А 1 в 2 с 3 д 4 е 5 шарты орындалатын болса, А, В, С, Д, е сандарын салыстырыыз
Скачать 412.49 Kb.
|
9 қаламды 9 доллар бірнеше центке, ал 10 қаламды 11 доллар бірнеше центке сатып алатын болса, бір қаламның бағасы қанша болатынын табыңыз. A) 1 доллар 13 цент B) 1 доллар 11 цент C) 1 доллар 15 цент D) 1 доллар 14 цент E) 1 доллар 12 цент Шешуі: 9 қаламды 9 доллар бірнеше центке алу үшін центтер саны оны 9-ға көбейткенде 1 доллардан, яғни 100 центтен аспауы керек. Берілген нұсқалардан тек В нұсқасы ғана сәйкес келеді: 1 доллар 11 цент ∙ 9 = 9 доллар 99 цент Жауабы:1 доллар 11 цент vk.com/dostykteam Шаруашылық бірлестігіндегі әрбір 34 бас малдың 14-і сиыр. Жалпы мал басы 272. Әрбір 16 сиыр 25 га жайымдылық жердің шөбін жейді. Шаруашылық бірлестігіндегі барлық сиыр неше гектар жердің шөбін жейді? A) 190 га B) 175 га C) 185 га D) 180 га E) 170 га Шешуі: 272 ∙ = 112 сиыр Пропорция құрастырайық: 16 сиыр – 25 га 112 сиыр – х х = = 175 га Жауабы: 175 га vk.com/dostykteam Шешуі: 24 ∙ 11 = 264 (11 ойыншының жастарының қосындысы) 23 ∙ 10 = 230 (10 ойыншының жастарының қосындысы) 264 – 230 = 34 Жауабы: 34 ҰБТ тапсырмаларында кездесетін осыған ұқсас есепті өздеріңізге шығаруға ұсынамыз: Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 29 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 30 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз A) 28 B) 26 C) 20 D) 19 E) 25 Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз. A) 19 B) 25 C) 34 D) 28 E) 26 vk.com/dostykteam Электрон сағат 19 сағ 57 мин 31 сек-ті (19:57:31) көрсетіп тұрды. Ең кем дегенде неше секундтан кейін осы сағат бетіндегі барлық цифр өзгеретінін анықтаңыз 147 229 149 120 60 Шешуі: 20 сағ – 19 сағ 57 мин 31 сек = 2 мин 29 сек = 149 секунд Жауабы: 149
vk.com/dostykteam Берікке дәрігер дәріні 15 минут сайын ішіп тұру керек деп нұсқау берді. Егер ол бірінші рет дәріні сағат 11-ден 5 минут кеткенде ішсе, төртінші рет дәріні қай уақытта қабылдауы тиіс? 12:05 12:00 11:55 11:50 14:40 Шешуі: 11 сағ 5 мин 11 сағ 20 мин 11 сағ 35 мин 11 сағ 50 мин Жауабы: 11:50 Немесе былай есептейік: 15 мин ∙ 3 = 45 мин 11сағ 5 мин + 45 мин = 11сағ 50 мин vk.com/dostykteam Бірінші жұмысшы жұмысты 4 сағатта бітіреді,ал екінші жұмысшы жұмысты 12 сағатта бітіре алады. Екеуі бірлесіп, осы жұмысты неше сағатта бітіретінін табыңыз. А) 2 сағат В) 3,5 сағат С) 3 сағат D) 2,5 сағат Е) 1 сағат Шешуі: Бірінші жұмысшы жылдамдығы жұмыс/сағ Екінші жұмысшы жылдамдығы жұмыс/сағ Олардың бірігіп жұмыс істегендегі жылдамдығы + = = жұмыс/сағ = 3 сағ Жауабы: 3 сағат vk.com/dostykteam Өз цифрларының қосындысынан тоғыз есе үлкен болатын неше екі таңбалы сан бар екенін