Главная страница

Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


Скачать 0.6 Mb.
НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
Дата10.10.2022
Размер0.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
ТипДокументы
#725725
страница2 из 27
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

3. 7. Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері...


3.8. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда

клуб жұмысының маңыздылығы.......................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................

КІРІСПЕ

Әлемде және Қазақстан Республикасында жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси салада қайта құру процесі өзін-өзі дамыта және өз мүмкіндігін барынша пайдалана білетін тұлғаның шығармашылық күш-қайратын дамыту барысында рухани-адамгершілікті, интеллектілікті белгілі бір деңгейде жақсарту қажеттілігін міндеттейді. Соған орай қазіргі кезде Қазақстан Республикасында педагогикалық маңызды міндеттердің бірі ретінде өмірде, қарым-қатынаста өзінің сана-сезімі мен күш-қайратын, щығармашылық қабілетін дамыта және жүзеге асыра білетін әлеуметтік-бағдарланған тұлғаның жан-жақты мәдениетін тәрбиелеуді қарастырады. Бұл міндетті шешуде жоғары дәрежелі кәсіби білікті құзырлы педагог-мұғалімдерді даярлау үрдісі маңызды рөл атқарады.

Оған К.Д.Ушинскийдің «...тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау жүйесімен де ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие» деген пікірі мен Д.И.Менделеевтің «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде» деген көзқарасы дәлел болмақ.

Соңғы онжылдықта мектеп өміріне оң өзгерістер енуде. Жаңа типтегі оқу орындары, оқудың бейдәстүр формалары, оқу бағдарламалары және оқулықтар пайда болуда. Педагогикалық мәдениеттің жаңа ошақтары қайта түлеуде - гимназия, лицейлер және т.б. Нәтижесінде мектеп өзінің бастапқы мақсатына біртіндеп қайта оралуда. Соған орай біз мектептің ұлтаралық келісім мен адамгершіліктің, қоғамның тұрақтылығының кепілі екендігін біртіндеп түсініп келеміз.

Бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие мәселелерін түбімен қайта жаңартуда педагогикалық мәдениеттің өткен уақыттағы тәжірибесін түбірімен танып білмей жүзеге асыру мүмкін емес екендігіне көзімізді жеткіземіз. Отандық дәстүрлі білім беру мен тәрбие жұмысының тәжірибесі көрсеткендей, мұғалімдердің қызметі оқушыларға тек дайын білімдер жүйесін меңгертумен ғана ерекшеленсе, бүгінде оның міндеті жаңа «педагогикалық парадигмаға» сай ол оқушылардың таным әрекетіне тікелей басшылық жасау, олармен пікіралмасушы, рухани жетекшісі ретінде танылады. Осыған орай орыстың атақты ғалымы М.В.Ломоносовтың «орыс мұғалімі оқушылармен бірге оқу пәніне барады, оған керісінше ол пәнмен бірге оқушыларға бармайды» деген пікірі біздің жоғарыда келтірген ойымызға дәлел болмақ. Оның бұл маңызды пікірі, бүгінгі біздің «ынтымақтастық педегогикасының» негізгі талабына сай келеді.

Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде «education» сөзі тек бір ғана түсінікте қолданылса, орыс лексионында ол «оқыту» және «тәрбиелеу» ұғымдарымен бірлікте ерекшелінеді. Демек, оқыту - бұл адамға белгілі бір бағытта білімдер жүйесін меңгерту болса, тәрбие - адамды жан-жақты дамыған мәдени тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді.

Мәселен, ағылшынның «education» (образование - білім беру) сөзі латынның «educar» деген сөзінен шыққан болуы мүмкін. Ол «адамды жарыққа шығару» деген түсінікті білдірсе керек. Сондықтан мектептің қазіргі кездегі негізгі міндеті оқушыларға білімді тек дайын түрінде ғана жеткізуді көздемейді, керісінше жаңа тұлғалық сапаны қалыптастыру. Ол үшін, білім беру мәдени құбылыс ретінде мәдениет феномені болып тек оқушының өзінің оқу әрекетінің белсенді субъектісіне айналған жағдайда ғана тұлғаның қалыптасу процесі жүзеге асады.

Мәдениет пен білім берудің өзара әрекеттесу мәселелері 1992 жылы Женеве қаласында ЮНЕСКО-ның 43 сессиясында талқыланды. Нәтижесінде білім берудің маңызды міндеті - адамға оның дамуына қолдау көрсету деген шешім қабылданды.

