Главная страница

ответы. ответами. 4050 рет 1 минутына


Скачать 332.95 Kb.
Название4050 рет 1 минутына
Анкорответы
Дата18.01.2023
Размер332.95 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаответами.docx
ТипДокументы
#892517
страница3 из 14
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Пульс 130 р/мин//

+АҚҚ 90/50 мм.с.б//

Жүрек ұшы соққысы сипаттамасы//

Жүрек шектерінің сипаттамасы//

Аускультация көрсеткіштері

***

Жасөспірімдердегі қол мен аяқтағы қан қысымының қалыпты қатынасын анықтаңыз//

аяқ пен қолда бірдей//

аяққа қарағанда қолда 20-30 мм.с.б жоғары//

+қолға қарағанда аяқта 20-30 мм.с.бжоғары//

дене қалпына байланысты//

бала өсу қарқынына байланысты

***

Бала 2 жаста. Шаршағыштық, ентігу, жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Ауру катаральды құбылыстардан, дене қызуынан басталған. Ауру басталғаннан кейін 7-ші күні аталған шағымдар дамыған. Қарағанда жағдайы ауыр. Инспираторлы ентігу. Пульс 120 р/мин. Балтыры ісінген. Жүретің сол жақ шегі алдыңғы қолтықасты сызығында, жүрек ұшында 1 тон тұйықталған, функциональды тембрлі систолалық шу. Бауыр +1,5см. ЭКГ-да тісшелер вольтажы төмендеген. ЭхоКГ-да сол жақ қарынша жиырылу қабілеті төмендеген. Алғашқы диагноз қойыңыз//

эндокардиальды фибриоэластоз//

гипертрофиялық кардиомиопатия//

Миокардиодистрофия//

жедел ревматикалық қызба//

+жүре пайда болған ревматикалық емес қызба

***

14 жастағы ер бала бас айналуға, тыныс алуының периодты қиындауына, жүрек аймағында жағымсыз сезімге шағымданады. Тамақтануы жоғары. Тері жамылғысы мраморлы, акроцианоз. Жүрек шектері жасына сай. Жүрек тондары аздап тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде ұзақ емес систолалық шу. Пульс лабильді. Жасөспірімде дамыған жағдайдың себебін табыңыз//

Ревмокардит//

Жедел ревматикалық емес кардит//

Кардиомиопатия//

Митральды клапанның пролапсы//

+Вегетативті дистония синдромы

***

8 айлық сәби. Физикалық дамуының қалыс қалуына, физикалық жүктемеден кейін ентігу және периоральды цианоз дамуына шағымданады. Анамнезінде: 1,5 айлығынан салмақ қосуы жеткіліксіз, емгенде тез шаршап қалады. Обьективті: перифериялық цианоз, «барабан саусақ» және «сағат әйнегі» симптомдары бар. Жүрек шекарасы кеңеймеген. Тондары қатты, ЖСЖ-138 р/мин. Кеуденің сол жақ шегінен дөрекі систолалық шу естіледі, сол жақ ІІ қабырғааралықта ІІ тон әлсіреген. Өкпеде пуэрильді дыбыс, сырыл жоқ. ТЖ – 40р/мин. Бауыр мен талағы үлкеймеген. Алғашқы диагноз қойыңыз//

өкпе артериясы стенозы //

митральды жетіспеушілік//

ашық артериялық өзек//

қарынша аралық перде ақауы//

+Фалло тетрадасы

***

Науқас,15жаста. Басының ауруына, бас айналуға, жүрек аймағындағы ауырсынуға, жүргенде тез шаршауға шағымданады. Айтқан шағымдары бала кезінен пайда болған. Қарағанда: дене тұлғасының пропорциональды емес дамуы (тұлғаның жоғарғы жағының айқын дамуы, аяқтарының дұрыс дамымауы) Аяғында пульс әлсіз, аз толымды. Сол жақта 2-ші қабырғааралықта және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғана үсті артериясында систолалық шу; қабырғааралық артерия пульсациясының күшеюі байқалады. АҚҚ қолда-170/100 мм.с.б, аяқта-90/60 мм.с.б. Қан қысымының көтерілу себебін табыңыз//

+қолқа коарктациясы//

спецификалық емес аортоартериит//

Қолқа тесігінің стенозы//

нейроциркуляторлы дистония//

Рейно ауруы

***

Туа біткен жүрек ақауы бар науқаста ІІ,ІІІ қабырға аралықта систолалық діріл пальпацияланады. Өкпе артериясында ІІ тон әлсіреген,төстің сол жақ шегінде, анық ІІ қабырғааралықта систолалық шу естіледі. ЭКГ-да оң жақ қарынша гипертрофиясы. Рентген зерттеуде - оң жақ қарыншаның аздап кеңеюі, өкпе артериясының доғасының томпаюы, өкпе суреті әлсіреген. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз//

жүрекшеаралық перде ақауы//

+ өкпе артериясы стенозы//

жалпы артериялық бағана//

қолқа стенозы//

артерия өзегінің бітіспеуі

***

Жүрек жетіспеушілігі белгілерінің тыныштық қалпында жоғалып, физикалық жүктемеден кейін тахикардия және ентігу түрінде пайда болатын дәрежесін көрсетіңіз//

+1 дәрежесі//

ПА дәрежесі//

ПБ дәрежесі//

кіші қанайналым бойынша Ш дәрежесі//

тотальды

***

7 жастағы балада ревматизм шабуылынан 1 жылдан кейін бетінде цианозды қызғылттық байқалады, пальпацияда кеуде клеткасының дірілі, жүрек ұшында шапалақты І тон және диастолалық шу. Алғашқы диагноз қойыңыз//

+митральды стеноз//

митральды жетіспеушілік//

қолқа жетіспеушілігі//

қолқа стенозы//

митральды қақпақша пролапсы

***

3 жастағы бала ЖРВИ диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Ауырғаннан 3-ші күні ентікпе, кенеттен әлсіздік, жіп тәрізді пульс, ауыздан көпіршікті қақырықты жиі жөтел пайда болды. Аускультацияда екі өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйық, тахикардия. Рентгенограммада: өкпеде альвеолярлы ісік, ошақты көлеңкелер жоқ. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген. Балада дамыған асқынуды көрсетіңіз//

перикардит//

жедел пневмония//

+жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі//

жедел оң жақ қарынша жетіспеушілігі //

тамыр коллапсы

***

Бала 4 жаста. Ата-анасы тыныштық қалпында ентікпеге, жүрек соғысының жиілеуіне шағымданады. Обьективті қарағанда жүрек шекарасы солға ығысқан, сол жақ шегі +2см. Тыныштық қалпында ЖСЖ-120 р/мин. ТЖ 32р/мин. Аускультацияда 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. Екі өкпенің төменгі бөлігінің артқы бетінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЭхоКГ-да жүрек қуысының дилатациясы, миокард гипертрофиясынсыз. Рентгенограммада жүрек шар тәрізді. Алғашқы диагноз қойыңыз: //

туа біткен жүрек ақауы//

өкпенің қабынуы//

ревматизм//

+кардиомиопатия//

екіншілік кардиопатия

***

6 жастағы балада қорқу сезімі, мазасыздық, кенеттен әлсіздік, салқын тер пайда болды. Жағдайы ауыр,бозғылт, мойын веналарында пульсация көрінеді. Пульс 180 соққы минутына, аз толымды. Жүрек тондары қатты, жиілеген. Жүрек көлемі, бауыр ұлғаймаған. Ісік жоқ. Алғашқы диагноз қойыңыз//

кардит//

синусты тахикардия//

+пароксизмальды тахикардия//

симпатикотониялық коллапс//

артериальды гипертензия

***

Науқаста 10 күн бойы жүрек аймағында тынық ауырсыну, ентікпе, жүрек тоны қатаңдығы, АҚҚ төмендеген. Сипатталған жағдай диагностикасында артықшылығы бар келесі қадамды көрсетіңіз//

