Ба_дарламасы ( 2020 ж.) негізінде __растырылды-1. Студентке арналан пн бадарламасы
Скачать 0.94 Mb.
|
Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018 Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/) Тақырыбы:9.Интерграциялық оқыту жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру. Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Инклюзивті білім беру кабинетінің мамандары. Сынып жетекшінің міндеті. Ересек адамдардың балалармен қарым-қатынас орнату түрлері. Жалпы мектептерде инклюзивті білімдендіруді ендірудегі кедергілер. Балалардың психофизикалық жағдайы, даму мүмкіндіктерінің ерекшелігі мәселелері бойынша аталған санаттағы балалармен жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына консультациялық көмек түрлері. Дәріс тезисі Интеграция әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде бірнеше жүзжылдық уақытты қамтиды. Арнаулы білім беру мазмұнының тарихында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың калыпты балалармен қатар білім алу мүмкіндігі ол тұлғалардың құқығы мен еркіндігі анықталған уақыттан басталғандығы туралы айтылады. Арнайы педагогика тарихы дамуы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар дамитыны, олардың ерекше қажеттіліктерімен танылатындығы жөнінде көптеген ақпараттар бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы білім беретін мұғалімдерінің оқытудың арнаулы әдістері мен тәсілдерін игермегендігін көрсетеді. Бұл кезең псевдоинтерграция кезеңімен сидпатталып, әлем бойынша көптеген мемлекеттердің білім беру мазмұны туралы тарихында баяндалады. Қазіргі уақытта псевдоинтеграция Азия, Африка, Латын Америкасында сақталып отыр. Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім берудегі сегрегация процесі кеңінен тарады. ХХ ғасырда сегрегациялы білім беру мекемелерінің қызметі тоқтатылып, 1980-ші жылдардың ортасына қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнаулы мектептердің 8 типі белгіленді. ХХ ғасырдың 60 жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс жасайды. Оның пайда болуына себеп болған факторлар даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы халықаралық актілердің қажеттілігімен түсіндіріледі. Аталған елдердің әрбіреуі интеграцияға өз алдына жеке даму жолымен жетті деуге болады. Мысалы, 1975 жылғы АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру заңының», «Интеграция туралы заңның» қабылдануына қоғамдағы ұзаққа созылған нәсілдікке бөлінуге қарсы демократиялық күрестің тоқталу заңдылығы себеп болды. Субъективті факторлардың қатарына сол кездегі АҚШ Президенті Дж.Кеннедидің қарындасы интеллектінің бұзылуы белгісімен зардап шеккендігін жатқызуға болады. Осыдан-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дамуындағы проблема әлеуметтік проблема ғана емес, жеке отбасылық проблема болғандығын түсіне аламыз. Интеграциялы білім беру процесіне скандинавиялық мемлекетттердің өз алдына қол жеткізгендігін айтуымызға болады. 1961 жылдан 1980 жылға дейін Данияда және т.б. скандинавиялық елдерде педагогтар, ата-аналар, барлық халық арасында интеграцияға жету жолындағы ауқымды әлеуметтік-педагогикалық жұмыс қолға алынды. Бұл басқарушы билік органдарының инициатива мен регламенттеуші билік орындарын құруға негіз болып, АҚШта интеграциялы оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай дамуын анықтаушы, социал-демократиялық қозғалыс түрінде дамыды. 20 жыл уақыт өткен соң интеграция феноменін тәжірибе жүзінде және адамгершілік тұрғыда барлық ел түсінгеннен кейін 1980 жылдың қаңтарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қалыпты тұлғалар қатарына қосудың қағидаларын енгізу, білім беру Заңының реформасы қабылданады. Италияда интеграция проблемасының тарихы өз алдына қарастырылады. Италиядағы интеграциялану жағдайы 1960-70-ші жылдар аралығындағы қоғамдық «Демократиялық психиатрия» қозғалысын басқарған священник Ф.Базаглияның кезінде пайда болды. Бұл қозғалыстың мақсаты психиатрияық емдеу орталықтарында прогрессивті жетістіктердің өзгерісіне қол жеткізу бола отырып, психикасы бұзылған адамдарды өзгелерден оқшауламауды ұсынды. Бұл қозғалыстың басшылары психикасы бұзылған адамдардың пайда болуына тікелей әсер етуші қоғам мен мектеп, сондықтан мұндай адамдарға қажетті көмек көрсету үшін қоғам мен мектеп өзгеруі тиіс деген пікір айтты. Италиядағы 1962 жылы «Демократиялық психиатрия» қозғалысының ықпалымен басталған мектептегі білім берудің реформасы басқа бастамашыл қоғамдағы мектептегі білім беру жүйесін интеграциялауға ықпал етті. ХХ ғасырдың аяғына қарай көптеген мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Италия, Скандинавия елдері) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы мектептеріне бағыттау жұмысы ең осыған дейінгі жасалған әрекеттердің ешқандай нәтижесі болмағандықтан соңғы мүмкіндік ретінде қабылданды. Бұл елдердегі білім беру тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялы оқыту проблемасы жалпы мектепте қалыпты балалармен қатар оқыту түрінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар, оларға арнаулы мекемелер тарапынан мектеп бағдарламасын игеруді жеңілдетуге арналған қосымша қолдау жұмыстары көрсетіледі. Шетелдегі 30 жылдық тәжірибенің қорытындысының талдауы интеграциялау проблемасының жетістігі үшін мынадай жағдайлардың қажеттілігін анықтап отыр. Олар: тұлғаның құқығын қорғаудағы кепілдікке ие демократиялық қоғамды құру; жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнаулы білім беру жағдайын қаржыландыру; интеграциялау процесін таңдаудың еріктілігін анықтау; мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау арқылы қоғамға араласуға бейімдеге қоғамның дайындығына болжам жасау. Соңғы жылдары АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде «интеграция» түсінігі әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы білім беруді қамтитын 1994 жылғы Саламанка қаласындағы қабылданған ЮНЕСКО Декларациясымен ауыстырылып жүр. Мұндағы «білім алуға қосылу» түсінігінің өз алдына жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын оқыту формасы бар. а) барлық бала баратын мектепте оқу; б) өз құрдастарымен бір сыныпта отыру; в) жеке, қажеттіліктің ерекшелігіне сай оқу жоспарларын игеру. Ресейдегі интеграция проблемалары ХХ ғасырдың 1990-шы жылдарынан бастап әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне енгеннен кейін ғана қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта ресейдегі арнаулы білім беру жүйесі үшін жалпы қабылданған нормалар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруін қамтамасыз етудегі әлемдік жүйенің моделі әліде болса мемлекеттік деңгейдегі дамуын жузеге асыру болып отыр. Оған себеп болып отырған факторлардың қатарын мыналар құрайды: білім беру жүйесіндегі экономикалық деңгейдегі қолдаудың төмендеуі; жалпы білім беру мазмұнындағы кадрлардың, адамгершілік рухани құндылықтардың, мазмұнды түрдегі ұйымдастыру жұмыстарының жұтаңдығы. Жабық түрдегі арнаулы мекемелердың қызметі интеграция процесінің қарқынды дамуына қандайда болмасын кедергі жасап, оның қоғамдық және адамгершілік негіздерінің шарықтауына мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі уақыттың өзінде жалпы білім беретін мектептерде қандайда болмасын дамуында ақаулығы бар балалар саны артып отыр. Мұны тәуелді түрдегі интеграция деп түсіндіріп, оның себептері мыналар деп білеміз: арнаулы білім беру мекемелерінің шектеулілігі; олардың бала отбасынан шалғай жерлерде орналасуы; ата-аналардың баланы арнаулы білім мекемелеріне оқытуға рұқсат бермеуі; жалпы білім беретін мектертердегі инфрақұрылымдарды құрудағы білім басқармаларының еріктілігі; Қазіргі уақытта интеграциялы оқыту проблемасы өзінің тиімді және тиімсіз жақтарына байланысты дискуссияға салынып талқылану үстінде. Ерекше білімді қажет ететін балаладың қоғамнан оқшауланбауы әрине қуантарлық жағдай, бірақ жалпы білім беру мекемелерінде арнаулы интеграциялы оқытудың мүмкіндігі шектеулі жалпы білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын ба, түрлі топтарға бөлінген балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі шешілген бе, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы оң жағынан шешіле ме, деген және т.б. сұрақтарды шешудегі нақты ізденіс пен оның шешімін табудағы ортақ пікірлер қажет болып отыр. Бұл жағдайда интеграциялы оқытуға ата-аналардың тарапынан да келісімнің болуы есепке алынады. Соңғы жылдары Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа да ірі қалаларында сенсорлық және физикалық дамуында кемшілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде практикалық түрде психологиялық-педагогикалық оқытудың жүйесі құрыла бастады. Интеграциялы оқытуды неқты түрде қарастыру үшін мына түрдегі сұрақтар төңірегінде қарастырамыз. Кімді оқыту керек? Бұл сұрақ арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялы оқытудың жағымды жақтарын қарастыра аламыз. Неге оқыту керек? Бұл сауал арқылы арнаулы білім беру жүйесіндегі интеграциялы оқытудың жағдайлары қарастырылады. Қашан оқыту керек? Осы сауал бойынша интеграциялы оқытуды бастау мерзімі (мектеп жасына дейін, кіші мектеп жасынан бастап, жоғары сыныптан бастап) нақтыланады. Кімдер оқытады? Мұндай сауал арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейдегі дайындығы, арнаулы педпгогтар мен психологтардың атқаратын қызметі қандай болатындығы анықталады. Қазірігі уақытта Ресейде интеграцияның интернальды және экстернальды формалары дамуда. Интернальды интеграция – арнаулы білім беру жүйесінің ішіндегі интеграция. Мысалы, нашар еститін балалар мен сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалармен бір маман жұмыс жасай алады. Ресейлік тәжірибеде экстернальды интеграция арнаулы білім беру мен жалпы білім берудің өзара бірлігі арқылы құрылады. Бекіту сұрақтары 1. Инклюзивтік оқытудың негізгі принципі а) мектептер дамудың шарттарына қарамастан барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс б) қоғам бұл балаларды қабылдауы керек в) ата-аналар өз балаларын арнайы мекемелерде оқытуы керек г) арнайы қажеттері бар балалар өздері білім алуға талпынуы тиіс д) балалардың қарым-қатынасы 2. Балаға әсер ететін негізгі ұстаздары а) тәрбиешілер б) педагогтар мен ата-аналар в) ата-аналар мен жанұяның басқа мүшелері г) қамқоршылары д) ағасы 3. Жеке дара дамуына сәйкес әр балаға қандай сапалар тән: а) әмбебап ерекшеліктері мен дамудың жылдамдығы б) физикалық даму ерекшеліктері в) психикалық даму ерекшеліктері г) интеллектуалдық дамудың әмбебап ерекшеліктері д) жеке дара мұқтаждықтары 4. .Инклюзивтік білім беру мекемелерінде көмек көрсетудің қандай формальды түрлері бар? а) ата-аналар тарапынан б) реабедлитациялық орталықтар тарапынан в) жеке кәсіпкерлер тарапынан г) арнайы білімі бар мұғалімдер мен ақпарат орталықтары тарапынан д) тәрбиешілер тарапынан 5. Балалардың қандай қажеттіліктерін ескере отырып инклюзивтік оқыту құрылуы керек? а) биологиялық б) анатомо-физиологиялық в) индивидуалдық- жеке даралық г) топтық д) барлық қажеттіліктерін Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018 Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/) Тақырыбы:10.Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару. Сағат саны:1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Түзеу арқылы дамыту жұмысы міндеттерінің өзгеруі бұрынғы кезеңдерде қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, қайтадан командалық бағалау бойынша жұмыс жасау мониторингі. Жұмыстың негізгі әдісі ретінде қолданылатын «командалық әдіс. Топ құрамына кіретін мамандар. Дәріс тезисі «Инклюзивті білім беру» ұғымы біздің өмірімізде 1996 жылдан бастап пайда болды, және көптеген елдерде бекітіліп заңдастырылған.Қазіргі таңда әртүрлі жастағы балаларды жалпы білім беру жүйесіне кірістіру Қазақстанда да кеңінен таралып отыр. Инклюзивті білім беру кабинетінің жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі: әр баламен мамандар жұмыс жасайды, Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік мұғалім.Сонымен, түзету –педагогикалық мамандарының тобын әртүрлі мамандар құрайды, және инклюзивті білім беру кабинетінде олардың барлығын – педагог деп атаймыз.Сондай – ақ команданың белсенді мүшелері баланың ата-аналары болып табылады.Команданың әр мүшесі ортақ жұмысқа өз үлесін қосады – әртүрлі мамандар баланың мәселесін өз көзқарасымен көреді. және оны жоюға мүмкіндік береді. Түзете-дамыту бағдарламасын құруда және оны жүзеге асыруда мамандар міндетті түрде бірігіп әрекет етеді: жұмыстың нәтижесін бірге талқылайды, балада болған өзгерістерді, алдағы сабақты өткізуге ұсыныстар айтады, бағдарламаға түзетулер енгізеді. Инклюзивті білім беру кабинеті арнайы мекемелердің қатарына жатады және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге жүйелі педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық көмек көрсетіп, оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіруді көздейді. Мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға жүйелі педагогикалық, әлеуметтік–психологиялық көмек көрсетіп оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіру. Міндеттері: тірек қимыл аппараты, зияты, естуі, көру қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік оңалтуда, оларды қалыпты дамыған балалардың ортасына кірістіруде жүйелі педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; Баланың мәселесін жүйелі түрде пәнаралық команда мамандарының тексеруі мен түзету- педагогикалық, және әлеуметтік көмек көрсету үшін баланың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін анықтау; баланың дамуын әлеуметтік жағдайда ескеріп, жеке дамыту бағдарламасын құру және өңдеу; түзете-дамыта оқыту формасын жеке және топтық түрде өткізу; мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналарды оқыту және кеңес беру; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ескеріп, жалпы білім беру ортасына кірістіруде жалпы білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру және дайындау ; Арнайы міндеттері: Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес баланың дамуын әлеуметтік-тұлғалық, зияттылық, көркем-эстетикалық тұрғыда жүргізу; Тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқушылығына квалификациялық түзетуді жүргізу. Денсаулығында ақаулығы бар балаларды тұтас білім беру кеңістігіне кірістіру. Инклюзивті білім беру кабинетіндегі түзете- дамытушылық жүйені ұйымдастыру әдіскердің бекіткен оқу жоспарымен, календарлық жылдық жоспармен және сабақ кестесімен ұйымдастырылады. Баланы медициналық-педагогикалық, клиникалық зерттеуден кейін жекешеленген принцип негізінде оқу- тәрбиелік жұмысы жүргізіледі. Сөйлеу ерекшелігін, назарын, еңбекке қабілеттілігін, олардың дамуының динамикасын, білім деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін жүйелі зерттеу тәрбиеленушінің болашақ дамуын және түзету жұмыстарын таңдау үшін жүргізіледі. Инклюзивті білім беру кабинетінде балалар қазақ және орыс тілдерінде білім алады. ИБК мамандары жеке және топтық жұмыс түрлерін пайдаланады, олар; Кешенді психологиялық- медициналық- педагогикалық зерттеу; балалар мен ата-аналарға жеке және топтық кеңес беру; тәрбиешілер мен ата- аналарға жеке және топтық кеңес беру; тәрбиешілер мен балаларға жеке және топтық кеңес беру; мүмкіндігі шектеулі балалардың тілдік және танымдық қабілеттерін түзету; Кешенді зерттеудің пайдалылығы дамушының жеке компоненттерінің арасындағы өзара байланыстың толық талдауын, сонымен қатар жеке тұлға мен даму факторын береді. Баламен жүргізілген жеке және топтық жұмыстың біріктірілуі, отбасына және мамандарға көрсетілетін әдістемелік көмек ,түзету оңалту үдерісінде баланың жеке тұлғасының дамуына оңды әсер етеді. Толық диагностикалық зерттеуді жүргізу кезінде медициналық және отбасылық анамнез, бала дамуының әлеуметтік жағдайы, соматикалық жағдайы, есту, көру, қозғалыс сферасының жағдайы, баланың эмоционалдық сферасының дамуының ерекшелігі, баланың жас ерекшелігіне сәйкес ерекшелігі мен психикалық дамуының бұзылуы, мінезінің ерекшелігі зерттеуге эмоционалдық реакциясы және көзқарасы анықталды. Бұл жұмыстың нәтижесі анықталған диагноз арқылы психологиялық педагогикалық оңалту мен әлеуметтік бейімделуге жағдай жасайды, ал ол оқытуда жаңа түзетулер енгізуге және жеке әрекет етуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде жинақталған барлық мәліметтер әр баланың ерекшелік қажеттілігін ескере отырып, «портфолиосына» салынады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес әр балаға жеке жұмыс жоспары құрылады. Психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр баланың, тұлғаның ерекшелігі есепке алына отырып, түзете- дамыту жұмыстары жүргізіледі. Баланың жеке тұлғасының мүмкіндіктері мен қабілеттері зерттеліп, психиатр мен педиатрдың нұсқаулары ескеріліп, әлеуметтік бейімдеуде психофизикалық кемшіліктерін түзету жұмыстары жүргізіледі. Балаларға ыңғайлы орта жабдықталған. Топта балалармен ынтымақтастық пен достық орын алған.Танымдылық қабілеттерін дамытуға әртүрлі оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. ИББК жұмысының бір бағыты – тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңес беру жұмысы. Кеңес беру жұмысы баланың жеке тұлғасына қатысты және басқа адамдармен қарым қатынасы жөнінде де түрлі мазмұнды қамтиды. Көбіне тәрбиешілер мен ата-аналардың сұрауы бойынша өткізіледі.Ата-аналарға кеңес берудің мақсаты – отбасының балаға оқыту мен тәрбиелеу барысында әлеуметтік психологиялық жағдай тудыруы болып табылады.Біріншіден кеңес беру мәселе туындағанда қажет. Ата-аналармен жұмыс барысын ұйымдастыруда жекеше көмек беру әдісі қолданылады.ИББК мамандарының ата аналарға кеңес беру жұмысын ұйымдастыруда жалпыпедагогикалық және арнайы жағдайларды ұстануы қажет. Олар: – ата аналар мен мұғалімдердің арасындағы қарым қатынаста өзара сенімнің болуы; – ата аналарға мейірімділікпен қарау; – әр отбасының жағдайын түсініп, жасын ескеріп, тәрбиелеу дайындықтарының деңгейін ескеру қажет; – Әр отбасының ата аналарының топпен жұмысын ұйымдастыру; – ата аналармен өзара әртүрлі жұмыс формаларын өткізу; – ата аналармен жұмыс барысында нақты реттілікті қамтамасыз ету. Осылай ықпал ету барысында әр отбасыға жеке көмек көрсету көзделеді. Ата аналардың кеңеске жүгіну себептеріне сараптама: Танымдылық қабілеттерінің төмендігі мен оқудағы үлгермеушіліктері; Бейімдеудегі қиындықтар; Психологиялық және жас ерекшеліктері; Отбасындағы тәртібінің қиындықтары. ИББК ұжымының алдында мынадай міндеттер қойылған: педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетін толықтай ұйымдастыру.Отбасымен өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттары анықталды: Ата-аналардың құқықтық және педагогикалық мәдениетінің деңгейін жоғарылату мақсатында ақпараттандыру. Ата-аналарды тәрбиелік білімдендіру жүйесіне тарту. Осы бағыттарға сәйкес мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасымен жұмыс жүргізілді.Бұл жұмыс мына негізде: отбасының қажеттілігі мен қызығушылығын анықтау, отбасын зерттеу; тәрбиеленушілердің отбасымен жеке- дифференциалды жұмыс жүргізу; ата-аналармен әртүрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру; білімдендіру аясында ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру; тәрбиелік- білім беру жүйесіне ата-аналарды қатыстыру; ата-аналармен тиімді жұмысты құру үшін жағдай жасау (отбасылық отырыстар, кітапхана, видеотека, топтардағы ақпараттық кеңістік). Қазіргі таңда ИББК ата-аналарымен нақты жұмыс жүйесі жолға қойылған, екі кезеңді қамтиды: мазмұнды және аналитикалық. Аналитикалық кезеңотбасын зерттеуді мына әдістер арқылы жүзеге асырады: сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, отбасын бақылау. Жұмыс мазмұнын және ұйымдастыру түрін анықтау мақсатында ата-аналарға сауалнама жүргізілді. Сауалнама көрсеткендей, ата аналармен жұмыс барысында көптеген шешілмеген сұрақтары бар екенін және оның өздігінен шешілмейтінін көрсетті. Сондықтанда бұл жұмыс жүйелілікті және жауапкершілікті қажет етеді.Ата-аналармен жұмысты жеке талаптарын ескере отырып құрдық. Аналитикалық кезеңде отбасы түрін отбасылық тәрбие деңгейіне қарай анықтадық. Мазмұнды кезең ата аналармен тиімді формаларды іздеуді қажет етті. Біздер оларды ұжымдық, жеке және көрнекі- ақпараттық деп бөлдік. Дәстүрлі ұжымдық формалармен бірге, ата-аналар жиналысы, конференциялар сияқты дәстүрлі емес формаларды ендіре бастадық: отбасылық қонақ үй, ата ана мектебі, ойын-практикум,бірлескен мерекелер, ашық есік күндері, ата-аналар және балалармен ойын сабақтарын өткізу. Жеке форма түрінде көбінесе ата-аналармен әңгімелесу, тақырыптық кеңес беру,ақпараттық папкінің көмегімен сырттай кеңес беру өткізіліп тұрды. ИББК психологиялық медициналық педагогикалық консилиум жұмысы ұйымдастырылған, оны өткізу барысында баланың дамуының деңгейі, динамикасы, мақсатқа жетуі, жұмыс формасын таңдау, дамытудың тиімді жолдарын ұсыну талқыланады. Бекіту сұрақтары 1 Арнайы қажеттері бар балалармен дұрыс қарым-қатынас жасау әдістері а) балаларға мәселені шешуге қажетті уақыт беру б) сұрақ қоюға қысылмау в) балалар сыныбында жұмыс істеп, ойнау г) бала жанұясын мүшелермен кәдімгі жағдайда әңгімелесу д) тест жүргізу 2. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды бағалау қандай тілде жүргізілуі керек? а) қазақ тілі б) орыс тілі в) ана тілі г) қытай тілі д) ағылшын тілі 3. Инклюзивтік білім берудің мақсаттарына жетудегі негізгі фактор қандай? а) арнайы қажеттері бар балаларды оқыту б) инклюзивтік оқу жоспарларын жасау в) инклюзивтік оқу бағдарламаларын жасау г) арнайы қажеттері бар балалармен қосымша жаттығулар өткізу д) қарапайым балалармен қарым-қатынасты нығайту 4. Инклюзивтік мектептер мен балабақшалар қандай жағдайда жұмыс жасайды? а) балалардың дара мұқтаждықтарын қанағаттандыру б) балалардың жалпы мұқтаждықтарын қанағаттандыру в) балаларға жалпы білім беру негізінде г) балалардың шығармашылық қабілетін дамыту негізінде д) балалардың қарым-қатынасын нығайту 5. Алғаш қай қалада дамуында кемшілігі бар балалар үшін арнайы мектептер ашылды? а) Ресейде б) АҚШ в) Қазақстанда г) Испанияда д) Германияда Әдебиет Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова, К. М. Кеншілікова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет. Бахтиярова, Г. Р. Инклюзивті білім берудің негіздері [Текст] : оқу құралы / Г. Р. Бахтиярова. - Ақтөбе : "Жұбанов университеті" баспасы, 2020. - 165 бет Есенғұлова, М. Н. Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық диагностикасы [Текст] : практикалық жаттыіулар жинағы / М. Н. Есенғұлова. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2018 Байменова, Б. С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом [Текст] : учебное пособие / Б. С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 148 с. - ISBN 978-601-310-752-3 (в пер.) : 3800 тг. Основы инклюзивного образования [Текст] : учебное пособие / К. С. Тебенова [и др.]. - Алматы : ССК , 2017. - 304 с. - ISBN 978-601-310-858-2 : 5000 тг. Адильшинова З.У., Сугуралиева А.М.Инклюзивті оқыту:Дәрістер жинағы.-Ақтөбе,2017(http://neb.arsu.kz/) 9.2. Семинар/ практикалық сабақтар №1 практикалық сабақ тақырыбы: Инклюзивті білім беру моделі. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: Мүмкіндігі шектеулі баланы тексерудің қағидалары. Инклюзивті білім беру кабинетіндегі құрал-жабдықтар. Сенсорлық бөлме. Әдістемелік нұсқау. Оқытушы ұсынған әдебиеттерді зерделеп, мүмкідігі шектеулі балаларды тексеру қағидаларын жазып шығыңыз. (Zoom,Оnline режимде тапсырмаларды орындау) Әдебиет Жантуреева, А.А. ж.б.Инклюзивті білім беру-қайырымдық пен адамгершілік бастауы. / А.А. Жантуреева, А.Н. Жанұзақ, А.Ж. Онгарбаева // Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2016. - 62-66. б.(http://rmebrk.kz/) Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. Лиходедова Л.Н., 2019 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жолдары: облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары. - Пути повышения эффективности обучения и воспитания детей с нарушением слуха: Материалы областной научно-практического семинара [Текст] / ред. Ғ. Ж. Нұрышев. - Ақтөбе : [б. и.], 2011. - 421 с №2 практикалық сабақ тақырыбы: Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық шарттар. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандардың жеке-дамыту бағдарламасын құруда баланы кешенді бағалау. Инклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық шарттар және нәтижелері. Әдістемелік нұсқауИнклюзивті кеңістік құруға арналған педагогикалық шарттар және нәтижелері туарлы жазба әзірлеп, пән оқытушысына электронды пошта арқылы байланысқа шығыңыз. (Zoom,Оnline режимде тапсырмаларды орындау) Әдебиет Жантуреева, А.А. ж.б.Инклюзивті білім беру-қайырымдық пен адамгершілік бастауы. / А.А. Жантуреева, А.Н. Жанұзақ, А.Ж. Онгарбаева // Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2016. - 62-66. б.(http://rmebrk.kz/) Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. Лиходедова Л.Н., 2019 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жолдары: облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары. - Пути повышения эффективности обучения и воспитания детей с нарушением слуха: Материалы областной научно-практического семинара [Текст] / ред. Ғ. Ж. Нұрышев. - Ақтөбе : [б. и.], 2011. - 421 с №3 практикалық сабақ тақырыбы:Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттері (мониторинг). Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттері (мониторинг) психологиялық білімдер жүйесіндегі орны. 2. Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттері (мониторинг) іс – әрекеті негізі ретінде. 3. Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттері (мониторинг) қиыншылықтары. Әдістемелік нұсқау: Ұйымдастыру-мазмұндық жəне бағалау компонеттері (мониторинг) психологиялық білімдер жүйесіндегі орны туралы сызба әзірлеу үшін ұсынылып отырған әдебиеттерді басшылыққа алыңыз. (Zoom,Оnline режимде тапсырмаларды орындау) Әдебиет Жантуреева, А.А. ж.б.Инклюзивті білім беру-қайырымдық пен адамгершілік бастауы. / А.А. Жантуреева, А.Н. Жанұзақ, А.Ж. Онгарбаева // Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2016. - 62-66. б.(http://rmebrk.kz/) Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. Лиходедова Л.Н., 2019 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жолдары: облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары. - Пути повышения эффективности обучения и воспитания детей с нарушением слуха: Материалы областной научно-практического семинара [Текст] / ред. Ғ. Ж. Нұрышев. - Ақтөбе : [б. и.], 2011. - 421 с №4 практикалық сабақ тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары мен этикалық бағдарлары. 2. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру түсінігі. 3. Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары мен қиыншылықтарды қарастыру деңгейлері және негізгі варианттары. Әдістемелік нұсқау:Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары мен этикалық бағдарлары туралы жазбаларыңызды оқытушының электронды поштасына салуларыңызды сұраймын. (Zoom,Оnline режимде тапсырмаларды орындау) Әдебиет Жантуреева, А.А. ж.б.Инклюзивті білім беру-қайырымдық пен адамгершілік бастауы. / А.А. Жантуреева, А.Н. Жанұзақ, А.Ж. Онгарбаева // Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2016. - 62-66. б.(http://rmebrk.kz/) Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. Лиходедова Л.Н., 2019 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жолдары: облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары. - Пути повышения эффективности обучения и воспитания детей с нарушением слуха: Материалы областной научно-практического семинара [Текст] / ред. Ғ. Ж. Нұрышев. - Ақтөбе : [б. и.], 2011. - 421 с №5 практикалық сабақ тақырыбы:Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. 2.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. 3.Зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Әдістемелік нұсқау: Зияты зақымбанған балалармен жұмыс жасауды қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы тереңірек ойлаңыз және Сізде осы мәселе төңірегінде толғандырған сұрақтарды түртіп жазып шығыңыз. Пркатикалық сабақ барысында бұл сұрақтарға топпен және оқытушымен бәрлесе жауап алуға тырысыңыз. (Zoom,Оnline режимде тапсырмаларды орындау) Әдебиет Жантуреева, А.А. ж.б.Инклюзивті білім беру-қайырымдық пен адамгершілік бастауы. / А.А. Жантуреева, А.Н. Жанұзақ, А.Ж. Онгарбаева // Инклюзивті білім берудің теориялық және тәжірибелік өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Орал, 2016. - 62-66. б.(http://rmebrk.kz/) Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. Лиходедова Л.Н., 2019 Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жолдары: облыстық ғылыми-практикалық семинар материалдары. - Пути повышения эффективности обучения и воспитания детей с нарушением слуха: Материалы областной научно-практического семинара [Текст] / ред. Ғ. Ж. Нұрышев. - Ақтөбе : [б. и.], 2011. - 421 с №6 практикалық сабақ тақырыбы:Жалпы білімберу ұйымдарындағы инклюзивті үрдістің құқықтық негіздері (Халықаралық жəне отандық нормативті-құқықтық актілер. Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары: |