ответы. ответами. 4050 рет 1 минутына
Скачать 332.95 Kb.
|
ЖҚА: лейкоциттер-10,2х109 , ЭТЖ-42мм/сағ. Рентгенограммада: буындық өзгерістер байқалмайды. Науқаста осы ауру болуы мүмкін:// +Рейтер ауруы// Туберкулезді артрит// Псориазды артрит// Ревматоидты артрит// Бехтерев ауруы *** Жеті жасар ер балада тізе және тобық буындары ісінген, белсенді қимылдары шектелген, дене қызуы 38,5С. Төмендегі көрсеткіштердің ішінен жедел қабыну процесін сиаттайтын көрсеткішті табыңыз:// Иммуноглобулин G// Мочевина// +С реактивті белок// Сиал қышқылы// АЛТ деңгейі *** Сакроилеит төмендегі ауруда кездеспейді:// Рейтер синдромы// Туберкулезді артрит// +Псориазды артрит// Ревматоидты артритке// Бехтерев ауруы *** Науқас К, 10 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Қарау кезінде екі жақтан бірдей саусақтардың ульнарлы девиациясы, бұлшық еттердің атрофиясы, білезік буындарының қимылының жоқтығы анықталды. Рентгенологиялық артриттің III –сатысы деп бағаланды. Осыған тән рентгенологиялық өзгерістерді анықтаңыз:// Буын айналасының остеопорозы// Буын саңылауының кеңеюі, остеопороз// буын саңылауының тарылуы, бірен- саран сүйектік өрнектер// Буын саңылауының тарылуы, шеткі пластинкалардың склерозы// +Буын саңылауының тарылуы, жайылған остеопороз *** Остеоартроздың рентгенологиялық көрінісіне жатпайды:// Субхондральды склероз// Шеткі остеофиттер// Буын саңылауының тарылуы// +Буын айналасының остеопорозы// Көптеген остеофиттер *** Стационарда коньюнктивитпен емделіп жатырған балада оң жақ тобық буыны ісінді. Лабораториялық тексеруде: ЭТЖ- 36 мм/сағ. Диагнозды растауға қосымша тексеру тағайындаңыз// Белоктар электрофорезі// Буындар рентгенографиясы// Жедел саты көрсеткіштері// Синовиальды сұйықтықты зерттеу// +Хламидиозға ИФА *** Бала артрит басталғаннан 2-ші күні жатқызылған.Дене қызуы 37,8 С, буындардың ауырсынуы және ісінуі сақталған. Жүрек ұшында ұзақ систолалық шу, ЭТЖ- 45 мм/сағ. Емінде төмендегі көрсетілгендерден тиімдісін тағайындаңыз// +пенициллин, преднизолон ,диклофенак// преднизолон ,диклофенак, супрастин// Супрастин, верошпирон, преднизолон// Цефуроксим, строфантин, диклофенак// метотрексат ,супрастин, пенициллин *** 2 жасар балада дене қызуы 39 С дейін жоғарлап, қолдың ұсақ буындарында, тізе, тобық буындарында және омыртқанаң мойын бөлігінде ауырғандық пайда болды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Кейінннен буындары ісініп, қимылдары шектелген. Анамнезі: айқын экссудативті диатезбен ауырады, бірақ осыған қарамастан, алдын ала егулерін ретті алып отырған. 2 апта бұрын кезекті АКДС енгізілген. Балада болуы мүмкін:// Сепсис// Ревматизм// +Ювенильді ревматоидтыартрит// Туберкулез // Бруцеллез *** Екі жасар балада Ювенильді ревматоидтыартрит диагнозы қойылды. Осы ауруды анықтау үшін төмендегі лабораториялық көрсеткіштерден бағалысын анықтаңыз// Трансаминаза анықтау // LE- клекалар анықтау// Антинуклеарлы фактор анықтау// Жалпы зәр анализі// +Ревмофактор анықтау *** Стационарға 10 жасар қыз бала интермитті жоғары қызбамен, аллергиялық бөртпемен, тізе және тобық буындарының ауырсынуы және ісінуімен, шеткі лимфа