+ Эхо КГ//

Жүректі радиоизотопты сканирлеу//

ЭКГ//

Коронароангиография//

Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенологиялық зерттеулері

***

Науқас 6 жаста, жәншәудің 2-ші аптасында дене температурасының 37,6 ° С көтерілуі, бас айналуға, ентікпе, жүректің периодты «тоқтап қалуына» шағымданды. Қарағанда: айқын бозару, жүрек шектері 1,5 см солға ығысқан, ЖСЖ-110-112 р/мин, жүрек тондары тұйық,жүрек ұшында жұмсақ систолалық шу. Басқа мүшелерден патология көрінбейді. ЭКГ-да ретсіз қарынша үстілік экстрасистолия. Осы жағдайда жүрек ырғағының бұзылысына ем ұсыныңыз//

қатал төсектік режим//

кордарон тағайындау//

анаприлин жасына сай мөлшерде//

дигоксин//

+миокардитті емдеу

***

5 жастағы балада қарыншаүстілік пароксизмальды тахикардия ұстамасы пайда болды. Ұстаманы басуға арналған препаратты көрсетіңіз//

фуросемид//

рибоксин//

лидокаин//

+ изоптин//

кордарон

***

Гипертония ауруын емдеуге препаратты таңдау үнемі қиын. ГА емдеуге препарат таңдаудың дұрыс принципін көрсетіңіз//

ГА сатысын және АҚҚ дәрежесін есепке алып//

+АҚҚ көтерілу себебін және әрбір нақты анықтығын ескер//

ГА барлық жағдайында монотерапия тағайындауды баспалдақты таңдау//

дәрілік сынама//

науқастың жасына қарау

***

14 жастағы баланы жоспарлы тексеру кезінде сирек бір экстрасистолия анықталды. Анамнезі ерекшеліксіз. Шағымы жоқ, бірақ 2 күн бұрын ЖРВИ ауырған. ЭКГ-да сирек қарыншаүстілік экстрасистолия тіркелген. Аритмияның осы түрінде емдеу тактикасын ұсыныңыз//

Кордарон//

Верапамил//

Обзидан//

Панангин//

+жалпы сауықтыру шаралар кешені

***

4 айлық сәби жедел жәрдеммен жеткізілді. Жедел ауырған, мазасыздық, емшектен бас тарту болған. Қарағанда Т-37,2С, бозғылт, ауыз-мұрын үшбұрышында цианоз, мойын венасы ісінген. Араны аздап гиперемияланған, мұрында бөлініс жоқ. Ыңқылдап дем алады. ТЖ-50р/мин, тынысы пуэрильді, сырыл жоқ. Жүрек шекарасы қалыпты,тондары күшейген,шу жоқ. ЖСЖ-200р/мин. Бауыры+3 см. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжісі, диурез қалыпты. Диагноз жөнінде ойыңызды айтыңыз//

жедел пневмония//

жедел респираторлы-вирусты инфекция//

ревматикалық емес кардит//

+пароксизмальды тахикардия//

туа біткен жүрек ақауы

***

Бала 4 жаста. Шағымы: тыныштық кезінде ентікпе, жүрек соғысының жиілеуі. Обьективті: жүрек шекарасы қолтық асты сызыққа дейін кеңейген, ЖСЖ 120 р/мин, ТЖ 36 р/мин. Аускультацияда: 1 тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. Өкпеде: екі жақтың төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЭхоКГ-да жүрек қуысы айқын кеңейген, миокард гипертрофиясы жоқ. Рентгенде жүрек шар тәрізді. Алғашқы диагноз қойыңыз//

туа біткен жүрек ақауы//

пневмония//

жедел ревматикалық қызба//

+дилятациялық кардиомиопатия//

ревматикалық емес кардит

***

Ира 3 жаста. 1 апта бұрын ЖРВИ өткеннен кейін ауырып қалған. Шаршағыш, инспираторлы ентігу. ТЖ 36 р/мин. Пульс 120 р/мин. АҚҚ 80/50 мм.с.б. Балтыры ісіңкі. Жүректің сол жақ шегі алдыңғы қолтық асты сызығы бойында. Жүрек ұшында 1 тон тұйық, функциональды тембрлі систолалық шу. Бауыры +1,5 см. ЭКГ-да тыныстық аритмия, тісшелер вольтажы төмендеген. ЭхоКГ-да сол жақ қарынша жиырылу қабілеті төмендеген. Клиникалық диагноз қойыңыз//

эндокардиальды фибриоэластоз//

гипертрофиялық кардиомиопатия//

миокардиодистрофия//

біріншілік ревмокардит//

+жүре пайда болған ревматикалық емес кардит

***

Бала 11жаста, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеден кейін жүрек соғуына шағымданады. Қарағанда- жайылмалы цианоз, саусағында «барабан саусақ», аяғында «сағат әйнек» белгісі. Жүрек шекарасы оңға қарай кеңейген. Жүрек аускультациясында төстен сол жақта ІІ қабырғааралықта дөрекі систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз//

өкпе артериясы стенозы//

+Фалло төрттігі//

митральды қақпа пролапсы//

қолқа коарктациясы//

өкпе артериясы ақауы

***

12 жастағы қыз бала жүрек аймағындағы ауырсынуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінде- сирек ЖРА. Пульс 80-100р/мин. АҚҚ 90/45 мм.с.б. Жүректің сол жақ шегі бұғана орта сызығынан 1 см ішке. Жүрек тондары аздап тұйықталған, өкпе артериясында 2 тон акценті, 5 нүктеде аз қарқынды, өзгермелі систолалық шу. Әкесінде ревматикалық жүрек ақауы. Алғашқы диагноз қойыңыз//

Туа біткен жүрек ақауы//

Ревмокардит//

Ревматикалық емес кардит//

Инфекциялық эндокардит//

+Жүрек қан тамыр жүйесінің функциональды өзгерісі

***

Балаға ЭКГ жасалды. Үшкір ұшты Р тісшесінің үлкеюі тіркелді. ЭКГ қорытындысын көрсететін диагнозды қойыңыз//

жүрекше ішілік өткізгіштіктің бұзылысы//

оң жақ қарынша гипертрофиясы//

сол жақ қарынша гипертрофиясы//

+оң жақ жүрекше гипертрофиясы//

сол жақ жүрекше гипертрофиясы

***

Балада өкпе ісінуі клиникасы, гепатомегалия, бетте, аяқта ісік, гидроторакс, асцит, гидроперикардит. Қан айналым жетіспеушілігінің дәрежесін анықтаңыз//

+тотальды қан айналым жетіспеушілігі//

қанайналым жетіспеушілігі 3 дәрежесі//

қанайналым жетіспеушілігі 2Б дәрежесі//

қанайналым жетіспеушілігі 2А дәрежесі//

қанайналым жетіспеушілігі 1 дәрежесі

***

Бала кардиолог бақылауында 2 дәрежелі митральды қақпақша пролапсы диагнозымен тұр. Клиникасында вегетативті көрініспен кардиальды синдром орын алады. Митральды қақпақша пролапсына тән аускультативті белгіні табыңыз//

+оқшауланған систолалық тырсыл//

жүрек ұшында үрлемелі систолалық шу//

жүрек негізінде қысқа систолалық шу//

жүрек ұшында диастолалық шу//

жүрек негізінде 2 тон екіге бөлінуі

***

Балада жедел құрғақ перикардит диагнозы анықталды. Клиникалық көрінісінде перикард үйкеліс шуы естіледі. Берілген феноменге тән аускультациялық белгілерді көрсетіңіз//

1 тонмен байланысты систолалық шу, жергілікті//

+екі парақ қағаздың үйкелуі тәрізді систоло-диастолалық шу, «тон үстінде отыру»//

систола алдында күшейген диастолалық шу//

жүректің барлық аймағында үрлемелі систолалық шу//

жүрек ұшында тырсыл әсерімен систолалық шу

***

Балада тексеру барысында қолда жоғары және аяқта төмен қан қысымы анықталды. Көрсетілген клинакалық көрініс тән ақауды анықтаңыз//

ашық артериялық өзек//

қолқа жетіспеушілігі //

жүрекше аралық перде ақауы//

+қолқа коарктацисы//

Фалло ауруы

***

Науқас А,19 жаста, ауруханаға ентікпеге, қатты бас ауруға, көз алдындағы «шіркейге», аяқтың ұюына, тез шаршағаштыққа шағымданып түсті. Обьективті: дене бітімі қалыпты, қол артериясында пульс тез, аяқта әлсіз, аз толымды. Қолда АҚҚ 170/90, аяқта 100/70 мм.с.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесінде, жүрек ұшында, омыртқа маңы аймағында әлсіз систолалық шу. Рентгенде: қабырға өрнегі. АҚҚ жоғарылауымен көрінетін ақауды анықтаңыз//

сол жақ атриовентрикулярлы тесік стенозы//

Фалло үштігі//

митральды қақпақша пролапсы//

+ қолқы коарктациясы//

қолқа тесігінің стенозы

***

Нейроциркуляторлы дистониямен ауыратын қыз бала жүрек аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл ауырсынудың сипатын көрсетіңіз//

+жүргенде тоқтауды қажет етпейді//

физикалық жүктемеден кейін дамиды//

жүргенде күшейеді//

нитроглициринмен басылады//

терең тыныс алғанда басылады

***

Қыз бала 13 жаста, жарты жыл ішінде эмоциональды уайымдау фонында ентікпе, ауа жетіспеу сезімі, жүрек соғуы, жүрек тұсында ауырсыну, қорқу сезімі, мазасыздық пайда болған. Ұстамадан кейін жалпы әлсіздік, ұйқышылдық болады. Қанда ацетилхолин жоғары, сарысулық холинэстераза төмен. IgЕ жасына сай. АҚҚ 90/60 мм.сб. Алғашқы диагноз қойыңыз//

ревматикалық емес кардит//

Аффективті құрысу судороги//

+вегетовисцеральды дисфункция//

пароксизмальды тахикардия//

бронх демікпесі ұстамасы

***

Науқас А 10 жаста, бас ауруына, бас айналуына, есінен тануға шағымданады. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек шекарасы солға ығысқан, өлтірмелі сипатта протодиастолалық шу, оң жақ ІІ қабырғааралықта,кеуденің сол жақ бөлігінде жоғары тембрда, осы жерде ІІ тон әлсіреген. Қол артериясында пульс жоғары және тез 100 р/мин. АҚҚ 160/60мм.с.б. АҚҚ жоғарылау себебін көрсетіңіз//

қолқа тесігінің стенозы//

митральды қақпақша жетіспеушілігі//

өкпе артериясы тесігінің стенозы//

+қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі//

трикуспидальда қақпақша жетіспеушілігі

***

Сол жақ қарынша миокард гипертрофиясының верификациясына эффиктивті зерттеу әдісін көрсетіңіз//

ЭКГ//

велоэргометрия//

+ЭхоКГ//

коронарография//

кеуде клеткасы рентгенографиясы

***

Балаға түсті доплерлік режимде ЭхоКГ жасалды. Берілген зерттеу әдісінің мүмкіндігін көрсетіңіз//

жүректі визуальды бағалау, жиырылуын, анатомиясын, ақауды анықтау//

көп өлшемдер: миокардтың жиырылу қабілеті және қалыңдығын,қақпақшалардың толық ашылу мен жабылуын//

+патологиялық ақауды жоққа шығару үшін, жүрекішілік ақауға визуальды бағалау//

жүрекішілік ақауды сандық бағалау және қосымша жүрек қуысы қысымын анықтау//

жүрек мықынын визуальды бағалау

***

Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы баланың рентген зеттеуінен анықталды: кенеттен өкпе суретінің күшеюі және өкпе түбірінің кеңеюі. Көрсетілген өзгеріс тән ақауды анықтаңыз//

екіжармалы қақпақ жетіспеушілігі//

қолқаның жарты ай қақпақшасының жетіспеушілігі//

қолқа жармасының жетіспеушілігі//

+екіжармалы қақпақша стенозы//

үшжармалы қақпақша стенозы

***

Кардиология бөліміне қанайналым жетіспеушілігінің 2А дәрежесімен бала түсті. Зәр айдағаш терапия тағайындалды. Эффективті диуретикалық әсер көрсететін препаратты атаңыз//

ацетазоламид//

+фуросемид//

индапамид//

спиронолактон//

амилорид

***

Баланың рентген зерттеуінде қабырға «өрнегі» анықталған. Көрсетілген өзгеріс тән ақауды табыңыз//

оңға ығысқан қолқа//

қолқаның екіншілік доғасы//

+қолқа коарктациясы//

қолқа тесігінің стенозы//

үшжармалы қақпа тесігінің стенозы

***

2 айлық сәби, жетілген алғашқы жүктіліктен құрсақішілік жарақатпен туылған. Қарағанда ентікпе ТЖ 70-80 р/мин. ЖСЖ 100 р/мин. ЭКГ-да: қарыншалық QRS комплексі қалыпты - 0,05 с, интервал Р-Q - 0,09 с, барлық стандартты тіркемелерде Р тісшесі оң, RR интервалы ұзарған. ЭКГ қорытындысын талдаңыз//

+Синусты брадикардия//

Атриовентрикулярлы блокада I дәрежесі//

Атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі//

Атриовентрикулярлы блокада III дәрежесі//

Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

***

14 жастағы ер бала 100 м қашықтыққа жүгіргеннен кейін кенеттен жүрек соғысын сезген, самай және мойын тамырларында пульсация, қорқу сезімі, бас айналу, терісінің бозғылттығы, тершеңдік, тыныссының қиындауы пайда болды. Жүрек тыңдағанда: шапалақты тон, ЖСЖ тыңдау мүмкін емес. ЭКГ-да: синусты ырғақ, ЖСЖ 200 р/мин, қарыншалық комплекс өзгермеген. Тахикардия ұстамасын басу үшін алғашқы тактиканы анықтаңыз//

0,06% коргликон ерітіндісін к/т//

0,25% верапамил ерітіндісін к/т//

+Вагусты сынамамен рефлекторлы әсер ету//

10% новокаинамид ерітіндісін к/т//

Электроимпульсты терапия

***

Бала 1 жаста, дигоксин тағайындалған. Салмағы 10кг. Қанығу дозасы 1 кг салмаққа 0,04 мг. Дигоксиннің қолдаушы дозасын санаңыз//

0,0004 г//

0,0002г//

0,00015г//

+0,0001г//

0, 000001г

***

Балада ревматикалық емес кардит. Патологиялық процестің иммунологиялық механизіміне әсер ететін препаратты көрсетіңіз//

+қабынуға қарсы стероидты емес препараттар//

пенициллин тобындағы препараттар//

десенсибилизациялық препараттар//

протеаза ингибиторлары//

антикоагулянттар

***

Су-электр балансын өзгерту жолымен қан қысымын түсіретін препаратты көрсетіңіз//

+ гипотиазид//

дибазол//

натрия нитропруссид//

резерпин//

ганглиоблокаторлар

***

14 жастағы қыз бала, волейболмен шұғылданады, алғаш экстрасистолия анықталған. ЭКГ-да: қарыншаүстілік экстрасистолия. Жиі ЖРА ауырады. Созылмалы тонзиллитпен бақылауда тұр. Өте эмоциональды, соңғы 2 жылда жиі бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, шаршағыштық, бас айналуы мазалаған. Аритмия дамуына әкелген факторды анықтаңыз//

анамнезінде жиі респираторлы ауру//

+пубертантты кезеңдегі вегетативті реттелудің бұзылысы//

эмоциональды жүктеме//

созылмалы тонзиллит//

физикалық жүктеме

***

Жас жарымдағы дені сау бала, студенттер тобы қарады. Жасына сай жүректің сол жақ шегін(сол жақ бұғана орта сызығына қатысты) анықтаңыз//

1 см ішке//

0,5 см ішке//

сызық бойында//

+1-1,5 см-ге сыртқа//

2,0-3 см артық сыртқары

***

Ер бала, 16 жаста. Бас ауруына, жүрек тұсындағы ауырсыну, ыстық сезінуге шағымданады. 2 жыл бойы ауырады. Тұқымқуалаушылық: әкесінде гипертониялық ауру, анасында конституциональдық семіздік. Гиперстеник. Алақаны мен табаны ылғалды. АҚҚ 135/90 мм.мс.б. Пульс 96 р/мин. Жүрек тондары тұйық, қолқада ІІ тон акценті. Жүрек шекарасы жасына сай. Басқа мүшелері ерекшеліксіз. Анамнезі мен клиникасына қарап алғашқы диагноз қойыңыз//

+эссенциальная артериальды гипертензия//

екіншілік артериальды гипертензия//

екіншілік кардиопатия//

вегето-тамырлық дистония симпатикотониялық тип//

функциональды кардиопатия

***

Кардиология бөлімінде 5 жастағы бала емделуде. Жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Обьективті қарағанда: жүрек дөңестігі, ұйқы артериясының пульсациясы. Жүрек шекарасы солға кеңейген, аускультацияда жүрек ұшында систолалық шу және экстрасистолия. Жүректің органикалық зақымдалуының абсолютті белгісін көрсетіңіз//

Кардиалгии//

жүрек ұшында систолалық шу//

+жүрек дөңестігі//

тамырдағы патологиялық пульсация //

жүрек ырғағы бұзылған

***

Бала кардиология бөліміне жүректегі ауырсынуға, әлсіздікке, ырғақ бұзылысына шағымданып түсті. Тексеру жүргізілді. Баладағы жүрек-қантамыр жүйесі зақымдануына тән емес функциональды сипат//

қарыншаүстілік экстрасистолия//

кардиалгия//

систолалық шу, жатқанда анық естіледі//

+жүрек шекарасы кеңейген//

АҚҚ лабильдігі

***

7 күндік шала туылған нәрестеде лоқсу, нервті-рефлекторлы қозудың артуы, іріңді омфалит. Дене температурасы 37,2С. Аускультацияда 1-2 тонда бірдей маятник тәрізді дыбыс және интервалдары бірдей. Кардиальды феноменді бағалаңыз//

ОЖЖ перинатальды зақымдануының белгілері//

қызба әсері//

іріңді ошақ инфекциясының токсикалық әсері//

+эмбирокардия,қалыпты варианты//

асқорыту жүйесінің дисфункциясы нәтижесінен

***

Науқас, 14 жаста. ЖРВИ ауырғаннан кейін кеуде торының ортасында өткір ауырсынуды сезінеді, дем алғанда күшейеді, арқаға таралады және жөтелмен қосылған. Аускультацияда жүрек аймағында қатты сықырлаған дыбыс естіледі. ЭКГ-да QRS комплексінің өзгеруінсіз стандаратты және кеуде тіркемелерінде ST сегментінің көтерілуі. Диагноз қойыңыз//

өкпе артериясының тромбоэмболияс//

пневмония//

плеврит//

+ перикардит//

қолқаның қатпарлану аневримасы

***

Экссудативті перикардитпен ауратын науқаста кенеттен ентікпе, өлім қорқыныш сезімі, мойын венасының томпаюы, салқын тер, бет пен мойында ісік, ерін, мұрын, құлақта цианоз, жіп тәрізді пульс, қан қысымы бірден түскен. Науқасты жүргізуде бірінші кезектегі тактиканы анықтаңыз//

тұзсыз диета//

+перикардқа пункция жасау//

диуретиктер дозасын жоғарылату//

сұйықтықты тәулігіне 600 мл азайту//

гликокартикоидтарды қосу

***

Бала 1 жаста, ЖСЖ 40-50 р/мин. ЭКГ-да Р тісшісі екі еселенген, QRS комплексінің саны көп. Жүрекше ырғағы 3:1. Берілген өткізгіштік бұзылуының клиникалық көрінісінде болатын ұстаманы көрсетіңіз//

+ есінен тану//

Кенеттен цианоз//

Жүрек соғу//

Ентікпе//

Ыстық сезіну

***

Бала туғанынан кардиолог бақылауында: ТБЖА, Фалло төрттігі. Рентгенограммада білінетін өзгерісті көрсетіңіз//

+Жүрек көлеңкесі “етік” тəрізді//

Жүрек пішіні шар тəрізді//

Өкпе артериясынвң кеңеюі, жүректің оң жəне сол жақ бөлімінің үлкеюі//

Жүрек пішіні көлденең жатқан жұмыртқа тəрізді//

Жүрек сол жақ қарыншасы кеңейген трапеция формалы

***

3 айлық балада ауруханаға ему кезіндегі ентігу, дене салмағының аз қосылуы шағымымен түсті. Тексергенде жүрек шекарасы оңға ығысқан, өкпе артериясында 2 тон əлсіреген, сол жақ шегінде қатты систолалық шу, ІІ-ІІІ қ/а анық естіледі. Жүрек рентгенографиясында: жүрек көлеңкесі «етік» тəрізді, өкпе артерия доғасы батқан. Шұғыл операцияға көрсеткішті анықтаңыз//

Жиі бронхит жəне пневмония//

Жүрек жетіспеушілігі І дəрежесі//

+Ауыр дистрофия мен анемияның дамуы//

периодты гипоксемиялық ұстама//

Консервативті еммен басылатын тыныштық кезіндегі ентікпе мен тахикардия

***

Суықтағаннан кейін бала ауырған, дем алумен байланысты жүрек тұсындағы сыздап ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну 2 күн бұрын басталып күшейген. Обьективті: жүрек тондары тұйық, əлсіз тахикардия, сол жақ бүйірімен жатқанда барлыұ систола мен диастоланы алатын систолалық шу, алға еңкейгенде күшейеді, «қар сықыры» тембрі. Науқасқа қарсы көрсеткіш болатын препаратты көрсетіңіз//

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//

Аналгетиктер//

Жүрек гликозидтері//

Антибиотиктер//

+Тіке антикоагулянттар

***

Берілген белгілердің ішінен төртеуі тəн диагнозды анықтаңыз: 1.бас айналу жəне естен тану. 2.кеудедегі ауырсыну. 3.екі еселенген жүрек ұшы соққысы. 4.жүрек ұшында диастолалық шу. 5.сол жақ қарынша дисфункциясына тəн диастолалық шу//

миокард инфаркты//

стенокардия//

Сол жақ атриовентрикулярлы тесік стенозы//

+Гипертрофиялық кардиомиопатия//

артериальды гипертензия

***

Балада инфекциялық эндокардит диагнозы. Ауруға тəн емес қалыпты көрсетіңіз//

Жүрек зақымдану белгілерінсіз біртіндеп басталуы//

Жүрек бұлшық етіне(эндокард) тарту//

Ауру этиологиясы (бактериологиялық жəне серологиялық зерттеу) анықталмайды//

+Аурудың бірінші аптасында вегетация дамуы//

Экстракардиальды зақымдану (бүйректік,буындық тромбоэмболиялық синдром) сирек емес дамуы

***

14 жастағы дені сау баланың қолында АҚҚ 120/70 мм.сын.бағ. Аяқтағы АҚҚ анықтаңыз//

80/60//

100/65//

120/70//

+140/80//

160/100

***

Балада симпатикотониялық типті вегетативті жүйке жүйесінің дисфункциясы. Тамақтану бойынша ұсыныс жасаңыз//

май есебінен калорияны арттыру//

көмірсу есебінен калорияны арттыру//

+қою шәй мен кофені шектеу //

Са байытылған диета//

сұйықтықты шектеу

***

Симпатикотониялық типті вегетотамырлы дистония мен симптоматикалық гипертензия арасында дифференциальды диагностика жүргізіңіз. Бірінші диагнозға тән ерекшелікті көрсетіңіз//

кез келген жаста көрінеді//

негізінен органикалық патология//

негізгі ауру емі фонында АҚҚ төмендеуі//

+өтпелі сипат тән//

диастолалық қан қысымының көтерілуі

***

Балада шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеу шағымы бар. Тексеру кезінде АҚҚ төмендеген. Гипотониялық жағдай емінде қолданылатын физиоемді көрсетіңіз//

көмірқышқылды ванна//

сульфидті ванны//

+Шарко душы//

папаверинмен электрофорез//

шөппен оттекті коктель (жалбыз, валериана, түймедақ)

***

Бала туылғаннан кейін бірден ашық(функциялық) артериялық өзек диагнозы қойылды. Ақаудың консервативті емінде қолданатын стероидты емес қабынуға қарсы препаратты көрсетіңіз//

диклофенак//

ибуфен//

амидопирин//

пироксикам//

+индометацин

***

Бала ұзақ уақыт жүрек гликозидтерін алады. Клиникалық көрінісінде гликозидтермен улану белгілері байқалады. Бірге пайдаланғанда жүрек гликозидтері интоксикациясы болуы мүмкін препаратты көрсетіңіз//

холестирамин//

анаприлин//

+кальций препараттары//

калий препараттары//

темір препараттары

***

Бала туылғаннан кейін туа біткен жүрек ақауы диагнозы қойылған. Жаңа туылған нәрестеге хирургиялық емді қажет ететін ТЖА көрсетіңіз//

өкпе артериясы оқшауланған қақпақты стенозы//

+магистральды артерия транспозициясы//

сол жақ жүрек гипоплазиясы синдромы//

қарынша аралық перде ақауы//

Фалло төрттігі

***

Жаңа туылған нәрестеде қарынша аралық перде ақауы, 2 айлығында систолалық шу күшейген. Феноменге тән түсінікті табыңыз//

+өкпе тамыры резистентілігінің төмендеуі//

бала бойының өсуінен ақау диаметрінің артуы//

сол жақ қарынша салмағының артуы//

жүрек лақтырысының артуы//

оң жақ қарынша дилатациясы

***

Балаға жүрек гликозидтерін қолдану мына жағдайлардың бірінде көрсетілген//

тахикардиямен өкпе ісінуінің басталуы //

+жыбыр аритмиясының тахисистолиялық формасымен ревматикалық митральды ақау//

ентікпе-цианозды ұстамамен Фалло төрттігі//

жаңа туылған нәрестеде қалыпты немесе төмендеген ЖСЖ – мен церебро-кардиальды синдром//

өкпе артериясы стенозы және өкпе артериясында 70 мм.с.б жоғары систолалық градиентпен ТЖА

***

Ырғақ бұзылысы бар балаға дене шынықтырумен айналысу ұсынылды. Дене шынықтырудан негізгі топта болуға қарсы көрсеткіш//

+QT интервалының ұзару синдромы//

қарыншаның уақытынан бұрын қозу синдромы//

10 р/мин көп экстрасистолия//

оң жақ Гисс будашығы аяғының толық емес блокадасы//

синусты аритмия

***

Балада әлсіздікке, шаршағыштыққа, физикалық жүктемеде ентікпеге, тахикардия шағымы бар, дилатациялық кардиомиопатияға күмән бар. Клиникалық тексеру жүргізілді. Берілген диагнозға қарсы симптомды көрсетіңіз//

жүрек шекарасының кеңеюі//

+І тон күшеюі, ІІ тон әлсіреуі//

жүрек ұшында салыстырмалы митральды жетіспеушілік шуы//

ентікпе, тахикардия//

застойные хрипы в легких

***

Гипертрофиялық және дилатациялық кардиомиопатия арасында ажырату диагностикасын жүргізіңіз. Дилатациялық кардиомиопатияға тән симптомды көрсетіңіз//

қарынша қабырғасы оның ішінде қарыншааралық перденің диффузды қалыңдауы//

қан ағысының қиындау түріндегі жүрекішілік гемодинамика бұзылысы бар қарынша аралық перде гипертрофиясы//

+жүрек қуысы көлемінің кеңеюі//

диастолада жүрек созылғыштығының шектелуі//

систолада жүрек созылғыштығының шектелуі

***

Инфекциялық эндокардит пен ревматизм арасында ажырату диагностикасын жүргізіңіз. Инфекциялық эндокардитке тән симптом//

дене қызуының фибрильді көтерілуі//

жүректің митральды ақауының болуы//

жүрек шекарасының кеңеюі//

+жүрек қақпақшасында вегетация//

гепатомегалия

***

3 жастағы балада профилактикалық тексеру кезінде ЭхоКГ-дан сол жақ жүрекшеде дөңгелек түзіліс анықталды. Жоғары дәрежелі мәліметті болжамды көрсетіңіз//

Кальцификат//

бөгде дене//

саркома//

рабдомиома//

+миксома

***

Балаға клиникалық тексеру,кейін ЭхоКГ жасалды. Миксома диагнозы қойылды. Жүрек ісігі диагнозын қоюға келетін клиникалық симптомды көрсетіңіз//

салыстырмалы жүрек тынығы шекарасының кеңеюі//

патологиялық шу//

қанайналым жеткіліксіздігі//

жүрек ырғағы бұзылысы//

+арнайы клиникалық белгі жоқ

***

Жасөспірімде қан қысымының көтерілуі байқалады. Комплексті терапияда зәрайдағыш препарат тағайындалды. Артериальды гипертензия емінде ұзақ қолдануға лайық диуретикті көрсетіңіз//

диакарб//

фуросемид//

+гипотиазид//

верошпирон//

урегит

***

Ентікпе және тахикардия үнемі және шамалы жүктемеден кейін күшейеді, миогенді дилатациялық жүрек, кіші қан айналымда іркіліс, бауыры аздап ұлғайған, жұмысқа қабілеттілігі бірден шектелген. Стражеско-Василенко бойынша қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтаңыз//

I сатысы//

+II А сатысы//

II Б сатысы//

III сатысы//

сатысын анықтау мүмкін емес

***

Науқаста кіші және үлкен қанайналымда іркіліс, бауыр ұлғаюы, перифериялық ісік. Кардиальды және зәрайдағыш терапиямен қан айналым жетіспеушілігі азайды. Жұмысқа қабілетсіздігі жоғалған. Стражеско-Василенко бойынша қан айналым жетіспеушілігінің сатысын анықтаңыз//

I сатысы//

II А сатысы//

+II Б сатысы//

III сатысы//

сатысын анықтау мүмкін емес

***

Жедел миокардит дигнозы қойылған балаға преднизолон тағайындалған. Стероидты қабынуға қарсы дәрілердің механизмін және фармакологиялық әсерін түсіндіріңіз//

+ қабынудың барлық фазасын басады//

дене қызуын түсіреді//

қабынудың пролифирациялық фазасы дамуын шектейді//

ми ісінуін азайтады//

диария синдромын басады

***

Қыз бала 4 жаста. 1 жас 9 айынан пневмония себебінен антибиотик қабылдағаннан кейін қыз балада күніне 7 рет патологиялық қоспаларсыз сұйық нəжіс пайда болған. Биопрепараттар мен панкреатикалық ферменттерді қабылдағанына қарамастан тоқтамаған. 2 жастан бастап ішінің ұлғаюы, салмақ пен бойдың қалыс қалуы байқалған. Тексеру кезінде: иммунологиялық тексеру-глютенге АСЛ -11%.Тоқ ішек биоптатын гистологиялық тексеру: ісіну, дуоденумның кілегейінде лимфоидты инфильтрация, тегістелген энтероциттер. Алғашқы диагноз қойыңыз//

Антибиотикпен қосылған диарея//

Муковисцидоз//

+Целиакия, типті формасы//

Ішек дисбактериозы//

Псевдомембранозды колит

***

Қыз бала 15 жаста, эпигастрий аймағының ауруына, “кофе қоюы” тəрізді құсуға шағымданады. Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы таза, бозғылт Өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ 20р/мин. Жүрек тондары жиілеген, ырғақты, айқын. ЖСЖ 98 р/мин. АҚҚ 90/55. Іші жұмсақ, эпигастрийде кенеттен ауырсыну. Нəжісі болмаған. Зəр шығаруы еркін. Анамнезінде бала 12 жасынан асқазан жарасымен ауырады. Қандай зерттеу əдісі нақты ақпаратты екенін анықтаңыз//

Рентгенография//

Томография//

Лапароскопия //

+Гастродуоденоскопия//

Целиакография

***

Бала 2 айлық, анасы қинамалы жөтелге, тұтқыр ,“шыны тəрізді” қақырыққа, ішінің кебуіне, ботқа тəрізді нəжіске, жаялықта майлы дақтың қалуын айтып шағымданады. Бала жағдайы тұрақты. Тəбеті төмендеген. Тері жамылғысы таза, бозғылт. Өкпеде шашыранды орташа жəне ұсақ көпіршікті сырылдар. ТЖ 36р/мин. Іші кепкен, бауыр шегі қабырғасы доғасы жиегінде, талақ ұлғаймаған. Анасының анамнезінде алғашқы жүктілігі өлі нəресте босанумен аяқталған. Мүмкін болатын диагнозды анықтаңыз//

Целиакия//

Лактаза жетіспеушілік//

Ішек дизбиозы//

+ Муковисцидоз//

Эксудативті энтеропатия

***

Қыз бала 12 жаста, жиі ауамен немесе жеген тағаммен кекіруге шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсте. Өкпеде везикулярлы тыныс, тж 21 р/мин. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ 88 р/мин. АҚҚ 110/70. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен талағы ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынусыз. Нəжісі қалыпты, зəр шығаруы еркін. Қай зерттеу əдісі нақты ақпаратты екенін көрсетіңіз//

Эндоскопиялық зерттеу//

Дуоденальды зондтау//

Ультрадыбысты зерттеу//

Асқазанды зондтау//

+Өңешішілік рН метрия

***

Ер бала 14 жаста, 4 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Соңғы 3 айда кеудесінде ауырсыну, жиі лоқсу, қышқыл кекіру мазалайды. Клиникалық тексеру кезінде жағдайы қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрииде ауырсыну, бауыр шегі қабырға доғасының жиегінде, талақ ұлғаймаған. Диагнозды нақтылауда ең ақпаратты диагностикалық əдісті тағайындаңыз//

Рентгенологиялық//

+ Эндоскопиялық//

рН-метриялық//

Ультрадыбыстық//

Асқазанды зондтау

***

Ер бала 3 жаста. 2 жасында “Целиакия, типті формасы” диагнозы қойылған. Диета сақтайды. Клиникалық тексеру барысында жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Өкпеде везикулярлы тыныс, тж 28 р/мин. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖСЖ 118р/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нəжісі қалыпты, зəр шығаруы еркін. Науқасты диспансерлік бақылау ұзақтығын анықтаңыз//

1 ай//

3 ай//

1 жыл//

18 жасына дейін//

+өмір бойы

***

Қыз бала 11 жаста, 2 жыл бойы созылмалы гастритпен ауырады. Анамнезінде анасы мен ағасында жиі ішінің ауырсынуы байқалады. Жағдайы қанағаттанарлық. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастрии аймағында ауырсыну, бауыр шегі қабырға доғасы жиегінде.

Балада аурудың дамуына əсер еткен этиологиялық факторды анықтаңыз//

+Хеликобактер пилори//

Стресс//

Тұқымқуалаушылық бейімділік//

IgА секрециясының жоғарылауы//

Гипокалориялы диета

***

Ер балада 5 жыл бойы толғақ тәрізді іште мерзімді ауырсыну, әлсіз интоксикация симптомы байқалады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Өкпеде везикулярлы тыныс,ТЖ 26р/мин. Жүрек тондары айқын, ырғақты, ЖСЖ 96р/мин. АҚҚ 95/60. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр мен талақ ұлғаймаған. Қан анализінде – эозинофилия 7%. Берілген мәліметтерді талдап, алғашқы диагноз қойыңыз//

+ Функциональды диспепсия//

Тітіркенген ішек синдромы//

Құртты инвазия//

Өт шығару жолының дискинезиясы//

Ішек дисбактериозы

***

Қыз бала 15 жаста. Жиі тамақтан кейін пайда болатын эпигастридегі ауырсынуға шағымданады. Тексеру барысында пальпацияда эпигастриде ауырсыну. Клиникалық тексеру кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрии жəне кіндік аймағында ауырсыну, бауыры мен талағы ұлғаймаған. ФГДС асқазан мен он екі елі ішек кілегейінің гиперемиясы. Биопсиялық тест Нв++. Бұрын қаралмаған және емделмеген. Науқасқа қажетті ем тағайындаңыз//

ППИ монотерапия//

монотерапия Н2 блокатормен//

екі антибактерильдық препараттарды біріктіру//

+үшкомпонентті терапия//

квадротерапия

***

Қыз бала 14 жаста, 12-елі ішектің жара ауруымен ауырады, “кофе қоюы” тəрізді құсуға, іштегі ауырсынуға, қышқыл кекіруге шағымданып түсті. Қарау кезінде жағдайы ауыр. Тері жамылғысы таза, бозғылт. өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ 20р/мин. Жүрек тондары жиілеген, ырғақты, айқын. ЖСЖ 110 р/мин. АҚҚ 80/50. Іші жұмсақ, эпигастрийде күрт ауырсынады. Нəжісі болмаған. Зəр шығаруы еркін. Мүмкін асқынуды анықтаңыз//

Перфорация//

Пенетрация//

+ Қан кету//

Малигнизация//

Стриктурлар

***

Ауылдық жердегі 5 жастағы ер баланы тексеру барсында іш қуысының мүшесінің УДЗ-де бауырда 3,5 х 2 см көлемді дөңгелек, сұйықтықты түзіліс анықтаған,. ЖҚА: ЭТЖ – 10 мм/сағ; НВ – 100 г/л; ТК. – 0,9; эрит – 3,2 х 1012 /л; лейкоцит – 7,7 х 109 /л; т/я - 0%, с/я – 43%, эозинофил – 20%, лимфоцит – 38%; моноцит – 9%.

Алғашқы диагноз қойыңыз//

Өт қапшығында тас//

Бауыр ісігі//

+Эхинококкоз//

Гельминтоз//

Бауыр циррозы

***

Ер баланы дені сау фонында 2апта бойы әлсін-әлсін ентігу мазалайды. Жағдайы ауыр, өкпеде пуэрильді дыбыс фонында басым сол жақта төменгі бөлігінде дыбыстың әлсіреуі анықталады, осы жерде ішек пристальтикасы естіледі. ТЖ минутына 60 рет. Жүректің салыстырмалы шегі оңға ығысқан. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСС мин 158 соққы. Осы балаға басым ақпарат беретін тексеру әдісін тағайындаңыз//

+ Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы//

ФГДС//

Өңеш ішілік рН-метриясы//

Іш қуысы мүшелерінің УДЗ//

Асқазанды зондтау

***

Ер бала 10 жаста. Эпигастрии аймағында ауырсыну,қыжылдау, қышқылды кекіруге шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті.Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСС 80,АҚҚ 110/70 мм сын бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. ФЭГДС-та өңештің кілегей қабаты болбыр, гиперемия, төменгі бөлігінде бірен-саран эрозиялар анықталды. Кешенді емінде бірінші болып тағайындалатын препаратты анықтап, ұсыныңыз//

Висмут препараттары//

Антацид//

Н2-блокатор//

Прокинетик//

+ Протонды помпаингибиторлары

***

Қыз бала 9 жаста, 6 айдан бері төс артында күйдіру сезімі, кекіру, тамақ қабылдағаннан соң бірден эпигастрия аймағында тесіп ауырғандық мазалайды. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында және сол жақ қабырға астында аздап ауырсынады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. ФЭГДС-та асқазан кілегей қабатының гиперемиясы,өңештің кілегейінің төменгі үштен бір бөлігі болбыр, гиперемиясы анықталды,

мүмкін диагнозды дәлелдеңіз//

Жедел холецистит//

Созылмалы колит//

+Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру//

Жедел панкреатит//

Мальабсорбция синдромы

***

Қыз бала 16 жаста, 1 жылдан бері аш қарында ауырсыну, қыжыл, қышқылды кекіру мазалайды. Соңғы айда ауырғандық күшейіп, ұзаққа созылады және түнгі мезгілде ауырсыну пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Тілі қалың ақ жамылғымен қапталған. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында аздап ауырсынады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Балаға негізгі тексеру әдісін тағайындаңыз//

Іш қуысы мүшелері УДЗ//

Жалпы қан анализі//

Копрограмма//

+ Фиброэзофагогастродуоденоскопия//

Биохимиялық қан анализі

***

11 жастағы қыз бала, жиі жөтел, қыжылдау, қышқылды кекіру, іш қатуға бейімділікке шағымданады. Бір жыл шамасында ауырады. Боз, тітіркенгіш, қызыл дермографизм,жоғары тершеңдік бар. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Тілі түбірге жақын аймағында сары- ақ жамылғымен қапталған, тістің іздері бар. Іші жұмсақ, эпигастрия аймағында ауырсынады. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін диагнозды анықтап, дәлелдеңіз//

Жара ауруы//

Созылмалы гастродуоденит//

Созылмалы холецистит//

Созылмалы панкреатит//

+Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру (ГЭРА)

***

Ер бала 14 жаста,қан және ірің аралас жиі сұйық нәжіске, ішіндегі ауырғандық, субфебрильді деңгейге дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Анамнезінен, баланың 4 айдан бері ауыратындығы, хирургпен қаралып, хтрургиялық патология жоққа шығарылғандығы белгілі. Инфекционист қараған, ішектің инфекциялық зақымдалуы жоқ. Дәрігер балада Крон ауруына күмәнданды. Крон ауруы кезінде асқазан-ішек жолының жиі зақымдалатын бөлігін көрсетіңіз//

Ауыз қуысы//

Өңеш//

Асқазан және он екі елі ішек//

Тоқ ішек//

+Мықын ішек

***

Қыз бала 14 жаста. Алғашқы рет бейарнамалы жаралы колит диагнозы анықталған. Дәрігер жаралы колит кезіндегі белсенділіктің педиатриялық индексін анықтады (PUCAI) -30 балл. Осы баланы емдеуде препаратты таңдаңыз//

Преднизолон табл//

+Мезасалозин табл//

Будезонид свеча//

Циклоспорин А//

Азотиаприн табл

***

16 жастағы қыз бала, 13 жасынан функциональды диспепсиясы бар.Жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, тамақ ішкеннен соң төс асты аймағында ауырлық және толып кету сезімі мазалайды. Клиникалық, лабораториялы-инструментальды зерттеулер патологиялық ауытқуларды таппады. Емдеу үшін негізгі препаратты таңдаңыз//

Протонды помпа ингибиторлары//

Н2-блокатор//

Спазмолитик//

+Прокинетик//

Антацид

***

14 жастағы ер балада жиі психологиялық жүктеме, стрестік жағдайлар кезінде сұйық нәжіс пайда болады. Бұл жағдай 2-3 күнге дейін созылып, баланың өмір сүру сапасына әсерін тигізеді. Баланың жағдайында және лабораториялы-инструментальды зерттеулерде ауытқулар анықталмады. Балада диареялық синдромды жою үшін ем тағайындаңыз//

+Смектит//
Дақылдар (Отруби)//

Лоперамид//
Лактулоза//
Мукофальк

***

Қыз бала 13 жаста, эпигастрий аймағында тамақ ішкеннен кейін жиі пайда болатын ауыруға шағымданады.Жағдайы қанағаттананрлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Іші жұмсақ,пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсынады. ФЭГДС-та асқазанның кілегей қабатының болбырлығы, айқын гиперемиясы анықталды. Ауыру синдромын басу үшіннауқасқа жергілікті ісерлі препаратты тағайындаңыз//

Гастроцепин//
Омепразол//
Фамотидин//
Маолокс//
+Алмагель
***

7 айлық ер балада антибиотикпен емдеу курсынан соң, нәжісінің сулы, кілегей, жасыл аралас болып 6ретке дейін жиілеуі пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Іші аздап кебінген, пальпацияда ауырсынады. Бауырымн талағы ұлғаймаған. Алғашқы диагноз қойыңыз//

+Ішек дисбактериозы//

Ішек тітіркену синдромы//

Жедел ішек инфекциясы//

Целиакия//

Муковисцидоз

***

Қыз бала 12 жаста, іш қатуға, нәжісінің 3-4 күнге дейін болмауы, іштің төменгі бөлігінде ауырсынуға, нәжісінің «құмалақ» тәрізді болуы, ішектің толықтай босамау сезіміне шағымданады. Кейде іш қату іш өтумен кезектеседі (эмоциональды жағдаймен байланыстырады). 6 ай бойы ауырады.Қарағанда: дене бітімі дұрыс, аздаған жалпы интоксикация симптомдары байқалады. Іші жұмсақ, аырсынусыз. Лабораториялы-инструментальды зерттеулерде ауытқулар анықталмады. Алғашқы диагноз қойыңыз//

Бейарнамалы жаралы колит//

Крон ауруы//

+Іш қату басымдығымен ішек тітіркену синдромы//

Муковисцидоз//

Созылмалы холецистит

***

3 айлық бала анасындағы гипогалактияға байланысты, аралас тамақтандыруға көшірілді. Бейімделген қоспаны енгізгеннен кейін балада ішінде ауырғандық, құсу, лоқсу, нәжіс консистенциясының тұрақсыздығы (іш қату мен өтудің алмасуы)пайда болды. Бір айда салмағын 200 гр-ға жоғалтты, мазасыз болды. Алғашқы диагноз қойыңыз//

+Сиыр сүті белогын көтере алмаушылық//

Лактазды жетіспеушілік//

Целиакия//

Гиршпрунг ауруы//

Тітіркенген ішек синдромы

***

13 жасар қыз бала оң жақ қабырға астында ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, әдеттегідей түсті. Іші жұмсақ, пальпация кезінде өт қабы тұсында ауырсынады, бауыры мен талағы ұлғаймаған.УДЗ-де холестатикалық синдром анықталды. Осы науқаста анықталатын лабораториялық көрсеткіштерді таңдаңыз//

+Сілтілі фосфатаза жоғарлауы//

АЛС жоғарлауы//
АСТ жоғарлауы//
Сары су темірі жоғары//
Өт қышқылдары деңгейі жоғарлауы

***

Науқас Р, 15 жаста, шаршағыштыққа, әлсіздікке, оң қабырға астындағы тұрақты сипатты, қайталанатын сыздап, қысып білінетін ауырсынуға шағымданады. Ауырсынуды майлы, қуырылған тамақ жеумен байланыстырады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Асқазанның жара ауруы//

Жедел панкреатит//

Жедел аппендецит//

Созылмалы гепатит//

+Билиарлы жол дисфункциясы

***

12 жастағы қыз балада 4 жасында лимфобластты лейкоз анықталды, қан препараттарын қабылдады. 5 жасында В және С вирусты гепатиті диагнозы қойылды. Ем қабылдады, бірақ ремиссияға жету мүмкін болмады. Соңғы 6 ай бойы келесі симптомдар пайда болды: өңеш венасының кеңеюі, геморроидальды түйіндердің пайда болуы, «Медуза басы», асцит

мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Жильбер синдромы//

Созылмалы гепатит С//

+Бауыр циррозы//

Созылмалы гепатит В//

Созылмалы холецистит

***

2 жастағы қыз бала сұйық, сулы, қышқыл, көпіршікті нәжіске, метеоризмге, іштегі шаншуға шағымданады. Бұл симптомдар ішек инфекциясын өткергеннен кейін пайда болды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап үрілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Целиакия//

Экссудативті энтеропатия//

Муковисцидоз//

Жедел ішек инфекциясы//

+Екіншілік лактазалық жетіспеушілік

***

Қыз бала, 9 айлық, сұйық нәжіске, құсуға шағымданады. Бұл симптомдар жеміс жидек шырынын ішкеннен кейін пайда болған. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап үрілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Мүмкін болатын диагнозды көрсетіңіз//

Экссудативті энтеропатия//

Лактаздық жетіспеушілік//

Муковисцидоз//

+Фруктозаны көтере алмаушылық//

Целиакия

***

15 жастағы ер бала, 5 жыл бойы созылмалы гастродуоденитпен ауырады. Асқынуы жылына 2-3 рет байқалады, диета сақтамайды, емді толық алмайды. Тері жамылғысы таза, боз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 20 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 78 рет мин. АҚҚ 110/68. Тілі «жылтыр», кейде күйдіру сезімі байқалады. Іші жұмсақ, пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. ЖҚА ЭТЖ-10 мм/сағ, Нв-70г/л, т.к -1,2, эр-3,2*1012/л, лейк-7,7*109/л, т/я-0, с/я-51%, эозин-2%, лимф- 38%, моноцит-9%. Осы клиникалық сипаттамаға созылмалы гастриттің сәйкес эндоскопиялық көрінісін көрсетіңіз//

Эрозивті//

Гипертрофиялық//

Беткей//

Аралас//

+Атрофиялық

***

Бөлімшеге 11 жастағы қыз бала түсті, жағдайы ауыр, Тері жамылғысы боз, сарғыш. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры қабырға доғасында, талағы қабырға доғасынан 3 см-ге шығыңқы. ЖҚА ЭТЖ-10 мм/сағ, Нв-68г/л, т.к -0,9, эр-2,2*1012/л, лейк-7,7*109/л, т/я-0, с/я-53%, эозин-0%, лимф- 38%, моноцит-9%, ретик-6%. Б/х-да: тікелей емес гипербилирубинемия- 84 ммоль/л байқалады, АЛТ, АСТ қалыпты. Вирусты гепатит маркерлері теріс мәнді. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//

Жедел вирусты гепатит В//

Жедел холестаз//

Бауыр циррозы//

+Гемолитикалық анемия//

Жедел вируст гепатит С

***

13 жастағы қыз балада іш қуысы УДЗ-де өлшемі 0,5 см кальцифицирленбеген жалғыз түзіліс анықталды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тәбеті жоғарлаған. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Емдеу тактикасын анықтаңыз//

Холекинетиктер//

Спазмолитикалық терапия//

Холеретиктер//

Оперативті ем//

+Урсодезоксихолий қышқылы препараттары

***

Қыз бала, 15 жаста, майлы тағам қабылдағаннан кейін байқалатын оң қабырға астындағы сыздап ауырсынуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дәрігер сынамалық таңғы астан кейінгі УДЗ-н тағайындады.УДЗ нәтижесіне сәйкес тюбаж тағайындау көрсеткіштерін анықтаңыз//

Билиарлы жолдың гипермоторлы дисфункциясы//

Өт тас ауруы//

+Билиарлы жолдың гипомоторлы дисфункциясы//

Постхолецистэктомиялық синдром//

Бауырішілік холестазбен жүретін бауыр ауруы

***

13 жастағы қыз бала оң қабырға астындағы қайталанатын, толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Анасы өт тас ауруымен ауырады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қабы аймағында аздап ауырсыну байқалады, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дәрігер іш қуысы органдары УДЗ-н тағайындады. УДЗ нәтижесіне сәйкес балада байқалатын өт тас ауруы критерийін анықтаңыз//

Өт қабы деформациясы//

Өт қабы қабырғасы қалыңдауы//

+Тас анықталуы//

Өт жинақталу белгісі//

Өт қабы көлемі ұлғаюы

***

15 жастағы ер бала. Дене шынықтыру сабағынан кейін жедел, интенсивті, оң жақ иыққа таралатын оң қабырға астындағы шаншып ауырсынуға шағымданды. Қалпын өзгерткенде ауырсыну күшейеді. Жүрек айну, құсу пайда болды. ЖҚА-де лейкоцитоз солға ығысқан, ЭТЖ жоғары. Іш қуысы УДЗ-де өт қабында гиперэхогенді диаметрі 1 см өлшемді түзіліс анықталды. Мүмкін диагнозды анықтаңыз//

Жедел холецистит//

Жедел панкреатит//

Жедел гастрит//

Жедел дуоденит//

+Өт тас ауруы

***

Қыз бала 8 жаста, майлы тағам қабылдағаннан кейін қайталатын жүрек айнуға, шаншып ауырсынуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Ерте жастан бастап іш қату байқалады, нәжісі- қой құмалағы типті. ЖҚА- өзгеріссіз, УДЗ- өт қабы өлшемі ұлғайған, өт қабында өт жинақталу белгілері байқалады. Басқа құрылымдық өзгерістер анықталмады. Алғашқы диагноз койыңыз//

Билиарлы жолдың гипермоторлы дисфункциясы//

+Билиарлы жолдың гипомоторлы дисфункциясы//

Жедел холецистит//

Вирусты гепатит//

Спастикалық іш қату

***

3 жастағы ер балада профилактикалық тексеруде окулист көз алмасы айналасында сұр-жасыл түсті сақина анықтады. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +5 см-ге шығыңқы, талағы ұлғаймаған. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//

Бауыр циррозы//

+Вильсон- Коновалов ауруы//

Пигментті гепатоз//

Созылмалы вирусты гепатит//

Өт тас ауруы

***

Қыз бала, 1 жас 6 ай. 1 жас 3 айында ішек инфекциясын басынан кешірген. Соңғы 3 айда анасы сүт немесе сиыр сүті ботқасын қабылдағаннан кейін баласында сұйық нәжіс, іш кернеуі, құсу пайда болғанын байқайды. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші аздап керілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Болжам диагнозды анықтаңыз//

Целиакия//

Муковисцидоз//

Біріншілік лактазалық жетіспеушілік//

+Екіншілік лактазалық жетіспеушілік//

Ішек дисбиозы

***

14 жастағы ер бала 12 елі ішектің хеликобактер этиологиялы жара аурумен эрадикациялық терапияның 2- курсын /квадротерапия/ қабылдады. Қай уақытта эрадикация бақылауын жүргізуге болатындығын белгілеңіз//

2 аптадан кейін//

Ем толық аяқталғаннан кейін//

+4 аптадан кейін//

1 жылдан кейін//

Ем жүргізу кезінде

***

1 жас 2 айлық қыз бала. Ботқа түрінде қосымша тағам енгізгеннен кейін 3 айдан кейін салмақ жоғалтуы, дамуы кешігуі, полифекалия байқалған. Бала тексерілді, Целиакия, типтік түрі, орташа ауырлық дәрежесі диагнозы қойылды. Жағдайы орташа ауырлыққа жақын. Тәбеті төмендеген. Тері жамылғысы таза, боз. Іш көлемі ұлғайған, аздап керілген, бауыры мен талағы ұлғаймаған, нәжісі көп мөлшерде, 3-4 рет күніне, зәр шығаруы еркін.

ҚР ДСМ 30.10.2015ж №18 клиникалық хаттамасы бойынша ем тағайындаудың негізгі принципін анықтаңыз//

+Аглютенді диета//

Глюкокортикоидтар//

Орын басушы терапия//

Ферменттер//

Пробиотиктер

***

6 жастағы ер балада ерін, тіл, ауыз қуысы кілегей қабатында телеангиоэктазиялар пайда бола бастаған, бірнеше рет қан аралас құсу байқалған. Генеологиялық анамнезінде үлкен ағасы 8 жасында ішектен қан кетуден қайтыс болған, әкесі жағынан ағасында ерін мен тіл телеангиоэктозиясы бар. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз//

Мэллори- Вейсс синдром//

+Вебер- Рандю- Ослер ауруы//

Вильсон- Коновалов ауруы//

Геморрагиялық гастрит//

Верльгоф ауруы

***

2 жастағы қыз балаға целиакия диагнозы қойылды. Аглютенді диетаны тұрақты ұстанады. Өсуі мен дамуы жасына сәйкес. Нәжісі бұзылуы байқалмаған. 15 жасында ата- анасы дәрігерге келіп, диета аумағын кеңейтуін сұрады. Отбасына ұсыныстар беріңіз//

Аптасына 2-3 рет нан өнімдерін қосу арқылы, біртіндеп диетаны кеңейту//

Шұжық өнімін қосу арқылы диетаны кеңейту//

Печенье қабылдауға рұқсат беру//

Сұлы ботқасын аптасына 2-3 рет жеуге рұқсат ету//

+Ата-анасы мен баласына аглютенді диетаны өмір бойы ұстануы қажеттілігін түсіндіру

***

2 жастағы ер балада туылғаннан бері қоймалжың көпіршікті қышқыл иісті нәжіс болуы, ішінің үрілуі, іштегі шұрылдау, қайталанатын мазасыздық байқалады. Салмағын жақсы қосады, эксикоз мен токсикоз белгілері байқалмайды. Клиникалық тексеруде жағдайы қанағаттанарлыққа жақын. Тері жамылғысы таза, қалыпты түсті. Іші жұмсақ, бауыры мен талағы ұлғаймаған. Алғашқы диагнозды қойыңыз//

Целиакия//

Панкреатит//

Муковисцидоз//

+Лактазалық жетіспеушілік//

Ішектік дисбиоз

***

Нефрологиялық бөлімшеге 14 жастағы ауру бала ісікпен түсті, АҚҚ 145/100 мм.сын.бағ. Зәрінде белок 3,3 г/л, эритроцитер жаппай. Тез дамыған гиперкреатининемия аңықталды. Бүйрек биопсиясы жүргізілді. Қандай морфологиялық өзгеріс мүмкін ?//

Мезангиопролиферативті гломерулонефрит//

Фокальді-сегментарлы гломерулосклероз//

+Экстракапиллярлы гломерулонефрит//

Эндокапиллярлы пролиферативті гломерулонефрит//

Шумақтың минимальді өзгерістері

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


написать администратору сайта