Главная страница

керек нарсе. Инфекция каз 2020. жедел ішек инфекциясы, жедел гастроэнтерит


Скачать 183.22 Kb.
Название жедел ішек инфекциясы, жедел гастроэнтерит
Анкоркерек нарсе
Дата27.12.2021
Размер183.22 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИнфекция каз 2020.docx
ТипДокументы
#320239
страница9 из 10
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


диагноз қойыңыз?

{

= Мононуклеоз

Пастерелез

Паротитті инфекция

Қызылша

Қызамық

}

ФАП- қа шақыру. 22 жасар науқас аймақтық фельдшер шақырды. Ауырғанына 2 күн болған. Ауру кенеттен дене температурысының 38,2°С жоғарылауымен, тәбетінің жоғалуымен, жалпы әлсіздікпен басталды.

Объективті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене температурасы 37,8°С, жалпы әлсіздік, адинамия. Терісі бозғылт, бөртпелер жоқ. Аңқасы және жұмсақ таңдай әлсіз гиперемиялаған, ісінген .миндалинаның үстінде көп қабатты ашық сұрғылт түсті құрылыммен жабылған, көлемі 3 мм. Жабындыны алайын деп көргенде беті қанаған. Жақасты лимфатүйіндері аздап ұлғайған. Басқа орган және жүйелердің өзгерісі жоқ. Аңқасындағы жағындымен бактериологиялық зерттеу жүргізген кезде Леффлера бацилласы анықталды. Клиникалық диагноз қойыңыз?

{

= Дифтерия

Аденовирусная инфекция

Псевдотуберкулез

Бруцеллез

Қызылша

}

Науқас 18 жаста, ересектер бөліміне ревматизм ауруы бойынша жатқызылды, стационарда ауруының 5-ші күні жағдайы күрт нашарлап, дене температурасы 38,7 °С жоғарылады. Тексеру кезінде: терісі бірыңғай дақ және папуламен жабылған, басқа ішкі органдарында патология жоқ. Келесі күніде фебрильді температура сақталды, дақты папулезді бөртпелер саны көбейіп, бетінде көпіршік пайда болды. Қан анализінде – эр. – 4,5х1012/л, L-3х109/л, Л – 50%, ЭТЖ – 8 мм/с.

Поставить клинический диагноз.

{

= Желшешек

Скарлатина

Паротитная инфекция

Қызылша

Қызамық

}

Науқас 19 жаста. Отбасында анасы және әкесі гриппен ауырған. Баласының ауруы тәбітінің жоғалуымен, мазасыздықпен, ұйқысының бұзылуымен, мұрын бітелуі және дене температурысының - 37,2ºС көтерілуімен басталды. Тексеру кезінде: тері жамылғысы бозғылт, мұрынның шырышты қабаты ісінген, аңқасы аздап гиперемияланған. Өкпесінде аускультацияда – шашыраған құрғақ сырыл, перкуссияда қорап тәрізді қатқыл тыныс Болжам дигноз қойыңыз?

{

Парагрипп

Аденовирусты инфекция

= Грипп

Паротитті инфекция

Қызылша

}

Науқас 20 жаста, ауруы кенеттен дене температурысы - 38,7ºС көтерілуімен, жөтел, мұрыннан су ағумен, көмейдің артқы қабырғасы дән тәрізді крупты өзгерістерімен басталды. Ауруының 2-ші күні лимфа түйіндері, бауыр, көкбауыры аздап ұлғаюы анықталды. Болжам диагноз қойыңыз:

{

= Аденовирусты инфекция

Паротитті инфекция

Менингококкты инфекция

Пневмония

Ботулизм

}

Емханадағы кезекші дәрігер қабылдауына 15 жасар науқас келді, дәрігер кабинетіне кіру үшін 30 минут шамасында күткен. Шағымдары: аңқасы әлсіз гиперемияланған, бадамша безі ылғалды, жаппай ақшыл сұрғылт, алынбайтын, алуға әрекет жасағанда қанайтын жабындымен жабылған. Науқас алыс ауылдан апта бұрын келген. Зиянды әдеттері жоқ. Болжам диагноз қойыңыз:

{

= Аңқа дифтериясы

Қызылша

Дизентерия

Ботулизм

Паротитная инфекция

}

Науқас ауруы кешке басталған: дене температурысы 390С көтерілген, тамағының ауруы, бірреттік құсу болған, келесі күні бөртпе пайда болған. Ауруханаға түскен кезде әлсіздік, анорексия, кеудесіндеғ аяғында, тері қатпарларында көп мөлшердегі нүктелі бөртпе анықталған. Аңқасы айқын шектелген, гиперемияланған. Тілі қою ақ жабындымен жабылған. Өкпесінде везикулалық тыныс, жүрек тондары тұйықталған. Пульс 136 рет 1 мин. Іші жұмсақ. Бауыры қабырға доғасынан 1 см төмен түскен. Зәрі және нәжісі қалыпты. Қан анализі : Эр.-3,8 х 1012/л, Нв – 130 г/л, ЦП – 0,9, Л – 12 х 109/л, э-1%, п – 4%, с – 78%, л – 13%, м – 4%, ЭТЖ – 28 мм/с. Болжам диагноз қойыңыз.

{

= Скарлатина

Қызылша

Қызамық

Дизентерия

Ботулизм

}

Науқас 18 жаста, ауруының үшінші күні: субфебрильді температура, бас және бұлшық ет ауырсынуы,аздап мұрыннан су ағу. Тері жамылғысы бөртпесіз, беті гиперемияланған, склераның жеңіл инъекциясы, аңқасы аздап гиперемияланған. Мойын, қолтық асты және шап лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр және көкбауыры қабырға доғасы астынан анықталады. Нәжісі орынды. Бала бақшада серозды менингитке байланысты екі бала, үш бала герпетикалық баспаға байланысты, бірнешеуі ЖРА ға байланысты госпитализацияланған. Жыл мезгілі - маусымның ортасы. Болжам диагнозды қойыңыз:

{

= Энтеревирусты инфекция

Аденовирусты инфекция

Парагрипп

Грипп

Паротитті инфекция

}

Науқас, соңғы үш айда жиі ауырған: ЖРВИ, созылмалы пневмония, іріңді отитпен аурыған, бқлшық етке және ішке кең спектрлі ,сульфаниламид және нитрофуран антибиотиктерін қабылдаған.Соңғы екі аптада тәбеті төбендеп, іш желденуі пайда болған. Нәжісі уақтылы ақ түсті кесек тәріздес, көбікті және қышқыл иісті, кейбір күндері ботқа тәріздес. Кейде екі күндеп нәжісі болмайды. Науқас болбыр, лихорадка жоқ, дене массасы өзгеріссіз. Өепесінде патологиялар жоқ. ЛОР тексеруінде де патологиялар жоқ. Болжам диагноз:

{

= Ішек дисбактериозы

Ботулизм

Дизентерия

Холера

Тырысқақ

}

Науқас 20 жаста, бірнеше ай ата анасымен бірге Афганистанда болған. Қайтып оралғаннан кейін келесі күні науқаста фекальді сұйық нәжіс пайда болған, екі сағаттан кейін нәжісі жиі түссіз сулы иіссіз күріш қайнатпасы тәрізді өзгерген. 6 сағаттан кейін құсу, шөлдеу қосылған, егер су ішсе құсқан. Емханадағы кезекші дәрігерді шақырған. Мүмкін болжам диагноз:

{

Тырысқақ

= Холера

Паротитті инфекция

Парагрипп

Қызылша

}

Ата анасы туристтік саяхаттан Пакистаннан келді, келгеннен кейін анасында күніне 2-3 рет сұйық нәжіс және ақылының аздап ауытқуы пайда болған. Екі күннен кейін 17 жасар баласы ауырған: кенеттен жиі сұйық нәжіс, басында қалыпты болған, сулы иісіз құдды күріш қайнатпасы тәріздес болып өзгерген. Бірнеше сағаттан кейін құсу қосылған. Аймақтық дәрігер шақыртқан. Болжам диагноз қойыңыз:

{

= Холера

Қызылша

Қызамық

Желшешек

Тырысқақ

}

Науқас 22 жаста, нормотрофик, ауруы кенеттен дене температурысы 37,7С дейін жоғарылауымен басталған. Патологиялық араласусыз, жиі сулы көп мөлшердегі сұйық нәжіс, бірреттік құсу. Еріндер құрғақ. Үлкен еңбегі түспеген. Мұрынан серозды бөлінділер бөлінеді, аңқасы гиперемияланған. Екі үш күнде анасының жоғарғы тыныс алу жолдарында катаральді өзгерістер, сұйық қылшықты нәжіс болған. Сәйкес келетін болжам диагноз.

