Моторикасы мен көру-қимыл координациясын дамыту көрнекі құралдарға сүйене отырып, үлгі бойынша іс-әрекеттерге үйрету; Қабылдау түсініктерін қалыптастыру,қарапайым геометриялық фигураларды тани білуге және ажырата білуге үйрету. Кез-келген қоғамда, даму дәрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының зерттеуінің арнайы тапсырмалары қажет. Әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу үшін әртүрлі режимдік сәттерді пайдалану қажет. әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ертерек және ата-аналар тарапынан арнайы түзету жұмысын ұйымдастыру қажет. Бекіту сұрақтары 1.Инклюзивтік оқытудың тиімділігі. А) дамуында кемшілігі бар балалардың қарапайым балалармен бірдей мүмкіндіктерге ие болуы. В) физиологиялық даму ерекшеліктері жақсарады С) психологиялық даму ерекшеліктері жақсарады D) қарапайым балалармен қарым-қатынасқа еркін түсе алады. Е) дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері 2. Инклюзивтік оқытудың негізгі принципі: А) мектептер дамудың шарттарына қарамастан барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс В) қоғам бұл балаларды қабылдауы тиіс С) ата-аналар өз балаларын арнайы мекемелерде оқытуы керек D) арнайы қажеттері бар балалар өздері білім алуға талпынуы тиіс Е) қарапайым балаларды қабылдауы тиіс 3. Баланың алғашқы және негізгі ұстазы кімдер? А) ата-аналар В) серіктестер С) тәрбиеші D) ағасы Е) мұғалімдер 4. Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек қай жылдарды қамтиды? А) Білім беруді дамытудың 2008-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы В) Білім беруді дамытудың 2009-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы С) Білім беруді дамытудың 2010-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы D) Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Е) Білім беруді дамытудың 2012-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 5. Оқыту жоспарларын құру бойынша балалар мекемелерінің серіктестері кімдер? А) жанұя В) қоғам С) ата-аналар D) бала Е) құрдастары Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018 Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/) Тақырыбы:7.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мәселелері Ақыл-ойы артта қалған балалармен медициналық-психологиялық– педагогикалық және түзету шараларын жүргізгу Дәріс тезисі Бала белгілі әлеуметтік ортада өсіп, айналасындағы заттар мен құбылыстарды танып біледі, олармен тікелей қарым–қатынастарда әсерленіп, бойындағы табиғи қасиеттерін жетілдіріп, ақыл – ой сезімін танып, әрекетімен байланыстырады. Сезімнің бұл түрлері балалардың оқып- білім алуына, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Ал осындай ақыл- ой сезімі кейбір балада жетілмей, артта қалып қояды. Ақыл – ойы кем балаладың басым көп бөлігін олигофрен- балалар құрайды (грек сөзі oliqos- аз,phren- ой). Психиканың жетілмеуінің негізінде жатқан ми жүйесінің зақымдалуы. Оның себебі негізінен тұқымқуалаушылық, ортаның экологоиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Ақыл – ойы кем балалардың жалпы дамуының ілгері жылжуы үшін оның білім, дағды мен біліктерді меңгеруі үшін, оларды жүйелеп практикалық тұрғыда қолдану үшін арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбие анағұрлым маңызды. Ақыл- ойы кем балалар – орталық жүйке жүйесі зақымдалған балаларға арналған арнаулы бала – бақшаларда тәрбиелеушілердің негізгі континенті болып табылады. Ақыл – ойы кем балалардың ұсақ моторикасын дамыту, тіл байлығын дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау және қабылдау қабілеттерін дамытуда ойынды басты іс – әрекет етіп алады. Ақыл – ойы кем мектеп жасына дейінгі балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеуге тоқталсақ, бұл жастағы балалардың басты іс – әрекеті ойын болып табылады. Осы кезеңде балалардың адам өмірі, әлеуметтік қарым – қатынасы, мінез- құлықтың адамгершілік қасиеттері туралы түсінікті қалыптасып, қиял, ерік, символикалық функциялары дамиды. Әлеуметтену мен адамзатқа тән ақыл- ой іс әрекетінің тәсілдерін меңгеру үшін рөлдік ойын, сөйлеу, сурет салу, құрастыру іс- әрекет түрлері маңызды болмақ. Бұл кезеңдегі негізгі міндеттер мынандай: Ойын әрекетін дамыту; Құрдастарымен қарым- қатынасын дамыту; Ойын барысымен түзету жұмыстарын жүргізу; Өзіне – өзі қызмет көрсету дағдыларын дамыту, гигиенаға тәрбиелеу; Саусақтарын жазуға дайындау; Кеңістік, уақыт туралы, қоршаған орта туралы түсініктерін, сөйлеуін қалыптастыру; Ақыл – ойы кем балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің мәні зор. Мұнда ақыл – ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрігерлік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады. Ақыл – ойы кем балаларды оқытудың негізгі әдісі біріктіруболып табылады. Қазіргі шақта біріктіру зейін орталығы болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы баланың дамуының ерекшеліктерін жалпы білім беру стандартының қалыпты уақыттағы жақын болуымен сипатталады. Біріктіру әдісі білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып тұжырымдамаға сәйкес біріктіре оқыту келесі қағидалар негізігнде жүргізіледі: Дамуындағы ерекшелікті ерте бастан түзету, дамуында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері; Біріктіре оқыған әр бір балаға түзету көмектері міндетті; Біріктіре оқуға негізделген балаларды таңдау; Ақыл-ойы артта қалған балалармен медициналық-психологиялық– педагогикалық және түзету шараларын жүргізгенде мамандар мынадай маңызды ұстанымдарды сақтауы тиіс: Жеке және топ арқылы балалармен – дамыту сабақтарын жүргізу; Қимыл – қозғалысы мен ақыл – ойының жетілуін бағалап жетілдіру түсу; Ақыл-ойы кем балалардың психологиялық қауіпсіздігін сақтау, сол ортаға мейірімділік пен қамқорлық жағдайын туғызу, олардың қиыншылығын түсіну, жағдай жасау; Тәрбие әдісі тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына балалардың жас және дербес психологиялық ерекшеліктеріне, олардың тәжірибелік дәрежесіне байланысты. Бекіту сұрақтары 1. Балаларды әрі қарай зерттеу немесе тексеру үшін аппаратты сақтауға не көмектеседі? а) хаттама б) жазбаша рұқсатнама в) тіркеу парағы г) күнделік д) тест 2. Бағалауды жүргізуден бұрын қандай рұқсат сұрау керек? а) ата-аналардың ауызша рұқсаты б) ата-аналардың жазбаша рұқсаты в) жеке дара жоспар г) ата-аналардың түсініктемесі д) ағасының рұқсаты 3. Инклюзивтік білімді кеңейту және саясат пен заңға өзгерістер енгізуде белсенді рольді кімдер атқарады? а) педагог-консультанттар б) психолог-консультанттар в) білім беру министрлігі г) ата-аналар және қоғамдық топтар д) қарапайым адамдар 4. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру туралы дүниежүзілік конференция қайда өтті? а) Саламанкада б) Сеулде в) Тайландта г) Қазақстанда д) Германияда 5. Инклюзивтік білім беруге басты импульс қай жылы берілді? а) 1994 ж. б) 1995 ж. в) 1993 ж. г) 1996 ж. д) 1997 ж. Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018 Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/) Тақырыбы:8.Жалпы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздер (Халықаралық және отандық нормативті - құқықтық актілері). Сағат саны:2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Арнаулы білім беру жүйесіндегі интеграция және дифференциация. Жалпы білім беретін мектептердегі арнаулы сыныптар. Инклюзивті білімдендіруде жеке-дамыту бағдарламасын құру. Жеке даму бағдарламаларының үлгілері және оларды құруға қойылатын талаптар. Дәріс тезисі мүмкіндіктері шектеулі балаларды дамытуды, мектепке дейінгі білім алуға және дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім беру процесі. ТИБК бір жастан алты жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымының бір түрі болып табылады. ТИБК өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және осы Ережені басшылыққа алады. ТИБК-ның қызметін ұйымдастыру тәртібі ТИБК-ның білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияны білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар береді. ТИБК «Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 571 бұйрығымен бекітілген (№ 2464 нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде тіркелген) санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайда ашылады. ТИБК–ның міндеттері: 1) жеке түзеу-дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – ЖДБ) іске асыру; 2) мамандардың тәртіпаралық тобында кемтар балалардың проблемаларын, мүмкіндіктерін және қажеттіліктерін кешенді зерделеу (командалық бағалау); 3) сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез-құлқында және басқа да бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды кіріктіру мақсатында кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету; 4) жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қоса алып жүру; 5) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (басқа заңды өкілдерге) кеңес беру және оларды оқыту; 6) балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек көрсету. 7. Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша өткізіледі (ЖДБ-ны іске асыру мониторингі). 8. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде «командалық әдіс» қолданылады. Бұл әдістің негізіне біртұтас команда құратын мамандардың біріккен жұмысын болжайтын және тәртіпаралық қарым-қатынас технологияларына сәйкес әрекет ететін тәртіпаралық тәсіл жатады. Командалық бағалау жылына 2 рет немесе ЖДБ-ның көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. 9. Команда құрамына әртүрлі бейіндегі білікті педиатрлар, балалар неврологы, физиотерапевттер, дене шынықтыру, сауықтыру дәрігері, ортопедтер, психиатрлар, сурдологтар, офтальмологтар, психолог, дефектолог-мұғалімдер (логопедтер, тифлопедагогтар, олигофренопедагогтер, сурдопедагогтер), әлеуметтік қызметкерлер, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, уқалап емдеу мамандары кіреді. Команданың форматы мен құрамы баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне, сондай-ақ ұйымның мүмкіндігіне байланысты өзгеріп отырады. 10. Жоғарыда аталған мамандардың кейбірі болмаған жағдайда, мамандардың ұсынысы бойынша меңгеруші ата-аналарды диагностикалық орталықтарға, балалар емханаларына, генетикалық кеңес орталықтарына, білім берудің арнайы ұйымдарына жібереді. 11. ТИБК-ға балаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындылары, баланың жағдайы туралы медициналық қорытынды, ата-аналардың (немесе басқа заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жыл бойы бос орындар бар болған жағдайда жүргізіледі. 12. ТИБК-дағы бала орны ТИБК мен ата-аналар (немесе өзге де заңды өкілдер) арасындағы шарт болған жағдайда сақталады. 13. ТИБК-ның түзеу-дамыту үдерісін ұйымдастыру оқу жоспарымен және меңгеруші мен әдіскер бекіткен сабақ кестесімен және жеке түзеу-дамыту бағдарламасымен регламенттеледі. 14. ТИБК ата-аналардың (басқа заңды өкілдердің) қалауы бойынша қосымша ақылы қызмет көрсете алады.Баланың жағдайы мен оның қажеттілігіне байланысты жеке білім беру жоспары негізінде түзеу-дамыта отырып оқыту процесін басқару үшін есепке алу және есеп беру қызметі бойынша белгіленген мерзімге атқаратын қызметтердің тізімі құрылады. 15. Жеке қызметтер тізбесінде оқу жоспарына сәйкес әр балаға арналған ең аз сағаттар саны көрсетіледі. Баланың жағдайына байланысты сабақтар мен кеңестер реті аптасына еселеніп бес ретке дейін көбейтілуі мүмкін. 16. Баланы ТИБК-дан басқа білім беру ұйымына ауыстыруды ТИБК мамандарының қорытындысы негізінде ата-аналардың келісімімен білім беру басқармасының органдары жүзеге асырады. ТИБК-ның түзеу-дамыту процесін ұйымдастыру ТИБК-да оқыту отбасындағы қарым-қатынас тіліне, ата-аналардың сұранысына байланысты жеке түзету-дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік, орыс, ағылшын немесе басқа да тілдерде жүргізіледі. ТИБК-дағы түзеу-дамыту үш түрлі ұйымдастыру нысанында жүргізіледі:1) қысқа мерзімді топтарда оқыту;2) мектепке дейінгі жастағы балаларды жеке оқыту;3) ата-аналарға (немесе басқа заңды өкілдерге) кеңес беру. ЖТБ (жеке түзеу-дамыту бағдарламасы) балалардың психофизиологиялық дамуының, мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің жеке ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Жеке және топтық сабақтардың ұзақтығы 20 минуттан, ата-аналарға кеңес беру және топтық бағалау 45 минуттан кем емес уақытта жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды қысқа мерзімді топтарда оқыту ТИБК-ға балалардың аптасына үш рет (12 апталық бағдарламамен) күннің бірінші немесе екінші жартысында баруын қарастырады. Баланың күнделікті топта болу ұзақтығы – 4 сағат (60 минуттан). Топтар бір жас немесе әртүрлі жас принципі бойынша психофизиологиялық дамуының ауытқу дәрежесінің ауырлығына және типіне қарамастан жинақталады. Топтың толымдылығы 10 баладан аспайды. Психофизиологиялық дамуының ауыр және күрделі ауытқулары бар балалар (2-3 бала) болған жағдайда топтардағы балалардың саны 6 адамға дейін кемиді. Балаларды жеке оқыту әр баламен түзеу-дамыту сабақтарын жүргізуді қарастырады. Сабақтар саны оқу жоспарымен анықталады. Ата-аналар сабақтарға қатыса алады, баламен өзара қарым-қатынас жасауға және сабақтарды үй жағдайында жүргізуге үйренеді. Ата-аналарға кеңес беру дамуының ауытқу күрделілігі дәрежесіне және ата-аналардың педагогикалық құзыреттіліктеріне байланысты ата-аналармен және олардың балаларымен жиі кездесулер түрінде жүзеге асырылады. Диагностикалық бақылау түзеу-дамыту курсын жүргізу алдында және аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ерте жастағы балалар үшін әр үш айда, мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әр жартыжылдықта жүргізіледі. Қорытындыны ТИБК мамандары әлеуметтік-медициналық және психологиялық-педагогикалық тексерудің соңғы нәтижелері негізінде шығарады. Бекіту сұрақтары 1.Инклюзивтік оқыту процесі мен жоспарланған материалдар неге сәйкес келуі тиіс? а) әр бала қабілеттеріне б) бала қажеттеріне в) бала қызығушылықтары мен даму этаптарына г) баланың қызығушылықтарына д) баланың тәрбиесіне 2. «Барлығы үшін білім» қозғалысы қашан және қайда болды? а) Францияда 1990 ж. б) тайландта 1990ж. в) АҚШ-та 1992 ж. г) Англияда 1990 ж. д) Германида 1997 ж 3. Мүгедек балалардың жанұялары қай кезеңге дейін өз балалары үшін жауапты? а) өмірінің ақырына дейін б) кәмелетке толғанға дейін в) 20 жасқа дейін г) 25 жасқа дейін д) 30 жасқа дейін 4. Қандай жағдайда мұғалімдер бақылау жүргізеді? а) балалар ойнап немесе оқып жатырған кезде б) балалар қарым-қатынас жасап жатырған кезде в) балалар жұмыс істеп жатырған кезде г) балалар даму үсиінде болған кезде 5 .Инклюзивтік оқыту дегеніміз не? а) қарапайым балаларды оқыту және тәрбиелеу б) дарынды балаларды оқыту в) дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу г) дамуында кемшілігі бар балаларды қарапайым балалармен қатар оқыту және тәрбиелеу д) қарапайым балалардың қарым-қатынасын нығайту барысында |