Главная страница
Навигация по странице:

  • аяқтың ісінуі

  • миокардит

  • 19 Миокардит синдромына кіретін симптомдар: {

  • 38.Миокард инфаркті бар науқаста пульс тапшылығының анықталуы, әдетте сипаттайды

  • СТУД 5 курс 360 ЖДП ішкі аурулар емтихан тест 2019-2020 - копия. Тс артыны ауыруы жне экгда st сегментіні, бір ммге жне одан кп депрессиясы


    Скачать 173.24 Kb.
    НазваниеТс артыны ауыруы жне экгда st сегментіні, бір ммге жне одан кп депрессиясы
    Дата02.06.2020
    Размер173.24 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСТУД 5 курс 360 ЖДП ішкі аурулар емтихан тест 2019-2020 - копия .docx
    ТипДокументы
    #127388
    страница1 из 9
      1   2   3   4   5   6   7   8   9

    1. И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу керек?


    {

    электрокардиография, тропонинді+

    сцинтиграфия

    эхокардиография добутаминмен

    электрокардиография физикалық күштемемен

    тәуліктік экг мониторлау

    }
    Стенокардияға патогномды болып табылады:

    {

    төс артының ауыруы және экг-да ST сегментінің , бір мм-ге және одан көп депрессиясы

    физикалық күштемеден кейін экстрасистолияның дамуы

    физикалық күштемеде төс артының ауыруы ЭКГ-да өзгеріссіз

    сегмент ST бір мм-ге және одан аз көтерілуі

    III стандарты және аVF әкетулерінде Q сермесінің ұлғаюы

    }
    Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

    {

    дресслер синдром

    идиопатиялық перикардит

    зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы

    миокард жыртылуы

    жүрек хордаларының үзілуі

    }
    Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 41 жастағы науқас келді. Бақылауда: ЖИА. Күш түсу стенокардиясы II ФК. Артериалды гипертензия II, қауіп III, ҚЖ0. Қарағанда шағымы жоқ. АҚҚ 130/80 мм сын.ст., ЖСЖ 72 соққы 1 мин.ЭКГ-де сирек қарыншалық экстрасистолалар. Эхо КГ –де қосымша хорда анықталады. Аритмияға қарсы ем тағайындау керек пе?

    {

    жоқ, себебі аритмияны науқас субьективті жақсы көтереді

    иә, себебі науқаста қосымша хорда анықталды

    иә, себебі қарыншалық тахикардия пароксизмі даму қаупі дамуы керек

    жоқ, себебі жасанды ырғақ жүргізушісін орнату керек

    иә, себебі адамс-морганьи-стокс ұстамалары болуы мүмкін

    }
    Науқаста созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Аталған симптомның қайсысы тән?

    {

    аяқтың ісінуі

    беттің ісінуі

    құрғақ жөтел

    ұстама тәрізді жөтел

    тершеңдік

    }
    Науқас Г., 30 жаста кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқас қандай тексеруді қажет етеді ?

    {

    тәуліктік экг мониторлеу

    вентрикулография

    коронароангиография

    электроэнцефалография

    эхокардиография

    }
    Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз.

    {

    гликоздті интоксикация

    гипертоникалық криз

    қайталанған инфаркт миокардісі

    декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі

    ми қан айналымының бұзылуына ауысуы

    }
    Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады:

    {

    промедол

    стрептодеказа

    гепарин

    строфантин

    перлинганит

    }
    Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?. Себебі, оларда орын алады.....

    {

    гиперинсулинемия

    гипогонадизм

    гипертиреоидизм

    гипонатриемия

    гиперпролактинемия

    }
    55-жастағы науқас шамалы күш түскенде пайда болатын ентікпеге шағымданады, ортопноэ,ісіктер жоқ. Соңғы айлары аталған симптомдары жайлап күшейген. Обьективті: мойын веналары ісінген. Пульсі 100 рет минутына, ырғақты, АҚҚ 100/60 мм.с.б. Жүрек ұшы соққысы 6-қабырғааралықта. Жүрек тұсында мойынға таралатын қатты систолалық шу. Бауыры 7 см-ге шығыңқы. Балтырлары ісінген. Науқаста ем жүргізу үшін қайсы тұжырым дұрыс емес?

