Главная страница

СТУД 5 курс 360 ЖДП ішкі аурулар емтихан тест 2019-2020 - копия. Тс артыны ауыруы жне экгда st сегментіні, бір ммге жне одан кп депрессиясы


Скачать 173.24 Kb.
НазваниеТс артыны ауыруы жне экгда st сегментіні, бір ммге жне одан кп депрессиясы
Дата02.06.2020
Размер173.24 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСТУД 5 курс 360 ЖДП ішкі аурулар емтихан тест 2019-2020 - копия .docx
ТипДокументы
#127388
страница5 из 9
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Науқасқа қандай ем ұсыну қажет?

{

жөтелге қарсы дәрілері

витаминмен емдеу

темекі тартудан бас тарту

бронхты кеңейтетін дәрілер

седативті дәрілер

}
15 жастағы науқаста жөтел 200мл кілегейлі-қақырықтың бөлінуімен, қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуімен, ентікпе менжалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінде жиі жөтелген. Соңғы 5 жыл бойы өршіген. Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?

{

өкпенің созылмалы абцессі

пневмония

өкпе поликистозы

бронхоэктатикалық ауруы

туберкулез

}
Асқынған абсцесс пен ауыр пневмония кезінде дәрігер ең алдымен не жасау керек?

{

бронх ағашының дренажын қалпына келтіру

рефлекс басу арқылы жотелді тоқтату

пневмококке қақырықты тексеру

квейн сынамасын жүргізу

медиастиноскопия жасау

}
Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:

{

ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин

пенициллин, эритромицин, азитромицин

стрептамицин және гентамицин

линкоитцин және левомицетин

имипенем және меропенем

}
Бүйрек тас ауруы белгісі:

бүйрек ұстамасы

полиурия

олигурия

анурия

артериалді гипертензия

}
20 ж., студент оқтын-оқтын ұстамалы экспираторлық демікпе және кеудесіндегі сырыл мен ысқырықты дыбыс болуына шағымданады. Ауырғанына 1 жыл шамасында Демікпе ұстамасы жиі түнгі мезгілде пайда болады және өздігінше 1 сағаттан кейін жоғалады. Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне 1,5 пашкі темекі шегеді. Шешесінде бронхиалды демікпе (астма). Объектиті қарауда және Р-ген тексерісінде дерт анықталмаған.Қан анализінде – эозинофилдер саны - 6%.

Қандай дерт туралы болжауға болады?

{

атопиялық бронхиалды астма, орташа ауырлықта

инфекция тәуелдік бронхиалды астма, жеңіл ағымды

созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымды, өршу кезеңі

атопиялық бронхиалды астма, жеңіл ағымды

жіті бронхит

}
Күбі тәрізді кеуде клеткасының, қол саусақтарының тырнақ өзгерісіндегі (сағат әйнегі) ең жиі ентігу қай ауруда кездеседі:

{

пневмоторакс

жіті респираторлы ауру

жіті пневмония

жіті бронхит

өкпе эмфиземасы

}
22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы 38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас ауру қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі зәр шығарады,оң бел ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады. Қандай ауруды ойлауға болады?

{

жедел аднексит

жедел пиелонефрит

жедел эндометрит

жедел цистит

жіті респираторлы вирусты инфекция

}
27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5 С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырғааралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз :

{

оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

төменгі бөлікті пневмония оң жақты

оң жақты экссудативті плеврит

созылмалы бронхиттің өршуі

оң жақты гидроторакс

}
41 жастағы науқас кенеттен ауырды. Дене қызуы 40градус, жөтел кілегейлі-қанды қақырықпен,»ет» иісімен. Денесінің бүйір жағы ауырады.Лейкоциттер 10х109/л,, формуласы солға ығысқан. Рентгенмен тексергенде 2 күні оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қараю ағару ошақтарымен көрінеді( өкпенің деструкциясы). Қандай диагноз мүмкін?

