Главная страница

1. Бас сйек кмбезіні жмса тіндеріні заымдалуы кезінде кп ан жоалтуды себептерін атаыз


Скачать 223.47 Kb.
Название1. Бас сйек кмбезіні жмса тіндеріні заымдалуы кезінде кп ан жоалтуды себептерін атаыз
Дата17.10.2022
Размер223.47 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. Áàñ ñ?éåê ê?ìáåç³í³? æ?ìñà? ò³íäåð³í³? çà?ûìäàëóû êåç³íäå ê?ï.docx
ТипДокументы
#738513
страница10 из 14
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Дұрысы: а/ 1,2,3; б/ 1,2,5; в/ 2,3,5; г/ 2,4,5; д/ бәрі дұрыс.

42.Науқаста сол жақ балтырдың терең веналарының жедел тромбозы бар деп күмәндандыңыз. Қандай арнайы әдістердің көмегімен топикалық диагноз қоюға болады.//

  1. сфигмография,

  2. капилляроскопия,

  3. таңбалы фибриногенмен радиоизотопты зерттеу,

  4. флеботонометрия

  5. өрлемелі дистальды функционалды флебография,

Дұрысы: а/ 1,2; б/ 2,4; в/ 3,4; г/ 3,5; д/ бәрі дұрыс.

43.Өкпе артериясы тромбоэмболиясына диагноз қоюда қолданылатын ең дұрыс әдістерді табыңыз.//

  1. кеуде клеткасының жалпы рентгенографиясы,

  2. электрокардиография,

  3. радиокардиография,

  4. ангиопульмонография,

  5. өкпені перфузионды сканирлеу.

Дұрысы: а/ 1,2,4; б/ 1,5; в/ 2,3,4; г/ 4,5; д/ бәрі дұрыс.

***

44.66 жасар ревматизмдік митральды стенозбен және жыбыр аритмиясымен ауыратын науқастың кенеттен оң жақ аяғында ауырғандық пайда болды. Қараған кезде оң аяқтың ісігі анықталды. Аяқтың терісі көгеріп, тері асты веналары анық көрінеді. Сандағы тамырлар шоғыры аймағын пальпациялағанда ауырғандық білінеді. Хоманс белгісі оң. Аяқ басы артерияларының пульсациясы анық білінеді. Диагнозды көрсетіңіз?//

а. оң сан артериясының эмболиясы,

б. бұлшық ет аралық гематома,

в. жедел мықын-сан венасының тромбозы,

г. жедел лимфостаз,

д. Лериш синдромы.

45.Жедел мықын-сан венасының тромбозы кезінде келесі асқынулар болуы мүмкін://

  1. өкпе артериясының тромбоэмболиясы,

  2. аяқтың венозды гангренасы,

  3. посттромботикалық ауру,

  4. сан флегмонасы,

  5. «Краш» синдромы.

Дұрысы: а/ 1,3,4; б/ 1,3,4,5; в/ 1,2,3; г/ 2,4,5; д/ бәрі дұрыс.

46.Қарынның қатерлі ісігіне байланысты қарын резекциясы болған ауруда ретроградты илеокавография көмегімен төменгі қуыс венасының инфраренальды сегментінде тромб анықталған. Өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу хирургиясының қандай әдісі бұл жағдайда пайдалы болады.//

а. төменгі қуыс венасының тромбэктомиясы,

д. зондты кава- фильтрды имплантациялау

47.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде трофикалық жараның жиі орналасатын жері://

a. Балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігі

b. Балтырдың артқы беті

c. Ішкі тобық аймағы

d. Балтырдың сыртқы беті

e. Аяқбасының сыртқы беті

***

48.Линтон операциясының негізгі экезеңдері://

a. Үлкен тері асты венаны кесу

b. Кіші тері асты венаны кесу

c. Балтырдың коммуникативті веналарын байлау

d. Апоневроз пластикасы

e. Санның үлкен тері асты венасын байлау

***

49.Тромбофлебиттен кейінгі синдромның ең мәліметті диагностикасы://

a. Термография

b. Полярография

c. Ультра дыбыстық допплерография

d. Реовазография

e. Флебография

***

50.50 жастағы гинекологиялық бөлімшедегі науқастың жатыр миомасын алып тастағаннан кейін, екінші күні илеофеморальды тромбоз диагнозы қойылды. Сіздің емдеу әдісіңіз?//