    {

    каптоприлдің аз мөлшерін тағайындау көрсетілген

    диуретиктермен ем жүргізу ентікпені азайтады

    науқаста тотальды жүрек жетіспеушілігі

    науқасты зерттеу қажет

    аорта тармағының тарылу белгілері бар

    }
    Қандай жүре пайда болған ақау кезінде өте айқын сол қарынша гипертрофиясы байқалады?

    {

    қолқа қақпашасы стенозында

    митральді шамасыздықта

    аорта шамасыздығында

    үшжармалы қақпақша шамасыздығында

    митральді стенозда

    }
    43 жасар ер кісі төс артындағы ауырсынуға, сол қаолы менжауырынға таралуына шағымданып түсті. Тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм.с.б. ЭКГ-де: STV2-V4 сегментінің элевациясы. Аталған зерттеулердің қайсысы ең дұрыс болып табылады?

    {

    коронарография

    өңеш арқылы электростимуляция

    вентрикулография

    миокард сцинтиграфиясы

    позитрон-эмиссионды томография

    }
    Қандай ақауда қарыншалар систоласы кезінде қан сол қарыншадан сол құлақшаға кері өтеді (регургитация)?

    {

    митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

    митральді стеноз

    аортальді стеноз

    аортальді қақпақшаның шамасыздығы

    үшжармалы қақпақшаның шамасыздығы

    }
    Науқас А., 24 жаста, ауыр вирусты инфекциядан (грипп) кейін 2 аптада әлсіздік, ентігу, жүрек тұсындағы ауырсыну, жүрек қағу пайда болды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм.с.б. ЖСЖ – 80 рет/мин., І тон әлсіреген. ЭКГ-де Т-тісшесі V1-V4 әкетулерінде (-). Қандай патология туралы ойлауға болады?

    {

    миокардит

    кардиомиопатия

    жүректің ишемиялық ауруы

    перикардит

    кардионевроз

    }
    52 жасар трансмуральді миокард инфрактін өткерген пациенте 2 аптадан кейін субфебрильді температура, ентігу, буындарындағы ауырсыну пайда болды. Тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталды. Аускультацияда перикард шуы естіледі. ЭКГ-де динамика өзгеріссіз. Жағдайының нашарлауының себебі….

    {

    дресслер синдромы

    жүрек шамасыздығы

    плевритпен асқынған пневмония

    жүйелі қызыл жегі

    инфекциялық эндокардит

    }
    52 жасар науқас миокардтың алдыңғы қабырғасының инфарктімен түсті. Объективт: ЖСЖ – 100 рет/мин., АҚҚ – 145/90 мм.с.б. 3 тәуліктен кейін науқаста кездейсоқ қысқа уақытты тұншыәу ұстамасы дамыды, ЖСЖ 110 рет/мин, АҚҚ – 100/65 мм с.б. тыныс алу жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды көпіршіктер естіледі, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіледі. Оң қарыншаның О2-нің парциальді қысымы жоғарлаған. Ең болжам диагноз қандай?

    {

    қарыншааралық перденің жыртылуы

    емізікше бұлшықеттердің жыртылуы

    өкпе ісінуі

    өкпе артериясының эмболиясы

    қабырғасы жыртылған жүрек тампонадасы

    }
    52 жасар әйел науқас кең ауқымды миокард инфарктін өткергеннен кейін 4-ші аптада субфебрильді температура, әлсіздік, ентігу, буындарындағы ауырсыну пайд болды. Объективті: сол жағының плевра қуысында сұйықтық, перикард үйкеліс шуы. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Қандай асқыну дамыды?

    {

    дресслер синдром

    жүрек шамасыздығы

    плевритпен асқынған пневмония

    жедел миокардит

    инфекциялық эндокардит

    }
    Науқас 52 жаста, жедел алдыңғы қабырғалы миокард инфарктімен түсті. Объективті: ЖСС 100 рет/мин, АҚҚ 145/90 мм.с.б., тыныс жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгң бөліктерінде ылғалды сырылдар, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіле бастады. Оң қарыншаның О2 парциялық қысымы жоғарлады. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу ең мәліметті?

