Главная страница
Навигация по странице:

  • Клиникалық кезең

  • Қарсы көрсеткіштерді ескрмеу.

  • Тіс культясын түзу кезіндегі қателіктер

  • 2. Қалып алу кезінде, жақтардың орталық арақатынасын анықтау кезіндегі қателіктер: - тістің ретракциясын жүргізбеу;

  • Конструкцияны ауыз қуысында шақтап кигізіп көру: 1. алдыңғы кезеңдерде жасалған қателіктерді аңғармау, оларды жоймау;Сауыттың фиксациясы

  • Лабороториялық кезең 1.Үлгіні құю

  • 2. Сауыт пен аралық бөлігін балауызбен үлгілеу мен құю кезіндегі қателіктер протезді шақтап көру этапында көрінеді

  • Құю кезіндегі қателіктер

  • 2 сурак Тістердің аса қажалуы

  • 3.Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендеуісіз болатын тістердің аса қажалауының клиникасы, емі.

  • ортопедия. 1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез


    Скачать 137.28 Kb.
    Название1 сра. Ттас йылан кпір трізді протездер. Протездеу кезеінде кездесетін ателіктер мен асынулар. Кпір трізді протез
    Дата17.06.2021
    Размер137.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаортопедия.docx
    ТипДокументы
    #218313
    страница1 из 8
      1   2   3   4   5   6   7   8

    1 сұрақ.

    Тұтас құйылған көпір тәрізді протездер. Протездеу кезеңінде кездесетін қателіктер мен асқынулар.

    Көпір тәрізді протез – тіс қатарындағы шектелген ақауларды қалпына келтіруге арналған алынбайтын протез.

    Тұтас құйылған көпір тәрізді протездің клиниклық-зертханалық кезеңдері.

    Клиникалық кезеңдер.

    Зертханалық кезеңдер.

    1. -Жансыздандыру;

    -тұтасқұйылған көпір тәрізді протездерге тірек тістерді егелеу;

    -силиконды массалармен қос қабатты жұмысшы және қосымша қалып алу; тұтас құйылатын көпір тәрізді протез дайындағанда қалып алуды келесі күнге немесе бір күннен кейін шақырған жөн.

    -уақытга сауытпен егеленген сауытты қаптау.


    1. –супергисптен құрамалы модель құю; Қосымша модель құю;

    -окклюзионды білігі бар балауызды базисті дайындау;


    1. –кейде осы этапта қалып алынады;

    –орталық окклюзияны анықтау;

    ??

    2.-орталық окклюзияда модельдерді сәйкестендіру;

    -модельдерді окклюдаторға немесе артикуляторға гипстеу;

    -егеленген тіс тұқылының модельін дайындау;

    -балауызбен тірек тістер мен аралық бөлігін модельдеу;

    -құюға дайындау және көпір тәрізді протезді месталл құймаларымен құю;

    -механикалық өңдеу, және құрамалы модельде шақтап көру;

    3.-дайындалған көпір тәрізді протездің сапасын бағалау;

    -ауыз қуысында протезді шақтап көру;

    3.-көпір тәрізді протезді өңдеу, жылтырату;

    4.-бекітуші материалдармен портезді бекіту;











    Қателіктері мен асқынулары

    Клиникалық кезең

    Тексеруді дұрыс жүргізбей диагнозды дұрыс қоймау. Көрсеткіштерді кеңейту-патогенезді ескермей көпір тәрізді тағайындау, мысалы: терең тістемдегі екі жақты шектелген ақауда. Бұндай тістемде алдыңғы тістерде кесу-төмпешікті контакт болмайды да, қалған шайнау тістердің парадонтына шамадан тыс көп қысым түседі.Ал болашаұта бұл тістер тірек тістер болып алынса оларға қосымша жүктеме түседі.

    Қарсы көрсеткіштерді ескрмеу.

    1. Егелеу кезінде кеткен қателіктер және асқынулар:
      а) эмаль мен дентиннің гиперестезиясы және қантамыр-жүрек аурулары бар науқастарда тістерді жансыздандырусыз егелеу. Асқынулары: қан қысымының өзгеруі, жүректің қызметінің ырғағының бұзылуы, қорқыныш сезімі, қозу.

