|
Математика 1,2,3,4- тоқсан. Математика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып. 1тосан 45саат
|
Скачать 1.23 Mb. Название | 1тосан 45саат | Анкор | Математика 1,2,3,4- тоқсан | Дата | 11.04.2023 | Размер | 1.23 Mb. | Формат файла | | Имя файла | Математика 1,2,3,4 тоқсан 3-сынып.docx | Тип | Документы #1054809 | страница | 25 из 47 |
|
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Есептерді әртүрлі тәсілдермен орындау
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық. Сабақтың түрі: ойын Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Психологиялық дайындық
| Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»: 1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп) 2.Математикада неше цифр бар? (10) 3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14) 4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6) 5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
| Қызығушылықты ояту
| «Ой ашар» І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады. 1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған) 2. Көбейтудің заңдарын ата (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) 3. 1км-де неше метр бар? 1000м 4.1дм-де неше мм бар? 100мм 5.1 м-де неше мм бар? 1000мм 6.1тоннада неше кг бар? 1000кг 7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар) Қандай өлшем бірліктері? - км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері - т, ц, - бұлар салмақ өлшем бірліктері. Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер? Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым. Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс. Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш. Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг) Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.
Оқулықтағы тапсырмаларды 3-топқа бөліп орындау.
| Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
| Сергіту сәті
| Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Секірді, жүгірді, Отырды, тұрды.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Деңгейлік тапсырма: І деңгей: 4 ²+ 5² = 16 + 25 =41 7² - 3² = 49 - 9 = 40 2² * 8² = 4 * 64 = 256 ІІ деңгей: Велосипедші 24 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде ол қанша қашықтықты жүріп өтті? S=VT = 24*4 = 96 км ІІІ деңгей: 76 * Х = 38* 50 76 * Х =1900 Х =1900 / 76 Х =25
| Үй тапсырмасы
| №7 27-бетте
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Есептерді әртүрлі тәсілмен шығару
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| 1.Білімділік: санды өрнектерді оқи, жаза, салыстыра білуді үйрету; 2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру; 3.Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Психологиялық дайындық
| Телефоннан СМС келеді. -Балалар, бізге бүгін электрондық почтамен хат келді. Ендеше хатты оқиық. «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек. Күз келді,күнде жауын, сондықтан мен жемістерді жинап үлгермей жатырмын. Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, онда Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!! Сәлеммен кірпі.» -Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге? Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз. Сабақтың ережелерін еске салу. 1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!
2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!
3-ереже. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!
4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
| Қызығушылықты ояту
| - Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?
-Қосудың компоненттерін атаңдар.
-Азайтудың компоненттерін атаңдар.
-Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.
-Бөлу дегеніміз не? Бөлудің компоненттерін атаңдар.
-Өрнектер нешеге бөлінеді?
-Санды өрнек дегеніміз не?
-Әріпті өрнек дегеніміз не?
-Есеп дегеніміз не?Есептің құрамды бөліктерін атаңдар
-Теңдік дегеніміз не?Теңсіздік дегеніміз ше?
-Теңдеу дегеніміз не?
| Мағынаны тану
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау
Қосымша тапсырмалар:
«Көкпар» ойыны.(«Көкпар» ойыны жайлы түсінік беру)
1.«Бозжорға»тобы 2.«Құлагер» тобы
Келесі санды тап:
1)2,10,50,... 4)4,9,14,...
2)6,12,18,... 5)2,4,8,...
3)3,9,27,... 6)4,15,26,...
2. «Асық ату» ойыны.Ауызша есепте.
1. «Бозжорға» тобы 2 .«Құлагер» тобы
34*1+34*0= 130+(45*2+45*8)=
7*100/10= 618-(38*6+38*4)=
3*50*2= 700-(2*13+2*7)=
3. Оқулықтағы тапсымаларды орындау.
| Сергіту сәті
| Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Бүгінгі күнді тақтадан, Әдемі етіп жазайық. Оқушылардың дәптерге әдемі жазуын қадағалау. Кел, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| «Бәйге» ойыны(«Бәйге» ойыны жайлы түсінік беру)
Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.
«Бозжорға»тобы
5ондықты 3есе арттыр(150)
2жүздіктен тікелей кейін келетін сан(201)
6ондықтан 2 есе артық сан (120)
1дм-де неше см бар?(10см)
30 бен 50-дің қосындысы(80)
«Құлагер»тобы
3 ондықты 2 есе арттыр (60)
93-тің алдында келетін сан(92)
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?(130)
7 ондықты 2 есе арттыр(140)
| Үй тапсырмасы
| №7 29-бетте
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| Оқу ісінің меңгерушісі:
Математика
| Уақыты:
| Кабинет:
| Мұғалім:
| Сабақтың атауы
| Өтілген материалды бекіту
| Сілтеме
| Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
| Сабақтың жабдығы
| Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
| Жалпы мақсаттар
| Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өткенді жаңғырту арқылы есте сақтауларын, уақытқа есеп шығару, жұмыс барысында шапшаңдықтарын қадағалау. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулау. Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап есеп шығару, топтың жұмыс тест, ой қозғау, ой қорыту Сабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар.
| Оқыту нәтижесі
| Топқа бөлу
| Пазл құрастыру арқылы топтарға бөлу
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Ынтымақтастық атмосферасы
| Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
| Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
| Үй тапсырмасын сұрау
| 1-топ
Кірпілер алмаға таласып жатыр. Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады. Неше кірпі бар? Неше алма бар? Жауабы: 3 кірпі бар. 4 алма бар. 2-топ
Түлкі базарда жемістер сатып тұр. Сауда жасауға оған маймыл, кірпі, қоян келді. Түлкі айтты: - 1 алма, 2 алмұрт, 3 банан 200 теңге тұрады. - 3 алма, 2 алмұрт, 1 банан 200 теңге тұрады. Сонда 1 алма, 1 алмұрт, 1 банан қанша тұрады? Жауабы: 4 алма+4 алмұрт+4 банан = 400 теңге 400: 4=100 теңге 1 алма+1 алмұрт+ 1 банан=100 теңге
| Қызығушылықты ояту
| Мағынаны тану
| Оқулықтағы таспысрамаларды топтарда бөліп орындау
№1,2 1-топ
№2,3 2-топ
№4,5 3-топ
№6 Есептеу
№1 карточка
Амалдарды орындау 392+408=800 --------- (300 - 196)+74=104 --------- 456 - 244=212
| Сергіту сәті
| Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
| Оқушылар сергіп алады
| Ой толғаныс
| Өнерлі балалар
Қанат, Марат екеуі
Қамшы өре алады.
Санат, Талап екеуі
Тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі
Сөгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі
Біледі көп ертегі.
Абақ, Манат екеуі
Тай үйретіп жүреді.
Қанат, Манат екеуі
Киім-кешек тігеді.
Балаларды өнерлі
Есептеп сен көр енді?
| Үй тапсырмасы
| №7,6 31-бетте
| Күнделіктеріне жазады
| Бағалау
| Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
| |
|
|