    {

    эхокардиография

    электрокардиография

    электрокардиографиялық мониторлау

    көкірек сарайының рентгенографиясы

    коронарография

    }
    19 Миокардит синдромына кіретін симптомдар:

    {

    жүрек шегін ең аз кем ұлғаюы, жүрек ұшы тұсында бірінші тонның әлсіреуі және жұмсақ систола шуының естілуі, кейдеүшіншіI тон пайда болу экгда жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылуы т тісшесінің өзгеруі

    жүрек шегінің солға және жоғары кеңуі, жүрек ұшында бірінші тонның айтарлықтай әлсіреуі, сол қолтыққа тарайтын дөрекі систола шуы пайда болуы, экгда сол қарынша және жүрекше гипертрофиясы

    жүрек шегінің жан жаққа ұлғаюы, тондардың айтарлықтай тұйықталуы, экгда тісшелер вольтажы төмендеуі, рентгенде жүрек пішінінің үш бұрыштылығы

    жүрек кеңуі жоқ, жүрек тондары айқын, ырғағы дұрыс

    жүрек қолқалық пішінді, қолқада екінші тон акценті, экгда сол қарыншалық гипертрофия

    }
    Митральды қақпақша жетіспеушілігінің ең жиі себебі:

    {

    ревматизм

    біріктіргіш тіннің жайылмалы аурулары

    бактериальды эндокардит

    атеросклероз

    қақпақшаның жарақатқа байланысты үзілуі

    }
    Митральды қақпақша жетіспеушілігіне байланысты, науқаста алғашқы шағымдарының пайда болуы:

    {

    сол қарыншаның жиырылуы әлсірегеннен және өкпелік гипертензия қалыптасқаннан

    физикалық жүктемеден соң ентігу, жүрек соғуы пайда болуымен байланысты

    науқастың алғашқы сатыларында, компенсация кезінде

    науқас жасына байланысты

    науқас жынысына байланысты

    тахикардиямен байланысты

    }
    Митральды қақпақшалар жетіспеушілігі бар науқастың жүрек аймағынын қарағанда анықталады ....

    {

    жүрек ұшы соғысының солға және төмен ығысуы, жүрек өркеші

    жүрек ұшы соғысының әлсіреуі

    ретростерналды пульсация

    перикардиалды пульсация

    эпигастралды пульсация

    }
    Митралды жетіспеушілікте жүректің салыстырмалы шегінің кеңуі:

    {

    солға және жоғары қарай

    жоғары және оңға қарай

    оңға

    жан - жаққа

    өзгермейді

    }
    Митралды жетіспеушілікте жүрек шегінің кеңуі:

    {

    сол қарынша және жүрекше гипертрофиясынан

    сол қарынша гипертрофиясынан

    сол жүрекше гипертрофиясынан

    оң қарынша және оң жүрекшегипертрофиясынан

    оң қарынша және сол жүрекше гипертрофиясынан

    }
    Жүректің ишемиялық ауруы дегеніміз:

    {

    миокардтың оттегіге деген қажеттілігі мен қан айналымы деңгейінің сәйкессіздігі

    жүрек етіндегі ошақты некроз

    тән қан айналымының өткінші бұзылуы

    миокардта жайылмалы түрде біріктіргіш тіннің дамуы

    ошақты кардиосклероз

    }
    Атеросклероз дамуының негізгі қауіп факторына жатпайды

    {

    тиреотоксикоз

    артериялық гипертензия

    қант диабет

    жоғарғы калориялы тағамдар мен тамақтану, семіздік

    шылым шегу

    }
    Миокард инфарктісінің стенокардиядан негізгі патоморфологиялық айырмашылығы:

    {

    жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроз ошағы не ошақтары

    жүрек бұлшық етінің ишемиясы

    миокардтағы тыртықты өзгерістері

    миокардтағы қабыну ошақтары

    жүрек етіндегі дистрофиялық өзгерістер

    }
    Миокардтың оттегіге деген қажеттілігі мен тәж қан айналымы сәйкессіздігінің ең жиі кездесетін негізгі себебі:

    {

    тәж тамырларының атеросклерозды тарылуы

    тәж тамырлары интимасының қабынуы

    тәж тамырларының түйілуі

    физикалық жүктемеде тәж қан айналымы жеткіліксіздігі

    миокардтағы тыртықты өзгерістері

    }
    Жүректің ишемиялық аурына тән емес ауырсыну синдромының сипаты.......