    б) тірек тістерді дұрыс клиникалық бағаламау;Тірек тістерде пломба, немесе оның түсі өзгермеген болсада пульпасы некроздалған болуы мүмкін. Парадонтына мән беру керек.Рентгенмен тексеріп алу керек;

    -Тістердің фунциональді мүмкіншіліктерін ескермей санын қате анықтау. Асқынуы-шамадан тыс жүктеме түсіп, тістің уақытынан ерте бұзылуы.
    в) Травматикалық пульпит – травматикалық егелеу (сапасыз кесуші инструмент, орталықтандырылмаған ұштық, үзіліссіз тісті егелеу, сумен және ауамен суықтандырудың болмауы, кесу инструментінің айналу жылдамдығының аздығы);
    - тіс қуысының топографиясын ескермеу.

    - қашықтағы мерзімде болуы мүмкін – егелген тістерді уақытша сауытпен қаптамау, уақытша сауыттар науқастың ауыз қуысында тез қататын акрилаттардан жасалған.

    б) сауыт астында қатты тіндердің некрозы – Некроз бұрын сауытпен қапталған тістің өмірщенлігін тексермей, қайтадан сауытпен қаптағанда пайда болуы мүмкін. Екіншілікті кариес - егелеу барысында бұзылған қатты тіндерді толығымен жоймау;

    -уступты жасағанда-өте терең немесе жеткіліксіз жасау.

    Тіс культясын түзу кезіндегі қателіктер:

    - егелетін тісті қатты қысқартса, протездің фиксациясы нашарлайжы, цемент сорылады.

    - егер биіктігі жеткіліксіз қысқартылса, окклюзиялық қозғалыстар кезінде тіс пен антогонист тістің пародонты зақымдалады, тіс сынып кетуі мүмкін.

    Конустылығы 5-7 гр. Конустылық аз болғанда протезді отырғызу кезінде қиындықтар туындайды, фиксация кезінде сауыт тіске тығыз жанаспай, цементтің артығы шығып кетпейді. Конустылық үлкен болса, тіс культясы сынатәрізді болады, фиксация бұзылып, цемент сорылады.
    2. Қалып алу кезінде, жақтардың орталық арақатынасын анықтау кезіндегі қателіктер:

    - тістің ретракциясын жүргізбеу;

    - қалып алу үшін дұрыс емес материалды және қасықты қолдану (мысалы, альгинатты массаны). Массалардың мерзімін қарау керек.Араластыру уақыт саөтау керек, нұсқау бойынша.

    - қалыпты шығару барысында нұсқаулықта көрсетілген уақытты қадағаламау, уаұытынан ерте алып шығу;

    - қалыптардың айқын болмауы,

    - қалыпты мүсін құю үшін уақытылы тістехникалық лабораторияға жібермеу.

    Конструкцияны ауыз қуысында шақтап кигізіп көру:

    1. алдыңғы кезеңдерде жасалған қателіктерді аңғармау, оларды жоймау;

    Сауыттың фиксациясы:

    а) тісті жеткіліксіз майсыздандыру және кептіру – цементтің сорылуы
    б) тым сұйық цементті қолдану - сорылуы
    в) тым қою цементті қолдану (сауытта тістемнің биіктеуі, тістің травматикалық окклюзиясы, периодонттағы ауыр өзгерістер);
    г) Тістерді түйістіру кезінде мақта тампонын қолдану – сауыттың қызылиек жиегіне терең енуіне алып келіп, окклюзияның бұзылысын тудырады.

    Лабороториялық кезең

    1.Үлгіні құю:

    Қалыпты өте сұйық супергипспен толтырғанда оның усадкасы ұлғаяды, нәтижесінде тар сауыттар жасалады. Өте қою супергипс қалыпты саңылаулар, раковиналар, қуыстар түзіп толтырады немесе мойын аймағында эластикалық қабатты ығыстырғанда, кең сауыт жасалады.

    2. Сауыт пен аралық бөлігін балауызбен үлгілеу мен құю кезіндегі қателіктер протезді шақтап көру этапында көрінеді:

    - Кең сауыттар – компенсациялық лакты көп мөлшерде жаққанда, мойын аймағын балауызбен айқындамай адаптыны қолдану, т.б. егер сауыт ауыз қуысында кең, ал үлгіде тістің мойын аймағында тығыз жанасса, онда қалыптың немесе үлгінің деформацияланғандығын білдіреді.

    - Тар сауыттар – өте жұқа компенсациялық лак егер сауыт ауыз қуысында тар, ал үлгіде тіске оңай кигізілсе, онда қалып отырған, немесе техник үлігінің гравировкасын жасаған.

    -Аралық бөлігін модельдегендегі қателіктер: айқын төмпешіктер жасау,альвеоларлы өсіндінің шырышты қабатымен жанасып тұру. Асқынуы: аралық бөлігке көп күштеме түсіп, сауыттардан ажырап кетуі, шырышты қабатты зақымдануы.

    - Егер құю жүйесі үлгіден балауызды композицияны алған соң орнатылса, мұндай сауытты отырғызу мүмкін болмайды. Құю жүйесі мен муфтаны балауыз композиция үлгіде тұрғанда қосылады.

    Құю кезіндегі қателіктер:

    - балауызды композицияны жеткіліксіз майсыздандыру;

    -құю штифттерді дұрыс орналастырмау;

    - пештің температурасын жылдам жоғыралытау – формовочная массада сызаттардың түзілуіне алып келеді.

    - муфель қатты қыздырылмаса – жеткіліксіз құйылады.

    - құймада бөгде заттардың болуы, оның ластануы.

    Асқынуы: протез сынып кетеді.

    Өңдеу және жылтырату – шлифовка кезінде ұзақ ұстау, немесе бір жерде ұзақ ұстау сауыттың қалыңдығының біркелкілігін бұзады.

    Сауытты айнадай жарқырағанша жыртыратпау – болашақта сауыттың бетіне қақтың жиналуына алып келеді.
    2 сурак Тістердің аса қажалуы көпэтиологиялы болып табылады.

    Этиология:

    Щербаковтың айтуы бойынша тістердің аса қажалуының себептері:

    I. Тістердің қатты тіндерінің морфологиялық жетіспеушілігінен туындайтын функциональді жеткіліксіздіктер:

    1. Туа пайда болған -баламен ананың ауруы салдарынан амело - және дінтиногез бұзылыстары нәтижесінде;

    2. Тұқым қуалайтын ( Капдепон ауруы);

    3. Жүре пайда болған - нейродистрофиялық процесстер, қантамыр жүйесінің функциясының бұзылысы және эндокринді жүйенің, алмасу процесстерінің бұзылысы салдарынан;

    ІІ. Тістердің функциональді шамадан тыс жүктемесі салдарынан:

    1. Тістерден жартылай айырылу (антагонист жұптардың азайуы);

    2. Парафункциялар (бруксизм);

    3. Кәсіппен байланысты шайнау бұлшықеттерінің орталықтандырылған гиппертонусы;

    4. Созылмалы тістің травмасы (жағымсыз әдеттер)

    ІІІ. Проффесиональді кері әсерлі: қышқылды, сілтілді некроздар. Химиялық некроздың және аса қажалудың пайда болуына ұзақ уақыт бойы күкірт буларының, тұз, азот, фосфор, ортофосфор қышқылдарының және т.б. әсері әкеледі.

    Тістердің қажалуына тез әкелетін тістем: терең және опистогнатиялық, тік тістем. Аталған себептер жайылмалы қажалуды, басқалары тек жергілікті қажалуға әкеледі.