а. гинекологиялық бөлімшеде дәрі-дәрмектермен консервативті емдеу,

б. консервативтік терапия нәтижелі болса, ауруды амбулаторлы емдеуге жіберу,

в. жараның жібін алғаннан кейін, ауруды хирургиялық бөлімшеге аудару,

г. аурудың жағдайы нашарласа, қан-тамырлар бөлімшесіне аудару,

д. ауруды жедел қан тамырлар хирургиялық бөлімшесіне аудару, оперативті ем қолдану.

51.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезінде таңдамалы зерттеу әдісі://

***

52.Аяқ венасының варикозды кеңеюі кезінде төмендегі белгілердің қайсысы КЕЗДЕСПЕЙДІ.//

а. деформацияланған артроз,

б. геморрой,

в. табанның вальгусті деформациясы,

г. жарық түзілуге бейімделу,

д. аяқтың телеангиэктазиясы.

53.Аяғының беткей вена тамырларының айқын варикозды кеңеюі бар науқасқа төмендегі көрсетілген сынама жасалған. Варикозы бар аяқтың үш деңгейіне венозды жгут салып науқас жүреді. Жгут арасындағы варикозды түйіндердің қанға толуы жалғама (перфоранты) веналардағы қақпашалардың шамасыздығын көрсетеді. Науқасқа жасалынған сынаманың атын айтыңыз?//

а. Пратт сынамасы,

б. Тренделенбург сынамасы,

в. Шейнис сынамасы,

г. Пертес сынамасы,

д. Ловенберг белгісі.

***

54.Аяқ венасының варикозды кеңеюі мынадай белгілермен сипатталады.//

а. ісік,

б. балтыр терісінің гиперпигментациясы,

в. балтырда жараның пайда болуы,

г. дерматит,

д. осы барлық аталғандармен.

55.Қалыпты жағдайда аяқтың негізгі веноздық қанының ағысы жүреді://

a. Тері асты веналары

b. Перфорантты веналар

c. Тері асты және перфорантты веналары

d. Терең веналар

e. Артерио-вензды шунттар
56.Жедел тромбофлебиттегі гепаринотерапияның негізгі рөлі://

  1. Тромбтың лизисі

  2. Тромбтың реканализациялануы

  3. Тромбтың өсуін алдын-алу

  4. Реологиялық қасиетін жақсарту

  5. ҚШТҰ (ДВС) синдромын алдын алу

***

57.Варикоз ауруында эндовидеохирургиялық әдіспен қандай операция жасалады?//

  1. Троянов- Тренделенбург операциясы,

  2. Бебкок операциясы

  3. Кокетт операциясы,

  4. Нарат операциясы,

  5. Балтырдағы көктамырларды – перфоранттарды Линтон операциясы типті субфасциалды электрокоагуляция жасау