Кеңестік педагогикада маркстік идеологияға сәйкес бізге баланы тек тәрбиенің объектісі ретінде ғана тану міндеттелді. Тәрбиенің мақсаты қоғамның қажеттілігімен ғана анықталды, яғни тек бір ғана әлеуметтік тапсырыс бойынша.

Қазіргі жаңа педагогикалық ойлау жүйесінде ол, ең алдымен, тек балаға ғана тікелей қатысымен анықталады. Өткен жартығасырлық технократиялық ойлау жүйесі тәрбиенің мақсаты қоғаммен қатар мәдениет, мектеп және оқушының өзінің қажеттілігі арқылы анықталатындығы туралы біздің түсінуімізге кедергі болды. Осыдан барып бүгінгі педагогикалық ойлаудың мәні – балаға субъектілік қарым-қатынас орнату қажеттігі туындайды. Нәтижесінде, біріншіден, оқушы оқу-тәрбие процесіне «ынтымақтастық ілім» бойынша педагогпен субъект ретінде бірге қатысады.

Екіншіден, бұл процесте баланың барлық құқығын қорғау, оған тікелей көмек көрсету, оны барынша дамыту қажеттілігі туындайды. Үшіншіден, субъект ретінде балаға тікелей қатынаста оның шығармашылық қабілетін дамыту көзделсе, төртіншіден, бала тұлғасының субъектілік қасиетін дамытуда оның өзіне де жан-жақты талаптың болуын қарастырады: өзін-өзі бағыттауы, өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзіне-өзі сын көзімен қарауы және өздік білім алуы, өзін-өзі жүзеге асыруы т.б.

Осыған байланысты бүгінде тәрбие педагогикалық әрекетте:

  • мәдени құбылыс ретінде;

  • педагогикалық ықпал ету құралы ретінде;

  • балалардың әрекетін ұйымдастыру процессі ретінде;

  • қарым-қатынас құралы ретінде;

  • ынтымақтастық құралы ретінде;

  • оқушылардың бір-бірімен және мұғалімдермен өзара өмір сүру әрекеті ретінде танылады.

Елімізде 80 жылдың аяғы 90 жылдың басында білім беру саласында басталған оң өзгерістер өскелең жас ұрпақты тәрбиелеудің бағыттары мен идеологиясына, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен құралдарын қайта қарауға маңызды ықпал етті. Ол:

-Қазақстан Республикасының Ата Заңында;

-Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдарында (1999, 2007 жж.);

-Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытуда мемлекеттік бағдарламасында;

-Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтің «Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында;

-2009 жылдың 16 қазан айындағы «Білім және ғылым» министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында үзіліссіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамасында»;

-ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7.07. 2000 жылғы «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасында»;

-«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» және т.б. маңызды құжаттарда көрініс тапты.

Мәселен, отандық және шетелдік педагогика ғылымында 90 жылдары «тәрбие» феноменінің мәнісін қайта қарау және оның негізгі бағыттарын ұғыну немесе белгілеуге қатысты мәселелерде адамды тұлға ретінде тану және оның біртұтастығын қамтамасыз ету жағдайымен қарастырылды. Соған сәйкес кейбір ғалымдар тәрбие процесін баланың тек «әлеуметтену» жағдайымен шектесе (И.С.Кон), басқалары тәрбиені тұлғаның қажеттілігін және қолжетімді әлеуметтік-мінез-құлық нормаларын қалыптастыру (П.В.Симонов, П.М.Ершов) деп қарастырады, ал үшінші біреулері тәрбиені «субъективтікті дамыту» (баланың өзіндік белсенділігін) (М.С.Каган), біртұтастықтың үзіліссіз қалыптасуы, адамға өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беру (Г.С.Батишев) және т.б көзқарастар шеңберінде қарастырады.

Бұл жағдайда педагог-практиктер осы бағыттағы өзінің міндеттерін қалай түсінеді, соған орай әрекет етеді. Атап айтсақ, «тәрбие – бұл - тұлғаның дамуын басқару» (Л.И.Новикова); «тәжірибені қолдау және баланы дамуыту» (Л.А.Левшин); сондай-ақ, кейбіреулері үшін «ықпал ету», «ықпалдасу», «ынтымақтасау» және т.б. тұжырымдамалар (концепция) аясында қарастырады.

«Тәрбие» феноменіне қатысты осындай әртүрлі көзқарастар мен пікірлер негізінде «Тәрбие – бұл білім беру жүйесінде жүзеге асатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде баланың рухани-адамгершілік тұлғасын дамытуға бағытталған, оның өмірде өз орнын таба білуіне және елінің нағыз азаматы ретінде қалыптасуына айтарлықтай ықпал ететін мақсатты әрі жүйелі педагогикалық әрекет» – деп қорытынды жасауға болады.

Әрине, тәрбиені – бұл педагогтардың балаларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесінде оң жетістіктерге қол жеткізуге мүмкін болатын белгілі бір әрекеттерінің қарапайым жиынтығы ғана емес, керісінше бұл жағдайда оның мақсатын анықтауда, оған қажетті әдіс-тәсілдері мен құралдарын, ұйымдастыру жолдарын белгілеуде олардың саналы әрі белсенді іс-әрекеттерінің нәтижесі деп қарастырған жөн. Сондай-ақ, оны - әрбір мұғалімнің шығармашыл күш қайратын қажет ететін, қауып-қатерге, тәуекелге толы, еркін таңдауы және жеке жауапкершілікке негізделген рухани-тәжірибелік әрекеті деп айтуға да болады.

Міне, осындай көзқарастарды басшылыққа ала отыра баланы тәрбиелеуге қатысты оқу-әдістемелік материалдар осы оқулықтың негізгі бағыты мен мазмұнын құрайды. Ол негізінен болашақ мұғалімдердің оқушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік тұрғыдан белгілі бір дәрежеде даярлығын көздейді. Соған сәйкес бұл оқулықта келесі теориялық сұрақтар қарастырылады: тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі «Педагогика» курсының «Тәрбие теориясының» практикалық саласы ретінде; мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі балалардың әлеуметтенуі және дамуының факторы ретінде; тәрбиелеуші ортаны құру және сынып ұжымын қалыптастыру оқушылардың жеке басының әлеуметтенуінің бірден бір жолдары ретінде; сынып жетекшісінің пән мұғалімдері, оқушылардың ата-аналарымен, мектептен тыс мекемелермен, балалардың қоғамдық негіздегі ұйымдары және бірлестіктерімен өзара әрекеттесуі; оқушылардың тәрбиелік жағдайын және сынып ұжымының даму деңгейін зертеу; сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының мақсатын анықтау және жоспарлау, ұйымдастыру; тәрбие жұмыстарының нәтижелерін талдау және бағалау т.б.

Оқулықтың бағдарламасы, сонымен бірге студенттермен келесі практикалық жұмыстарын атқаруды да ескереді: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқу барысында оқушыға немесе сынып ұжымына мінездеме жазу; тәрбиелік шаралардың жоспары мен қысқаша мазмұнын өз бетінше дербес құру; тәрбие процесінде оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрін ұйымдастыру; үзіліссіз педагогикалық практика кезінде оқушылармен тәрбиелік шараларды ұйымдастыру; мектепте және сыныпта өткізілген оқушылардың тәрбие жұмыстарын бақылау және нәтижесін талдау т.б.

“Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі” курсын оқу барысында студенттердің болашақ құзырлы педагог маман ретінде потенциалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру және дамыту мақсатында оқытудың белсенді әртүрлі құралдарын, формаларын және әдістерін қолдану қажеттігі ұсынылады: ролдік ойындар, жобалау жұмыстары, пікір сайыс, дөңгелек үстел, эссе жазу, видиоматериалдарын талқылау және т.б.

Оқытушылардың тікелей немесе жанама басшылығы, немесе студенттердің өздерінің белсенді әрекеттері барысында орындалатын өздік жұмыстары оларға өз бетінше дербес білім алуға мүмкіндік береді. Курсты меңгеру барысында педагогикалық өзін-өзі бағалау (рефлексия) үрдісі болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өздік білім алуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуына да оң ықпал етеді.

Сондай-ақ, студенттердің педагогикалық ойлау қабілеттерін дамыту және өз білімдерін тексеру, саралау мақсатында оқылған әрбір тақырып соңында бақылау сұрақтары да берілді.

Дегенмен де бала тәрбиесі - шығармашылық әрекет. Оны бір ғана оқу пәнінде толық баяндау немесе соған қатысты дайын рецепт беру мүмкін емес. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына, ондағы тәрбие жұмысының ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады. Сондықтан да бұл еңбекте мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға сай барлық жағдайларды қамтып көрсету мақсат етіп қойылмаған. Ол үшін, студенттердің бала тәрбиесіне қатысты мектептің озық тәжірибелерін жинақтауы және өз бетінше білімдерін жетілдіруі қажет. Бұндай талап жоғары немесе арнаулы кәсіби орта педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқушыларына, олардың базалық кәсіби білімне қарамастан (математик, шеттілі, дене, құқықтану, музыка пәндері) бәріне ортақ. Өйткені тәрбие, ең алдымен оқу пәндері арқылы жүзеге асады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


написать администратору сайта