{

Риновирусты инфекция

Скарлатина

= Аденовирусты инфекция

Ботулизм

Бруцеллез

}

Наташа, 23 жаста, ауруы жедел дене температурысының 37,8 С жоғарылауымен басталған. Мұрыннан су ағу, жөтел басталып, ЖРВИ бойынша амбулаторлы ем қабылдаған. Аурудың 5 ші күніне дейін дене температурасы 37,5 С сақталған. Мойын аймағының ісінуі пайда болған. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализацияланды. Преморбидті фон анықталмайды. Түскен кезде жағдайы орта ауырлықта,пульс 125 рет 1 мин., тынысы 28 рет мин. Тыныс алуы мұрынмен қиын, бөлінділер жоқ. Аңқасында бадамша безі ұлғайған.Алдыңғы және артқы лимфа түйіндері ұлғайған, " алқа тәрізді"Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары айқын, ритмді. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен түскен., көкбауыры 2 см.,зәрі және нәжісі қалыпты.Қан анализінде : Эр.-3,5 х 1012/л, Нв – 120 г/л, ЦП – 0,9, Л – 20 х 109/л, э-1%, п – 2%, с – 17%, л – 53%, м – 10%, атипиялық мононуклеар 17%. Клиникалық диагнозды қойыңыз.

{

= Инфекциялық мононуклеоз

Лямблиоз

Ишерихиоз

Қызылша

Ботулизм

}

Науқас 23 жаста, жедел ауырғанғ дене температурасы 38С, мазасыз, ұйқының бұзылуы, тәбетінің жоғалуы болған. Ауруының 4- ші күні дене температурасы қалыпқа келген, адинамия, әлсіздік сақталған. Сол жақ бет терісінің өзгерісіне байланысты клиникаға госпитализацияланған. Жалпы жағдайының бұзылысы аз. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды әсіресе бас терісі. Өкпеде везикулалық тыныс, жүрек тондары айқын, ритмді, іші жұмсақ ауырсынуысыз, Зәрі және нәжісі қалыпты. Санасы айқын, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Оң жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, ауыз үшбұрышы ісінген. Дәм сезу қабілеті сақталған, тері сезімталдығы қалыпты. Болжам диагноз:

{

Холера

Бруцеллез

Тырысқақ

= Полиомиелит

Скарлатина

}

Науқас 16 жаста, ауруы кенет, дене температурасы 38ºС көтеріліуімен басталған,мазасыз. Құсу болмаған. Ауруының екінші күннің жартысында көп мөлшердегі жасыл түстес шырыш және қан араласқан сұйық нәжіс, ішінің желденуі пайда болған. Объективті: дене температурасы -38ºС, болбыр, тері жамылғысы қалыпты түстес, бөртпелер жоқ. Тілі ылғал, тіл түбі ақ жабындымен жабылған. Аңқасы таза. Өкпеде перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ритмді. . Пульс қалыпты. Іші түсіңкі, бауыр және көкбауыры ұлғаймаған, терең пальпацияда ішектің барлық бөлімі ауырыснады, сигма тәрізді ішек спазмы анықталады. Анусы бос, айналасындағы терісі гиперемияланған. Менингеальді белгілері жоқ. Анасында қысқа уақытты ішек дисфункциясы анықталады. Болжам диагноз:

{

= Жедел дизентерия

Ботулизм

Тағамдық токсикоинфекция

Амебиаз

Сальмонеллез

}

Стационарға 10 күннен бері ауыратын 20 жасар науқас келді. Екі жақты майда ошақты пневмония, , гипохромды анемия, рахитпен зардап шегеді. Ем қабылдап жүрген 10 шы күнінде дене температурасы 39С қа жоғарылаған, күніне 4 рет құсқан, күніне 10 рет сулы көп мөлшердегі сұйық нәжіс. Науқас болбыр, тамақтан толық бас тартқан. Келесі күні келесі симптомдар анықталды:дене температурасы – 38,8С, 2 рет құсу,12 рет сұйық нәжіс, суды қызғана ішеді, болбыр, ішінің желденуі. Болжам диагноз.

{

ЭВИ

АВИ

= ОКИ

РВИ

Реовирусты инфекция

}

Науқас 23 жаста жұқпалы аурулар ауруханасына ауруының 2-ші күні мынадай шағымдармен келіп түсті; дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрегінің айнуы, бірнеше рет құсу,ішінің жиі сұйық өтуіне шағымданады.тәулік ішінде жоғарыдағы шағымдар мазалаған.жақында асханадан тамақтанған.Қарау кезінде жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене қызуы 38,30С, гопотония, тахикардия, тері серпімділігі төмендеген,тілі және ерні құрғақ, эпигастрий және кіндік айналасы ауырсынады. Қабылдау бөлімінде үлкен дәреті жасыл түсті, жағымсыз иісті, сұйық, көп мөлшердегі нәжіс. Сіздің болжам диагнозыңыз?

{

холера

дизентерия

= сальмонеллез

иерсиниоз

іш сүзегі

}

19 жастағы еразамат, ауруының 3-ші күні ауруханаға келіп түсті. Түскен кездегі шағымдары: құлақ маңы безінің ісінуі, басының ауырснуы, қайталап құсуы. Пальпация кезінде сөл бөлетін бездің аздап ауырсынуы, Мурсу симптомы оң мәнді, дене қызуы 390С, менингиальді белгілері оң мәнді, лейкоцит мөлшері 1мкл қанда- 5.400, ЭТЖ – 4мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз. Сіздің диагнозыңыз?

{

= листериоз, баспалық түрі

іріңді – некротикалық баспа

вирусты гепатит, сарғаю алды баспа

созылмалы тонзилит, декомпенсация сатысы

іш сүзегі

}

Науқас К 43 жаста, ауруының 3-ші күні жалпы әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, ішінің жиі, сұйық түрде өтуі, шырыш қан талшықтары аралас, сол жақ мықын аймағының ауырсынуы. Ауруы жедел басталған, үй жағдайында және асханалардан тамақтанады, гигиеналық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Қарау кезінде жалпы жағдайы орта ауырлықта, дене қызуы 37,90 С. Іші жұмсақ, ауырсыну сол жақ мықын аймағында,сигма тәрізді ішек тығыздалған,ауырсынумен. Нәжіс қабылдау бөлімінде сұйық, шырыш, қан аралас. Емінде этиотроптық емге қай дәрмек қолданады.

{

тетрациклин

эритромицин

= ципрофлоксацин

стрептомицин

фталазол

}

Науқас К 42 жаста ауылдық ауруханаға келесі шағымдармен түсті: әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық, тәбеті төмен. Ауырғанына 1 апта болған, алғашқы екі күн дене қызуы 39-38,5 градусқа көтерілген. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,дене қызуы субфебрильді. Тері жамылғылары, жұмсақ таңдайы және тіл астында ғы кілегей қабаты субэктериялық. Тамыр соғуы қанағаттанарлық. әлсін брадикардия, жүрек тондары тұйықталған. Тыныс алу жүйесі жағынан потологиялық өзгерістері жоқ. Іші жұмсақ, аздап оң жақ қабырға астында ауырсыну, бауыр қабырға доғасынан 2 см ұлғайған, сезімтал. Көк бауырқабырға доғасында. Зәр түсі «қою шай» тәрізді түстес. Сіздің болжам диагнозыңыз?

{

вирусты гепатит В

= вирусты гепатит А

вирусты гепатит С

вирусты гепатит Д

вирусты гепатит Е

}

Науқас Т 28 жаста, қаланың жұқпалы ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, басының қатты ауыруы, дене қызуының t=37,8, 38,30С көтерілуі, герпестік бөртпелер, аяқ буындарының қақсауы, лимфа түйіндерінің: жақ асты, қолтық асты, шап маңы түйіндерінің ұлғаюы. Жұтынудың қиындауы.19 жасында жол апатына түсіп көп қан жоғалту барысында, қан құйылған. 1 айға жуық емделген.Қарағанда: тері және кілегей асты қабаттары ақшыл, қызғылт түсті, ылғалды. Тірек қимыл жүйесінде деформациялар анықталмайды. Лимфа түйіндері ұлғайған: жақ асты, қолтық асты, шап маңы ауырсынулы, жылжымалы ауыз қуысын қарағанда бадамша бездері ұлғайған, қызарған, іріңді. Тыныс алу жиілігі 30 рет, қатаң тыныс, жүрек соғу жиілігі 108 рет, ритмді, айқын.Диспепсиялық көрініс байқалмайды. Бауырын пальпациялаған кезде бауыр қабырға доғасынан шығыңқы, ауырсынуысз, көкбауырды пальпациялаған кезде пальпацияланады, ұлғаюы анықталады. Кіші дәреті ауырсынусыз, өзгеріссіз, үлкен дәреті қалыпты.Сіздің болжам диагнозыңыз?

{

= АИЖВ

Гепатит

ЖРВИ

Бронхит

Желшешек

}

Науқас Т 22 жаста, дене температурасы 38,3ºС дейін көтерілуі, мұрын бітелуі, тамақтың жыбырлауы, терідегі бөртпелер шағымымен түсті. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, фебрильді сандағы қызба, иық, қол-аяқ, бет, сонымен қатар бастың шашты бөлігінің макуло- папуло- везикулезды бөртпесі. Кеуде және аяқта қасылған іздер мен қоңыр түсті қабыршақтар. Сіздің диагнозыңыз?

{

скарлатина

қызамық

қызылша

= желшешек

менингококцемия

}

Науқас Ж , 53 жаста, инфекиялық ауруханаға көп реттік құсу және іш өтуіне,дене қызуына шағымданып келді.Тексеру барысында: дене температурасы – 36,0°С, әлсіз. АҚ – 80/60 сын.бағ. Пульс – 105рет минутына. Даусы қарлығып қалған.Тері тургоры төмен. Іші төмен түскен,ауырсынусыз.Үлкен дәреті күріш ботқасы тәрізді. Сіздің диагнозыңыз, асқынуы?

{

= оба (тырысқақ), гиповолемиялық шок

қылау (сальмонеллез), гиповолемиялық шок

қылау (сальмонеллез), инфекционды-токсикалық шок

тағамдық токсикоинфекция, гиповолемиялық шок

жедел дизентерия, инфекционды-токсикалық шок.

}

Әйел 25 жасар ,жүктіліктің 8-аптасында токсоплазмоз жұқтырды.Жуктіліктің бірінші 3 айында инфекция жұқтыру қаупі:

{

= түсік

латентті түрдің дамуы

жүректің даму ақауы

эпилепсия

көздің көрмеуі

}

Науқас 30 жаста, кезеңді дене температурасының көтерілуіне,көз алдының екі еселенуіне, бұлшықеттерінің ауырсынуына шағымданып келді.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Менингеальды симпомдар, экзантем жоқ.Оң жағына қарағанда диплопия бар.Перифериялық лимфа түйіндер және бауыр үлкейген (=2 см).Көз түбінде тоқырау көріністері бар.Ренгенографияда- иық маңы бұлшықеттерінің әктенуі бар. Жеке үйде тұрады.Үйінде мысығы бар.Болжам диагнозы «Токсоплазмоз».Аурудың қай сатысы?

{

= созылмалы

инаппарантты

септикалық

латентті

жедел

}

Науқас Б 45 жаста, жатақханада тұрады, жедел түрде ауырды, дене қызуы 39°С, тершеңдік, басының ауруы, әлсіздік, 1 рет көп мөлшерде іші өткен,кейін бірден дене қызуы 35°С-қа төмендеген және мұздай тер басқан. Объективті: пульс және АҚ анықталмайды. Тахикардия 120 рет минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз:

{

= сальмонеллез, инфекционды-токсикалық шок

сальмонеллез, гиповолемиялық шок

оба, гиповолемиялық шок

іш сүзегі, инфекционды-токсикалық шок

тағамдық токсикоинфекция, гиповолемиялық шок.

}

Науқас 20 жаста, жеміс-жидек сақтайтын жерде жұмыс істейді.

Жемістерді жиі жумай қолданады. 16.04 сырқатының 6-ші күні әлсіздіктің жоғары дене қызуының болуымен, ішінің ауруымен келіп түседі. Науқастың ауруы жедел қалтыраумен,дене қызуы – 39 С-қа дейін көтерілуімен, тамағы ауырғандықпен басталады. Сырқатының екінші күні ішінде ауырғандық, тұрақсыз, өзгеріссіз сұйық нәжіс болады.

Объективті: жағдайы орташа деңгейде, активті, Т- 38,5ºС, тері мен склерада сарғайғандық болады. Терісінде ұсақ түйінді бөртпе, зевінде дамыған гиперемия. Өкпесі мен жүрегінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Ішінің формасы қалыпты, жұмсақ, сезімтал, іші аймағының тітіркену симптомы теріс мәнді. Бауыры 1,0-2,0 см ұлғайған, эластикалы, ауырғандық жоқ. Қолтық асты, мойын асты, иек асты, шап асты лимфа түйіндері 1-2 см көлемде, пальпацияда ауырмайды. Кейін дене қызуы тағы 2 күн болып соңынан сарғаю болған. Ауруының 9-шы күнінен Т қалыпта, сарғаюы азая бастады. Сауығу.

Қан анализі: эр. – 5,6-10 х 1012/л, Нв – 112 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9, Л. – 0,9 х 109/л, Э – 4, Т – 10%, с – 66%, ли. – 16%, мон. – 4%, СОЭ – 22 мм/сағ.

Несеп анализі: өзгеріссіз, жалпы билирубин – 48,6 мкмоль/л, тікелей билирубин – 40 мкмоль/л, ЛТ – 0,62 мкмоль/л, Тимол – 4 бір., сулем – 1,6 мл.

Сіздің диагнозыңыз.

{

Пастереллез

= Иерсиниоз, сарғыштану түрі, орта ауырлықта

Сальмонеллез

Менингококкты инфекция

Тырысқақ ауруы

}

Науқас 40 жаста, слесарь. Ауруы жедел басталды. 10.08 мына шағымдармен түскен: дірілдеу, басының ауруы, денесінің барлық жерінде әлсіздік. Ауру 5 күн бұрын кенеттен басталған: қалтырап, дірілдеп, дене қызуы 40,50С, жеткен. Төрт сағаттан соң науқас қатты терлеп температурасы 350С-ке дейін төмендеп бір күн бойы қалыпты болған. Кейін қайтадан діріл мен денесінің барлық жері әлсіреп қақсаған. Дәрігер шақырып ауруханаға жіберілген.

Объективті: Т-39,50С. Жалпы жағдайы орта ауырлықта, беті қызарған, склерасы сәл сарғайған, ернінде герпес, тіл – ақ жабындымен қапталған, іші ауырмайды, бауыр мен талақ қабырға доғасынан 1 см төмен, сезімтал; жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.Өкпеде – патологиясыз. Дәреті қалыпты.

Қан анализі: эр-3,3х1012/д 3, Нв – 111г/л, цв.пок.-0,9, л.-4,5х109/д 3. эоз-1%, п-11%, с-44%. Ли-3%, ретикул-2%,СОЭ-38мм/сағ..нейтрофильдердің токсикалық дәнділігі.

Сіздің диагнозыңыз.

