|
керек нарсе. Инфекция каз 2020. жедел ішек инфекциясы, жедел гастроэнтерит
Үйінде мысық ұстайды. Токсоплазмоздың қай сатысы деп ойлайсыз?
{
= созылмалы
инаппарантты
септикалық
латентті
жедел
}
40 жастағы әйел, ауруының 13 – ші күні мынадай шағымдарымен ауруханаға түсті. Жүрек айну, құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, қызыл иектерінің қанағыштығы, несеп түсінің қоюлануы, үлкен дәретінің ағаруы. Аурудың ағымы біртіндеп әлсіздікпен басталған, тәбетінің төмендеуі, буындарының ауырсынуы, дене қызуының 37,30С – қа көтерілуі, 12 - ші күні несеп түсі өзгерген үлкен дәреті ағарған. Қараған кезде: сорғыштық, гепатоспленомегалия анықталды. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
{
= Вирусты гепатит
Инфекциялық монокуклеоз
Лептспироз
Гепатодуоденальді аймақтағы ісіктер
Жедел холецистит
}
32 жастағы әйел, ауруының 8 – ші күні ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, терісінің қышуы, оң қабырға астының түйнеп ауырсынуы. Ауруының 7 ші күні склерасының сарғайғанын және несеп түсінің өзгергендігін байқаған, 2 күннен кейін сарғаю белгілері айқындала түскен.Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Терісі сары түсті. Бауыры 1,5 - 2 см – ге ұлғайған, аздап ауырсынады. Үлкен дәреті ахолиялы.Сіздің диагнозыңыз?
{
= ВГА сарғаю түрі
ВГВ сарғаю түрі
Лептоспироз
Иерсиниоз
Орнитоз
}
37 жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасына естүссіз, сарғаю белгілерімен жедел жәрдеммен жеткізілді. Жүрек тондары тұйықталған, пульс әлсіз толуымен, ритмді, 120 рет.мин, АҚ – 110/70 мм.сын.бағ. Бауыр перкуссиясында бауырдың төменгі шектері қабырға доғасынан 2 см жоғары орналасқан. Сарғаю белгілері ауруханаға түспестен 1 күн бұрын пайда болған, 1 апта бұрын науқас суықтан ауырған науқаста қандай асқыну белгілері дамыған?
{
= жедел бауыр энцефалопатиясы
жедел тыныс шамасыздығы
бүйрек үсті безінің жедел шамасыздығы
жедел жүрек – тамыр шамасыздығы
жедел бауыр шамасыздығы
}
43 жастағы еразамат, ВГВ диагнозымен 8 күннен бері стационарда ем қабылдауда. Шағымдары: әлсіздік, тамақтан кейінгі құсу, ұйқысының бұзылысы, қорқынышты түстер көру. Қарау кезінде: санасы анық емес, түнде ұйқысыздық мазалаған, қозу белгілері байқалады, қойылған сұрақтарға адекватты жауап бермейді. Сарғаю белгілері күшейген бауыры 2 см ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты пульс 100 рет.мин, АҚ – 100/70 мм.сын.бағ. Несеп түсі қоюланған, нәжісі ахолиялы. Қандай асқынулар туралы ойлау керек?
{
= Жедел бауыр энцефалопатия, прекома ІІ
ВГВ, ауыр дәрежесі
Жедел бауыр энцефалопатиясы
жедел бауыр энцефалопатия, кома ІІ
Инфекциялық токсикалық шок
}
25 жастағы ер азамат, 3 күннен бері қалтырау, басының ауырсынуы. Бүкіл денесінің сырқырап ауырсынуы, субфебрильді температура, трахея бойымен тамағының ауырсынуы, қос жөтел (лающий кашель), демалуының қиындауы, мұрыннан серозды сұйықтықтың бөлінуі, тамағының қырылдауы. Сіздің болжам диагнозыңыз?
{
= парагрипп
тұмау
аденовирусты инфекция
менингит
менингоэнцефалит
}
24 жастағы әйел, сүйектерінің, буындарының, беттерінің, басының ауырсынуына, мұрынның бітелуіне, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы, 1 – 2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюктивті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатиясы байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?
{
= аденовирусті инфекция
тұмау
менингококк инфекция
риновирусты инфекция
ротовирусты инфекция
}
31 жастағы еразамат, ауруы жедел басталған, маңдай және ретроорбитальді бөлігінің ауырсынуы, қалтырау, бұлшық еттерінің, буындарының сырқырап ауырсынуы, мұрнының бітелуі, дене қызыуының 390С – қа дейін көтерілуі. Қарау кезінде: ауруының 2 – ші күні бетінің ісіп, қызаруы байқалған, склера қан тамырының инъекциясы, құрғақ жөтел тахикардия байқалады. Қандай ауру туралы ойлайсыз?
{
= тұмау
аденовирусты инфекция
менингит
парагрипп
дифтерия
}
Ер адам 23жас, ауруының 7-ші күні келесі шағымдармен түсті: жұтынғанда тамағының ауруы, бас ауруына, құсуына, қатты әлсіздікке, буындарындағы ауру сезіміне, зәрінің қоңырлануына шағымданады. Обьективті: тері жамылғысы, склерасы субэктериялық, мойын және жақ асты лимфа түйіндері палпацияланады. Аранында некротикалық баспа, гепатоспленомегалия, дене температурасы 38,5C. Диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргіземіз?
{
= Пауль-Буннель реакциясы
Видаль реакциясы
Хеддельсон реакциясы
Микроагглютинация реакциясы
Райта реакциясы
}
Ер адам 65жас, шағымы айқын интоксикация, қызба, бульбарлы бұзылыстар (тілдің девиациясы, дизартрия). Обьективті:аздаған розеолалық-петехиялық бөртпелер. Анамнезінен: балалық шағында іш сүзегі, желшешекпен, эпидемиялық бөртпе сүнзегімен ауырған. Диагностика үшін қандай зерттеу әдісін қолданамыз?
{
= РСК
ПЦР
ИФА
РИФ
РЛА
}
20 жастағы әйел, ауруының 1- ші күні дәрігерге келіп көрінген. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39,50С – қа дейін көтерілуі, қалтырау, маңдай бөлігімен басының ауырсынуы болған, мұрнының бітелуі тамағының ауырсынуымен жыбырлауы, құрғақ жөтел, бұлшық етінің ауырсынуы, жарықтан қорқу сезімі мазалаған. Эпиданамнез: 3 күн бұрын үйінде бала ауырған. Қарау кезінде: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, беті мен араны гиперемияланған, тері жамылғылары ылғалды.. Мұрны бітелген, тыныс алу ауыз арқылы өкпесінде везикуалық тыныс, жүрек тондары тұйықталған, пульс -108 рет. мин. АҚ 100/60 мм. сын. бағ. Іші қалыпты пішінде жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен талақ пальпацияланбайды. Сіздің диагнозыңыз?
{
= тұмау
эпидемиялық бөртпелі сүзек
аденовирусты инфекция
респираторлы – синцитиальді инфекция
парагрипп
}
20 жастағы еразамат, ауруы жедел басталған дене қызуы 400С – қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық етінің ауырсынуы. Келесі күні жамбаста, санда , балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60 мм.сын.бағ. пульс -100 рет.мин. Лабораториялы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит - 20х109/л, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер 120мың. жұлын сұйықтығының зерттеуінде: түсі - бұлдыр, қысыммен шығады, Панди сынамасы (===), нейтрофилдерге байланысты цитоз анықталды. Қандай ауру туралы ойлануға болады?
{
= менингококкты инфекция, менингит = менингококкемия
тұмау, асқынуы менингит
менингококкты инфекция, менингит
екіншілік іріңді менингит
серозды менингит
}
16 жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасына ауырлық дәрежеде жеткізілген. Ауырғанына 7 сағат болған. Жедел басталған, бірден қалтырау, басының ауырсынуы, құсу, дене қызуының 390С - қа дейін көтерілуі. 4 сағаттан кейін тері жамылғыларында геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Ауруханаға түскен кезде дене қызуы 36,50С болған, ентігу, цианоз, қимылдық қозулар, пульсі жіпше тәрізді, АҚ – 60/40мм.сын.бағ. Сіздің диагнозыңыз?
{
серозды менингит
= менингококкты инфекция, менингококцемия
тромбоцитопениялық пурпура
геморрагиялық қызба
сепсис
}
19 жастағы әйел, ауруы жедел басталған. Дене қызуы 380С – қа дейін көтерілген, ринит, ларингит, конъюктивит симптомдары байқалады. 3 күннен кейін дақты – папулезді бөртпелер алғашқыда бетте, кейін денесінде, санда, аяқтарында пайда болған. Болжам диагноз қойыңыз?
{
жел шешек
= қызылша
қызамық
аллергиялық дерматит
скарлатина
}
20 жастағы әйел, балабақшада тәрбиеші. Ауруының 3-ші күні ауруханаға түскен. Ауруы жедел басталған. Дене қызуы 390С – қа дейін көтерілген, қалтырау, делсалдық, тамағының ауырсынуы байқалған. Эпиданамнез: 2 күн бұрын сол бала бақшаның жоғарғы тобының тәрбиешісі баспа диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Қарау кезінде: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,40С ,тері жамылғылары құрғақ, қалыпты түсте, жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Өкпесінде везикулалық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс – 88 рет.мин, АҚ – 100/70мм.сын.бағ. Бадамша бездері ұлғайған, араны гиперемияланған, ісінген, серозды жабындымен қапталған. Сіздің диагнозыңыз?
{
тұмау, ларингит
= аранның дифтериясы
жұқпалы мононуклеоз
туляремия, ангинозды – бубонды түрі
паратонзилярлы абсцесс
}
19 жастағы еразамат, ауруының 3-ші күні ауруханаға келіп түсті. Түскен кездегі шағымдары: құлақ маңы безінің ісінуі, басының ауырснуы, қайталап құсуы. Пальпация кезінде сөл бөлетін бездің аздап ауырсынуы, Мурсу симптомы оң мәнді, дене қызуы 390С, менингиальді белгілері оң мәнді, лейкоцит мөлшері 1мкл қанда- 5.400, ЭТЖ – 4мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз. Сіздің диагнозыңыз?
{
серозды менингит, менингококцемия
= паратитті инфекция, серозды менингит
паратитті инфекция, жедел панкреатит
жедел іріңді сиалоденит
менингококкты инфекция
}
23 жастағы еразамат, ауруының 7-ші күні ауруханаға мынадай шағымдарымен келді: тамағының ауырсынуы, жұтынғанда ауырсынуы күшейеді, басының ауырсынуы, жүрек айту, әлсіздік, буындарының ауырсынуы,несеп түсінің өзгеруі. Қарау кезінде: тері жамылғылары,склерасы сарғайған, мойын және жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, аранында некротикалық баспа, гепатоспленомегалия, дене қызуы 38,50С – қа дейін көтерілуі байқалады. Диагнозды анықтау мақсатында қандай зерттеулер қажет?
{
Райта реакциясы
= Пауля – Буннел сынамасы
Видал сынамасы
Хеддельсон сынамасы
микроагглютинация сынамасы
}
50 жастағы еразатат, 25.08-не жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне мынадай шағымдарымен жеткізілді: дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, бұлшық еттерінің ауырсынуы, жөтел, ентігу. Ауруы жедел басталган. Қараган кезде: науқас бозғылт, ТАЖ – 25рет.мин,аускультацияда ылғалды, майда көпіршікті сырылдар естіледі. Анамнезінен: гидромассаж орталығында инструктор қызметін атқарады екен. Сіздің болжам диагнозыңыз?
{
Орнитоз
= Легионеллез
Орнитоз
Иерсиниоз
Пастереллез
}
40жастағы еразаматқа, «Легионеллез» болжам диагнозы қойылды. Бактериологиялық зерттеуге алынатын биоматериалды атаңыз?
{
нәжіс анализі
= плевралық сұйықтықты
ликвор
араннан жағынды алу
мұрыннан жағынды алу
}
45 жастағы еразамат, 20.08-не аймақтық дәрігердің жолдамасымен дәрігер – инфекционистке жіберілген. Науқастың шағымдары: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бұлшық еттерінің ауырсынуы, жөтел, ентігу. Анамнезінен: жер үйде тұрады. Үйінде бассейіні және бірнеше кондиционер қолданады. Рентгенограммада: Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы. ЖҚА: нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ – 60мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз?
{
описторхоз
= легионеллез
орнитоз
листериоз
АИТВ – инфекциясы
}
47 жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөлімінде «Легионеллез, ауырлық дәрежесі» диагнозы қойылды. Қандай асқынулар дамуы мүмкін?
{
бауыр энцефалопатиясы
= инфекциялық токсикалық шок
ДВС – синдром
менингоэнцефалит
гиповолемиялық шок
}
43 жастағы еразамат, 19.08-не жұқпалы аурулар бөліміне мынадай шағымдарымен келді: іріңді – кілегейлі қақырықты жөтел, кеуде аймағының ауырсынуы. Қараған кезде: іші жұмсақ, эпигастрий аймағы ауырсынады, бауыры мен талағы ұлғаймаған, несептің көлемі азайған. Ренгенограммада: Оң жақ өкпенің пневмониясы байқалады. Анамнезінен: гидромассаж салонында жұмыс атқарады. Осы мәліметтерге сүйене отырып болжам диагноз қойылды: «Легионеллез, орташа ауырлық дәрежесі». Легионеллезді қандай аурулармен салыстырмалы диагноз жасау керек?
{
Конго қырым қанды геморрагиялық қызба
= ку – қызбасымен
іш сүзегімен
менингококкты пневмониямен
эпидемиялық бөртпелі сүзекпен
}
42 жастағы еразамат, жиі іссапарда болады. Ауруының 5 күні жоғары қызбамен, денесінде розеолезді – петехиальді бөрпелер, басының қатты ауырсынуымен, сандырақтаумен жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Қарағанда: беті гиперемияланған, склералары инъецирленген, Киари – Авицина, Говорова - Годелье симптомдары оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз?
{
иерсиниоз
= бөртпелі сүзек
іш сүзегі
иерсиниоз
лептоспироз
}
75 жастағы еразамат, Ауруханаға мыдадай шағымдарымен тусті: басының ауырсынуы, жоғары қызба, денесінде розеолезді бөртелердің пайда болуы. Қараған кезде: науқас аздап қозулы, бауыры мен талағы ұлғайған, инъекция, жгут орындарында геморрагиялар байқалады. Анамнезінен: жас кезінде қызбалық аурумен ауырған. Сіздің диагнозыңыз?
{
ку қызбасы
= брилл ауруы
бөртпелі сүзек
лептоспироз
іш сүзегі
}
65 жастағы еразамат, жоғары қызбамен, айқын уыттану белгілерімен, бульбарлы бұзылыстамен(тілдің девиациясы,дизартрия) ауруханаға келген. Қараған кезде: денесіне розеолезді – петехиальді бөртпелер байқалады. Анамнезінен: балалық шағында іш сүзегі, жел шешек, эпидемиялық бөртпелі сүзекпен ауырған. Диагностика барысында қандай зерттеулерді жасау керек?
{
РЛА (реакция латекс агглютинация сынамасы)
= РСК (комплимент байланыстырушы сынамасы)
ПЦР (полимеразды тізбекті сынамасы)
ИФА (иммунды ферментті зерттеу)
РИФ(иммунды флюоресцентті сынамасы
}
65 жастағы еразамат, жоғары қызбамен, айқын уыттану белгілерімен, бульбарлы бұзылыстамен(тілдің девиациясы,дизартрия) ауруханаға келген. Қараған кезде: денесіне розеолезді – петехиальді бөртпелер байқалады. Анамнезінен: балалық шағында іш сүзегі, жел шешек, эпидемиялық бөртпелі сүзекпен ауырған. Сіздің диагнозыңыз?
{
Қызылша
= Брилл ауруы
А пара сүзек
іш сүзегі
серозды менингит
}
40жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне Эпидемиялық бөртелі сүзек диагнозына күдіктеніп жеткізілді. Этиотропты емде қолданылатын препаратты көрсетініз:
{
левомецетин
= доксоциклин
трихопол
цефазолин
пенициллин
}
29 жастағы әйел, жұқпалы аурулар ауруханасында «Жедел вирусты гепатит В,орташа ауырлық дәрежесі»(HbsAg +, HBeAg+, aHBcor IgM+ ) диагнозымен ем алуда. Эпиданамнезінен: 2 ай бұрын науқас ауыр жүктілікпен босанған, босану кезінде қан құйылған. Қанды ИФЗ-де(иммунды ферметті зерттеу)АИТВ - инфекциясы 2 рет күмәнді болған. АИТВ – инфекциясын анықтау үшін қандай зерттеулерді қолдану керек?
{
иммунды ферментті зерттеу
= иммунды флюоресцентті әдіс
комплимент байланыстырушы сынамасы
иммунды блоттинг
иммунограмма
}
48 жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасында қызбалық аурумен қабылданды. Зерттеулерде: ЖҚА: нейтрофилез, лейкоцитоз, моноцитоз, Тюрканын плазматикалық клеткалары, ЭТЖ жоғарылаған. РСК Провачека риккетсиялары 1:640. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
{
аденовирусты инфекция
= эпидемиялық бөртпелі сүзек
ку – қызбасы
кенелік бөртпелі сүзек
Цуцугамуши қызбасы
}
48 жастағы еразамат, жұқпалы аурулар ауруханасында қызбалық аурумен қабылданды. Зерттеулерде: ЖҚА: нейтрофилез, лейкоцитоз, моноцитоз, Тюрканын плазматикалық клеткалары, ЭТЖ жоғарылаған. РСК Провачека риккетсиялары 1:640. Диагноз: «Эпидемиялық бөртпелі сүзек». Қандай ем тағайындалады?
{
гентамицин
= Доксициклин
Метронидазол
Солюсурьмин
Фуразолидон
}
20 жастағы студент, ауруханаға естүссіз жағдайында жеткізілді.Науқастын 3-4 кун ауырғандығын құрбысы айтты. Шағымдары: қызба, қалтырау, тершеңдік, ішінің өтуі, басының ауырсынуы, ішінің ауырсынуы болған; асперин, левомицетин қабылдаған. Қараған кезде: гипертермия, ернінің айналасында ұшықтар байқалады, тері жамылғылары сарғайған. Іші жұмсақ, ішектерінің түйілуі жоқ, бауыры мен талағы ұлғайған. АҚ – 60/40мм.сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз және асқынуы?
{
менингит
= безгек,кома
вирусты гепатит, кома
иерсиниоз,ИТШ
|
|
|