    {

    кеуде омыртқаларының қимылына байланысты шаншып ауырсынуы

    сығып, күйдіріп, зілдей басып ауырсынады

    ауырсыну физикалық жүктемеден пайда болуы

    ауырсыну сезімінің төс артында орналасуы

    ауырсыну ұзақтығы миокардтың зақымдану тереңдігіне байланысты

    }
    Стенокардиядағы ауырсыну сезімінің миокард инфарктындағы ауырсынудан ерекшеленеді....

    {

    ұзақтығымен

    таралуымен

    орналасуымен

    сипатымен

    себептерімен

    }
    Стенокардияда ауырсыну сезімі басылады.

    {

    нитроглицериннен 3-5 минут ішінде

    нитроглицериннен 15-30 минут ішінде

    нитроглицериннен басылмайды

    қабынуға қарсы дәрілерден

    валидолмен 30 минут ішінде

    }
    Жүректің ишемиялық ауруындағы ауырсыну синдромы кезінде болмайды.

    {

    мойын тамырлары білеуленуімен

    ентігіу не тұншығумен

    жабысқақ салқын термен

    жүрек ырғағы және өткізгіштігі бұзылуымен

    коллапспен

    }
    Миокард инфарктісінің жедел кезеңінің ұзақтығы:

    {

    бірнеше тәулік

    бірнеше сағат

    бірнеше ай

    уақытпен шектелмейді

    2 сағат

    }
    Миокард инфарктісінің жеделдеу кезеңі басталады ......

    {

    инфарктен соң бірнеше сағаттан кейін

    10-шы күннен басталып 8-ші жұма аяғына дейін

    инфаркт дамығаннан кейін 8 жұмадан кейін

    инфарктіден соң 2-3 жұмадан кейін

    инфарктіден соң 2 сағаттан кейін

    }
    Инфарктан кейінгі кезең белгілері көрсетіңіз:

    {

    изосызықтан ST аралығы төмен

    тыртық қалыптасқан соң 2-6 ай және одан да ұзаққа созылады

    электрокардиграммада патологиялық Q тісшесі сақталады

    интервал ST-ның изосызықта болуы

    тығыз тыртық қалыптасуы

    }
    Миокард инфаркты бар науқастың терісінің бозаруы, салқын жабысқақ тергдің болуы, пульстің жіп тәрізділігі, систолалық қан қысымының төмендеуі тән......

    {

    кардиогенді шокқа

    үлкен қан айналымы жетіспеушілігіне

    өкпе шеменіне

    жүрек ырғағының бұзылуына

    кiшi қан айналымы жетіспеушілігіне

    }
    Аспапты тексерулердің ішінде ЖИА – ы диагностикасына алдыменен қолданылатыны:

    {

    электрокардиография

    эхокардиография

    тіке проекцияда жүрек рентгеноскопиясы

    технициймен миокард сцинтографиясы

    тәж артериясы ангиографиясы

    }
    38.Миокард инфаркті бар науқаста пульс тапшылығының анықталуы, әдетте сипаттайды:

    {

    жыбыр аритмияның тахисистолиялық түрін

    синустық тахикардияны

    жыбыр брадисистолиялық түрін

    пароксизмалды тахикардияны

    атриовентрикулярлық блокаданы

    }
    Миокард инфаркті бар науқаста прекардиялық пульсацияның анықталуы нені сипаттайды.

    {

    жедел жүрек аневризмасын

    перикардиті

    тамыр жетіспеушілігі

    жүрек бұлшық етінің қатты әлсіреуін

    миокардтың жыртылуын

    }
    Жедел миокард инфаркті бар науқаста жіп тәрізді пульстің болуы нені сипаттайды:

    {

    артериялық қан қысымының төмендегенін

    қалыпты артериялық қан қысымын

    артериялық қан қысымы жоғарлағандығын

    қан қысымы тамыр пульстің сипатын анықтамайды

    диастолалық қысымның төмендігін
    Стенокардияның ауырлық дәрежесін анықтайды.

    {

    стенокардия ұстамасын тудыратын физикалық жүктеме деңгейі

    науқастың жынысы

    науқастың жасы

    аурудың ұзақтығы

    аурудың стадиясы

    }
    Дұрыс синусты ырғақтың сақталуы және жүрек соғу жиілігінің минутына 60-тан төмен сиреуі (минутына 40-тан төмен болмауы), бұл ...

    {

    синусты брадикардия

    синусты тахикардия

    синусты аритмия

    пароксизмальді тахикардия

    қарыншаның фибриляциясы

    }
    ЭКГ – дағы миокард инфарктінің жедел кезеңіндегі басты өзгеріс:

    {

    монофазалық қисықтың болуы

    т тісшесінің инверсиясы

    жүректің электр осі өзгеруі

    жүрек ырғағы бұзылысы

    жүрек өткізгіштіті бұзылысы

    }
    Миокард инфарктінің жедел кезеңінде науқаста кардиомиоциттердің өлгендігін сипаттайтын маркерлер анықталды. Осы кезеңге тән ең спецификалық маркер....

    {

    тропонин T, I

    аланинаминотрансфераза

    аспартатаминотрансфераза

    креатинфосфокиназа

    лактатдегидрогеназа

    }
    Миокард инфаркті бар науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тердің болуы анықталды Науқаста қандай асқыну пайда болды?

    {

    кардиогенді шок

    өкпе шемені

    жүрек аневризмасы

    дресслер синдромы

    миокард инфарктінің реццидиві

    }
    Бета-адреноблокаторлардың негізгі эффекті ......

    {

    T, Iөткізгіштікті тежеу

    қозғыштықты жоғарлату

    оң инотропты әсері

    жүректің жиырылу жиілігін артыруы

    жүректің электрофизиологиясына әсер етпеуі

    }
    Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфаркті анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?

    {

    III, AVF

    І, AVL

    V3-V4

    V1-V2

    I, AVL, V5-V6

    }
    ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?

    {

    қарыншалық тахикардияның пароксизмі

    суправентикулярлық тахикардияның пароксизмі

    синусты ырғақ

    қарыншалық экстрасистолия

    қарыншалар фибрилляциясының пароксизмі

    }
    Трансмуральді миокард инфарктінің ЭКГ-белгісі ......

    {

    терең, кеңейген QS тісшесі

    теріс, коронарлы Т тісшесі

    сегменті SТ изосызықтан төмен орналасуы

    сегменті SТ изосызықтан жоғары орналасуы

    интервал Р-Q ұзаруы

    }
    Жедел миокард инфаркті бар науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін тандау препаратын көрсетіңіз:

    {

    лидокаин

    амиодарон

    хинидин

    верапамил

    дилтиазем

    }
    Егер науқаста жіті миокард инфарктісінің 4-ші аптасында кеуде артында интенсивті қысып ауырсыну, ЭКГ жағымсыз теріс динамикасы және АСТ, АЛТ, КФК-МВ активтілігі қайта пайда болса, аурудың нашарлауын қалай қажет:сипаттауға болады.

    {

    рецидивті миокард инфаркті

    өкпе артериясының тромбоэмболиясы

    миокард инфарктінің қайта болуы

    дресслер синдромының дамуы

    вариантты стенокардия

    }
    Науқаста кенеттен жүректің қатты соғу ұстамасы пайда болды (минутына 160 рет). Ұстаманы дәрігер каротидті синустың массажымен тоқтатты. Жүректің қатты соғу ұстамасы

    неден болды:

    {

    пароксизмальді қарынша үсті тахикардиясынан

    пароксизмальді жыбыр аритмиясынан

    пароксизмальді жүрекшенің жыбырлауынан

    синусты тахикардиядан

    пароксизмальді қарынша тахикардиясынан

    }
    Науқас 52 жаста жүрек аумағында қысқа уақытты ауырсынуға шағымданады. Жедел респираторлы аурудан кейін пайда болған. Ауырғанына 2 апта ауру болды. ЭКГ-де SТ сегменті изосызықтан 1,5 мм төмендеген және Т тісшесі теріс. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжам диагноз:

    {

    миокардит

    жүректің ишемиялық ауруы

    нейроциркуляторлық дистония

    климакстық кардиомиопатия

    перикардит

    }
    Науқас М. 63 жаста, кенеттен басталатын естен танумен бірге жүретін қатты бас айналу ұстамасына шағымданады, 3 жыл бұрын инфекциялық миокардиттен соң пайда болған. Соңғы кездері айына ұстама жиі болып тұрған, яғни 2-3 рет қайталану байқалған. АҚ 110/70 мм. сын. бағ., ЖЖЖ 57 минутына. ЭКГ-да PQ интервалының ұзартылуы, Самойлов-Венкебах жүйелі кезеңі. Бұл науқас үшін қандай емдеу түрі тиімді.

    {

    ырғақтың жасанды бастаушысын орнату

    бета- адреноблокаторларын тиянақты қабылдау

    м-холиноблокаторларын жүйелі түрде қабылдау

    кальций антагонистерін тиянақты қабылдау

    аортокоронарлық шунттау жасау

    }
    ЖИА диагнозымен бақыланатын науқас М. 68 жаста отбасылық дәрігерге өзінің ахуалының нашарлауына байланысты шағымданды. Инфарктан кейінгі кардисклероз. Артериялық гипертензия II, IV қаупі. СЖЖ ФК 3. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, ішінің оқтын-оқтын ауыруына, көзінің қосарланып көруіне шағымданады. Дәріні жүйелі қабылдайды. АҚ 150/90 мм. сын. бағ., ЖЖЖ 50 рет минутына. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформациялануы, барлық тіркемелерде ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан «астау тәрізді» төмен жылжуы, қарынша экстрасистолиясының бигемия типі анықталады. Науқаст жағдайының нашарлау себебі ....

    {

    гликозидті интоксикация

    жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

    гипертониялық криз

    қайталамалы миокард инфарктісі

    ми қан айналымы өтпелі бұзылысы

    }
    Отбасылық дәрігерге жоспарлы қаралуға 50 жасты, Ш. науқас ЖИА. Кернеу стенокардиясы ІІ ФК. Артериальді гипертензия ІІ, қауіптілігі ІІІ, СЖЖ ФК 0 дагнозымен келді. Қарау кезде шағымдары жоқ. АҚ 135/85 мм.с.б., ЖЖЖ 77 рет минутына. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар анықталады. ЭхоКГ-да қосымша қосымша хорда аңықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау керек пе?

    {

    жоқ, өйткені науқас субъективті аритмияны жақсы көтереді

    ия, қосымша хорда анықталғандықтан

    ия, қарыншалық тахикардияның пароксизмінің даму қаупі болғандықтан

    жоқ, жасанды ритм жүргізушісін орнату керек

    ия, адамс-морганьи-стокс ұстамасы дамуы мүмкін

    }
    Науқас М., 20 жаста, жүрек аумағындағы шаншып ауыруына, жүректің қатты соғуына, әлсіздікке, делсалдыққа шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын гриппен ауырған. Қарағанда жүрек шекарасы солға қарай ұлғайған, жүректің барлық аумағында иррадиациясыз систолалық шу естіледі, ЖЖЖ – 90 рет минутына. Дене қызуы 37,70С. Лабораторлық зерттеуде лейкоцитоз аңықталды, ЭТЖ жоғарлаған, С-реактивті белок оң мәнді. ЭКГ: реполяризация бұзылысы және қарынша ішілік өткізгіштігігің баяулануы анықталады. Сіздің диагнозыныз?

    {

    миокардит

    кардиомиопатия

    миокардиодистрофия

    нейроциркулярлы дистония

    перикардит

    }
      1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта