Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастыру формасы - сынып сағаты

  • Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы).

  • 2.4. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру

  • «Тәрбие жұмысының формасы»

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы

  • «Тәрбие шарасы»

  • Абенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1). Алматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика


    Скачать 0.6 Mb.
    НазваниеАлматы 2016 Бл ебегімді азастанны педагогика ылымына танымал, крнекті педагогалым, педагогика
    Дата10.10.2022
    Размер0.6 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАбенбаев С. ТЖТӘ, 2016. Оқулық (1).docx
    ТипДокументы
    #725725
    страница16 из 27
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

    Тәрбие жоспары - сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Олай дейтініміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық туғызады. Мүндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

        1. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысының жоспары: түрі, құрылымы және мазмұны. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысы жоспарының өзара байланысы


    Сынып жетекшісі сыныппен тәрбие жұмысын жүргізуде ондағы нақты проблемалар мен соған сәйкес міндеттерді анықтау, белгілеу барысында оның жоспарын құрады. Онда сынып жетекшісінің мақсатқоюшылық қызметі көрініс табады.

    Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бүлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады. Соған сәйкес сынып жетекшісі жоспардың құрылымы мен құрамын анықтайды. Оған ата-аналар мен оқушылар және сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдері тартылуы мүмкін.

    Мектеп тәжірибесінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп. Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де, тиімсізі де бар. Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының бағыты мен мазмұны коммунистік тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.). Бүгінгі күні ол, олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты қарастырылады.

    Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жорналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегідей нұсқасын ұсынып отырмыз.

    Жоспардың бұл нұсқасы сынып жетекшісіне тәрбие процесінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата-аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз. Жоспардың құрылымында:

    1) Біріншіден сынып жайлы жалпы мәлімет қарастырылады. Мәселен, сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

    2)Екінші кезекте өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау жүргізіледі.

    3)Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері анықталып, белгіленеді.

    4)Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау және жаңа оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсат-міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің бағыттары мен түрлері, ондағы тәрбиелік шаралардың мазмұны және ұйымдастыру формалары мен әдістері шартты түрде алынған төменгі бөлімдерде белгіленеді.



    Негізгі бөлімдер

    Апта аралығын көрсету




    Тәрбиелік шаралар-

    дың мазмұны

    Формасы мен тәсілі

    Мерзімі, уақыты

    Жауапты адамдар

    өтілгені туралы белгі




    1.Сынып ұжымын

    Ұйымдастыру



















    2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері



















    3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс



















    4.Отбасы және

    жұртшылықпен жұмыс



















    5.Жеке оқушымен жұмыс




















    1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (Ұйымдастыру формасы - сынып сағаты) тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН), еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер және т.б. тәрбиелік шаралар жоспарланады.

    2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы – сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

    3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарында белгіленген оқу-тәрбие жұмыстары осы бөлімге енгізіледі және соларға қатысты өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты мектепішілік шаралар да көрініс табады.

    4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

    5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

    Сынып жетекшісі осындай шараларды жоспарлау барысында оқушылардың жан-жақты дамуына және тәрбие жұмысының бағыттарына аса көңіл бөлуі тиіс.
    2.3.3.Тәрбие жұмысын жоспарлау кезеңдері (технологиясы) және оны құруда педагогикалық талаптар жүйесі мен әдістемелік ұсыныстар

    Тәрбие жұмысын жоспарлау негізінен үш кезеңнен тұрады.

    1.Оқушыға тукелей ықпал жасау;

    2.Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру;

    3.Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау.

    Тәрбие жұмысына қойылатын негізгі талаптар жүйесі:

    1.Жоспар белгілі бір нақты мақсатқа бағытталып, міндеттері анық болып құрылуы міндетті.

    2.Тәрбие жұмысын жоспарлауда қатаң ұсыныстар жоқ. Жоспар сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының барлық бағыттарын қамтуы қажет және тәрбие міндеттеріне сәйкес жан-жақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.

    3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

    4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

    5.Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

    6.Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

    7. Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әржақты болуын ескеру керек.

    8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

    9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

    10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

    11.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

    12.Тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісінен оның қоғамдық бағытының болуын, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс-әрекет түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

    13. Тәрбие жоспарын құруда жетекші идея ретінде тәрбиенің тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттілік, кешенділік принциптерін басшылыққа алу.