***

58.Аяқтың варикоз ауруында эндовидеохирургияның мақсаты қандай?//

  1. қанның терең тамырлардан беткей тамырларға патологиялық ағысын жою,

  2. тамырлардың варикозды кеңеюін алып тастау,

  3. балтырдың перфорантты веналарын байлау,

  4. сан тамырының клапандарының жетіспеушілігін қалыпына келтіру,

  5. трофикасы өзгерген ткандерді алып тастау

***

59.Тренделенбург операциясы бұл://

  1. Тізе асты венасын санның терең венасына өтетін жерінен байлау

  2. Санның үлкен тері асты венасын санның терең венасына құяр жерінде байлау

  3. Санның беткей венасын кесу

  4. Балтырдың беткей венасын кесу

  5. Коммуникантты веналарды байлау

***

60.Тромбофлебиттен кейінгі синдром кезіндегі негізгі хирургиялық шара://

  1. Моделунг операциясы

  2. Тромбэктомия

  3. Тренделенбург операциясы

  4. Белдік симпатэктомиясы

  5. Линтон операциясы

***

61.Линтон операциясы бұл://

  1. Санның үлкен тері асты венасын терең венаға құятын жерінен байлау

  2. Санның үлкен тері асты венасын алып тастау

  3. Балтырдың үлкен венасын алып тастау

  4. Коммуникантты веналарды фасция астынан байлау

  5. Коммуникантты веналарды фасция үстінен байлау

***

62.Варикоз ауруында эндовидеохирургиялық емінің көрсеткіштері.//

  1. терең көктамырдың жеткілікті реканализациясы,

  2. терең көктамырдың жеткіліксіз реканализациясы,

  3. терең көктамырдың тромбозбен біріккен жеткілікті реконализациясы және сан мен тізе асты көктамырының нашар реканализациясы,

  4. трофикалық жаралардың болуы,

  5. біріншілік лимфостаздың диагноздалуы.

Дұрысы: а/ 1,2; б/ 4,5; в/ 1; г/ 2; д/ 3.

***

63.Коккет операциясы бұл://

  1. Санның үлкен тері асты венасын терең венаға құятын жерінде байлау

  2. Сандағы үлкен тері асты венасын алып тастау

  3. Балтырдың үлкен венасын алып тастау

  4. Коммуникантты веналарды фасция астынан байлау

  5. Коммуникантты веналарды эпифасциялды байлау

***

64.Эндоскопиялық операция кезінде вена тамырларының варикозды кеңеюі бар науқасты операция столында жатқызу қалпы қандай?//

а. етпетінен жатқызу,

б. бүйірімен жату,

в. шалқасынан жатқызу,

г. отырған Фовлер қалыпында

д. Тренделенбург қалыпында

***

65.Аяқтың тромбофлебиттік ауруы келесі аурудың салдарынан болуы мүмкін://

  1. Беткей веналардың тромбозынан

  2. Беткей венаның варикозынан

  3. Терең веналардың тромбозынан

  4. Терең веналардың клапандық жеткіліксіздідігінен

  5. Артерио - веноздық шунттың болуынан

***

66.Жедел аппендициттегі патологиялық процестердің дамуы келесі қабатынан басталады://

А. құрт тәрізді өсіндінің сірі қабатынан

Б. //-// //-//-// //-//-// кілегей қабатынан+

В. -//-// //-//-// //-//-// бұлшық ет қабатынан

Г. соқыр ішектің күмбезінен

Д. аш ішектің төменгі бөлімінен

***

67.Меккель дивертикуласы жиі пайда болады://

А. ащы ішекте

Б. мықын ішекте+

В. тоқ ішектің өрлеу бөлімінде

Г. аппендэктомиядан кейін

Д. ұрықтық дамукезеңіндегі ішектүтігінің бітпеуінен кейін

***

68.Құрт тәрізді өсіндінің кіші жамбас қуысында орналасқан жағдайдағы жедел аппендицитттің клиникалық көрінісінің ерекшелігі//

А. Шеррен үшбұрышында ауырғандықтың болмауы

Б. Нәжісте қанның болуы

В. Ректальды зерттеу кезіндегі тік ішектің алдыңғы қабырғасының айқын ауырсынуы+

Г. дене қызуының болмауы

Д. Пастернацкий белгісінің оң болуы

***

69.Жедел аппендицит пен жедел гинекологиялық ауруларды ажырату диагностикасында қандай зерттеулердің маңызы басым://

  1. Ровзинг белгісін анықтау;

  2. қанның клиникалық анализі;

  3. қынапты зерттеу;

  4. қынаптың артқы күмбезін тесу;

  5. гинекологиялық анамнез.

Дұрысы: а) 1,2,3; б) 2,3,4; в) 3,4,5; +г) 1,3,5; д) 2,4,5

***

70.Жедел аппендициттегі аппендэктомияға қарсы көрсетпе://

А. миокард инфарктісі;

Б. жүктіліктің 36-40 аптасы;

В. новокаинге аллергия;

Г. аппендикулярлы инфильтрат;+

Д. Қан ұюының төмендеуі.