анықтаңыз A) 2 B) 4 C) 1 D) 3 E) 5 Шешуі: 9-ға бөлгіштік қасиетін есімізге түсірейік Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе, онда санның өзі де 9-ға бөлінеді. Яғни 9-ға бөлінетін барлық ектаңбалы сандарының цифрларының қосындысы 9-ға тең. 9 ∙ 9 = 81 Жауабы: 1 Тексерейік: 9-ға бөлінетін екітаңбалы сандар: 18, 27, 36, 45, 54, 63, 72, 81 Тек 81 саны ғана өз цифрларының қосындысынан 9 есе үлкен. vk.com/dostykteam Оқушы қағаздан тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек және үшбұрыш қиып алып, оларды үстелдің үстіне тізбектей орналастырды. Тік төртбұрыш және дөңгелек үшбұрыштың сол жағында болса, квадрат шеткі фигура емес. Дөңгелек үшбұрыштың қасында емес. Оқушы фигураларды қандай ретпен орналастырды? Шешуі: сәйкес келмейтін варианттарды өшіріп тастаймыз А) Тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек, үшбұрыш (Дөңгелек үшбұрыштың қасында емес) В) Дөңгелек, тік төртбұрыш, квадрат, үшбұрыш С) Квадрат, дөңгелек, тік төртбұрыш, үшбұрыш (квадрат шеткі фигура емес) D) Квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек (квадрат шеткі фигура емес және дөңгелек үшбұрыштың сол жағында) Е) Дөңгелек, квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш (тік төртбұрыш үшбұрыштың сол жағында) Жауабы: Дөңгелек, тік төртбұрыш, квадрат, үшбұрыш vk.com/dostykteam бөлшектің мәні натурал санға тең болуы үшін с-ның ең кіші натурал мәнін табыңыз. А) 5 В) 3 С) 1 D) 4 Е) 2 Шешуі: = 1 8с – 3 = 7 с = 10/8 Натурал сан емес Жауабы: 3 = 3 8с – 3 = 21 с = 24/8 = 3 = 2 8с – 3 = 14 с = 17/8 Натурал сан емес vk.com/dostykteam 36 < m < 71 теңсіздігі дұрыс болғанда 6 санына еселік болатын барлық m сандары нешеу болады? А) 34 В) 35 С) 5 D) 7 Е) 6 Шешуі: 36 < m < 71 аралығындағы 6 санына еселік болатын барлық m сандарын атап өтейік: 42, 48, 54, 60, 66 Жауабы: 5 vk.com/dostykteam Қара, жара, жоба, қора, қожа сөздеріндегі әріптер белгілі бір цифрлармен белгіленген. Жоба сөзінің сандық белгісін табыңыз. А) 5373 В) 5173 С) 4163 D) 5143 Е) 4373 Шешуі: 5 – 3 рет, 4 – 2 рет және қ – 3 рет, ж – 2 рет ⟹ ж = 4 4373 – 2-ші мен 4-ші әріптері қайталанады ⟹ 4373 = жара, ал 4163 = жоба Жауабы: 4163 vk.com/dostykteam Бізге m-саны 2; 5 және 7-ге бөлінетін натурал сан екені белгілі. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс? І) m2+ 100, 100-дің еселігі ІІ) m + 28, 14-тің еселігі ІІІ) m2 + 1, 2-нің еселігі А) тек I және ІІІ В) I, II және ІІІ С) тек III D) І және II Е) тек II Шешуі: І) 2 ∙ 5 = 10 ⟹ m2 саны 102 санының яғни 100-дің еселігі және m2+ 100 саны 100-дің еселігі ІІ) 2 ∙ 7 = 14 ⟹ m саны 14 -тің еселігі және m + 28 саны 14-тің еселігі ІІІ) m саны 2-ге бөлінеді, яғни m және m2 