түйіндерінің, бауырдың, талақтың ұлғаюымен түсті. ЖҚА- де лейкоцит-27*10/л, ЭТЖ- 65 мм/сағ, Ig М, G жоғарлаған. Осы жағдайда нақты диагнозды табыңыз:// Сепсис, жеделдеу кезеңі// +Ювенильді ревматоидты артрит, аллергосептикалық варианты// Жүйелі қызыл жегі// Ревматизм, жүрек өзгерістерінсіз// Лимфа түйіндерінің туберкулезі *** 6,5 жасар бала ішек инфекциясымен ауырғаннан кейін, 3 аптадан соң сол жақ тізе буынында ауырғандық пен ісіну пайда болды, артынан оң жағы қосылған. Екі буынның да қимылы шектелген, ауырсынады. ЖҚА- де ЭТЖ 35 мм/сағ, лейкоцитоз- 16 *109/л. Мүмкін болатын ауруды таңдаңыз:// Травмадан кейінгі артрит// Ревматизм// +Реактивті артрит// Ювенильді ревматоидты артрит// Деформациялы остеоартроз *** 2,5 жасар балаға үйге педиатр шақырылды.Анамнезінен белгілі: анасы жүректің ревматикалық ақауымен ауырады, әкесінде пенициллин тобы антибиотиктеріне аллергиялық реакциясы бар. Бала 1 айлығынан жасанды тамақтандырылады, 6 айлығынан ЖРВИ-мен жиі ауырады. Кезекті ЖРВИ ауырғаннан кейін, 10 күн өткесін балада дене қызуы көтеріліп, қолдың жазғыш бетінде аллергиялық бөртпе пайда болды, аяқ- қолдың ұсақ буындары ісініп, күрт ауырсыну пайда болған. Қарау кезінде дәрігер лимфа түйіндерінің, бауыр, талақтың ұлғайғайғандығын анықтады. Балада мүмкін диагнозды нақтылаңыз:// Реактивті артрит// Жүйелі қызыл жегі// Ревматизм// +Ювенильді ревматоидты артрит// Дәрілік ауру *** Лимфатикалық- гипопластикалық диатезі бар және ЖРВИ- мен жиі ауыратын үш жасар балада жарақат алғаннан кейін сол жақ тобық буыны ауырып, ісінген, ал үш апта өткен соң оған оң жақ тобық және сол жақ тізе буыны қосылған. Бір ай ішінде буындар дефигурациясы күшейіп, жүрісі өзгерді. Манту реакциясы- теріс (аурудан 2 апта бұрын жасалған). Сіздің алғашқы диагнозыңыз:// Травмалық артрит// Нервті- артритті диатез// Буындар туберкулезі// Ревматизм// +Ювенильді ревматоидты артрит *** Төменде көрсетілген лабораториялық және инструменталды зерттеулердің қайсысы ЮРА диагнозын нақтылайды?// Пирке реакциясы// Синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу// Қанда зәр қышқылы концентрациясын анықтау// АСЛО және АСГ анықтау// +Ig М, G класын *** Стационарға 8 жастағы қыз бала дене қызуының жоғарлауы, қол және аяқтың симметриялы буындарында, омыртқаның мойын бөлімінде ауырсыну, ісіну, қимылдарының шектелуі шағымдарымен түсті. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған, буындардың тұрақты деформациясы, гепатоспленомегалия анықталды. Бір жыл бойы ауырады. Мүмкін диагнозды анықтаңыз// Ревматизм // Сепсис// Жүйелі қызыл жегі// +Ювенильді ревматоидты артрит// Лимфогранулематоз *** 4 жасар қыз балада клиникалық тексерулер негізінде ЮРА, басым буындық түрі анықталды.Көрсетілген ішінен осы диагнозды басым негіздейтін мәліметтерді таңдаңыз:// + Буындардың симметриялы зақымдалуы// Тахикардия// Тендосиновит// Әлсіздік, селқостық // Буындардың ауырсынуы *** Ер бала 11 жаста.Оңтүстікке барған кезде 38-39 С дейін температурасының көтерілуі, ұртында және мұрын үстінде бөртпелер, аяқ- қолдарының ірі буындарында ауырсынулар болды. ЭТЖ- 38 мм/сағ.