    Патогенез: Қлыпты жағдайда шайнаудың нәтижесінде және жас үлкейуіне байланысты физиологиялық қажалу жүреді. Ол горизонтальді, вертикальді болады. Горизонтальді қажалуда күрек тістер мен сүйір тістердің кесу қырларының, ал шайнау тістерінің төмпешіктерінің қажалуымен жүреді. Вертикальді қажалу тістердің конттакті беткейлерінде болады, қажалу нәтижесінде олар контактті алаңдарға (площадка) айналады. Бірақ тістердің арасы ашық қалмайды, себебі жас ұлғайған сайын тістер медиальді жылжыйды. Тіс доғасы үздіксіздігі бұзылмайды, бірақ ұзындығы қысқарады. Контакті пункттардың контактті алаңдарға айналуы организмның биімделу реакциясы сипатында болады. Аралық кезең- қатты тіндердің қажалуы. Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде қажалу шамадан тыс жүреді. Тістерлің аса қажалуы тістердің анатомиялық формасын бұзады: төмпешіктер жоғалады, тесу қырлары жоғалады, сауыттың биіктігі төмендейді. Аса қажалу бір рет пайда болып жоғарлай түседі. Ол дентин жалаңаштанған жерде тез жүреді, ал эмаль сақталған жерде кешеуілдеп жүреді. Осының нәтижесінде қажалу фаседкалары тегіс жылтыраған табақша тәрізді немесе кратер тәрізді ойықшы түрінде болады.

    Миктротвердость эамаль-397,6Н/мм2, дентин 58,9Н/мм2.

    Клиникасы: әр түрлі болып келеді.

    Аса қажалу кезінде:

    ⁃ тістердің анатомиялық формасы өзгереді;

    ⁃ Кесу қырларына және шайнау беткейлеріне, парадонтқа, СТЖБ-ға шайнайтын қысымның таралуы өзгереді;

    ⁃ Шайнау бұлшықеттерінің тонусы жоғарлайды, олардың синхронды емес жиырылуы жүреді, шайнау уақыты ұзарады, шайнау функциясы төмендейді;

    ⁃ Шырышты қабат травмаланады;

    ⁃ Әртүрлі тітіркендіргіштерге тістің сезімталдылығы жоғарлайды;

    ⁃ Альвеолааралық биіктік төмендейді;

    ⁃ Беттің төменгі бөлігі төмендейді;

    ⁃ Окклюзионды-артикуляционды дисфункция синдромы пайда болады.

    Бушан классификациясы бойынша:

    Даму дәрежесі бойнша:

    1. Физиологиялық-эмаль аймағында;

    2. Аралық-эмаль және жартылай дентин аймағында;

    3. Патологиялық-дентин аймағында.

    Зақымдалу тереңдігіне қарай:

    І дәреже: сауыттың 1/3 биіктігіне дейін;

    ІІ дәреже: 1/3 тең 2/3 сауытының биіктігіне дейін;

    ІІІ дәреже: 2/3 тең жоғары және қызыл иекке дейін.

    Зақымдалу кеңістігіне байланысты:

    Вертикальді формасы: алдыңғы тістердің қалыпты жабылуында жоғарғы жақтың алдыңғы тустерінің таңдайлық беткейінде, ал төменгі жақтың еріндік беткейінде аса қажалу болады. Егер кері жабылу болатын болса, керісінше болады.

    Горизонтальді форма: қатты тіндердің горизонтальді жазықтықта азайуымен сипатталады.

    Аралас форма вертикальді және горизонтальді жазықтықтағы қажалу.

    Зақымдану аумағына байланысты:

    -шектелген;

    -жайылған.

    Эмальдің сезімталдығына байланысты:

    -қалыпты жағдайда;

    -гиперестезиямен.

    Патологиялық қажалу біржақта немесе екі жақта да болуы мүмкін, бір жақты және еі жақты боолады-односторон, двухсторон.

    Барлық формалаоында да шайнау тістерінің төмпешіктерінің қажалуы және күрек тістердің кесу қырларының қажалуы болады, және ол функциямен эстетиканы бұзады.

    Шағымдары:

    Науқастардың шағымдары әр түрлі болады және ол патологиялық қажалудың дәрежесіне, топографиясына, зақымдалу аралығына, аурудың басталған уақытына, қосымша аурулардың болуына байланысты болады. Егер БЖА-ның қосымша зақымданулары болмаса косметикалық дефектке, яғни тістердің анатомиялық формасының өзгеруіне шағымданады, алдыңғы тістер аймағындағы бұзылыс болса эстетикалық жетіспеушіліктер пайда болады: кесу қырының мөлдірленуі, эмальдың сынуы немесе тіс сауытының қысқаруы. Күрек тістердің айқын қажалуында “с”, “з” дыбыстарын айту қыйынға ұшырайды. Шайнау тістерінің қажалуын науқастар көбінесе байқамайды, тек тістерінің “желінгеніне” шағымданады, кейде тағамды шайнағанда ауызының шаршауына шағымдануы мүмкін.

    Эмаль және дентин гиперестезиясына, соның салдарынан тәтті, қышқыл, ыстық, салқын тағамдарды қабылдай алмауын, қышқылды некроз кезінде керілу сезіміне (чувствооскомины) және эмальдің кедір-бұдырлығына, фонетикалық және шайнау функциясының бұзылуына шағымданады. Негізгі симптомы- тіс сауытының өлшемінің кішірейуі.

    Ауру анамнезі: аурудың қашан пайда болғанына мән береді, оның прогресстелу сипатын, тіс протездерімен байланысын анықтайды. Негізгі себебін анықтауға тырысып, біріншілікті пайда болған белгілерді анықтау қажет.

    Өмір анемнезі: бұндай потологияның отбасындағы басқа мүшелерінде болуын анықтайды яғни тұқымқуалау факторларын анықтау үшін. Мысалы: Капдепон, Фролик, Лобштейн ауруларында. Қосымша жалпы соматикалық ауруларының болуын анықтайды.

    Анамнез жинау барысында мұқият зерттеп біріншілікті себепті анықтап алған дұрыс. Егер анамнезеден, және клиникалық қараудан соң себебі эндогенді болып соның нәтижесінде паталогиялық қажалу пайда болса, емдеу онструкциясын таңдағанда тіректісетрген аз мөлшерде күш түсіретін конструкцияны таңдаған жөн. Себебі оны ескермейтін болсақ түбірдің сорылуы, тіс альвеоласынң қатты атрофиясы болады.

    Объективті қарау:

    Сыртқы қарау:

    -Бет конфигурациясын қарайды: пропорционалдығы, симметриялығы.

    -физиологиялық тыныштағы және орталық окклюзиядағы беттің төменгі бөлігінің биіктігін анықтайды.

    СТЖБ пальпациясы: : СТЖБ пальпациясында ауызды ашып және жапқандағы буын бастарының біркелкі қозғалысын, буында анықталатын сықырларды, ауырсынуларды анықтау. Егер сықыр пайда болса буын бастарының деформациясынан болуы мүмкін.

    Шайнау бұлшықеттерінің пальпациясы: ондағы ауырсыну, ассметриялы жиырылуы, егер парафукция болатын болса гипертонусы анықталады.

    Ауыз қуысын қарауда:

    Тістердің қатты тіндерінің қажалу дәрежесін анықтау қажет. Шырышты қабат пен парадонтқа аса мән беру керек, себебі қосымша паталогияны анықтау үшін.

    ЭОД: әсіресе 2,3 дәрежелі аса қажалу кезінде жасау қажет. Болашақ конструкцияны таңдауға көмек көрсетеді.

    Рентгенография: пульпаның топографиясын анықтауға.

    Дифф.диагностика:

    Аса қажалу кезіндегі дифференциальді диагностикадағы қиындықтар оның негізгі және қосымша себебін анықтауда болып табылады.

    · Қажалу (atrition) - тістің қатты тіндерінің, реставрациялардың біркелкі жылдамдықта қажалуы. Қарау барысында шайнау, таңдайлық, вестибулярлы беткейлерде қажалу фасеткалары анықталады, төмпешіктер мен кесу қырлары жалпақтанады(уплощены). Осы арқылы антагонист тістер арасындағы қажалудың бар екенін анықтаймыз. Фасеткалардың нақты шекарасы болады, және оларды диагностикалық модельдерді артикулациялауда бір-біріне сәйкестендіріп қоюға болады.

    · Бөгде затпен қажалу(abrasion)- кесу қырларында дефект пайда болады. Оның себебі болып темекі трубкасын, мундштук,музыкалық инструменттер , скрепканы, инені, жіпті, шемшкені тістеуден болады. Ошақтардың локлизациясы абразивтеуші әсерге байланысты болады.

