ЖұмысДәптері1_Информатика+. Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны
Скачать 1.75 Mb.
|
«Мектептегі информатика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы ТЫҢДАУШЫНЫҢ ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ Электрондық үкімет порталының функциялары. Қазақстандағы цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдау
1-тапсырма. «Цифрлық сауаттылық» тақырыбы бойынша 10 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарды пайдаланып, Google Form сервисінің көмегімен өз әріптестеріңіздің (оқушылардың) арасында сауалнама жүргізіңіз. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыз.
2-тапсырма. 1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттері қандай? (Ресурс: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827, https://digitalkz.kz/kz/o-programme/ Бағдарламаның әр бағытын жүзеге асырудың пайдасы қандай? Цифрлық мемлекеттің артықшылығы неде?
3-тапсырма. ЭЦҚ-ны қолдану маңызын көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсету саласында «Бұрын қалай еді» және «Қазір қандай болды» инфорграфикасын құрып көрсетіңіз.
4-тапсырма. Бүгінгі күні электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамытудың төрт негізгі кезеңі аяқталды: - Ақпараттық кезең - Интерактивті кезең - Транзакциялық кезең - Трансформациялық кезең Осы кезеңдердің мазмұнын сипаттаңыз
IT STARTUP. CROWDFUNDING ПЛАТФОРМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ. ЖОБАНЫ НАСИХАТТАУ
5-тапсырма. Стартаптың даму кезеңдерімен танысып, интернет қосымшасын жасауға бағытталған ІТ-стартаптың қадамдарын сипаттаңыз. 1. «Енгізу» кезеңі (Pre-Seed Stage)– идеяларды және оларды жүзеге асыру әдістерін іздеу. 2. Іске қосу (Startup Stage) – инфесторлардың қатысуымен өнімді нарыққа шығару. Өнім аналогтарынан артық болуы керек. 3. Өсуі (Growth Stage) – нарықтағы өнімге сұраныс, нарықтығы жоспарланған деңгейін дамыту. 4. Кеңейту (Expansion Stage) – бизнес-жоспардың мақсаттарына жету, жаңа нарықтарды игеру. 5. Шығу (Exit Stage) – компанияның даму шыңына жету. Инвесторлар өз үлестерін ірі компанияларға сатады
6-тапсырма. Қазақстандағы 10 үздік ІТ-стартапты сипаттаңыз (интернеттен іздеу және Тыңдаушыға арналған нұсқаулықты қараңыз)
7-тапсырма. Краудфандингтің мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз (краудфандингтік платформалар).
8-тапсырма. Қазақстанда краудфандинг платформаларын дамыту. Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен (21-22-б.) және https://kz.astanahub.com/, https://egov.kz/cms/ru/astana-hub платформасымен танысыңыз. Қазақстанда краудфандинг платформалары туралы қысқаша хабарлама дайындаңыз (ментальды картаны, кластерді және басқа да инфографика түрлерін қолданыңыз).
9-тапсырма. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жаңа жобалардың 21% -ы нарықта өз өнімдерін пайдаланатын мақсатты аудитория таба алмағандықтан жеңіліске ұшырағанын айтады. Неге осылай? Мұның себебі неде? Өз шешіміңізді ұсыныңыз.
10--тапсырма. Сіз өзіңіз әзірлеген мобильді қосымшаны насихаттап бастағаныңызды елестетіп көріңіз. Оны жылжытуды бастамас бұрын, келесі сұрақтарға жауап беріңіз
Тыңдаушыға арналған нұсқаулықтағы материалмен (28-29-б.) танысып, дайын өнімді насихаттау үшін сізге қандай құрал ыңғайлы/пайдалы болатынын сипаттаңыз.
11-тапсырма. Төмендегі кестеде бәсекеге негізделген әртүрлі қаржылық мүмкіндіктерге сәйкес жобаны алға жылжыту/насихаттау бойынша ұсыныстар берілген (Хьюз Дж. «Нысананы дәл көздеу! IPhone және iPad қосымшаларының маркетингі» кітабынан). Осы ұсыныстарды өз мобильді қосымшаңызды жылжытуға пайдалануыңызға бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.
12-тапсырма. Өнімді (мысалы, мобильді қосымша) насихаттау үшін Pictochart онлайн-қызметінде баннерлік жарнама әзірлеңіз (piktochart.com). Қолайлы инфографикалық үлгіні пайдаланыңыз. *https://www.renderforest.com, https://dashboard.supa.ru/ онлайн-сервистерін пайдаланып, бейне жарнама әзірлеуге болады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу. Бағалау критерийлері және ойлау дағдыларының деңгейлері. Дескрипторлар. Тапсырма түрлері. 1-тапсырма. «Информатика» пәнінің оқу бағдарламасынан бірнеше оқу мақсатын таңдаңыз (ұзақ мерзімді жоспар, сынып). Оқу мақсаттарына бағалау критерийін құрастырыңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіріңіз. Тексеру парағын қолданып, бағалау критерийлерінің сапасына сараптама жасаңыз. Тапсырманы орындауға қатысты ұсынымдар: Тапсырманы орындау барысында туындаған қиындықтарды жеңу үшін http://smk.edu.kz/ порталында ұсынылған пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағындағы мысалдарды қарастыруға болады. Пән_____________________________________________________
Пән_____________________________________________________
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ (бағалау критерийінің сапасына сараптама жасау)
2-тапсырма. А) Жабық тапсырма әзірлеу Пәннің оқу бағдарламасынан (ұзақ мерзімді жоспар, сынып, тоқсан) оқу мақсатын таңдап, бағалау критерийін анықтаңыз. Оқу мақсатына сәйкес тапсырма әзірлеңіз: 1) бір дұрыс жауабы бар тест; 2) бірнеше дұрыс жауабы бар тест Пән ___________________________________ Сынып _________ Бөлім:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Тақырып: _____________________________________________________________________________
В) Сараптама жасау. Тексеру парағын қолданып, тапсырмаларға сараптама жасаңыз. ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
|