Содан кейін жүректе ауырсынулар, миалгия, жалпы әлсіздік байқалды. Ең ықтимал диагнозды анықтаңыз:// +Жүйелі қызыл жегі// Ювенильді ревматоидты артрит// Ревматизм// Бруцеллез// Дерматомиозит *** 11 жасар ер бала жәншәумен ауырды.Объективті: бозару, әлсіздік, жүрек шекарасының кеңеюі, жүрек ұшының 1 тоны тұйықталған, қолтық астына берілетін жүрек ұшында үрлемелі систолалық шуестіледі.Тобық буындарының артриті бар. Төмендегі диагноздардан ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:// Ревматоидты артрит// +Ревматизм// Септикалық кардит// Постинфекциялық миокардит// Бруцеллез *** 4 жастағы ер бала бетіндегі және аяқ- қолындағы алқызыл эритема бойынша ревматологта емделді.Бір жылдан соң терідегі өзгерістерге аяқ- қолдарының бұлшық етінің ауырсынуы қосылды. Жүру кезінде құлап, өз еркімен керуеттен тұра алмайды.Стационарға жолданды. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз:// Жүйелі қызыл жегі// Жүйелі склеродермия// +Дерматомиозит// Ювенильді ревматоидты артрит// Ювенильді полиартериит *** 11жасар қыз бала. Ауырғанына 1,5 ай.Бетінде “көбелек”тәрізді бөртпе, рецедивті, деформация қалдырмайтын полиартрит көрінеді. Ауыз қуысында ұсақ жаралар. Аускультация кезінде жүректен перикард шуы естіледі. Hb-73 г/л, L-2,8 г/л,ЭТЖ -61 мм/сағ. Протеинурия 0,33-0,66 г/л. Айтылған көріністер тән ауруды көрсетіңіз// +Жүйелі қызыл жегі// Ювенильді ревматоидты артрит// Түйінді периартериит// Жедел ревматикалық қызба// Дерматомиозит *** Кардиоревматолог қабылдауына 4 жылдан бері педиатрда Рейно синдромымен бақылауда тұрған 12 жастағы қыз бала жолданды. Дәрігер науқастан білезік буынының дистрофиясы, деформациясын, қол және аяқ басы буын бұлшық еттерінің контрактурасын және қол – аяғы терілерінің жылтырауы мен тығыздануын анықтады. Балада мүмкін диагнозды таңдаңыз:// Жүйелі қызыл жегі// +Жүйелі склеродермия// Мукополисахаридоз// Ревматоидты артрит// Дерматомиозит *** 12 жасар баланы қарау кезінде екі жағынан да қабақтың аймағында -алқызыл эритема бар. Балтыр және білек бұлшық еттері сипағанда күрт ауырсынады, қамыр тәрізді тығыз.Әлсіздік, төсектен тұруы және жүруі қиындаған. Алғашқы диагнозды көрсетіңіз// +Дерматополимиозит // ЖҚЖ// Склероз// Түйінді полиартериит// Аллергиялық дерматит *** 8 жастағы науқас балада бұлшық еттерінде ауырсыну, артралгия, әлсіздік бар. АҚҚ 160/120 мм.сын.бағ. Көз көруінің тез жойылуы, дистрофия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңызды көрсетіңіз// +Түйінді полиартериит// Дерматополимиозит// ЖҚЖ// Жүйелі склеродермия// Ревматикалық қызба *** Сақиналы эритема орналасады:// +Денеде// Бетте, мойында// Буын маңында// Саусақтардың алақан бетінде// Табанда *** Дерматомиозитпен ауыратын науқастың биохимиялық қан анализінде жиі жоғарылайды:// Билирубин// +Креатининфосфокиназа// Зәр қышқылы// Холестерин// Калий *** 12 жастағы бала дәрігерге терісінің тығыздалуы және атрофиясы, қолдарының тартылуы, қолдың ұсақ буындарының тұрақты деформациясы және анкилозы шағымдарымен көрінді. Қарағанда: беті маска тәрізді, аузы толық ашылмайды, кілегей қабаттары субаторфиялы. Қол саусақтары айқын бүккіш контрактура жағдайында.