{

микоплазмалық пневмония

туберкулездік инфильтрат

фридлер пневмониясы

стафилококтық пневмония

вирустық пневмония

}
Дәрігер науқасты үйде қарағанда, оның ауыр жағда екенін анықтады. Терісі солғын,ҚҚ-150/100мм.сын.бағ. Пульсі 120рет минутына. Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар жүрек тондарын басып кетеді. Анамнезінде АГ 5 жыл бойы бар.

Сіздің дәрігерлік әрекетіңіз?

{

науқасты үйде қалдыру қажет

жедел жәрдемді шақыру

науқасты үйде қалдырып,клиникасын бақылау

күндізгі стационарда ем ұсыну

науқасты ауруханаға жатқызу

}
М., атты 40 ж., төс артындағы кенеттен пайда болатын, мойынына тарайтын және тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағынады. Ауру сезімі кеше кешке пайда болып, бір-бірте тұрақты түрде ұлғайып,таңда қатты мазалайды. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Қандай дерт?

{

жедел трахеобронхит

миокард инфарктысы

жедел перикардит

остеохондроз

титце синдромы

}
Қандай бүйрек ауруына ісінулер тән?

{

цистит

гломерулонефрит

пиелонефрит

диабеттік нефропатия

бүйрек тас ауруы

}
48 жастағы науқаста анықталған АГ себебі бойынша тексеру кезінде зәр анализінде ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер көру аймағында 10-15, салыстырмалы тығыздығы 1012 анықталды. Бүйректің УДЗ-де бүйрек патологиясы анықталмады. Қандағы мочевина және креатинин қалыпты. Анамнезде – ерекшеліктер жоқ. Болжам диагноз:

{

артериалды гипертензия ауруы

созылмалы пиелонефрит

созылмалы гломерулонефрит

подагралық нефропатия

бүйректің екіншілік амилоидозі

}
37 жастағы, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипаттағы ентігуге, дірілдеуге, дене қызуы 390С жоғарылауына, аздаған қан ізі байқалатын қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. Бұл симптомдар шіріген шөптермен жұмыс істегеннен кейін 6 сағаттай уақыт өткен соң пайда болған. Қан сарысуында преципиттирлеуші қарсы денелер анықталған. Қайсы патология болуы мүмкін?

{

пневмония

милиарлы өкпе туберкулезі

идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

бронх демікпесі

экзогенді аллергиялық альвеолит

}
15 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге 200 мл дейін иісті кілегейлі іріңді қақырықпен жөтелге, қанды қақырыққа, дене қызуының 38,2 С жоғарылауына, ентігуге, тез шаршауға шағымданып қаралды. Бала кезінен жиі жөтеледі. Соңғы 5 жыл ішінде жылда жөтел мазалайды.

Ең алдымен қайсы ауруды анықтау қажет?

{

туберкулез

созылмалы өкпе абсцессі

пневмония

өкпе поликистозы

бронхоэктатикалық ауру

}
27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан.

Болжам диагноз қандай?

{

оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

оң жақты экссудативті плеврит

төменгі бөлікті пневмония оң жақты

созылмалы бронхиттің өршу фазасы

оң жақты гидроторакс

}
50 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге барлық денесінде ісіну пайда болуына шағымданып қаралды. 5 жыл бойы оң сирақ аймағында жыланкөз мазалайды, екі жылдай ісіну байқалады. АҚҚ жоғарыламаған. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы салмағы 1015, белок 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және дәнді цилиндрлер анықталды. Мочевина, креатинин қалыпты деңгейде. Зимницкий сынамасы ауытқусыз.

Болжам диагноз қандай?

{

созылмалы гломерулонефрит

созылмалы пиелонефрит

екіншілік бүйрек амилоидозы

жіті пиелонефрит

біріншілік бүйрек амилоидозы

}
43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі. Науқасқа не тағайындау қажет?

{

жөтелге қарсы препараттар

дәрумендер

антиагреганттар

бронхты кеңейтуші препараттар

седативті препараттар

}
Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен. Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды.

Тұншығу ұстамасы немен жойылады?