    Тәрбие жоспарын құруға арналған әдістемелік ұсыныстар:

    І.Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.

    ІІ. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: Мақсат: “Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9–11) рухани дамуын ынталандыру”. Оның міндеттеріне:

    1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.

    2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

    3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

    4.Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.

    ІІІ. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.

    ІV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.

    V. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

    VІ. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.

    VІІ. Жоспарлау. Оқушыларды немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

    Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға құрылуы мүмкін.


    Бақылау сұрақтары
    1.Не себепті тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалар ұжымының дамуын және мектеп пен сыныпта тәрбие жұмыстарының стратегиясын алдын-ала болжау, анықтау процесі ретінде қарастырылады?

    2.Тәрбие жұмысын жоспарлауда жетекші идеяларға не жатады?

    3.Тәрбие жұмысын жоспарлау кезеңдері қандай?

    4.Тәрбие жоспарының құрылымы неше бөліктен тұрады және олар қандай?

    5.Тәрбие жоспарын құру талаптары қандай?

    6.Тәрбие жоспарының түрлері қандай?


    2.4. Мектеп пен сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру
    2.4.1. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы және оның тәрбие процесіндегі мәні
    Тәрбие жұмысы оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Жүйенің іс-әрекетке апаратын маңызды элементерінің қатарына оны ұйымдастыратын формалар мен әдістер де жатады.

    Егер де тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:

    1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

    2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;

    3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

    4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.

    Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатынастары ашық жарияланады.

    Форма (педагогика тұрғысында) – оқу-тәрбие процесінде өмір сүретін тәсіл, оның ішкі мәні, мазмұны мен логикасының сыртқы қабығы (оболочка); педагогикалық процестегі барлық компоненттердің бірлікте аяқталуы. Форма ең алдымен,

    • оқушылардың санымен (жеке, топтық, ұжымдық);

    • уақытпен және оқу-тәрбие процесінің орнымен (өткізіліп отырған);

    • оны жүзеге асыру тәртібімен байланысты қарастырылады.

    «Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.

    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы – яғни, оның шеңберінде тәрбие процессі жүзеге асады; тәрбиеленушілердің ұжымдық және жек-дара әрекеттерін ұйымдастырудағы мақсатты жүйе; тәрби процесінде оған қатынасушылардың өзара әрекеттесуі барысында белгілі бір педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған нақты тәрбиелік актлерді, жағдайларды ұйымдастырудағы белгіленген тәртіп.

    «Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актысы ретінде қарастырылады (Н. Е. Щуркова бойынша).

    «Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдіс-темесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады - үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылыр) және тәрбиеленушілердің (И. П. Иванова бойынша).

    Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық - бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы мен оның әдістемесіне де тікелей қатысы бар. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес бейдәстүр формаларды шығармашылықпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді – белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қыл қалам (живопись), табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, “Адамға музыка не үшін қажет?” – пікірталас, “Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды?”- тәрбие сағаты, “Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым” – дөңгелек стол, “Батыл да, күшті, ептілер” (“Сильные, смелые, ловкие”) – спорттық ойын т.с.с.. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын, соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.

    Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейтеді, ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің басқару шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты болып келеді.

    Мысалы, қала жағдайында оқушылармен әсем қала Алматыға экскурсия жасаудың әсері мол. Себебі, аспалы жолмен Көктебеге көтерілу, сол арқылы қаланы биіктен тамашалау, Абай атындағы опера және балет театрында, Республика сарайында, М. Әуезов атындағы қазақ, М. Ю. Лермонтов атындағы орыс академиялық театрларында, Балалар мен жасөспірімдер театрында, оқушылар сарайында, Орталық мұражайда, галлереяда, қазақ циркінде, орталық стадионда болу тәрбиелік шаралардың ықпалын арттырып, оның барысында сынып жетекшісінің өз оқушыларын анағұрлым жетік білуіне, нәтижелі қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді және оқушылар ұжымында өзара достық сезімді туғызады.

    Алматы туралы ашық хаттар мен кітаптарды сатып алу, соған орай стенді жасау, Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың орындауында “Алматы көктемі” әнін күйтабақтан тыңдау,

    М. О. Әуезовтың мұражайында болып, оның өмірі мен шы-ғармашылығы жайлы кеш өткізу, солар жайында қабырға газеттерін шығару және фотоальбомдар жасау, міне осылардың бәрі балалардың асқақ көңіл күйлері мен шабыттарының өсіп, тамаша сезімге бөленіп, ертеңгі күнге қуаныш сенімдерінің орнығуына үлкен септігін тигізеді.

    ХІХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың мұражайына баруды дәстүрге айналдыру, ол жырлаған жерлерді аралап көру, оның ауылында болып, өмірімен, шығармалық жолдарымен таныс болып, мағлұмат жинау, сол жайында кеш өткізу, оның өлеңдерін, өнегелі өмірін оқушыларға үнемі үлгі ретінде көрсету және орта мектептің оқу бағдарламасына сәйкес әдебиет пәні мұғалімімен бірге оның еңбектерін қосымша әдебиет ретінде оқып талқылау – міне осының бәрі үлкен іс, күрделі мәселе әрі жауапты жұмыс. Қорытындысында, “Жыр алыбы Жамбыл“ тақырыбына әдеби кеш ұйымдастыру тартымды болады, оқушылардың санасында мәңгілік сақталуына өз ықпалын тигізеді.

    Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.

    Кейбір ақын, жазушылардың немесе еңбек және соғыс ардагерлерінің балалық, жастық шақтарын, мектепте, басқа оқу орындарында оқыған кездері, еңбекке, майданға қатысты мағлұматтар жазылған естіліктерді, кітаптарды оқып, әңгімелерді тыңдау, ол үшін әртүрлі құжаттарды жинап, пікір алмасу, соның барысында өздерінің бүгінгі өмірі мен оқуына байланысты нақты шешім қабылдап, бір тұжырымға келу. Өйткені мұндай адамдардың бейнесі – оқушылар үшін үлгі-өнеге болып, мектеп олардың моральдық бейнесінің дұрыс қалыптасуына айрықша әсер етеді, ықпалын тигізеді.

    Сыныптан тыс жұмыстарда ұшқыш, мұғалім, дәрігер, шаруашылық мамандары т.б. толып жатқан мамандық иелеріне байланысты кәсіби бағдар жұмыстарын атқарудың да маңызы ерекше.

    Осындай шаралардың жүзеге асырылуы оқушылардың сабақ үлгерімін, дүниетанымын арттыруға үлкен себебін тигізеді. Бұған қосымша, тәрбие жұмысының нәтижелі формасын таңдау, олардың бір бірімен орынды кезектесіп келуі, жаңа дәстүрлі емес формаларды қолдану, бәрі де тәрбиедегі көзбояушылықты болдырмауға жағдай туғызады, оқушылардың оқудан тыс өмірін қызғылықты, тартымды, әсерлі ұйымдастырып, сапасын және дәрежесін көтеруге игі ықпал етеді.

    2.4.2. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі қалыптасқан түрлері
    Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың дәстүрлі қалыптасқан түрлері (формасы) өте көп. Осы орайда В. А. Сухомлинский былай дейді: «Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті». Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны классификациялауда (жіктеуде) белгілі бір дәрежеде қиындық тудырады. Яғни,

    • оқушылардың санымен (жеке, топтық, ұжымдық);

    • тәрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық)

    • тәрбие жұмысының кез-келген мазмұнына сәйкес келетін жалпы форма (кеш, конкурс, ертеңгілік, конференция және т.б.) негізіндежіктеу ұсынылады. Олар мынандай бағытта тарайды:

    1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

    2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационал жауынгерлермен).

    3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

    4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру.

    5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

    6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

    7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

    8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз-құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

    9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

    10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар мәжілістерін өткізіп отыру.

    11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.

    12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

    13. “Атамекен” бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

    14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрам-дарын атап өту.

    15. Сынып жиналыстарын өткізу.

    16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

    17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орын-дарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

    18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

    19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

    20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.

    Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа дәстүрлі емес, яғни бейдәстүрлі түрлері пайда болуда: “Қызығушылық сабақтары” (оқушылардың қызығушылығына орай тақырыптар таңдалады); “Не?, Қашан?, Қайда?”, “Өнер мектебі”, “Өзіңді тану”, “ХХІ ғасыр көшбасшысы”, “Азамат” (Ток шоу), “Мың бір мақал”, “Алтын көмбе”, “Алтын сақа” т.б.

    Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады.

    2.4.3. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын әрекет түрлеріне байланысты жіктеу
    Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындықтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, еңбек, шығармашылық.
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27


    написать администратору сайта