сандары жұп, ал m2 + 1 саны тақ және 2-нің еслігі емес Жауабы: І және II vk.com/dostykteam Көшірме машинасында суретті көшіру барысында Дәурен суреттің түпнұсқасын екі рет үш есеге үлкейтті, сосын үш рет екі есеге кішірейтті. Сурет көшірмесі суреттің түпнұсқасымен салыстырғанда қалай өзгерді? A) A > B B) A = B C) анықтау мүмкін емес D) шарт жеткіліксіз E) A < B Шешуі: а - түпнұсқа а ∙ 3 ∙ 3 = 9a 9a : 2 : 2 : 2 =1,125а суреттің түпнұсқасы көшірмесінен кіші ⟹A > B Жауабы:A > B
vk.com/dostykteam Жиырма төрт спортшы дөңгелек үстелді айнала бір-бірінен бірдей ара қашықтықта отыр. Олар отырған орындары бойынша 1-ден 24-ке дейін нөмірленген. 9-шы спортшыға қарсы отырған спортшының нөмірін анықтаңыз A) 23 B) 21 C) 19 D) 22 E) 20 Шешуі: 24 : 2 = 12 яғни 24 санына қарама -қарсы сан 12 11 санына қарама – қарсы – 23 10 санына қарама –қарсы – 22 9 санына қарама –қарсы – 21 Жауабы: 21 24 9 10 11 12 21 22 23 vk.com/dostykteam Қамырдан 20 бірдей қалаш немесе 25 бірдей тоқаш жасауға болады. Егер бір қалашқа тоқашқа қарағанда 10 г қамыр артық кететін болса, барлық қамырдың салмағы қандай болғаны? А) 750 г В) 1 кг С) 2 кг D) 1,5 кг Е) 500 г Шешуі: х – қалаш салмағы у – тоқаш салмағы 20х = 25у – қамыр салмағы ⟹ 20х = 25(х – 10) 20х = 25х – 250 5х = 250 20х = 1000 г = 1 кг Жауабы:1 кг vk.com/dostykteam Төмендегі сандар белгілі бір зандылық бойынша орналасқан. Сандарды зерттей отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін көрсетіңіз. А) 2 В) 6 С) 5 D) 4 Е) 3 Шешуі: 2 ∙ 9 = 1 ∙ 18 7 ∙ 4 = 14 ∙ 2 14 ∙ x = 7 ∙ 8 x = 56 : 14 = 4 Жауабы: 4 vk.com/dostykteam Кестедегі көлденең жолдарды зерттей отырып, бос орындағы санды табыңыз. А) 18 В) 23 С) 20 D) 25 Е) 15 Шешуі: 5 ∙ 7 = 20 + 15 6 ∙ 7 = 12 + 30 16 ∙ 2 = 10 + 22 10 ∙ 5 = 25 + x x = 25 Жауабы: 25
vk.com/dostykteam Заңдылықты анықтап, сұрақ белгісінің орнына тиісті санды табыңыз А) 50 В)– 25 С) – 35 D) 40 Е) 45 Шешуі: Қызылмен боялған сан фигураның бұрыштарының санын көрсетеді. 5 ∙ 4 + 3 ∙ 5 = 35 9 ∙ 3 – 8 ∙ 4 = – 5 7 ∙ 5 + 6 ∙ 3 – 2 ∙ 4 = 45 Жауабы: 45 vk.com/dostykteam Баланың үш еселенген қазіргі жасынан оның алты жыл бұрынғы жасын 4 еселеп шегерсек, баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста? A) 18 жаста B) 16 жаста C) 12 жаста D) 10 жаста E) 15 жаста Шешуі: х - қазіргі жасы 3х – 4(х – 6) = x 3х – 4х + 24 – х = 0 –2х = –24 х = 12 Жауабы: 12 жаста vk.com/dostykteam Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдананың қазіргі жасын табыңыз: A) 4 B) 9 C) 6 D) 10 E) 8 Шешуі: х - қазіргі жасы 3(х – 3) = х + 3 3х – 9 = х + 3 2х = 12 х = 6 Жауабы: 6 vk.com/dostykteam Жолда бір журналдың екі бетін тауып алдық. Оң жағында 41-бет, сол жағында 