***

71.Деструктивті аппендицитте аппендэктомиядан 6 күн өткеннен кейін науқастың дене қызуы көтеріліп, қалтырау мен ентігу пайда болды. Төмендегі көрсетілген асқынулардың қайсысында осы жағдай болмайды://

А. оң жақтық пневмония

Б. өкпе іріңдігі

В. көк ет астылық іріңдік

Г. ішек аралық іріңдік

Д. Іш перде ішіне қан кету+

***

72.Жедел аппендицит диагностикасында төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы қажет емес//

А. құрсақ қабырғасын пальпациялау

Б. қанның клиникалық анализі

В. тік ішекті саусақпен қарау

Г. Ирригоскопия+

Д. қынапты зерттеу

***

73.Жедел аппендициттің жамбас қуысында орналасуында диагноз қоюға мүмкіндік беретін негізгі әдіс://

А. Щеткин –Блюмберг белгісі

Б. Ровзинг белгісі

В. тік ішекті саусақпен қарау+

Г. оң жақ мықын аймағындағы бұлшық еттердің керілуі

Д. Кохер-Волкович белгісі

***

74.Крон ауруын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер://

  1. оң жақ мықын аймағындағы ауырғандық

  2. іштің өтуі

  3. қызба

  4. дизурия

  5. ЭТЖ-ң жоғарылауы

Дұрысы а) 2,3,4; б) 3,4,5; +в) 1,2,3; г) 1,3,4; д) 1,4,5

***

75.Аппендэктомиядан кейінгі Дугласов кеңістігінің іріңдігі келесі белгілермен сипатталады://

  1. гектикалық дене қызуы

  2. жамбастың төменгі бөлігіндегі ауырсыну және тенезма

  3. көкет қозғалысының шектелуі

  4. қынаптың немесе тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауырсынуы және босаңсып тұруы

  5. іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық еттерінің керілуі

Дұрысы: а) 1,2,3,4; б) 2,3,4,5; +в) 1,2,4; г) 2,4,5; д) бәрі дұрыс

***

76.Жедел аппендэктомияны мына жағдайда жасауға болмайды://

А. жедел катаральды аппендицит

Б. жүктіліктің екінші жартысындағы жедел аппендицит

В. жедел аппендициттің бірінші ұстамасы

Г. қарт науқастағы толық анықталмаған жедел аппендицит кезінде+

Д. балалардағы жедел аппендицит

***

77.Жедел аппендицитке ең тән белгі://

А. Мак-Бурней нүктесіндегі ауырсыну

Б. Тақтай тәрізді құрсақ

В. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттердің керілуі+

Г. Ланц нүктесіндегі ауырсыну

Д. Кюммель нүктесіндегі ауырсыну

***

78.Жедел аппендицит кезіндегі оперативті емге көрсеткіштер://

А. 35-36 аптадағы жүктілік

Б. егде жаста болу

В. аппендикулярлы инфильтрат+

Г. декомпенсацияланған жүрек ақауы

Д. Жуық арада болған миокард инфарктісі

***

79.Меккель дивертикуласына не тән емес://

А. мықын ішегінің мезентериальды бөлігінде дивертикуланың орналасуы+

Б. 2-3 % адамдарда болуы

В. илио-цекальды бұрыштан 60-70 см жоғары мықын ішекте орналасуы

Г. ішек қабырғасының барлық қабаттарының болуы

Д. Дивертикула құрамында ұйқы безінің, қарынның гиперотопты немесе тоқ ішектің өрлеу бөлігінің кілегей қабатының болуы

***

80.Жедел аппендицитке күдік туған кезде нені қолдануға болмайды.//

А. мұзы бар қалта

Б. антибиотик

В. асқазанды жуу

Г. Клизма+

Д. Жедел лапаротомия

***

81.«Іш бүлігі» ауруларының кездесуінің сиреу реттілігіне қарай құрсақ қуысының үш жедел ауруы.//

А. жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы,-қуысты мүшенің тесілуі

Б. жедел аппендицит – гастроинстестинальды қан кету –ішектің жедел бітеліп қалуы+

В. қуысты мүшенің тесілуі-жедел аппендицит-ішектің жедел бітеліп қалуы

Г. гастроинстестинальды қан кету- жедел аппендицит –ішектің жедел бітеліп қалуы

***

82.Жедел аппендициттің ажырату диагностикасында мынадан басқаның бәрі ескеріледі.//

А. несеп жолының инфекциясы

Б. оң жақтық төменгі бөліктік пневмония

В. Меккель дивертикуласының қабынуы

Г. жыныс безінің аурулары

Д. ұрықтық даму кезеңіндегі ішек түтігінің кистасы+

***

83.Жедел катаральды аппендицитке жасалған аппендэктомиядан кейін науқаста, қосымша аурулары болмаса, қандай дәрілерді тағайындайсыз.//

А. антибиотиктер

Б. анальгетиктер+

В. сульфаниламидтер

Г. морфин, омнопон, промедол

Д. іш жүргізетін дәрілер

84.В.И.Колесовтың классификациясы бойынша жедел аппендициттің асқынуына қайсы жатады.//

Аппендикулярный инфильтрат,Перитонит,Аппендикулярный абсцесс,Пилефлебит,Экстраабдоминальные осложнения,Сепсис

***

85.Жедел аппендициттің ең негізгі белгісі.//

А. Щеткин-Блюмберг белгісі

Б. Ровзинг белгісі

+В. Оң жақ мықын аймағындағы жергілікті ауырсыну және бұлшық еттерінің керілуі+

Г. Ситковский белгісі

Д. Образцов белгісі

86.Жедел аппендицитке тән ең мәнді ауырсыну белгісі.//

А. ішке "қанжар сұққандай" құрсақтың жоғарғы бөлігінде кенеттен ауырғандық

+Б. Мак-Бурнея нүктесіндегі ауырғандық+

В. оң мәнді Ровзинг белгісі

Г. Дуглас кеңістігіндегі ауырсыну

Д. оң мәнді Щеткин-Блюмберг белгісі

87.Аппендэктомиядан кейінгі жараның іріңдеу себебі.//

А. нәжісті жыланкөз

+Б. операция барысында жараның инфекциялануы,+

В. актиномикоз

Г. соқыр ішектің қатерлі ісігі

Д. операция кезінде ұмыт қалған бөгде дене.

88.Жедел аппендициттің оперативті емделуіне қарсы көрсетпе.//

А. жайылма перитонит

Б. 37-38 аптадағы жүктілік

В. жедел миокард инфарктісі

+Г. аппендикулярлы инфильтраттың түзілу сатысы+

Д. аппендикулярлы инфильтраттың іріңдеу сатысы

89.24 жастағы науқас әйел жүрек айнуына, құсыққа, ұзақтығы 4 сағат созылатын кіндік маңындағы ауырғандыққа шағымданады. Соңғы жарты сағат ішінде ауырғандық іштің төменгі бөлігіне ығысты, дене қызуы 37,8 лейкоцит 13х109. Қандай диагноз қоясыз?//

А. жедел пиелит

Б. жедел оң жақтық аднексит

В. овариальды кистаның жарылуы

Г. жатырдан тыс жүктіліктің бұзылуы

Д. жедел аппендицит+

90.66 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, сол жақ мықын аймағындағы ауырғандыққа, ішек дискомфортының белгілеріне шағымданады. Пальпация кезінде сол жақ мықын аймағындағы бұлшық еттерінің керілуі оң. Сіздің болжама диагнозыңыз?//

А. сигма тәрізді ішектің бұратылуы+

Б. дивертикулит

В. жедел аппендицит

Г. Гиршпрунг ауруы,

Д. өсіндінің атипиялық орналасуы және жаралы колит

91.Жедел панкреатитке тән белгілер үштігі қандай?//

а.1. қарындағы ауырғандық 2. Құсық 3.іштің өтуі.

б.1. іштегі ауырғандық 2. жиі кіші дәретке отыру, 3. іштің өтуі.

+в.1. іштегі ауырғандық, 2. құсық, 3. іштің кебуі.

г.1. құсық, 2. жиі кіші дәретке отыру, 3. периодикалық қалтырау

д.1. құсық 2. іштің кебуі, 3. қара нәжіс.

92.Жедел панкреатитті қандай аурулардан ажыратамыз.//
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


написать администратору сайта