Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Дәріс тезисі Әлеуметтік орта баланың даму шарттарының маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік орта

  • Тұлғаға әсер ететін жанама әлеуметтік білім беру

  • Дамытушы әлеуметтік орта

  • Инклюзив

  • Инклюзивті мектеп. Ол қандай мектеп

  • Инклюзивті мектеп: • Әр түрлі мәдениетте жаңа ақиқатпен қалай қарастырады.

  • Ақпараттар мен дағдылар, білім алуға мақсатты түрде жетуді қамтамасыз ету.

  • Оқытудың процесін жекешелендіру сақталады.

  • Мамандар түрлі жақтарымен қызмет етуді ұйғарады.

  • Жанұя, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырумен қызмет жасауды ұйғарады.

  • Оқытуға сәттілікпен қарау.

  • Мектеп жүйелерінің эволюциясы.

  • Ба_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1. Студентке арналан пн бадарламасы


    Скачать 0.94 Mb.
    НазваниеСтудентке арналан пн бадарламасы
    Дата03.12.2021
    Размер0.94 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБа_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1.docx
    ТипДокументы
    #290069
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Әдебиет

    1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

    2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

    3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

    4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

    5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

    6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)


    Тақырыбы:3.Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Сағат саны: 2

    Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

    1. Инклюзивті білім беру қызметін жүргізу құқығына кіретін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар.

    2. «Мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің санитарлық ережелері мен нормалары сақталған жағдайлар.

    Дәріс тезисі

    Әлеуметтік орта баланың даму шарттарының маңызды факторы болып табылады. Әлеуметтік орта - әлеуметтік өмірдегі бізді қоршаған орта, сонымен қатар, адамдар, яғни әрбір тұлғаның (индивид) ерекше қарым-қатынаста болуы. Әлеуметтік орта тұлғаның мінез-құлқына және психикалық дамуына бірге әсер ететін, әлеуметтік топтар кіретін, көп деңгейлі білім беру болып саналатын күрделі құрылым. Әлеуметтік орта қатарына:

    1. Микроорта.

    2. Тұлғаға әсер ететін жанама әлеуметтік білім беру.

    3. Макроәлеуметік құрылым – макроорта.

    Микроорта – адамға тура әсер ететін қоршаған орта. Микроортада адам өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Бұл отбасы, бала-бақша тобы, мектептегі сынып, өнеркәсіптік ұжым, әртүрлі қарым-қатынас топтары және күнделікті өмірде кездесетін адамдар.

    Тұлғаға әсер ететін жанама әлеуметтік білім беру – тұлғамен тікелей байланыспайтын білім беру. Мысалы, ата-анасы еңбек ететін өндірістік ұжым, ата-анасы арқылы баламен жанама байланыс жасайды.

    Дамытушы әлеуметтік орта – жасөспірімдерге өздерінің тұлғалық әлеуетін ашу, балаларға қойылған мақсаттары мен нақты тәрбиелік және дамыту міндеттерін таратуға мүмкіндік беретін мекеме немесе адамдардың анықталған бірлігі. Дамытушы әлеуметтік ортаға әртүрлі оқу-тәрбие мекемелерін немесе ұйымдарын кіргізуге болады. Нақты әлеуметтік орта оқу-тәрбие, мектеп, балабақшаларды атауға болады. Дамытушы әлеуметтік орта күрделі ұйымдастырылған формалары бар, сонымен қатар, өзінің мазмұнымен, бағыттарымен ерекшеленеді.

    Ұйымдастыру формасы– олар балабақша топтары, жалпы білім беру немесе арнаулы мектеп кластары, мектептен тыс мекемелердегі балалар топтары: музыкалық, көркем-өнер, спорттық және т.б. мектептер, секциялар, студиялар, түрлі орталықтар және т.б.

    Дамытушы әлеуметтік орта мазмұны баланың қарым-қатынастағы түрлі жүйелері құрбыларын, өздерінен үлкен балалар мен жасөспірімдер, педагогтар, тәрбиешілер, басқа бала ата-аналары, қарым-қатынасқа түсетін көптеген түрлі факторларын анықтайды. Бұл қарым-қатынас мазмұны түрлі сипаттама береді: моралдық-адамгершілік (этикалық), интеллектуалдық (танымдық), эстетикалық, тұрмыстық.

    Бекіту сұрақтары

    1. Арнайы қажеттіліктері бар балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау әдістері

    А) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру

    В) сұрақ қоюға қысылмау

    С) Балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау

    D) Бала жанұясының мүшелерімен кәдімгі жағдайда әңгімелесу

    Е) Жанұя мүшесімен қарым-қатынасты нығайту

    2. Балаға бағытталған бағдарламалардың негізі не болып табылады?

    А) бақылау

    В) эксперимент

    С) әңгіме

    D) сауалнама

    Е) тест

    3. Бағалау кезіндегі серіктестер кімдер болады?