Тырнақтары қисайған, «құс табаны» түрінде. Диагнозы: Жүйелі склероз. Емінде қолданылатын міндетті препарат:// Делагил// Индометацин// Имуран// Аспирин// +Купренил *** ЖҚЖ кезінде тері жамылғыларында кездесетін симптом:// +бет ұшында және мұрнындағы «көбелек» симптомы// Бет терісінде «қылыш тәрізді соққы»// периорбиталды алқызыл ісіну// аяғында, буында және бөкседегі геморрагиялық бөртпелер// Телеангиоэктазиялаp *** 8 жасар қыз балада оң жақ тізе буының ауырсынуы, физикалық жүктемеден кейін ентігу, дене қызуының 37,8 С жоғарлауы бар. Үш апта бұрын лакунарлы баспамен ауырған.Жүрек ұшында 1-ші тон тұйықталуы, систолалық шу анықталады. Оң жақ тізебуыны ісінген, сипағанда ауырсынады. Анамнезінен белгілі жиі баспамен ауырады. Мүмкін диагнозды анықтаңыз// Реактивті артрит// Ювенильдіревматоидты артрит// Жедел миокардит// +Жедел ревматикалық қызба// Инфекциялық эндокардит *** 10 жасар ер балада тізе және тілерсек буындарының ауырсынуы мен ісінуі, дене қызуының 38 жоғарлауы байқалады. Жүректің сол жақ шегі 2 см. ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. Бір апта бұрын баспамен ауырған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:// Инфекциядан кейінгі миокардит// +Жедел ревматикалық қызба// Ревматоидты артрит// Септикалық кардит// Реактивті артрит *** Жедел ревматикалық қызба кезінде буын синдромына тән:// Ұсақ буындардың симметриялы зақымдалуы// Омыртқаның мойын бөлімінің зақымдалуы// Ертеңгілік бөгелу// +Буын синдромының ұшпалылығы// Буын деформациясы *** Ер бала 10 жаста, ауырғанына 3 күн болған, ішінің ауыруы, сол жақ тізе және оң жақ шынтақ буындарының ауырсынуы және қимылының шектелуіне шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Ауруының 1-ші күні 38,5С қызба, тілерсек буынының зақымдалуы байқалған. Жүрек тұйықтығының 2 см. ұлғаюы, тахикардия 120 соққы минутына, 1-ші тон әлсіреуі, галоп, жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу анықталады. Аталған клиникалық белгілер басым тән диагнозды көрсетіңіз:// +Ревматизм// Жүйелі қызыл жегі// Ювенильді ревматоидты артрит// Реитер ауруы// Реактивті артрит *** Біріншілік ревматизмі бар балада клиникалық көрінісінде полисиндромды зақымдалу байқалады, ҚЖ 2А жүрген ревмокардит, ЭТЖ жоғарлауы лейкоцитоз, серомокоид және СРБ күрт жоғарлауы анықталады. Аурудың ұзақтығына 2 ай болған. Аурудың ағымын анықтаңыз:// Жасырын// Үздіксіз қайталамалы// +Жедел// Жеделдеу// Созылыңқы *** Жедел ревматикалық қызба және ЮРА кезіндегі артритті ажырату диагностикасында соңғысына тән:// Буындардағы ұшпалы ауырсыну// +3 ай және одан жоғары мерзімде артриттің болуы// басым орташа және ірі буындар зақымдалуы// артралгия түрінде өтеді // Буын синдромының тұрақсыздығы. *** Бала 14 жаста, диагнозы: Қайталамалы ревмокардит, қосарланған митральды ақау. Тәртіпті орындамайды. Туыстары келгеннен кейін тығыз тамақтанып, оларды 3-ші қабаттан түсіп шығарып салды және қайта көтерілді. Осыдан кейін жағдайы нашарлады, ентігу күшейіп, мин 120 дейін аритмиялық пульс, бұл мезетте жүрек соғуы мин 150 болды. Аузында көпіршікті қақырықпен жөтел пайда болды. Аспирин, АТФ, кокарбоксилаза, тағайындалды. Осы жағдайдаем тағайындау қажет:// Делагил// +Строфантин// Гепарин// Кофеин// Эуфиллин *** Балада ревматизм шабуылынан кейін 1 жылдан соң бетінде цианозды қызару, сипағанда кеуде клеткасының дірілі, жүрек ұшында шапалақты 1-ші тон және диастолалық шу анықталды. Бұл жағдайда мыназақымдалу туралы ойлауға болады:// +Митральды стеноз// Митральды жетіспеушілік// Аортальды жетіспеушілік// Қарынша аралық перденің мүкісі// Митральды қақпақша пролапсы *** Ер бала 11 жаста, скарлатинамен ауырған. Обьективті: боз, әлсіздік, жүрек шектері кеңейген, жүрек ұшында 1-ші тон әлсіреген, үрлемелі систолалық шу, қолтық астына таралады, тобық буынының артриті анықталды. Төмендегі аталған аурулардың ішінен мүмкін болатынынкөрсетіңіз:// ЮРА// Реактивті артрит// +Жедел ревматикалық қызба// Жедел миокардит// Кардиомиопатия *** 13 жасар қыз бала Созылмалы тонзилиті бар. Тонзилиттен соң 2 аптадан кейін аяқ – қолдың шашыранды қимылы пайда болып, жүрісі өзгерді. Тітіркенгіш, эмоциональды лабильді. Тексеру кезінде қимылының бұзылысы, бұлшық ет гипотониясы анықталады. Алғашқы диагноз:// Жабысқақ қимыл неврозы// +Кіші хорея// мишық ісігі// Неврастения// Энцефалит *** Ер бала 11 жаста, скарлатинамен ауырған. Обьективті: боз, әлсіздік, жүрек шектері кеңейген, жүрек ұшында 1-ші тон әлсіреген, үрлемелі систолалық шу, қолтық астына таралады, тобық буынының артриті анықталды. Төмендегі заттардың ішінен науқасқа тиімді фармакотерапияны көрсетіңіз:// +Пенициллин// Цепорин// Левомицетин// Бициллин// Фортум *** 10 жасар ер балада тізе және тобық буындарының ауыруы мен ісінуі, 38 С қызба мазалайды. Жүректің сол жақ шегі 2 см ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. Бір апта бұрын баспамен ауырған. Буындық синдромның дамуы байланысты ауруды анықтаңыз// Постинфекциялық миокардит// +ревматизм// Ревматоидты артрит// Септикалық кардит// Реактивті артрит *** Ер балада қарау кезінде буындық синдром анықталды: қысқа уақытты артралгия, периартикулярлы экссудативті құбылыстар есебінен тобық буындарының пішінінің өзгерістері және аяқ- қолдың жазғыш бетерінде геморрагиялық бөртпелер. Осы жағдайға тән ауруды көрсетіңіз:// Жедел ревматикалық қызба// ЮРА// +Геморрагиялық васкулит// Реактивті артрит// Гемофилия *** 5 жасар балада айқын буындық синдром бар. Буындық синдромды жою үшін стероидты емес қабынуға қарсы заттар ұсынылмайтынауруды көрсетіңіз:// Ревматизм// Ревматоидты артрит// +Верльгоф ауруы// Посттравматикалық артрит// Реактивті артрит *** Тізе буынының туберкулезді және ревматоидты зақымдалуын ажырату диагностикасында басым мәлімет береді:// ЭТЖ жоғарлауы// +Рентгенологиялық мәліметтер// Иммуноглобулиндерді анықтау// Сүйек плеврасының қалыңдауы// Ревматоидты факторды анықтау *** Ер бала 15 жаста. Стационарда Склеродермия диагнозымен ем қабылдап жатыр. Диагнозды негіздейтін клиникалық белгілерді көрсетіңіз:// көз айналасында ісік және гиперемия// бұлшық еттерінің ауырсынуы, гипотониясы// Шынтақ, тізе буындары үстінде бөртпелер болуы// Аяқ-қолдарындағы симметриялы геморрагиялық бөртпелер// +Маңдайында «қылыш соққысы» белгісі |