12-бет жазылған. Журнал неше беттен тұрады? A) 43 B) 53 C) 45 D) 41 E) 52 Шешуі: журналдың басынан бастап ортасына немесе қайсыбір бүтін парағындағы беттерге дейін қанша бет болса, аяғына дейін сонша бет болады. Осылайша 12 – 1 = 11 41 + 11 = 52 бет. Жауабы: 52 vk.com/dostykteam Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір парағында 6-шы және 19-шы беттерінің болғанын көрдім. Газетте неше бет бар? A) 15 B) 17 C) 19 D) 24 E) 20 Шешуі: газеттің басынан бастап ортасына немесе қайсыбір бүтін парағындағы беттерге дейін қанша бет болса, аяғына дейін сонша бет болады. Осылайша 6 – 1 = 5 19 + 5 = 24 бет. Жауабы: 24 vk.com/dostykteam Фарида кітапты ашқанда оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы 23-тен үлкен 27-ден кіші сан болатынын байқады. Ал олардың көбейтіндісі нешеге тең болады? A) 132 B) 150 C) 169 D) 156 E) 182 Шешуі: кітап ашқандағы оң және сол жақ беттегі екі беттің нөмірленген сандарының қосындысы тақ сан болады. 23 пен 27 арасындағы тақ сан 25. 12 мен 13 сандарының қосындысы 25-ке тең. 12 + 13 = 25 Ал 12 ∙13 = 156 Жауабы: 156 Егер де ауызша есептей алмасаңыздар, толық шешімі мынадай: х + (х + 1) =25 2х = 24 х = 12 х + 1 =13 vk.com/dostykteam Ғылыми-практикалық конференцияға 35 академик қатысты, олардың 22-сі сақалды, 19-ы мұртты. Бес академиктің сақалы да мұрты да жоқ. Қанша академиктің сақалы мен мұрты бар екенін анықтаңыз. А) 16 В) 11 С) 12 D) 18 Е) 15 Шешуі: 35 – 5 = 30 академиктің сақалы не мұрты, немесе сақалы мен мұрты бар 19 + 22 – 30 = 41 – 30 = 11 академиктің сақалы мен мұрты бар Жауабы: 11 19 22 vk.com/dostykteam Гном қолында бір қазынасын әр түсті үш сандыққа бөліп салды: біріне - асыл тастарды, екіншісіне - алтын монеталарды, үшіншісіне - дуалы кітаптарды. Оның есінде: - қызыл сандық асыл тастардың оң жағында; - дуалы кітаптар қызыл сандықтың оң жағында. - Жасыл сандық көк сандықтың сол жағында тұр. Дуалы кітаптар салынған сандықтың түсін анықтаңыз. Шешуі: 1) 2) 3) Жауабы: көк Асыл тастар Дуалы кітаптар Асыл тастар Дуалы кітаптар Асыл тастар vk.com/dostykteam Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса, онда бүгіннен бастап санағанда 2017 күн аптаның қай күніне сәйкес келеді? Шешуі: бір апта 7 күннен тұрады. 2017 : 7 = 288 + 1қалдық Демек 288 толық апта өтіп, 1қалдық – келесі күн қайтадан сәрсенбі болады. Жауабы: Сәрсенбі vk.com/dostykteam Бағдат орыс тілін үйреніп жүр. Ол қандай да бір үш таңбалы санды алдымен цифрлармен, одан кейін орысша сөздермен жазып шықты. Сонда барлық цифрлар әр түрлі де және өсу ретімен (солдан оңға қарай) жазылған, сонымен бірге барлық сөздер бір ғана әріптен басталды. Осы сандағы жүздіктер цифрын көрсетіңіз. |