{

= Малярия

Туляремия

Түйнеме

Чума

Ботулизм

}

Науқас Н , 20 жасар, айқын әлсіздік, көз алдындағы «тұман», жүрек айну, құсу, асқазан тұсында ауырсыну, көзді аша алмау, жұтынудың қиындалуы, жүрек қағысының жиілеуі, бір реттік іш өтуге шағымданып ауруханаға түсті. Болжам диагнозы: ботулизм.Ботулизмге қандай клиникалық көрініс тән:

{

= жұту және көру бұзылыстары

тахикардия, АҚҚ көтерілуі

іштің ауыруы, сұйық нәжіс

айқын әлсіздік

жүрек айну, құсу

}

Ер адам, 43 жаста, 10 күн бойы ауруханада Вирусты гепатит «В» деген диагнозбен жатқан. Шағымдары: қатты әлсіздік, тамақтан кейін құсу. Қарап тексергенде: есі сақталған, эмоционалді лабилді, тежелген, сұрақтарға баяу жауап береді, кейде жауаптары дұрыс емес, түнде нашар ұйықтаған. Сарғаюы жоғарлаған, бауырының көлемі өзгермеген, қабырға доғасынан =2 см. Жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульс 90 рет минутына, АҚ екі қолда 100/70 мм сын.бағ. зәрі қоңыр түсті, нәжісі ахолиялық. Қандай асқыну туралы ойлануға болады?

{

вирустыгепатит В, ауыр ағымы

бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома I

= бауырдың жедел энцефалопатиясы, прекома II

бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома I

бауырдың жедел энцефалопатиясы, кома II

}

Науқас 37 жаста, 5 күн бұрын ауырған. Дене температурасының 39°С дейін көтеріліп, қалтырап, артро- және миалгиялар байқалған. Қарағанда: аңқада іріңді-некрозды баспа, мойын-жақастылық лимфаденит, гепатоспленомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерді (қырыққабат, сәбіз) салат ратінде жиі тағамға пайдаланатыны анықталған.Сіздің болжама диагнозыңыз:

{

іріңді-некроздық баспа

вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі

созылмалы тонзиллит, өршу кезеңі

= листериоз, ангинозды түрі

иерсиниоз, абдоминалді түрі

}

Науқас К, 20 жаста, ауры жедел басталды. Науқастың болжама диагнозы: «Жұқпалы мононуклеоз». Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру әдісі жүргізіледі?

{

Райт реакциясы

Видал реакциясы

= Паул-Буннел реакциясы

Бюрне сынамасы

Провачек риккетсиямен КБР

}

Науқас 30 жаста, бөлімшеге ауруының 7-ші күні мынандай шағымдармен түсті: тамағындағы ауру сезімі, жұтынған кезде ауру сезімінің күшеюі, басының ауыруы, жүрек айну, әлсіздік, зәрінің қараюы. Қарап тексергенде: тері жамылғылары, шырышты қабаты сарғыш, мойын және жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасында некротикалық баспа, гепатоспленомегалия, дене қызуы 38,5°С.Сіздің болжама диагнозыңыз?

{

= жұқпалы мононуклеоз

лептоспироз

вирусты гепатит

сальмонеллез

жедел тонзиллит

}

32 жастағы әйел, бір жыл бұрын радикалды мастэктомиядан кейін сәулелі терапия қабылдаған. Қазіргі кезде 8 қабырға арасындағы жүйке жүйесі бойымен шыққан полиморфты элементтер: везикулалар, папулалар, эрозиялар шыққан, бөртпелер қатты ауырады. Ауруының алғашқы 3 күнінде әлсіздік, басының ауруы, дене қызуының 38ºС-38,5 ºС көтерілуі байқалған.Қандай диагноз қоюға болады?

{

экзема

тілме

жайылған герпестік инфекция

желшешек

= белдемелі теміреткі

}

Ер адам 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады; бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен; аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.Сіздің диагнозыңыз:

{

жел шешек

= қызылша

қызамық

менингококкты инфекция

скарлатина

}

Науқас 40 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады; бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен; аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек:

{

= преципитация реакциясы

ИФА

агглютинация реакциясы

комплемент байланыстыру реакциясы

иммуноблоттинг

}

Науқас М 17 жастағы әйел адам үйге дәрігер шақырды: дене қызуы көтеріліп, әлсіздік дамыған, бүкіл денесінде дақты бөрпелер анықталған, кейіннен жаңа элементтер дамып, дақтар везикулаларға айналған, кей жерлерде жаралардың беттерін қабықша басып, бөртпелер шаштың арасына шыққан. Үйінің төменгі қабатында тұратын көршілерінің баласында осындай белгілермен жүрген инфекция болғанын айтады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


написать администратору сайта