    · Эрозия (erosion)-қышқылдардың әсер етуінен болады. Қалыпты жағдайдағы локализациясы – жоғарғы күрек тістердің вестибулярлы беткейі болып табылады. Қышқыл заттарды күнделікті пайдаланудан қатты тіндердің эрозиясы шайнау тістердің шайнау беткейлерінде де пайда болады. Басында ошақтар кратер тәрізді дөңгелектенген жиегі болады, кейін тостаған (чаша)тәрізді дентиннің тереңдеуі анықталады. Егер эрозия эндогенді әсерлерден мысалы рефлюкс, болатын болса көбінесе жоғарғы күрек тістерінің таңдайдақ беткейлері зақымданады. Қызыл иек аймағында қажалу болмайды себебі қышқылдар қызыл иек жүлгесінен шығатын сұйықтықпен нейтрализацияланады. Композитті пломбалық материалдар эрозивті факторларға әсер етпейді, бастапқы формасында қалады. Қышқылдың болуын анамезді сұраудан анықтаймыз. Дифференциалды –диогностикалық белгісі диогностикалық модульдерде эрозияланған аймақтарды бір- біріне сәйкестендіру мүмкін емес. Тек өте терең эрозияларды ғана сәйкестендіре аламыз.

    · Дұрыс емес протездеу салдарынан туындайтын қажалу ортопедиялық конструкциямен антагонист тітерде анықталады.

    · Бруксизм кезінде ауыз қуысында ұртты тістеп алу іздері болады, тілдің бүйір беткейлерінде жүлгелер пайда болады, керамикалық реставрациялардың сынуы, эмалдың сынуы, тістердің қозғалғыштығы анықталады.

    · Эндрокринді бұзылыстар болатын болса анамнез кезінде нақтылайды және эндокринологқа жіберіледі, егер рефлюкс болса гастрэнтеролгқа жіберіледі.

    · Кариес маркерлар көмегімен бояу арқылы кариестен ажыртамыз. Аса қажалған тістер боялмайды. Аса қажалған тістерде фасеткалар боларды, және олар кратер немесе тостағн тәрізді формада болады.

    3.Беттің төменгі бөлігінің биіктігінің төмендеуісіз болатын тістердің аса қажалауының клиникасы, емі.

    Организмнің компенсаторлы-бейімделу рекциясының нәтижесінде аса қажалудың компенсирленген, және компенсирленбеген түрлері болады.

    Колмпенсирленген түрінде беттің төменгі бөлігінің төмендеуі болмайды.

    Компенсирленген аса қажалу кезінде- коменсаторлы-бейімделу реакциясынан жақтың альвеолярлы өсіндісінің өсуінен, яғни вакатті гипертрофия салдарынан тістердің қажалуы компенсацияланады. Беттің төменгі биіктігі өзгермейді.

    Клиникасы:

    Компенсирленген аса қажалу локализацияланған, және генерализацияланған түрлері болады.

    Локализацияланған компенсирленген қажалу жеке тістерінің сауытының бйіктігін төмендетеді. Бұл жағдайда қажалған тістер антагонистімен контактті сақтайды, себебі жақтың альвеоларлі бөлігінің гипертрофиясы болады (вакатты гипертрафия). Осы аймақтың тіс- альвеоларлі ұзару болады. Беттің төменгі биіктігі, және альвеолааралық биіктік өзгермейді. Окклюзионды биіктік өзгермейді.

    Генериализденген компенсирленген аса қажалу

    -барлық тістердің сауытының вертикальді өлшемдерінің кішірейуімен,

    -альвеолааралық биіктіктің төмендеуімен жүреді.

    -Науқас сөйлегенде, күлгенде альвеолярлы өсінді көрініп тұрады.

    -Беттің төменгі 1/3 биіктігі өзгермейді.

    -Сауыттардың кішірейуі альвеольярлы өсіндінің өсуімен компенсирленеді.

    Бұндай қажалуы бар бет скелетінің сипаты:

    1. барлық тістердің вертикальді өлшемінің қысқарылуымен.

    2. Барлық тістердің тіс-альвеоларлі ұзаруы;

    3. Беттің вертикальді өлшемдерінің сақталуы.

    4. Окклюзионды беткейлердің деформациясы және күректістік жабылудың тереңділігінің төмендеуі.

    5. Альвеолааралық биіктіктің төмендеуі;

    6. Тіс доғасының ұзындығының қысқаруы

    7. Төменгі жақ негізінің үлкейуі.

    8. Алдыңғы тістер мен бірінші премолярлардың түбірлерінің кішірейуі.

    Емі:

    Генерализденген компенсирленген аса қажалуы бар науқастарды емдеу.

    Мақсаты - тістердің анатомиялық формасын және функциясын, альвеолааралық биіктікті өзгертпей пациенттің сыртқы түрін қалпына келтіру.

    Емдеу методикасы қажалудың дәрежесіне байланысты болады.

    І дәрежелі аса қажалуды емдеу профилактикалық сипатта болады, себебі бұл кезде тістем бйіктігі төмендемейді. Дентиннің гиперестезиясы болса медикаментозды және физиотерапиялық ем тағайындайды. Бірақ консервативті емнен нәтиже болмаса ортопедиялық ем арқылы анатомиялық форма мен функцияны қалпына келтіреді. Альвеолааралық биіктікті өзгертпей үш пункті контактті қалыптастыратын сауыттар немесе салмалар (салмалар қажалған окллюзионды беткейін қалпына келтіру керек) қолданылады. Сауыттың материалын таңдаған кезде оның қажалу дәрежесіне мән беру керек. Штампталған сауыттардв қолдануға болмайды, себебі ол қызылиек қалтасына терең еніп, маргинальді парадонтты зақымдап, циркулярлы байламды бұзады. Пластмассалы сауыттар тез қажалып кетеді. Фарфорлы, керамикалық сауыттармен протездегенде қарама-қарсы тістерді бірге протездеу керек, себебі эмальдің микроқаттылығы бұл материалдардан төмен, және тез қажалып қалады.І дәрежелі аса қажалуда көбінесе тот баспайтын болаттан жасалған металды сауыт, бағалы металдардан жасалған сауыттар қолданады. ІІ-ІІІ дәрежелі аса қажалуда салмалар және сауыттарды бірдей беріктіктегі материалдармен қарама қарсы протездеу.

    ІІ дәрежелі аса қажалуда беттің төменгі биіктігін өзгертпей тістердің анатомиялық формасын қалыпқа келтіру керек. Сол себепті науқастарды алдын-ала дайындау арнайы қажет. Дайындық кезінде тістейтін пластинка көмегімен альвеолярлы бөлігін қайта құруға, және төменгі жақтың слыстырмалы функциональді тыныштық жағдайын өзгерту үшін, яғни тістерді қайта енгізіп болашақ протезге орын жасау(внедрение). Альвеолярлы қайта құрылуының тездету үшін компактостеотомия жасайды. Болашақ протезге орын дайындалғаннан кейін алынбайтын және алынбалы конструкциялармен протезделеді.

    ІІІ Дәрежелі аса қажалуды ем бірнеше әдістермен жүргізіледі. Кейбір науқастарда арнайы дайындық жасалады, яғни альвеолярлы бөліктің қайта құрылуы үшін. Орын дайындалғаннан кейін тұқылды сауыттармен протезделеді. Келесі науқастарды арнайы дайындық жүргізіледі, түбір каналдары пломбаланады және алынбалы конструкциялармен протезделеді. Келесі науқастарда арнайы хирургиялық дайындық жүргізіледі, қажалған тістердің түбірлері жұлынады және альеолярлы бөліктің жартысы алынады. Бұндай науқастарды протездеу кезеңді болып табылады: жедел және алыстатылған.

    Локализацияланған аса қажалуы бар науқастарды осындай әдістермен дәрежесіне байланысты емдейді. ІІ және ІІІ дәрежелі аса қажалуда штампталған сауыттарды қолдануға болмайды, себебі қызыл иекке терең еңгізілген сауыттың жиегі маргинальді парадонтты травмалайды. Сонлықтан аса қажалуды мынандай жасанды сауыттармен

    емдеуге болады: тұтас құйылған сауыттар, окклюзионды напайкасы бар штампталған қалпақша, тұқылды сауыттар.
      1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта