Главная страница

Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


Скачать 0.6 Mb.
НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
Дата10.10.2022
Размер0.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
ТипДокументы
#725725
страница14 из 27
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

4. Оқушының жеке тұлғасының психологиялық мінездемесін анықтайтын бағдар-кесте (оқушы үшін)
Бағдар-кесте оқытушының уақытын үнемдеу арқылы оқушының толық психологиялық мінездемесін айқындайды.

Кесте үш бөлімнен тұрады:

  1. Бала туралы жалпы мәлімет (сауалнамалық мағлұмат: баланың денсаулығы, сабақ үлгерімі, сабақтан тыс шұғылданатын іс-әрекеті туралы берілуі керек).

  2. Баланың мінез-құлқында өзіне тән қасиеттердің айқындалуы.

  3. Психикалық құбылыс пен эмоциядағы ерекшеліктер.

Кестені толтыру, “керек жерлердің астын сызу” түріндегі әдіспен орындалады. Яғни оқытушы оқушынының бойындағы қасиеттерін ашу мәніне сәйкес келетін бөлімдердің астын сызуы керек.

І. Бөлім. Бала туралы жалпы мәлімет.

1. Сауалнамалық мағлұмат

  1. Тегі, аты, әкесінің аты …………….

2) Туған жылы, айы, күні …………

3) Мектебі, сыныбы ……………………

2. Денсаулығы туралы мәлімет

  1. Жиі сырқаттана ма (өте жиі, жиі, сирек)

  2. Созылмалы сырқаты бар ма (қандай?)

  3. Нерв жүйесі қызметінің ерекшелігі

  • тез шаршайды; ұзақ жұмыстан кейін шаршайды; шаршамайды.

  • белгісіз себептер арқылы қуанып отырып тез мұңаяды; көңіл күйі тепе-тең дәрежеде алмасады; көңіл-күйі өзгергенде сабырлы;

  • ашуланшақ; ашулануы мен қайтымы бірдей; ұстамды.

3. Сабақ үлгерімі (үздік, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)

4. Сабақтан тыс шұғылданатын іс-әрекеттері (жүйелі түрде)

1) әлеуметтік пайдалы еңбекпен (ақы төленбейтін) айналысу (қай түрімен?)

2) көркем өнермен әуестену (қандай?)

3) үйірме, клуб, топтық жұмыстармен шұғылдану (қандай?)

4) спортпен шұғылдану (қай түрімен?)

5) ұйымдастыру шараларымен айналысу (қандай?)

ІІ. Бөлім. Баланың мінез-құлқындағы дара ерекшеліктердің айқындалуы.

А. Неге қызығады?

  1. оқуға;

  2. кәсіпкерлікке;

  3. эстетикалық-шығармашылық іс-әрекетке;

  4. спорттағы, туризмдегі жетістіктерге;

  5. адамдар арасындағы қарым-қатынастарға;

Ә. Еңбекке қатынасы

1. Қоғамдық еңбекте белсенділігі

1) Өзінің уақытымен есептеспей барлық әлеуметтік еңбекке белсенді түрде араласады.

2) Өзінің бос уақытын жеке басының мүддесіне ғана пайдаланады, бірақ әлеуметтік маңызды істерге де белсенді түрде ат салысады.

3) Қоғамдық өмірде белсенділік көрсетпейді, дегенмен тапсырманы орындайды.

4) Әлеуметтік еңбекке қатысты істерге сирек қатысады.

5) Қоғамдық жұмысқа араласуға құлықсыз.

2. Еңбексүйгіштігі

1) Кез келген жұмысты мұқият атқарады. Жұмысты өзі іздеп тауып оны жақсы атқаруға тырысады.

2) Ережеде көрсетілгендей жұмысты жақсы атқарады. Бұған кері әрекеті сирек.

3) Жұмыстан кей кезде тартынады.

4) Мүмкін болса кез келген жұмыстан шеттеуге тырысады.

5) Өзіне тапсырылған жұмысты ешқашанда аяқ-тамайды.

3. Жауапкершілігі

1) Барлық уақытта өзіне тапсырылған істі дер кезінде орындайды.

2) Көбінесе тапсырылған жұмысты уақытында орын-дайды.

3) Тапсырылған істі белгіленген уақытында орын-дамауы жиі кездеседі (немесе нашар орындайды).

4) Тапсырылған істі өте сирек орындайды.

5) Тапсырылған істі соңына дейін ешқашанда жеткіз-бейді.

4. Бастамашылдығы (инициатива)

  1. 1) Ешқандай құрмет, атаққа тырыспай көптеген

істерге өзі ұйытқы болады.

2). Жаңа істі бастауда жиі көрінеді.

  1. 3). Жаңа істі өз бетінше бастауы сирек.

  2. 4). Өз бетінше ешқашанда жаңа істі бастаған емес.

  3. 5). Қандай да бір істің бастамшысы ретінде танылған емес.

5. Ұйымдастырушылығы

1). Уақытына сәйкес өз ісін әрдайым дұрыс ұйымдастырады және оны жоспар бойынша орындайды.

2). Көп жағдайда өз ісін дұрыс ұйымдастырып, оны дер кезінде орындайды.

3). Өзіне тапсырылған жұмыстың әр кезеңін қадағалап отырған жағдайда ғана мүлтіксіз орындайды.

4). Өз ісін уақытына сәйкес айқындай алмайды.

5). Уақытын босқа шығындап, ештеңе бітіре алмайды.

6. Әуесқойлығы

  1. 1). Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласындағы жаңалықтардан әрдайым хабардар болып отырады.

  2. 2). Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласындағы жаңалықтардан хабардар болып отыруы көбірек кездеседі.

  3. 3). Бір ғана ғылым саласымен шектеліп, өзге салалардағы жаңалықтарды білуге тырыса бермейді.

  4. 4). Жаңа білімдерді меңгеруге қызықпайды.

  5. 5). Білімдегі болып жатқан жаңалықтарға немқұрайлы қарайды.

7. Ұқыптылығы

1). Өзінің заттарын күтіп ұстайды. Әрқашан партада отырғанда, тақта алдында тұрғанда өзін жинақы ұстайды. Мектеп мүлкін көзінің қарашығындай сақтап, және оны күтіп ұстауды қалайды.

2). Өзінің заттарын және уақытша берілген заттарды (кітап, конспект) ұқыпты пайдаланып, тұтынады. Мектеп мүліктерін ретке келтіруге (парта, жиһаз т.б.) өзіне міндеттелген тапсырмаға орай көмектеседі.

3). Өз айналасын, үсті-басын, тәртіпке келтіруге құлықсыз. Кейде мектепке де (алқам-салқам киімімен келе салады). Мектеп мүлкін бүлдіретіндерге немқұрайды қарайды.

4). Өзінің сыртқы пішініне, кітап-қағаздарына онша көңіл бөлмейді, мектеп мүлкін қорғамайды, тіпті кейде оны бүлдіреді.

5). Өзінің заттарын бастапқы қалпында сақтауға мүлде көңіл бөлмейді, салақ. Реті келсе ойланбастан мектеп мүлкін бүлдіруге дайын.

Б. Адамдарға қарым-қатынасы

8. Адамгершілігі

1) Таныстарына, сондай-ақ, бейтаныс кез келген адамға қол үшін беруге әрдайым әзір тұрады.

2) Егер өзінің іс жоспарына бөгет болмаса, бейтаныс адамдарға көмектесуге бейім тұрады.

3) Өзінің жеке басына қатысы болмаса, бөгде біреудің іс-әрекетіне мән бермейді.

4) Өзгелердің ісіне немқұрайлы қарайды, өзі біліп оларға жәрдемдеспейді.

5) Таныс емес адамдарға қол үшін беру қажет емес деп есептеп, “өзіңдікі болмаса басқаның ісіне араласпа” деген қағидамен өмір сүреді.

9. Адалдығы мен шыншылдығы.

1) Ата-анасымен, оқытушысымен, достарымен қарым-қатынаста әрдайым шыншыл. Өзіне тиімсіз болсада шындықты айтудан таймайды.

2) Ата-анасымен, оқытушысымен, достарымен қарым-қатынаста мүмкіндігінше шыншыл.

3) Өзінің бас пайдасы үшін өтірікті жиі айтады.

4) Егер өзіне пайдалы болса әрдайым өтірік айтады.

5) Үнемі өтірік айтуға бейім тұрады

10. Әділдік.

1) Әділетсіздікке жаны қас, онымен белсенді түрде күреседі.

2) Әділетсіздікпен күресуге соншалықты құштар емес.

3) Әділетсіздікке реті келгенде ғана қарсы тұра алады.

4) Әділет жолына ұмтылмайды.

5) Әділетсіздікке мүлде немқұрайлы қарайды.

11. Өз мүддесін көздеу

1) Әрқашанда белгілі бір істі тындыру үшін басқа адамдардың ой-пікірін басшылыққа алады. Алайда өз пайдасы үшін емес.

2) Пайдалы іс үшін де, басқа адамдарға жәрдемдесу мақсатында да өз пікірін басшылыққа алады.

3) Өз мүддесін ойламайды, өзгелердің мүддесіне де сирек ортақтасады.

4) Өз мүддесі үшін әрекет еткенде ой-пікірін жиі басшылыққа алып отырады.

5) Өз мүддесі үшін әрекет еткенде үнемі міндетті түрде өз пікірімен санасады.

12. Адамдармен қарым-қатынасы

1) Адамдармен әрқашанда жақсы тіл табысады, басқалармен бірігіп жұмыс істегенді, демалғанды ұнатады.

2) Адамдармен шынайы тұрғыда араласады.

3) Адамдардың белгілі-бір тобымен ғана араласқанды ұнатады.

4) Өзі жеке жұмыс жасап, демалғанды қалайды.

5) Бұйығы, тұйық.

13. Достық сезімі

1) Жолдастарының басына қандай да бір іс түскен сәтте ауыртпалығын бөлісуге әзір тұрады өмірдің қиын кезеңінде, жолдастарына әрдайым көмектеседі.

2) Жолдастарына шамасы келгенше көмектеседі.

3) Жолдастары сұрағанда ғана көмектеседі.

4) Жолдастарына сирек көмектеседі, көмек сұрағанда кейде бас тартуы да мүмкін.

5) Жолдастарының басына қиындық туғанда ешқашан көмектеспейді.

14. Қайырымдылық

1) Әрдайым өзгенің қуаныш-мұңын сезінгендіктен, жолдастары да онымен ашық пікірлеседі.

2) Өз ойымен соншалықты алаң болмағанда ғана өзгенің қуаныш-мұңын шынайы сезінеді.

3) Өз сезіміне терең берілуі өзгелердің сезімін бөлісуіне кедергі болады.

4) Өзгенің қуаныш-мұңын сезіне алмайды

5) Өзгенің қуаныш-мұңын мүлде сезінбейді, сондықтан достары да оны жек көреді.

15. Сыпайлығы

1) Өзгелерге деген құрметі сөз мәнерінен, іс-әрекетінен аңғарылып тұрады.

2) Бөгде адамдарға барлық кезде де ізет, құрмет көрсете алады.

3) Әдепсіздігі және ізетсіздігі жиі байқалады.

4) Іздейтіні жанжал. Дөрекілік, бірдеңені ретсіз айта салуы да кездеседі.

5) Құрдастарымен де, үлкендермен де қарым-қатынас жасағанда дөрекі, ұстамсыз. Басқаның арына, намысына тию - ол үшін түк емес.

Г. Өзінің ішкі әлемімен қарым-қатынасы.

16. Қарапайымдылығы

1) Өз жетістігі мен қызметін бұлдамайды.

2) Шын мәніндегі өз жетістігі мен қызметін кейде жолдастарының өтінуімен айтып береді.

3) Шын мәніндегі барлық жетістіктері мен қызметі туралы өзі әңгімелеп береді.

4) Әлі орындалмаған, сонымен бірге өзі толық араласпаған, қатысы аз істі айтып мақтанып отырады.

5) Онша маңызы жоқ істерін асыра айтып мақтанады.

17. Өзіне деген сенімі

1) Ешкіммен ақылдаспайды, мәжбүр болған кезде де ешкімнен жәрдем сұрамайды.

2) Барлық тапсырманы басқа біреулердің көмегінсіз орындайды. Аса қажет болған кезде ғана жәрдем сұрайды.

3) Қиын тапсырманы орындауға мүмкіндігі бола тұра көмекке мұктаж.

4) Өзінің мүмкіндігі толық жетіп тұрса да, тапсыр-маны орындау кезінде өзгелердің қолдауына жиі сүйенеді.

5) Қарапайым істе де өзгелердің қолдауы мен жәр-демін қажет етеді.

18. Өзіне-өзі сын көзбен қарауы

1) Өзіне айтылған әділ сынды көңіл қойып тыңдап, оны түзетпей тыным таппайды.

2) Әділетті сыннан қорытынды шығарып, берілген ақыл-кеңеске құлақ асады.

3) Әділетті айтылған сынды ескеріп отырады.

3) Айтылған сынға, ескертуге көңіл аудармайды, оны түзетуге тырыспайды да.

4) Кез келген сынды мойындамайды көзге ұрып тұрған кемшілігін біле тұра түзетуге құлшынбайды.

19. Өз күш-жігерін бағалай білуі

1) Өз күшін есептеп шамасы жететін істі (ауыр да емес, жеңіл де емес) таңдап алады.

2) Тапсырманың қиындығына қарай күш-қуатын соған сәйкес үнемдейді.

3) Кейде оқушы берілген тапсырманың қиындығына өзінің әлі жетпейтіндігін ескере алмай қалады.

4) Істің қиындығы мен өз күшін теңестіре алмайтын кездер көбірек кездеседі.

5) Істің, тапсырманың қиындығы мен күш-жігерін ешқашан сәйкестендіре алмайды.

20. Жетістікке, табысқа ұмтылысы

1) Әрқашан алғы шепте жүруге тырысады (оқуда, спортта т.б.) Көздегеніне жетпей қоймайды.

Көптеген салаларда алдыңғылардың қатарында болуға тырысады. Алайда, көңілін белгілі бір салада ғана жетістікке жетуге аударады.

2) Өзі қызыққан бір салада ғана табысқа жетуге ұмтылады.

3) Кейбір іс-әрекетте табысқа жетуге ұмтылысы өте сирек, “орташа” орындалғанға риза.

4) Ешқашанда бірінші қатарда болуға тырыспайды, істің орындалғанына ғана қанағаттанады.

21. Өзін-өзі бақылауы

  1. Сөзі мен ісін әрдайым мұқият қадағалайды.

  2. Сөзі мен ісін әрдайым мұқият бақылап отырмайды.

  3. Ісім оңға басар деген пиғылмен іс-әрекетті көбінесе ойланбай жасайды.

  4. Көп нәрсені ойланбай жасайды. Өзін-өзі бақылауы жетіспейді.

  5. Жолым болар деп үнемі ойланбай әрекет жасайды.

Д. Жеке тұлғаның ерік-жігері.

22. Батылдығы

Қарсыласы өзінен күшті болса да, әрдайым онымен жасқанбай күреседі.

1) Қарсыласы өзінен күшті болса да көпшілік жағдайда онымен күреске шығады.

2) Әрдайым өзінен күшті қарсыласпен күресуге өзін-өзі жігерлендіре алмайды.

3) Күштің алдында бас июуі көбірек.

4) Өзінен күшті адам алдында дәрменсіз, қорқақ.

23. Шешім қабылдауы

1) Әрқашан толқымай өз бетінше, жауапты шешімдер қабылдайды.

2) Көпшілік жағдайда толқымай жауапты шешімдер қабылдайды.

3) Жауапты шешім қабылдауда кейде жүрексінеді.

4) Қандай да бір жауапты шешім қабылдауы сирек.

5) Қандай да бір шешімдерді өз бетінше қабылдай алмайды.

24. Табандылық

1) Қиындықтың алдында бас тартпай, тіптен ұзақ уақытқа күш-жігер қажет болса да көздегеніне жетеді.

2) Қанша қиын болса да, көздегенін іске асыруға тырысады. Кері әрекет сирек.

3) Ойға алғанын ақырына дейін жеткізеді, егер орындау онша қиын болмаса немесе шамалы ғана күш жұмсауды қажет етсе.

4) Кездесетін қиындықтар елеусіз болса да ойға алғанын іске асыруы өте сирек.

5) Қиындықтарға кездескенде, көздегенін іске асырудан бірден бас тартады.

25. Ұстамдылығы

1) Ұнамсыз эмоциялық сезімнің пайда болуын уақытында баса алады.

2) Өзін сезімнің жетегіне жібермейді. Кері әрекеті сирек кездеседі.

3) Сезімін меңгере алмайды.

4) Қажет емес сезімін басқара алмайтын сәттері жиі болып тұрады.

5) Өзінің сезімін нашар меңгереді, тез сасқалақтап, тез басылып қалады т.б.

Е. Балалардың ұжымдық топтағы жағдайы.

26. Сыныптағы беделі

1) Сыныптар арасындағы беделін пайдаланады: оны сыйлайды, оның пікірімен санасады, оған жауапты істі сеніп тапсырады.

2) Көпшілік сыныптар ортасында беделді.

3) Сыныптарғы белгілі-бір топтардың арасында ғана беделді (қыздар, ұлдар).

  1. 4) Жекелеген оқушылар арасында беделді.

  2. 5) Сыныпта беделі жоқ.

27. Ілтипаты

1) Сыныптың сүйіктісі, сондықтан да кейбір кемшіліктері кешіріледі.

2) Сыныпта оған ілтипатпен қарайды.

3) Сыныптарының белгілі бір топтарының ғана сүйкімдісі.

4) Жекелеген балалардың ғана ілтипатына ие.

5) Сыныпта оны ешкім жақсы көрмейді.

28. Мектептен тыс бірлестіктердегі беделі

1) Мектептен тыс бірлестіктерде (спорт мектебі, музыка мектебі, клуб, аулалық жиын) беделі мойындалған.

2) Кейбір мектептен тыс орындарда көпшілік балалар арасында беделді (спорт мектебі, музыка мектебі, клуб, аулалық жиын).

3) Мектептен тыс бірлестіктердегі жекелеген балалар арасында беделді (спорт мектебі, музыка мектебі, клуб, аулалық жиын).

4) Мектептен тыс белгілі - бір бірлестіктің мүшесі болып саналады, бірақ онда ешқандай беделге ие емес (спорт мектебі, музыка мектебі, клуб, аулалық жиын).

5) Ешқандай мектептен тыс бірлестіктерге мүше емес.

ІІІ Бөлім. Психикалық процесс пен сезімнің ерекшеліктері

1. Зейін (внимание)

1) Мұғалім сабақ түсіндірген кезде зейін қойып оңай және тез қабылдайды. Сабақ үстінде зейінін тез шоғырландырады.

2) Мұғалімнің түсіндіргенін зейін қойып тыңдайды. Алаңдаушылық сирек кездеседі. Кейде зейін қоймағандықтан қателер жібереді.

3) Мұғалімнің сабағын тыңдауға онша белсенділік көрсете бермейді. Жиі алаңдап, көңіл қоймағандықтан әр кез қателіктер жібереді, бірақ тексеру кезінде оны жөндейді.

4) Сабақ өзіне қызықты болғанда ғана тыңдайды. Жиі алаңдайды, соның нәтижесінде қате тексеру кезінде қатесін үнемі түзей бермейді.

5) Сабақ кезінде зейінін өте баяу және қиналып шоғырландырады, үнемі алаңдап отыратындықтан мұғалімнің айтқанын аз ұғынады, соның салдарынан көп қателіктер жібереді, тексеру кезінде оны байқамайды.

2. Есте сақтау

1) Материалды жаттау кезінде, оның мазмұны мен құрылымына мән беріп алады. Жеңіл материалдарды есінде жылдам сақтап қалады.

2) Жатқа айту кезінде алдын ала ой жүгіртіп түсінгендерін ғана есте сақтап қалады. Мағынасын түсінбей жаттау есінде қиындықпен сақталады.

3) Жаттанды дүниені есіне түсіру үшін 1-2 рет шолып шыққан жеткілікті. Жаттайтын дүниенің құрылымы мен маңызына мән бермейтін әдеті бар.

4) Жаттау кезінде логикалық құрылымын бірнеше рет қайталау арқылы материалға ұзақ талдау жасайды. Әңгімелеу кезінде формасы жағынан қателіктер жібереді, бірақ ой өзегі сақталады.

3. Ойлау

1) Материалдың мәнін тез қабылдайды, үнемі есепті алғашқылардың бірі болып шығарады. Өзінің тапқыр шешімін батыл түрде жиі ұсынады.

2) Материалды жылдам ұғады, көпшілік балалардан есепті жылдам шығарады. Кейде есеп шығарудың өзіндік амалын ұсынады.

3) Мұғалім түсіндіргеннен кейін сабақты қанағат-танарлық тұрғыда ұғынады. Есепті орташа шығарады, өзіндік ұсыныс жоқ.

4) Мұғалімнің сабағын соңғылардың бірі болып ұғынады. Ой қорытуы баяу.

5) Материалды қосымша сабақтан кейін ғана түсінеді, есепті өте баяу шығарады, есеп шығару кезінде белгілерді қалай болса солай пайдаланады.

4. Эмоциялық екпіні

1) Өмірдегі құбылыстарды әрдайым сезім жетегінде терең қабылдайды. Көрген фильмдері, оқыған әңгімелері қатты толғандыруы мүмкін.

2) Өмірдегі құбылыстарды қалыптағыдай жылдам қабылдайды, бірақ сирек толғанысқа түседі.

3) Оқиғаға сезім жетегімен ілесуі сирек.

4) Салқынқандылық.

5. Сергегтік

1) Мектепте өте белсенді, сергек, барлық істі өзі атқаруға әзір.

2) Сергек, мектеп өміріндегі барлық істе белсенділігі шектеулі.

3) Мектеп өмірінің кейбір салаларында ғана белсен-ділік көрсетеді.

4) Достарына қарағанда сергектеу, белсендірек.

5) Денсаулығының жақсылығына қарамастан, мектеп-те сылбыр, селқос

6. Сезім қалыптылығы

1) Әрдайым сабырлы, қызуқандылық танытпайды.

2) Бірқалыпты, қызуқандылық сирек кездеседі.

3) Эмоциясы бірқалыпты.

4) Сезімді қабылдау деңгейі қаншалықты әсерлі болса, соншалықты қызуқандылық көрсетеді.

5) Ашуланшақ, сәл нәрсеге бола жиі ашуланып қалады.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27


написать администратору сайта