{

пропранололмен

эуфиллинмен

амброксолмен

антибиотиктермен

сальбутамолмен

}
А. атты 40 жастағы науқас, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, физикалық жүктемеде ентігуге шағымданады.15 жылдан бері диспансерлік есепте тұрады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Аускультацияда қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен демді шығарудың ұзарғаны естіледі. Неғұрлым мүмкін болатын диагноз:

{

бронх демікпесі

бронхоэктаз ауруы

созылмалы обструктивті бронхит

созылмалы іріңді бронхит

ауруханадан тыс пневмония

}
Науқас Н., 50 жас. Дене қызуының 38,5 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, оң жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады.Тыныс алу кезінде кеуденің оң жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 109 рет минутына, АҚ 110/60 мм.с.б. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері сол жаққа ығысқан. Қандай ауру туралы ойлауға болады.

{

пневмония

экссудативті плеврит

өкпе туберкулезі

өкпе абсцессі

өкпе гангренасы

}
Науқас П., 40 жаста, белінің сол жағынан ауырсынуға, кіші дәретке отырғанда күдіріп ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жалпы зәр анализінде – салмағы – 1020, ақуыз – іздері анықталады, лейкоцит 98-ге дейін көру алаңында, эритроцит – 1-2 к/а, бактерияурия, шырыш анықталады. Бұл аталған белгілер қайсы ауруға тән?

{

жедел пиелонефритке

созылмалы гломерулонефритке

жедел гломерулонефритке

созылмалы пиелонефритке

жедел циститке

}
Науқас М., 41 жаста, жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1008, лейкоциттер - 3-4 көру алаңында, эритроциттер - 9-12 көру алаңында, ақуыз - 3,0 г/л, , гиалинді цилиндрлер - 2-3 көру алаңында. Осы аталған өгерістер қандай ауруға тән.

{

созылмалы пиелонефрит

жедел пиелонефрит

созылмалы гломерулонефрит

бүйрек тас ауруы

бүйрек поликистозы

}
Сiзге қабылдауға А., атты 38-жастағы науқас келдi. Анамнезiнен: шырышты қақырықпен жөтел, тамағында жыбырлау сезімінің болуы, дене қызуы 38,5*С-ге дейiн көтерілуі. Дәрiгерге 5 күн бұрын қаралған. Тексеру жүргізілген: ЖҚА қабыну белгілері, рентгенологиялық зерттеуде пневмонияның белгілері анықталған. Жедел пневмония диагнозы қойылды. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен әсер болмаған. Сiздiң әрекетiңiз қандай?

{

емдi әрі қарай жалғастыру

жедел түрде стационарға жатқызу

пенициллиндi алып, кефзол тағайындау

сульфаниламид қосу

пенициллиндi алып, азитромицин тағайындау

}
Науқаста жедел бронхит. Көрсетілген препараттардың қайсысы тағайындалады?

{

қақырық шығаратындар

спазмолитиктер

зәр айдағыштар

ферменттер

ауруды басатын

}
В терапевтік бөліміне бел тұсының ауру сезімі және ісінулерге шағымданған науқас келіп түсті. Дәрігер диурезді бақылау жүргізуді тағайындады. Тәуліктік диурезді анықтау үшін зәрдің қандай зерттеу әдісі қолданылады?

{

зимницкий

адисс коковский

реберг

амбюрже

нечипоренко

}
Кешке қарай науқастың дене қызуы 37,5-38,0 С көтерілді. Қызбаның қай түріне тән?

{

субфебрильді

пиретикалық

фебрильді

гектикалық

ремиттеуші

}
30 ж., ер кісі. Шағымдары: дене қозғалысымен байланысты кеуденің сол жартысындағы ауру сезімі. Терең тыныста ауру сезімі күшеймейді. Ауру сезімі тәңертең пайда болды..Осыдан бірнеше күн бұрын тұмауратып ауырған. Өкпе перкуссиясы мен аускультациясында дерттік өзгерістер анықталған жоқ.. Пальпацияда сол жақта IY қабырғааралықта қатты ауру сезімі. Дәрігер қандай дерт туралы ойлау қажет?

{

сол жақты қабырғааралық невралгия

жүректің ишемиялық ауруы

жедел пневмония

кеуде омырқаларының остеохондрозы

аортаның қатпарланған аневризмасы

}
Өкпе эмфиземасы кезінде кеуде клеткасының перкуссиясында байқалатын дыбыс .....

{

қорап тәрізді немесе қорапты

перкуторлы дыбыстың қысқаруы

сан тәрізді перкуторлы

тұйық перкуторлы

тұйықталған перкуторлы

}
Портальды гипертензия алып келеді:

{

асцит

сарғаю

лоқсу

құсу

әлсіздік

}
Бауыр циррозының диагностикасында қандай зерттеу қолданбайды:

бауырдың пункционды биопсиясын

=рентгенологиялық

ультрадыбыстық зерттеу

радионуклидтік сканерлеу

компьютерлік томография

}
Асқазанның жоғары бөлігінің ойық жарасында ауырсынуға тән.

{

тамақ қабылдағаннан 2,5 сағаттан кейін

тамақ қабылдағаннан кейінгі сәтте эпигастрийде ауырсыну

тамақ қабылдағаннан 30 минуттан кейін

тамаққа байланыссыз ауырсыну

оң қабырға астында ауырсыну

}
Егде жастағыларда сарғаюдың жиі даму себебі:

{

өт жолдарының дискенезиясы

созылмалы активті гепатит

описторхоз

панкреатодуоденальді аймақтың ісігі

бауыр циррозы

}
Цитолиз синдромына тән биохимилық көрсеткіш:

{

биллирубин

амилаза

альбумин

холестерин

алт

}
Қандай биологиялық заттың ыдырау нәтижесінде биллирубин түзіледі:

{

гемоглобин

фосфолипид

холестерин

глюкоза

өт қышқылы

}
Қай биологиялық заттан өт қышқылы синтезделеді:

{

фосфолипид

холестерин

арахидон қышқылы

ксилит

этиленгликоль

}
Бауыр асты сарғаю байланысты ...

{

бүйрек қызметінің бұзылысымен

жүрек қан тамыр жүйесі қызметінің бұзылысымен

организмде биллирубин мөлшерінің жоғарылауымен

эндокринді жүйесінің патологиясымен

қан түзу жүйесінің бұзылысымен

}
Ішектен жасырын қан кетуін анықтау үшін қолданылатын тексеру әдісін көрсетіңіз...

{

дәретті бактерияларды санау үшін себу

дәрет бактериоскопиясы

дәреттегі гельминттерді анықтау

грегерсен реакциясы

копрограмма

}
Менетрия ауру – бұл ...

{

эозинофилдық гастрит

гранулематоздық гастрит

радиациялық гастрит

гипертрофиялық гиганттік гастрит

химиялық гастрит

}
Бауырдың созылмалы аурулары iшiнен иммунодепрессивтi ем үшiн классикалық көрсеткiш болып табылады:

{

екiншiлiк билиарлы цирроз

созылмалы белсендi гепатит

созылмалы аутоиммунды гепатит

бауырдың жаңа түзiлiстерi

созылмалы алкоголді гепатит

}
64 жастағы әйел адамда 2 айда 10 кг арықтау, үдемелі әлсіздік анықталған. Асқазанның ойық жара ауруымен сырқаттанады. Соңғы екі аптада қара нәжіс пайда болған. Терісі бозғылт, эпигастрииде ауру сезімі. Қан кету мүмкін ағзаны көрсетіңіз:

{

асқазан

ащы ішек

тоқ ішек

тік ішек

өңеш веналарының варикозы

}
Науқаста қыжылдау, кекіру, ықылық ату, еңкейгенде аузына ащы дәмнің келуі сияқты шағымдармен дәрігерге келді. Гастроэзофагеальді рефлюкс деген болжам диагноз қойды. Ауруды диагностикалауда маңызды тексеру тәсілі қайсысы?
1   2   3   4   5   6   7   8   9


написать администратору сайта