    А) тәрбиешілер, педагогтар және қоғам

    В) тәрбиешілер және мамандар

    С) қоғам, педагогтар және ата-аналар

    D) ата-аналар, педагогтар және мамандар

    Е) ағасы

    4. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеті

    А) Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

    В) Бала жанұясының мүшелерімен кәдімгі жағдайда әңгімелесу

    С) Жанұя мүшесімен қарым-қатынасты нығайту

    D) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру

    Е) Балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау

    5. Бағалаудың негізі не болып табылады?

    А) бақылау

    В) эксперимент

    С) әңгіме

    D) сауалнама

    Е) тест

    Әдебиет

    1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

    2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

    3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

    4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

    5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

    6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)


    Тақырыбы:4. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Сағат саны: 1

    Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

    1. Инклюзивті білім беру мазмұнының міндеттері.

    2. Жеке түзете - дамыту бағдарламалары.

    3. Сөйлеу, көру, есту, қимыл-қозғалыс аппаратында, сезімдік-ерік ортасында, оқуында, қарым-қатынасында, мінез-құлқында және басқа да бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларды кіріктіру мақсатындағы кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.     

    Дәріс тезисі

    Инклюзия деген не? «Білім беруді жетілдіру» (Improving Education. The Promise of Inclusive Schools) АҚШ-тың қалалық білім беруін жетілдірудің Ұлттық Институты.

    Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

    Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты балалармен біргебілім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.

    Инклюзивті мектеп. Ол қандай мектеп?

    Инклюзивті мектеп – бұл, ең әуелі адамдардың өмірлік стилі болып келетін және сыйлауды үйрететін демократиялық мектеп. Оқушыларды мектепке жақындатуда шығармашылығымен бірге, білім беру мәселесін шешу барысында жұмыс жасайды.

    Инклюзивті мектеп:

    Әр түрлі мәдениетте жаңа ақиқатпен қалай қарастырады. Қазіргі мектептер әр түлі ұлт топтарына жататын, әр түрлі тілде сөйлейтін, әр түрлі әлеуметтік және экономикалық мәртебеде, оқуға деген әртүрлі қабілеттіліктері, қызығушылықтары мен мақсаттары болатын балаларды оқытуға дайын болуы тиіс.

    Ақпараттар мен дағдылар, білім алуға мақсатты түрде жетуді қамтамасыз ету. Мектепке жақындауға мүмкіншілігі артады, әр оқушы үлкен еркіндікпен таңдауына қол жеткізеді.

    Оқытудың процесін жекешелендіру сақталады. Балалар түрлері бойынша оқытылады. Оқытушының міндеті – оқушыларға (балалар мен жас адамдарға) өмірлік тәжірибе табуға және оның түрлі көріністерін түсінуіне көмектеседі.

    Мамандар түрлі жақтарымен қызмет етуді ұйғарады. Бірде-біроқытушы әр түрлі саны көп балаларды оқытуға үлгермейді: оған ұжым маңындағылармен көмек беруді қажет етеді.Қашан мамандар түрлі жақтарымен бірге жұмыс істесе, баланың әрқайсысы түрлі жақтан дами алады.

    Жанұя, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырумен қызмет жасауды ұйғарады. Мектеп барлық сұрақтарды бір жағдайда анықтамайды.

    • Мектеп құрылымдарына «икемдеу». Мектептің шарты оқытушылар мен оқушылардың қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс. Жақсы мектеп мұнда серіктестікті қажет етеді.

    Оқытуға сәттілікпен қарау. Оқытушылар әрбір балаға сенімділікпен қарауы тиіс және олардың қабілет пен дарынға жеткізу бойынша бағалауы қажет. Әр баладан ұлтына, басқа мәдениетке жатуына, тіліне, жынысына, қабілетіне немесе жанұя жағдайына тәуелсіз түрде мақсатқа жетуін және сәттіліктерін күту қажет.

    Мектеп жүйелерінің эволюциясы. Мектеп ақпараттарды қолдану арқылы күш жинау қажет, сондай-ақ бұл мектептің жақсаруына мүмкіндік береді.

    Қоғамда білім беру себептеледі. Инклюзивті мектеп оқыту мақсатын сәтті түрде жетуіне септігін тигізу, инклюзивті білім беру үшін аса қажет.

    Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

    Бекіту сұрақтары

    1. Педагогтар қандай жағдайларда бақылау жүргізеді?

    А) балалар ойнап, жұмыс істеп, оқып жатқан кезде

    В) балалар ән айтып, жұмыс істеп, қарым-қатынас жасаған кезде

    С) балалар көмектесіп, бұйырып, жұмыс істеп жатқан кезде

    D) Балалар дамып, жазып, жаттығу жасап жатқан кезде

    Е) балалар қарым-қатынасқа түсу кезінде

    2. Оқыту жоспарларын құру бойынша балалар мекемелерінің серіктестері кімдер?

    А) жанұя

    В) қоғам

    С) ата-аналар

    D) бала

    Е) құрдастары

    3. Балаларды маңызды дағдыларға үйрету үшін ата-аналарға не қажет?

    А) әңгімелесу

    В) хабарлама

    С) ақпарат және практикалық әдістер

    D) хаттар

    Е) қамқорлық

    4. Педагогтардың басты міндеттерінің бірі жанұяларға көмектесуде ...

    А) өз күштері мен мүмкіндіктеріне сендіру

    В) мерекелерді өткізу

    С) ата-аналарды үнемі қолдауға тырысу

    D) бірлестік сезімін қалыптастыру

    Е) мәлімет беру

    5. Белгілі бір топтағы балаларды, дәлірек айтқанда арнайы оқытуды керек ететін туғаннан бастап 8 жасқа дейінгі аралықтағы балаларды анықтап белгілеуде қандай термин қолданылады?

    А) арнайы қажеттері бар балалар

    В) дамуында ауытқушылығы бар балалар

    С) дамуында кемістігі бар балалар

    D) қарапайым балалар

    Е) дарынды балалар
    Әдебиет

    1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

    2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

    3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

    4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

    5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

    6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)


    Тақырыбы:5.Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.

    Сағат саны:1

    Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

    1. Интеграция тарихына экскурс. ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс.

    2. Ресейдегі интеграцияның тарихы. АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру Заңының», «Интеграция туралы Заңның» қабылдануы. 1994 жылғы Саламанка қаласындағы қабылданған ЮНЕСКО Декларациясы.

    Дәріс тезисі

    Интеграция әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде бірнеше жүзжылдық уақытты қамтиды. Арнаулы білім беру мазмұнының тарихында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың калыпты балалармен қатар білім алу мүмкіндігі ол тұлғалардың құқығы мен еркіндігі анықталған уақыттан басталғандығы туралы айтылады. Арнайы педагогика тарихы дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар дамитыны, олардың ерекше қажеттіліктерімен танылатындығы жөнінде көптеген ақпараттар бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы білім беретін мұғалімдерінің оқытудың арнаулы әдістері мен тәсілдерін игермегендігін көрсетеді. Бұл кезең псевдоинтерграция кезеңімен сидпатталып, әлем бойынша көптеген мемлекеттердің білім беру мазмұны туралы тарихында баяндалады. Қазіргі уақытта псевдоинтеграция Азия, Африка, Латын Америкасында сақталып отыр.

    Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім берудегі сегрегация процесі кеңінен тарады. ХХ ғасырда сегрегациялы білім беру мекемелерінің қызметі тоқтатылып, 1980-ші жылдардың ортасына қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнаулы мектептердің 8 типі белгіленді.

    ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс жасайды. Оның пайда болуына себеп болған факторлар даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы халықаралық актілердің қажеттілігімен түсіндіріледі.

    Аталған елдердің әрбіреуі интеграцияға өз алдына жеке даму жолымен жетті деуге болады. Мысалы, 1975 жылғы АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру заңының», «Интеграция туралы заңның» қабылдануына қоғамдағы ұзаққа созылған нәсілдікке бөлінуге қарсы демократиялық күрестің тоқталу заңдылығы себеп болды. Субъективті факторлардың қатарына сол кездегі АҚШ Президенті Дж.Кеннедидің қарындасы интеллектінің бұзылуы белгісімен зардап шеккендігін жатқызуға болады. Осыдан-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дамуындағы проблема әлеуметтік проблема ғана емес, жеке отбасылық проблема болғандығын түсіне аламыз.

    Бекіту сұрақтары

    1. Интеграциялап оқыту түріне көшу Батыс европалықтардың демократизациясының әсерінен болды.

    A) Әркімнің құқығын қамтамасыз етуді дамыту.

    B) Институтциялизациядан – интеграцияға дейін.

    C) Арнайы білі берудің мемлекеттік жүйесін дифференциациялау.

    D) Сенсорлы бұзылысы бар балалардың оқуға құқығы бар екенін мойындау.

    E) Ауытқуы бар балаларға агрессивті көзқарас.

    2. Ойлау процестері мен баланың түрлі материалдар, идеялар мен адамдарға қатысты тәжірибесінің арасындағы әрекеттің нәтижесі не болып табылады?

    А) адаптация

    В) даму

    С) оқыту

    D) тәрбие

    Е) қарым-қатынас

    3. Әр баланың жетістікке жету мүмкіндігін кім қамтамасыз етеді?

    А) оқытушылар

    В) ата-аналар

    С) қоғам

    D) педагог-тәрбиешілер

    Е) жанұя

    4. Инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастырудағы негізгі шарттары:

    А) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру

    В) сұрақ қоюға қысылмау

    С) балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау

    D) бала жанұясының мүшелерімен кәдімгі жағдайда әңгімелесу

    Е) Мүмкіндігі шектеулі балалардың саны бір сыныпта үштен аспауы қажет.

    5. Балалардың жеке дара айырмашылықтарының жас кезеңіне не сәйкес келуі керек?

    А) жаттығулардың, оқу жоспарының мазмұны

    В) оқыту әдістері

    С) оқу материалдары

    D) ересектермен өзара әрекеті

    Е) ата-аналармен қарым-қатынасы
    Әдебиет

    1. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.

    2. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет

    3. Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018

    4. Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг.

    5. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг.

    6. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/)

    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта