|
СТУД 5 курс 360 ЖДП ішкі аурулар емтихан тест 2019-2020 - копия. Тс артыны ауыруы жне экгда st сегментіні, бір ммге жне одан кп депрессиясы
{
ревматикалық
ревматоидты
туберкулездi
подагралық
остеоартроздағы
} Табанның I саусағының зақымдану белгілерінің: жедел басталу, терiсiнiң көгеруi, бiрден ауырсыну, басында тофус болуы қандай артритке тән:
{
подагралық
ревматоидты
ревматикалық
туберкулездi
остеоартрозда
} Науқаста Рейтер ауруының белгілері: уретрит, конъюнктивит, артрит анықталды. Этиологиясында басты себеп болып табылады:
{
хламидий
гонококктар
iшек таяқшалары
стафилококктар
көк iрiңдi таяқша
} Науқасқа хеликобактер пилоримен шақырылыған созылмалы гастрит диагнозы қойылды. Амоксициллин тағайындалды. Амоксициллиннің қолдану мақсатын көрсетіңіз:
{
антихеликобактерлік
тұз қышқылын нейтрализациялау
кілегейлі қабаттың зат алмасу процессін жақсарту
моторлы бұзылыстарын коррекциялау
седативті әсері
} Қандай артритке буын қозғалысы кезiндегi старттық ауырсыну, буындардың блогы (тежелуі) тән:
{
остеоартроздағы
ревматоидты
ревматикалық
туберкулездi
подагралық
} Подагралық тофус дегеніміз-бұл:
{
несеп қышқыл тұздарының жиналуы
әк тұздарының жиналуы
сүйек тінінің өсуі
дәнекер тіннің өсуі
иммунды генезді қабыну гранулемасы
} Түнде кенеттен аяқтың табаннының үлкен башпайының фалангалық буынының ауырсынуы, ісінумен, терінің қызарумен 0,40м/ммольдан асатын гиперурекемия бар Қандай ауруға тән?.
{
подагра
остеоартроз
ревматоидты артрит
хондрокальциноз
ревматизмдік артрит
} Ревматоидты артриттің диагнозын анықтау критерийлері:
{
таңертеңгілік сіреспе
ұшпалы артралгия
ассиметриялы зақымдану
остеофитоз
сүйектердің остеопорозы
} 34 жастағы ер кісіде артериялық гипертензияның 220/140 мм сын. бағ. дейін ұстамалы жоғарылауы; тремормен, терлеумен, тахикардиямен сипатталады. Өздігінен 20-30 минуттан соң қалпына келеді. Диагнозын болжаңыз:
{
альдостерома
диффузды токсиндік зоб
иценко кушинг ауруы
глюкокортикостерома
феохромоцитома
} 43 жастағы әйелді салмағының қосылуы, бетінің ісіңкілігі, терісінің құрғауы, іш қатпалары мазалайды. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 52 мин. Т3, Т4 төмен, ал ТТГ жоғары. Болжам диагнозын анықтаңыз:
{
орталық генезді семіздік
біріншілік гипотиреоз
екіншілік гипотиреоз
аналық бездерінің поликистоздық синдромы
гипоталамустық синдром
} 43 жастағы әйелді салмағының қосылуы, бетінің ісіңкілігі, терісінің құрғауы, іш қатпалары мазалайды. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ 90/60 мм сын. бағ., пульсі 52 мин. Т3, Т4 төмен, ал ТТГ жоғары. Емін анықтаңыз:
{
диуретиктер
тиреостаттық дәрмектер
тиреоидты дәрмектер
йод дәрмектері
қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектер }
58 жастағы, 8 жылдан бері қантты диабетпен дертті, антигипергликемиялық дәрмектер қабылдайтын, ер кісіде, туыстарының айтуынан соңғы 7 күнде полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық біртіндеп дамыған. Об-ті: санасы жоқ, беткей арефлексия, жиілеген тыныс (ацетон иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз алмаларының тоеусы төмен. Өкпесінді везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. АҚ 90/70 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Қан анализінен: гипергликемия 55ммоль/л; плазманың осмостығы 380мосм/л (N 320 жоғары емес).НЖА: глюкозурия, ацетон жоқ. Сіздің тұжырымыңыз:
{
церебральді кома
гиперкетонемиялық кома
гиперосмостық кома
гиперлактацидемиялық кома
гипогликемиялық кома
} 9 жастағы қызды анасы қабылдауға келесі шағымдарымен әкелді: денесінің қызуын сезу, тершеңдік, соңғы 3 айда 5 кг салмақ жоғалту. Об-ті: көңіл-күйі тұрақсыз, жылауық. Тынымсыз, қол саусақтарының майда треморы бар. Тері жамылғылары ыстық, ылғалды, көздің ағында көзін төмен түсіргенде ақ жолақ сақталып қалады. Грефе симптомы оң. Қалқанша безі диффузды ұлғайған, тығыздылығы артқан, үстінен систолалық шу естілді. Тыныш күйдегі тахикардия, жүрек ұшы түрткісі күшейген. Үлкен дәреті жиі. Диагнозын болжаңыз:
{
эутиреоздық жемсау зоб
гипертиреоз
гипотиреоз
диффузды токсикалық зоб
гипоталамустық синдром
} Жалпы дәрігерлік практика дәрігері, 49 жастағы бойы 160 см, ал дене салмағы 84 кг әйелде ашқарынға тапсырған анализінен глюкозаның 6,9 ммоль/л деңгейін анықтады. Осы жағдайдағы дәрігерлік тактика:
{
гликемиясын кешке анықтау
гликемиясын ашқарынға қайталап тексеру
гликемиясын тамақтанудан соң қайталап анықтау
глюкозаға толеранттылық тестін 75 г глюкозамен жүргізу
гипокалориялық тағамдану мен инсулинотерапия
} ДДҰ критерийлеріне сәйкес, 75 г глюкозамен сынамадан кейін 2 сағаттан соңғы, қантты диабет диагнозы қойылатын глюкоза деңгейін көрсетіңіз:
{
8 ммоль/л
6 ммоль/л
11,1 ммоль/л
8,4 ммоль/л
9,7 ммоль/л
} 11 жастағы ұлда шөлдің қысуы, кіші дәретке жиі бару, әсіресе түн мезгілінде, терісінің қышуы анықталды. Диагноздық ізденісті бастау керек:
{
тәуліктік несепте глюкозаны анықтаудан
ашқарынға қандағы глюкозаны анықтаудан
ертеңгілік несепте ацетонды анықтаудан
тәуліктік несепте глюкоза мен ацетонды анықтаудан
түн алдындағы қандағы глюкозаны анықтаудан
} Диффузды токсиндік жемсаудың патогенездік еміне ұсынылған дәрмекті таңдаңыз:
{
седативті
бета-блокаторлар
тиреостатиктер
ангиотензин АФ ингибиторлары
левотироксин
} Қантты диабеттің 1 типі бар науқас кенеттен есінен танды. Еі мүмкін команы таңдаңыз:
{
гипогликемиялық
кетоацидоздық
сүтқышқылдық
гиперосмостық
бауырлық
} 19 жастағы бойжеткенге қантты диабеттің 1 типі қойылған. Ол бірінші рет кенеттен есінен танды. Ең мүмкін команы белгілеңіз:
{
бауырлық
кетоацидоздық
сүтқышқылдық
гиперосмостық
гипогликемиялық
} 30 жастағы, қантты диабетпен дертті әйел, қабылдау бөліміне ессіз жағдайда жеткізілді. Жағдайы соңғы 2 тәулікте нашарлай бастаған. Об-ті: терісі, тілі, еріндері өте құрғақ, тынысы шулы – Куссмаульдің тынысы, ацетон иісімен, пульсі жіптей, АҚ 80/50 мм сын. бағ. Қан глюкозасы 30 ммоль/л. Асқынуын анықтаңыз:
{
гиперлактацидемиялық кома
гипогликемиялық кома
ми қан айналымының жіті бұзылысы
гиперкетонемиялық кома
гиперосмостық кома
}
18 жастағы бозбалада респирациялық вирусты ауырудан кейін шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік, қандағы глюкоза деңгейі20 ммоль/л, несептегі – 5%, ацетон несепте бар. Науқастағы диабет типі ......
{
қантты диабет инсулинтәуелді (I тип)
қантты диабет инсулинтәуелсіз (II тип)
қантты диабет инсулинтәуелсіз (II тип), инсулин қажетті
жастардағы қантты II типті диабет (mody)
қантсыз диабет
} 15 жастағы мектеп оқушысы, 4 жылдан бері қантты диабетпен дертті, инсулиндік ем қабылдайды. Дене шынықтыру сабағында есінен танып қалды, қысқа уақыттық құрысулар болды. Терісі ылғалды. Дамыған асқынуын көрсетіңіз.
{
гипогликемиялық кома
лактацидоздық кома
кетоацидозыдқ кома
гиперосмостық кома
жіті жүрек тамырлық шамасыздық
} Қантты диабеттегі микроангиопатия ұғымына біріктіріледі:
{
ретинопатия
жүректің ишемиялық ауруы
артериялық гипертензия
гипергликемия
аяқ тамырларының облитерациялаушы атеросклерозы
} Қант диабетінде макроангиопатия ұғымына жатады:
{
ретинопатия
нефропатия
гипергликемию
полинейропатия
=диабеттік аяқ басы
} Диффузды токсиндік зобтағы жүрек зақымдануында кездеседі:
{
жүрекшелердің жыбыры немесе дірілінің дамуы
толық атриовентрикулярлы блокаданың дамуы
гис будасы сол аяғының толық блогінің дамуы
гис будасы оң аяғының толық блогінің дамуы
тек сол жүрекше гипертрофиясының дамуы
} 48 жастағы пациентке диффузды токсиндік диагнозы қойылды. Осы науқасқа тән гормондық профильді таңдаңыз.
{
қанда ТТГ деңгейінің төмендеу, Т3, Т4 деңгейі жоғары
қанда ТТГ жоғарылауы, Т3, Т4 деңгейі жоғары
қанда ТТГ, Т3 пен Т4деңгейлер төмен
қандаТ3 пен Т4 деңгейі қалыпты
қанда кортизола деңгейі қалыпты
} Қантты диабетпен ауыратын 41 жастағы А. атты әйел, қабылдау бөліміне ессіз жағдайда жеткізілді. Жағдайы соңғы 2 тәулікте нашарлай бастаған. Объективті: еріні, терісі құрғақ, тынысы шулы – Куссмаульдің тынысы, ацетон иісімен, пульсі жіп тәрізді, АҚ 85/50 мм сын. бағ. Қан глюкозасы 35 ммоль/л. Асқынуын анықтаңыз:
{
гиперлактацидемиялық кома
гипогликемиялық кома
ми қан айналымының жіті бұзылысы
гиперкетонемиялық кома
гиперосмостық кома
} |
|
|